Инерттілермен салыстыруға келетін топтарға, осыларға қарама-қарсы көрсеткіштер негіз бола алады. Мұғалім бақылаудың көмегімен оқушылардың интелектуалдық қабілеттерін ақпаратты өңдей білу, өз ойларын логикалық тұрғыдан әрі жүйелі түрде мазмұндау дағдыларын бағалай алады.Педагогты оқушыларға бақылау жасап жатқан кезінде,олардың интеллектуалдық саласының мынадай саласына назар аударуға үйрету қажет.
1) Қандайда бір материалды мазмұндауда жүйеліліктің болмауы.
2) Факторларды шала-шарпы талдау.
3) Негізсіз қортындылар.
4) Қортындылар мен тұжырымдардың қарапайымдылығы.
5) Өз айтқандарына қарама- қайшылық.
6) Ешнәрсеге негізделмеген кесімді ой-пікірдің болуы.
7) Қорытындылардың, тұжырымдардың, мәлімдемелердің мағынасыздығы.
8) Әзілдердің , мақалдардың ауыспалы мәнін түсіне білмеу.
9) Болмашы себептерге бола өкпелегіштік.
Қатынас кезінде (және психодиагностикалық ақпаратты жинақтау кезінде) тәжірибелі педагог кейбір оқушыларда аса жоғары күйгелектік сипаттардың барлығы жайлы белгілі бір дәрежеде мәлімет жинақтап ала алады. Мұндай сипаттар жайлы бірқатар белгілер бойынша баға беруге болады. Бұл жағдайда, мұғалімнің біршама қортынды шығаруына құқы жоқ, ол психиатрдан кеңес алуы тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі жобалап
бағалауын анықтау үшін, мынадай әдістеме қолданылуы мүмкін. Үлгерімі әртүрлі деңгейдегі оқушыларға кезекпен-кезек үш тапсырма беріледі: бірі –ана тілінен,екіншісі математикадан, үшіншісі оқуға қатысы жоқ тапсырма. Мысалы: ол-берілген үлгі бойынша ою-өрнек құру. Оқушыларға тапсырмамен танысу ұсынылады да “Осы берілген тапсырманы ол орындай ала ма? орындаған жағдайда, қандай бағаға орындай алады және неге?” деген сұраққа жауап беру ұсынылады. Содан соң балалар осы сұраққа үлгерімі үш түрлі деңгейдегі сыныптастарына қатысты жауаптарды беруі тиіс.
Оқушыдағы қалыптасып келе жатқан бағалау ұстанымдарын айқындауға көмектесетін талдауға мына мәліметтер жатады .
1. Үлгерімі бойынша, әртүлі оқушылардағы өзін-өзі тұспалдап бағалаудың деңгейі (дұрыс, көтеріңкі, төмендетілген)
2. Үлгерімі әртүрлі оқушылардағы тұспалдап бағалаудың ерекшеліктері.
3. Баға беру әрекетін дәлелдеу ерекшеліктері, оның оқуға әрекеттену қабілетін немесе жеке бастың қасиеттерін бағалауға қарай ойысуы.
-
Оқу тапсырмаларын орындау сәтінде баға беру әрекетін оқуға қатысы жоқ жағдайларға да қоса қолдану. Осы талдау әрбір оқушыда қалыптасып келе жатқан баға беру ұстанымдарын беруге көмектеседі.Оқушылардағы (әсіресе үлгерімі нашар) қалыптасып келе жатқан баға беру ұстанымдарын анықтаудың маңызы отандық психологтардың зерттеулерінде дәлелденді. Олар мынадай қорытындыға келеді: Мұндай оқушылардың жасы ұлғайған сайын, өздерінің мүмкіндіктерін жете бағаламау үрдісі байқалатындығы туралы қорытындыға келеді. Сәтсіздіктің, жетістіктен басым болуы, оған қоса олардың жұмысын мұғалімнің төмен бағалауы, өзін деген сенімсіздіктің күшеюіне, өзін жартыкеш ретінде сезінуге, талап деңгейінің төмендеуіне алып келеді.
Зерттеу материалдары көрсеткеніндей шынайы оқу процесінде кіші жастағы оқушыларда қалыптасатын баға беру ұстанымдары, сыныптан-сыныпқа өту кезінде ұлғайып отыратын объективті мүмкіндіктердің ұлғаюына қарағанда, мұғалім мен сыныптағы оқушылардың берген бағасының ықпалымен қалыптасады. Міне осыдан, өзін-өзі бағалау мен талап деңгейінің қалыптасу процесінде табысқа қол жеткізу себебі үлкен роль атқарады. Егер бала берілген тапсырманы әрдайым орындай алмай, төмен баға алып жүрсе, онда табысқа қол жеткізу себебі әлсірей бастайды. Алдымен реніш пайда болып, одан соң өзінің әрекеттеріне өзгелердің теріс баға беруіне немқұрайды қарау пайда болады. Нәтижеде жеке бастағы құндылық бағыттарының ауысуы ықтимал.
-
тақырып. Интеллект психодиагностикасы.
Жоспар
-
Интеллектті анықтаудағы негізгі амалдар және олардың модельдері.
-
Интеллекттің факторлық модельдері (Спирмен, Кэттелл, Терстоун, Гилфорд)
-
Интеллекттің когнетивті модельдері. (Р.Стернберг).
Адамның есі, оның зейініне қарағанда көп аспектілі. Баланың мектепте оқуға барар кезінде, оның оқуының жақсы болуы ұшін есінің және оның көрсеткіштерінің ең кем дегенде мына түрлерін білу кажет:
1 .Қысқа мерзімді көру және есту есі.Бұған осылардын көлемі мен жедел есінің соларға сәйкес түрлерінде ақпаратты сақтап, тұру қабілеті де кіреді. Жақсы қысқа мерзімді жедел көру және есту есі болмаса, оқу еңбек әлеуметтік және т.б.секілді сезім органдары арқылы қабылданатын ақпараттар ұзақ мерзімді есте көп уақыт сақталына алмайды.
2.Баланың есте сақтау қабілетінің әртүрлі тәсілдерін-ақпаратты есте сақтап, оны көшіру әдістерін өз бетінше қолдануымен сипатталатын жанама түрдегі есі.
З.Сонымен қатар, еске сақтау мен еске түсірудің динамикалық (өсіңкілік, көп сырлы) ерекшеліктерін бағалау да маңызды. Бұған ақпараттың белгілі бір бірліктерінің жиынтығы қатесіз еске сақтауға қажетті жаттаудың динамикасы мен оның өнімділігі, қайталаулардың саны секілді көрсеткіштерді қосуға болады.Кіші мектеп жасындағы оқушының еске сақтау қабілеті, оның зейіні секілді тұтастай түрде бағаланбай бөлшектеніп, яғни жеке көрсеткіштер бойынша бағалануы тиіс.Сондай-ақ олардың әрқайсысы бойынша баланың еске сақтау қабілеті жөнінде тәуелсіз қорытынды жасалуы қажет.
1. Қысқа мерзімді көру есінің көлемін анықтау әдістемесі.
Балаға кезекпе-кезек бірінен кейін бірі екі сурет беріледі.Суреттің А және Б деп аталатын әрбір бөлігі ұсынылғаннан кейін, балаға трафареттік рамка беріледі. Оған бала әрбір бөлікте көрген есіне сақтап қалған сызықтардың суретін салуы керек. Екі тәжірбиенің нәтижесі бойынша баланың еске сақтауы бойынша дұрыс көшірген сызықтардың орташа саны белгіленеді.Ұзындығы мен бағыты бастапқы суреттегі сол секілді сызыктың ұзындығы мен бағытынан елеулі айьтрмашылығы жоқ сызық дұрыс көшірілген деп есептелінеді. Дұрыс көшірілген сызықтардың санына тең көрсеткіш, көру есінің көлемі ретінде қарастырылады.
2. Жедел көру есін бағалау әдістемесі.
Естің бұл түрі, адам міндеттерді орындау процесінде, дұрыс шешімді табу үшін қажетті ақпаратты қалай ұзақ уақыт сақтап, пайдалана алатынымен сипатталады. Ақпаратты жедел есінде сақтап тұру уақыты, оның басты көрсеткіші болып табылады. Баланың жедел көру есі мен оның көрсеткіштерін мынадай тәртіппен анықтауға болады. Балаға дәйекті түрде әрқайсысы 15 секундқа әртүрлі штрихталған алты үшбұрыштар түрінде берілген карточка-тапсырмалар ұсынылады. Келесі бір карточканы көріп болғаннан кейін ол алынып тасталынады, да оның орнына әртүрлі 24 үш бұрыштар ұсынылады, бұлардың ішінде бала жаңа ғана жеке карточкада көрген алты үшбұрыштар да болады. Матритцада дұрыс түрде көрсетілмеген немесе қандайда бір себептермен бала таба алмаған карточкалар қате деп есептелінеді.
3. Зерттеуді өткізу үшін 9 геометриялық фигуралар мен 12 сөз қажет: тау, ине, мысық, сағат, пальто, кітап, терезе, ара, шанышқыш, аяқ, ваза.
Жұмыстың барысы. Дәріс жеке түрде өткізіледі.
Нұсқау: “Қазір мен саған рет-ретімен және бірақ рет геометриялық фигураларды (немесе сөздерді) көрсетемін. Менің бұйрығыммен оларды сен қайталап параққа суретін салып бересің (фигураларды) немесе жазып бересің (сөздерді). Тапсырманы тез және қатесіз орындау керек.
Нәтижелерді өңдеу.
-
Дұрыс қайталаған элементтердің (С), қате қайталаған элементтерді (М), қайталамай қалған элементтерді (П) санын шығар.
-
Мына формула бойынша естің тиімділігінің негізгі көрсеткішін (В) табу керек:
C - М
В= --------------- 100
C + П
Зерттеу хаттамасы.
Стимул материалы
|
Уақыты
|
Уақытқа қосымшалар
|
Қайталаудың сапасы
|
Геометриалық фигуралар
|
|
|
|
Сөздер
|
|
|
|
Алынған мәліметтер топаралық айырмашылықтың жоқтығы немесе бары туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік береді.
-
Педагогикалық психологияда ойлаудың даму деңгейін анықтаудың бірнеше нұсқаулары анықталған.
А.З. Зак 22 тапсырманы орындау тәсілі бойынша оқушылардың жалпы айырмашылығын анықтаған: теориялық немесе эмпирикалық. Тапсырманы орындамас бұрын мұғалім мынаны айту керек: “ Балалар, сендерге шарттары қойылған 22 есеп берілген . 1-4 есептер өте қарапайым, оларды шығару үшін, шарттарды оқу ғана керек.
Әр есеп + немесе- белгілерімен белгіленеді. Егер бала есепті шығарып үлгермесе, онда ол есеп 0- мен белгіленеді.
Әр оқушының мәліметтері қорытынды ведомостқа енгізіледі.
№
|
Аты-жөні
|
Есептің номері
1,2,3,4,5,6,7,...
|
|
|
|
Осы таблицаның мәліметтерін пайдаланып есепті дұрыс шығарған балалардың санын шығаруға болады.
-
Зерттеуді жүргізу үшін “Сөздерді шығарып тастау” методикасының бланкісі қажет. Методика 15 сериядан тұрады, әр серияда 4 сөз. Зерттеуші секундомер мен жауаптарды енгізу үшін хаттама жасауы керек.
“Сөздерді шығарып тастау” методикасының бланкісі
-
кітап, сөмке, чемодан, әмиян.
-
пеш, керосин, шам, электронметка.
-
сағат, көзілдірік, таразы, термометр.
-
қайық, араба, мотоцикл, велосипед.
-
ұшақ, шеге, ара, вентилятор.
-
көбелек, штангенциркуль, таразы, қайшы.
-
ағаш, этажерка, сыпырғы, шанышқыш,
-
ата, оқытушы, әке, ана.
-
қырау, шық, жаңбыр, арпа.
-
су, жел, көмір, шөп
-
алша, кітап, тон, роза
-
сүт, қаймақ, ірімшік, нан.
-
қайын, емен, жидек, қарағай.
-
минут, секунд, сағат, кеш.
-
Васелий, Федор, Семен, Иванов.
Зерттеудің хаттамасы.
Оқушы күні
Жасы жынысы
Нұсқау: “Төрт сөздің біреуі бір ұғым немесе бір жалпы сипаттпен бірігіп тұрған қалған үшеуіне қарағанда өзгеше, соны сызып таста”. Нәтижелерді өңдеу:
Дұрыс жауап 2-балл, қате жауап 0-балл.
5-10 дегеннен бастап.
5-10 есептерде кәдімгі сөздердің орнына ойдан құрастырылған сөздер бар. 11 мен 12 есептер ертегілерден алынған.
13-16 есептерде бір ғана есімді жазу керек, 17-18 есептер бір немесе екі есім жазу керек, 19-20 екіесім жазу керек, 21-22 үш есім, оның ішінде біреуі екі рет қайталануы мүмкін.”
Жауап үшін сөздер:
1кітап, 2 шам, 3 көзілдірік, 4 қайық, 5 ара, 6 көбелек, 7 ағаш, 8 мұғалім, 9 шаң, 10 жел, 11 алма, 12 нан, 13 жидек, 14 кеш, 15 Иванов.
Әдебиеттер:
Негізгі:
-
Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования - СПб.: Издательство «Питер», 2010.
-
Сатир В. Психотерапия семьи. — «Речь», СПб., 2010.
-
Справочник практического психолога: Психотерапия/ сост.С.Л.Соловьева. -М.: ACT; СПб.: Сова, 2009.
Қосымша :
1.Копытин А.И. Тренинг по фототерапии. - СПб.: Издательство «Речь», 2009.
2. Ю.Малкина-Пых И.Г. Техники позитивной терапии и НЛП Серия «Справочник практического психолога». Москва.: Эксмо, 2011.
Достарыңызбен бөлісу: |