Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті



жүктеу 1.3 Mb.
бет3/8
Дата17.06.2016
өлшемі1.3 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

6. Дәріс сабақтарының мазмұны


1 тақырып. Психологиялық эксперименттің теориясы мен практикасы курсының пәні мен міндеттері.

Жоспар

  1. Эксперименталды психологияның міндеттері.

  2. Эксперименталды психологияның даму тарихы

Эксперименталды психология – эксперименттік әдістерді қолдану арқылы психикалық құбылыстарды зерттейтін психология ғылымының саласы.

Эксперимент (лат. Experimentum - “эксперименттеу” тәжірибе, сынау, бақылау, көру деген мағынаны береді) – ғылыми мәнде жасалған тәжірибе; тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру;

Теориялық білім адам психологиясы, әрекеті санасына байланысты мәселелерді жалпы талап бойынша шешуде қолданылатын жалпы ғылыми бағыт болып табылады. Ал, қолданбалы салада адамның іс - әрекетін жетілдіруде, оның әрекетін жақсартуға, психологиялық дамуын жоғарлатуға, практикалық – кеңестік сипаттама жасауға байланысты практикалық міндеттерді ғылыми негізде қою және шешу болып табылады. Қолданбалы саладағы бұл міндеттер эксперимент арқылы шешіледі.

Эксперименталды психология пәні – психологияның теориялық және эмпирикалық білім туралы мәселелерді, психологиялық эксперименттік психологиясын іс - әрекеттің табиғи және жасанды түрлері туралы сондай-ақ жеке адамның санасының эксперименттік психологиясын қарастырады.

Эксперименталды психологияның міндеттері:


  • эксперименталды психологиялық теориялық негіздерін ашу;

  • эксперименталды психологиялық зерттеуді жоспарлауды және оның негізгі кезеңдерін білу;

  • қорытындылай білуді үйрету және эксперимент нәтижелерін бере білу;

  • психологиялық зерттеулердің эксперименталды әдістерін таңдай білуге үйрету;

  • психологиялық эксперименттік зерттеу теориялары мен құрылымын, ғылыми мәселелердің өзгешеліктерін, психологиялық зерттеудің болжам ерекшеліктерін қарастыру;

  • психологиялық эксперименттің психологиялық заңдылықтарын, экпериментатор мен сыналушылардың жеке басы мен эксперимент кезіндегі іс - әрекет туралы адамға зерттеуді жүргізудегі этикалық талаптар туралы мәселелерді қарастыру;

Эксперименталды және эксперименталды емес жоспарларды кейінгі жоспарларды корреляциялық жоспарларды, эксперименттік зерттеуді жоспарлаудың тиімді жолдарын айқындайды.

Идеалды эксперимент және реалды (шындықтағы) экспериментті, эксперименттің толық сәйкестігі арасындағы өзгешеліктерді, сонымен қатар психологиялық өлшемдер туралы нәтижелерді интерпретациялау заңдылықтарын қарастырады.

Ғылым адам іс - әрекетінің басқа салаларынан яғни мақсатымен, құралдарымен, мотивтерімен және жағдайларымен өзгешеленеді. Егер ғылымның мақсаты шындықты түсіну болса, онда оның тәсілі ғылыми зерттеу болып табылады.

Зерттеу іс - әрекетінің нормасы ғылыми әдіске негізделген. Оның іске асуы зерттеу мақсатын негізделген. Оның іске асуы зерттеу мақсатын белгілеуден, анықтаудан, зерттеу құралдарын таңдаудан, нәтижеге негізделетін бағдардан тұрады.


2 тақырып. Эксперименталды психологияның пайда болуы мен дамуы.

Жоспар

1.Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы.

Зерттеу алғашқы ойлар ежелден – ақ келе жатыр. Алғаш адамзатты зерттеу мәселесі Қытай империясында пайда болды. Ал, дене дамуы, ойлау, талдау өнері туралы баға беру Грецияда пайда болды.

Эксперименттік зерттеудің алғашқы элементі Платонның зерттеулері болды. Ол адамдардың әскери қабілеттілігін зерттеді.

Б.з.д. IV – ғасырда өмір сүрген Греция өкілдері тек адамзатты ғана емес, табиғатты да зерттеген. Айталық, А. Македонский өзінің оқытушысына өзі жеңіп алған аймақтардағы табиғатын, өсімдіктерін зерттеуді бұйырған. Осының негізінде түрлі фактілерді жинақтай отырып, тірі организмдер тіршілігіне талдау жасалынды.

ХV – ғасырда өмір сүрген Френсис Бэкон Англияда эмпиризм ғылымының эффекті әдістеріне тәжірибе жасау арқылы ғылымның методологиясына жаңа идеялар енгізді.

Дж. Локк адам санасының пайда болу жағдайларына тәжірибе жүргізді. Р. Декарт теория мен тәжірибені өзара байланыстырушы өкілдің бірі.

Эксперименталды психологияның негізін неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) қалаған. В. Вундт 1879 жылы Лейпциг қаласында психикалық құбылыстарды эксперимент әдістері арқылы зерттейтін физиологиялық лаборатория ашты. Сонымен қатар ол алғаш Лейбцинг қаласында 1876 жылы арнайы педогогикалық институт ашты. Онда 136 неміс, 14 американ, 10 ағылшын, 6 поляк, 3 орыс, 2 француз оқыдыжәне олар психологиялық эксперименттің алғашқы түлектегі ұрпақтары болды.

Арнайы лабораториялық кабинеттерді Вундт ғылымдағы жан құбылыстарын терең тану үшін арнайы приборды эксперимент жүргізу арқылы іске енгізген. Мұнда алғаш қолданылған негізгі әдіс интроспекция әдісі еді. (Интроспекция (лат. Introspektare-ішіне қарау)- өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. Интроспекция психиканы толық зертеуге негіз бола алмайды, тек жасырын психикалық іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады. Интроспекция ұғымы өзін-өзі бақылау ұғымымен түсіндіріледі. Өзін-өзі бақылау ішкі сана құбылыстарының тіркеуге мүмкіндік беретін ішкі өзіңнің психикалық өміріңді бақылау. Интроспекцияны өзін-өзі бақылаудан ажырату керек.)

Ең алғаш ақыл-ойды эксперименттік негізде зерттеген ғалым американ ғалымы Р. Кэттелл болды. Ол өзінің докторлық диссертациясында В. Вундттың эксперименталды лабораториясында дайындады.

Кейінгі уақыттарда 1888 жылы Гальтонмен бірлесе жұмыс істей отырып, адамдардың жеке даралық ерекшеліктерін анықтау мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

Кэттелдің басқа зерттеушілерден ерекшелігі ол өте күрделі психикалық функцияларды зерттеді. Осы бағыттағы Крепелин зерттеулері қарапайым арифметикалық тапсырмаларды шешудегі зерттеулерге бағытталған.

Француз дәрігері, психологы және педагогы А. Бине және В. Анридің зерттеу жұмыстары эксперименттік зерттеу мәселелеріне бірқатар жаңалықтар енгізді.

Сонымен, эксперименталды психологияның дербес ғылымға айналуына ассоциация ілімдер өкілдерінің еңбектері себепші болды.

Р. Декарт, В. Вундт, Ф.Бэкон, Дж. Локк, Р. Кэттел, Крепелин еңбектеріндегі зерттеу жұмыстарында ашқан жаңалықтары эксперименттік психологияның алғашқы фундаменті болды.

Ресейдегі эксперименттік психологияға жаңа жетістіктер әкелген Н. Лангенің Новосибирск университетіндегі лабораториясындағы зерттеулері және Токарскийдің Москва Мемлекеттік Университетінің лабораториясында В.В. Чиктің Харьков Университетінің лабораториясындағы зерттеу жұмыстары болды.

Эксперименталды психологияда А. Лазурскийдің (1874-1917) еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Петербург университетіндегі жүйке және жан аурулары кафедрасында жұмыс атқара отырып, лабораториялық экспериментте адамдардың жеке даралық ерекшеліктерін ілім ретінде көрсете отырып, жеке адамның құрылымын жасады.

Қазіргі кездегі эксперименталды психологияның дамуы бірнеше жылдар бойы жинақтаған білімдерді тәжірибеде қолдану негізінде адамдардың іс-әрекеті туралы жаңа ілімдерді кеңейтумен сипатталады. Еліміздегі психология ғылымының қолданбалы саласында психологтардың көпшілігі зерттеу жұмыстарын оқыту жұмыстарының психологиялық заңдарын ашумен шұғылданса, енді біреулері қолданбалы өңдеулермен, енді біреулері психотерапия және психодиагностикалық көмек көрсетумен айналысады.

Жалпы алғанда, эксперименталды психологияның тарихы төрт мағынаны анықтайтын кезеңнен тұрады:


  1. В.Вундт және Стивенс түсінігі бойынша эксперименталды психологияның негізінде адамдармен жаунуарлардың әрекеттерін зерттеп жатыр. Ғылыми психология мен психологияның философиялық, интроспекциялық, ойша жорамалдаушылық және гуманитарлық көзқарастармен қарсы тұрады.

  2. Эксперименталды психология нақты зерттеулерде іске асатын экспериментті әдістер мен әдістемелерді нақты бір жүйеге келтіріп, дәлелдеп түсіндіреді.

  3. Эксперименталды психология терминнің оның мағынасын кеңейте отырып, психологтар, психологиялық зерттеу мәселелерімен айналысатын ғылыми пәндер жүйесі үшін қолданылды.

  4. Эксперименталды психология психологиялық эксперименттік теориясын эксперименттің жалпы ғылыми теорияларына негіздеу және оны жоспарлау және алынған мәліметтерді өңдеу туралы мәселені қарастырды.

Елімізді эксперименталды психология курсы 70 жылдардан бастап оқытыла бастады. Ал Ресей Университеттерінде бұл пән профессор Челпановтың лекцияларынан басталады. Ол 1909 жыл еді. Челпанов эксперименталды психология оқу пәнін психологиялық “зерттеулер әдістемесін, нақтырақ айтқанда психологиядағы эксперимент әдісін қарастыратын ғылым”, - деді.

Эксперименталды психология саласы бойынша орыс психологы Н. Ланге (1858-1921) зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді.

Француз психологы А. Бине (1857-1911) алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың І дүниежүзілік конгресінде Париж қаласында 1889 жылы талқыланды.

ХХ ғасырдың басында орыс психологы Г. И. Челпанов психологиялық лаборатория ұйымдастырды.

Психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін ашуда әйгілі академик И. П. Павлов (1849-1936) шартты рефлекстер әдісін ашты.

Н.И. Красногорский (1882-1961) балалардың жоғары жүйке қызметінің даму жолдарының қызметін зерттеді.

А.Г. Иванов – Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеді.

Осы кезеңдерде психикалық процестердің пайда болу жылдамдығын өлшейтін – хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін зерттейтін – эстезиометр, зейіннің көлемін өлшейтін тахистоскоп, естуді өлшейтін, тексеретін – аудиометр, бұлшық еттердің жұмысын тексеретін эрограф сияқты аспаптар ойлап табылып дүниеге келді.

Сондай-ақ эксперименттің екінші түрі – табиғи эксперимент пайда болды. Табиғи эксперимент әдісінің негізін салған орыс психологы А. Ф. Лазурский (1874-1917). Бұл әдістеме негізінде зерттеуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда өзі қалыптастырып отырады.
3 тақырып. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістері.

Жоспар


  1. Әдіснама, әдіс және әдістеме.

  2. Эксперименталды психология дамуына гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының әсері.

Әдіс - бұл ғылыми зерттеудің жолы немесе қандай да бір болмысты танудың тәсілі. Өз құрылымы жағынан ғылыми әдіс қандай да бір объектіні қарастырудың немесе операциялардың жиынтығы.

Әдіс (Метод;грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) – көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие және оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі. Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі, рейтинг әдісі, басқару әдісі және т.б. жатады.

Әдіс - өзінің психология пәнімен зерттеу объектісімен бірлігі арқылы зерттелінетін болмысқа деген ғылыми қадамды көрсетеді. Психологиядағы әдіс зерттеу әдістемелерінде нақтыланады.

Әдістеме (Методика) - әдістер жиынтығы; оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; педагогиканың жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы.

Әдістемелер - зерттеудің нақтылы мақсаттары мен міндеттеріне жауап береді. Онда зерттеу объектісі мен зерттеу шараларының сипаттамасы бар. Бір әдістің төңірегінде бірнеше әдістемелер жасалынуы мүмкін.

Әдіс туралы ілім білімнің ерекше аумағын методология құрайды. Методология теориялық және практикалық іс-әрекетін құрылысын ұйымдастырудың тәсілдері мен принциптерінің жүйесі негізінде, сондай-ақ осы ілім туралы жүйе ретінде қарастырылады.

Әдіснама (методология; грек methodos – зерттеу жолы, теория, ілім және логия ) – ғылыми таным әдісі; ғылымда қолданылатын негізгі принциптер; дүниенің, қоғамның объективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игертуге және және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы. Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бірізге келтіру тәсілдерінің жүйесі; ғылыми әдістің негізгі мақсаты – объективтік ақиқатты ашу. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жолда, әдісте ақиқат болуы қажет. әдіснама негізінде белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты. Ғылыми әдіснаманың дұрыс құрылған теорияға негізделгендіктен қате болуы да мүмкін емес. Дегенмен, объектіні тану кезінде әдіснаманы қолдануда қателік болуы мүмкін. әдіс – пәннің ерекшелігі арқылы анықталғанмен, олар бір-бірімен қарама-қарсылықта болады. Пән мен әдістің бірлігі қарама-қайшылықтардың бірлігі болып табылады. Әдіс зерттелетін пәннің ішкі заңдылықтарын біртіндеп қарау арқылы ғана ашады. Әдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъектінің объектіге біртіндеп жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін. Теория – объективтік шындықтың идеялық бейнесі. Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты. Дұрыс құрылған теория – жаңа құбылыстарды танудың әдіснамасы. Әрбір ғылымның өзіндік пәні, демек өзіне сәйкес әдістері болады. әдістің негізінде білімдер жүйесі жатқандықтан (мыс.,математикалық немесе филосоиялық, логикалық және т.б.) олардың әдістері де әр алуан болып келеді. Осыған орай, ғылымда әдістерді топтастыру мәселесі пайда болды. Топтастыру әдістері белгісіне (қолдану өресіне, онгың заңдылықтары мен ұғымдарының сипатына байланысты) қарай іске асырылады. Осыған байланысты әдістерді екі үлкен топқа бөлуге болады: философиялық әдіс және жеке ғылымдар әдісі. Философиялық әдіс таным теориясымен байланысты болағндықтан, барлық ғылымға ортақ болып келеді. Белгілі бір ғылым саласында философиялық әдісті дұрыс қолдана білмеу көптеген әдіснамалық қателерге соқтырады. Диалектикалық материализм – дүниені танудың және өзгертудің бірден – бір ғылыми әдісі. әдіснаманы әдістен ажырата білген жөн.

Методология адамның теориялық та, практикалық та іс-әрекетіне жатады. Методология ғалымды немесе практикті ақиқат немесе шынайы нәтиже алу үшін оны қалай алу керектігін үйретеді. Методология-білімнің ұйымдастырылуы мен қозғалыс логикалық ішкі механизмдерін олардың өзгеру, қызмет ету механизмдерін зерттейді.


4 тақырып. Психологиялық теорияның құрылымы

Жоспар

  1. Психологиялық теория және оның құрылымы.

  2. Ғылыми мәселе, болжам.

  3. Жалпығылымдық зерттеу әдістері.

Ғылым – білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған неіздер; негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; табиғи құбылстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Ғылым – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған оның барлық шарттары мен сәттерін білімдерімен және қабілеттерімен, біліктілігімен, дене тәрбиесімен, ғылыми еңбегінің бөлінісімен және коопрациясымен қоса ғалымдарды, ғылыми мекемелерді,т тәжірибелік және лабораториялық жабдықтарды, ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерін, түсінік және категория аппаратарын, ғылыми ақпарат жүесін, сондай-ақ, алғышарт, құрал-жабдық ғылыми өндірістің нәтижесі болып табылатын барлық ғылымдарды түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы. Бұл нәтижелер, сондай-ақ,қоғамдық сана нысанының бірі бола алады. Ол объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары нысаны.

Қазіргі таңда психология өзінің ғылым екендігін дәлелдеді. Сондықтан ғылым болғаннан психологиялық әдістер ғылыми әдістер болып табылады.

Ғылым – ақиқатты анықтайтын, нәтижесі жаңа білім беретін адам іс - әрекетінің жетістігі. Ғылыми білімнің пайдалылығы, тиімділігі, тәжірибелілігі оның ақиқаттығының жетістігінен туындайды. Ғалым немесе ғылыми қызметкер – ақиқатты анықтау, шындыққа көз жеткізу критериімен өзінің іс - әрекетін қалыптастыратын маман болып есептеледі. Сондай – ақ «ғылым» сөзі қазіргі таңда ғылыми әдістерді қолдану нәтижесінде алынған білімнің жиынтығы болып табылады.

Ғылыми іс- әрекеттің нәтижесі құбылыстар мен процестерді түсіндіру шындықты сипаттау болып табылады. Ғылыми ізденістің идеалды формасы заңдылықты ашу оны теориялық түсіндіру. Ғылым білім жүйесі және адам іс - әрекетінің нәтижесі ретінде толықтылығымен, жүйелілігімен, сенімділігімен сипатталады және әдістерімен сипатталады. Бұл әдіс рационалды болуы керек. Ғылыми бірлестіктің мүшесі болған адам бұл ғылыми іс - әрекеттің құндылығы ғана болып қарамай, ғылыми әдісті жалғыз тәсіл деп қолдануы керек.

Зерттеудің нормасы дегеніміз не? Бұл сұраққа Т. Кунның «қалыпты ғылым» түсінігін қолдана отырып жауап беруге болады. Ол ғылымның екі қалпын революциондық фаза және қалыпты ғылым фазасын бөліп көрсетеді.

Қалыпты ғылым бұрынғы ғылыми жетістіктерге сүйенетін зерттеудің түрі. Қазіргі таңда сирек болса да оқулықтардың алғашқы формасында кездеседі. Қалыпты ғылым «парадигма» түсінігімен байланысты. Парадигма заң, теория әдіс және оны тәжірибеде қолдану нәтижесінде жалпы қабылданған ғылыми зерттеу үлгісі. Парадигманың өмір сүруінің белгісі болып табылады. Ғылыми психологияда парадигманың қалыпттары В. Вупдттын жұмыстары мен оның ғылыми мектептерінде кездеседі.

Ғылыми зерттеу процесі мынадай құрылымда болады.


  1. Болжамды қою.

  2. Зерттеуді жоспарлау

  3. Зерттеуді өткізу

  4. Зерттеудің интерпретациясы

  5. Болжамды растау немесе терістеу

  6. Болжамның терістелуі нәтижесінде жаңа болжамның пайда болуы.

Жаңа ғылым ғылыми қағиданы немесе болжам қою нәтижесінде туындайды, ол индуктивті немесе шығармашылық түрінде дүниеге келеді. Ол эксперимент нәтижесінде дәлелденеді. Жаңа білім басқа жолмен де, эмпирикалық яғни байқау әдісі арқылы және теоретикалық индуктивті ойды рационалды зерттеу арқылы пайда болады.

Ғылыми зерттеудің талаптары:



  1. Ғылыми зерттеу мәселесінің актуальдылығы (көкейкестілігі) зерттеу үшін оны таңдауға негізгі аргумент болып табылады. Зерттеудің актуальдылығы дәл қазіргі уақытта, өз уақытында, сол күнгі қажеттілікке мәселені шешу міндеттілігін білдіреді.

  2. Ғылыми зерттеудің жаңашылдығы мәселенің өзіне қатысты емес ұсынылған шешімге қатысты сипаттама. Зерттеудің жаңашылдығы мәселені шешуге талпыну, тексеруді кең және терең үйренудің нәтижесінде құрылады.

  3. Ғылыми зерттеудің практикалық мәні дегеніміз – мәселенің шешімі қаншалықты шындықтағы іс-жағдайын жақсы, тиімді жаққа қарай өзгертетіндігімен анықталады.

Психологияда эксперимент теориялық мәліметті анықтау үшін жүргізіледі. Теория білім жүйесінде ақиқаттың қайшылықсыз жолы болып табылады. Теорияның элементтері бір – бірімен логикалық байланыста болып келеді. Оның мазмұны белгілі бір ереже бойынша көптеген пікрлермен түсініктер негізінде құралады.

Теоретикалық білімнің бірқатар түрлері кездеседі: Болжамдар, заңдылықтар, модельдер, классификациялармен типологиялар, әрбір теорияның мынандай негізгі компоненттері бар: 1. Эмприкалық негіздер (фактілер, эмпирикалық заңдылықтар) 2. Базис – теорияның идеялды обьектісін сипаттайды (аксиома, постулат, болжамдар) 3. Теорияның логикасы-логикалық қорытынды ережесі. 4. Теориялық білімдер.

Теориялық білімнің компоненттері әртүрлі жолмен дүниеге келеді. Теорияның эмпирикалық негіздері эксперимент пен бақылаудың нәтижесінен алынады. Постулаттар мен қағидалар интуиция нәтижесінде туған ойдың рационалды дәлелдейді.

Құрылымы бойынша теориялар аксиомалы және гипотетика – индуктивтік болып бөлінеді. Аксиомалық теориялар дәлелдеуді қажет ететін аксиомалар жүйесінен құрылады. Гипотетика – дедуктивтік, индуктивтік негіздегі эмперикалық негіздегі қағидалардан құралады.

Теориялар сапалық математикалық аппаратсыз, формализацияланған, формальды болып бөлінеді.

Сапалық теорияларға сапалық теорияларға психологтар А.Маслоудың мотивация концепциясын Л.Фестингердің когнитивтік диссонанс теориясын, Дж.Гипсонның қабылдаудың экологиялық концепциясын жатқызады. Формализацияланған теориялар математикалық аппарат қолданылатын – Д.Хоманстың когнитивтік баланс теориясы Ж.Пиаженің интеллект К.Левиннің мотивация теориясын формальды теория кездеседі. Д.Раштың тестің стохостикалық теориясы (IRT-пункті таңдау теориясы) ол психологиялық-педагогикалық тестілеудің нәтижесін шкалалауда қолданылады.

Теория шындықты сипаттау үшін ғана емес шындықты қандай құбылысын айта алады және бұл болжам қандай мөлшерде дәл келеді, сол үшін де құрылады.

Белгілі бір уақытта эксперименталды зерттеудің нәтижесін түсіндіретін екі немесе бірнеше теориялар қатар өмір сүреді. Мыс. жеке адам психологиясында тұлғаны сатысын көрсететін бірнеше теория бар. Айзенктің, Кеттелдің факторлы моделі және «үлкен бестік» моделі (большая пятерка).


5 тақырып. Эмпирикалык әдістердің классификациясы.

Жоспар

  1. Ұйымдастырушылық әдістер.

  2. Эмпирикалык мәліметтерді жинау әдістері.

Ең алдымен психологиялық эмпирикалық әдістердің көптігіне назар аудару қажет. Оларды зерттеуді ұйымдастыруға ұсынудағы жалпы ғылымилық критерий позициясымен қарастырамыз.

Эксперименталды зерттеуді өткізуде эмпирикалық мәлімет алуда әдістерді активті және пассивті деп бөлуге болады. Бірінші топқа, яғни активті әдістерге лабараториялық эксперимент пен оның бірнеше модификациясы, квазиэксперимент жатады. Ал екінші топқа- бақылау, клиникалық әдіс, іс- әрекет нәтижесін талдау әдісі, өлшеу және корреляциялау зерттеу, архивтік әдіс т.б. жатады. Зерттеуші бірінші топтағы әдісті қолданып объектіге әсер ету арқылы процесті немесе құбылысты тудырады. Ал екінші топтағы әдісті қолданғанда зерттеуші табиғи процестің нәтижесін тіркеуге алумен шектеледі. Зерттеуші тікелей немесе кейбір әдістерді (сұрақ-жауап, тест т.б) қолдана отырып әрекетті тіркей алады. Сондай-ақ ол зерттеушіге әңгіме барысында немесе лабораториялық эксперименттегі зерттеуші құралдар (аспаптар, тапсырмалар т.б) көмегімен зерттелушінің іс-әрекетін ұйымдастыра отырып әсер ете алады. Бұл психологиялық эмпирикалық әдістердің «екінші өлшемі».

Бақылау да инструменталды болуы мүмкін. Мысалы видео, аудио, жазба және басқа аппараттармен жазып алушыларды қолданғанда. Экспериментте және өлшеу барысында сыналушы тапсырмаларды белсенді түрде орындайды, ал бақылау мен сұрақ жауап та оған ешқандай тапсырма берілмейді, ол өзін табиғи сипатта ұстайды. Тағыда бір маңызды критерий, ол – кроитерий жаңашыл методологиялық ғылымда түсіндірілгендей, идеалды зерттеу белгілері әдісіне сәйкес келуі.

Осы критерий бойынша зерттеуді ұйымдастыру әдістері мынадай түрде бөлінед:

1. Эсперименталды зерттеу, жүйелі бақылау және корреляционды зерттеу. Мұндағы негізгі айырмашылық, зерттеуші сыртқы ауыспалыларды бақылай отырып, негізгі ауыспалы лардың арасындағы коррекциялық немесе себепті байланысты орнатады. Бұл үшін ол мақсатқа бағыттала, бақылаанушы индивидтер мен зерттелуші топтарын таңдап алады, өз әрекеттерін нақты жүйелі түрде жоспарлайды.

2. Табиғи эксперимент және бақылау, әңгіме, клиникалық әдіс, жеке жағдайларды сипаттау әдісі т.б. Олар адам жүріс – тұрысының ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылады. Ауыспалылардағы (тәуелді, тәуелсіз, сыртқы)бақылау тәсілдері жүйелі түрде қолданылмайды, бірақ та күрделі техникаларды (бақылау картасы, аудио-видео аппаратуралар, тесттер және т.б )бақылауда қолданылуы мүмкін.

3. Квазиэксперимент - ауыспалыларға қатал бақылау қойылатын әдіс пен зерттеу жүргізуде табиғи әдістер арасындағы аралық. Оны көбіне (Ф.-Дж.Мак Гиган) жүйелі бақылау әдісімен теңестіріледі, яғни экспериментатор зерттеушіге әсер етпейді. Бірақ бұндай көзқарастар дәлелденбеген. Тағы да бір жағдай әсер теу табиғатта зерттеушіге тәуелсіз, табиғи жүруші ретінде анықталуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда эксперимент пен бақылау арсында айнымалы орын алатын зерттеуші әдісті байқаймыз.

Ф.Дж. Гиган эсперименталды әдістерге қарама – қарсы әдістерді көрсетеді:



  1. классикалық клиникалық әдіс.

  2. табиғи бақылау.

  3. Сұрақнама

  4. Архивтік әдіс

  5. Корреляциялық байланыстарды орнату.

  6. Квазиэксперимент

Ал, М.В. Мэтлин мынадай әдістерді көрсетеді.

  1. табиғи бақылау

  2. сұрақнама

  3. корреляциялық байланыс

  4. архивтік зерттеу

  5. жеке жағдайларды зерттеу.

Жаңашыл ғылымның барлық әдістері теоретикалық және эмпирикалық болып бөлінеді. Өзіндік ерекшелігі бар модельдеу әдісін дербес ретінде бөлуге болады. Сонымен қатар, теоретикалық және эмпирикалық әдістерден басқа мәліметтердің өңдеуші интерпретациялық әдістер бар.

Теоретикалық зерттеулерді жүргізуге ғылым шындықтың өзімен аған емес, оның ойдағы репрезентациясы – ақыл-ой бейнесінде, формулада, кеңістікті-динамикалық модельде, схемада, табиғи тілдегі жазылымдарда т.б. көріністермен де жұмыс жасайды. Теориялық жұмыс “ақыл-оймен” жүргізіледі.

Эмпирикалық зерттеу теоретиккалық құрылымының дұрыстығын тексеру үшін жүргізіледі, ғалым оның белгілік – символикалық, кеңістікті – бейнелік аналогымен емес, объектінің өзімен өзара әрекеттестікте болады. Экспериментатор эмпирикалық мәліметтерді өңдей және интерпретациялай отырып, теоретик сияқты график, таблица, формулалармен жұмыс істейді, бірақ олармен өзара қатынас әрекеттің сыртқы жоспарындағы схемалар салу, компьютер көмегімен есептеулер жүргізу арқылы өтеді. Теоретикалық зерттеулерде “ақыл-ойдағы” эксперимент жүргізіледі, шындықтағы зерттеу объектісі (яғни, ақыл-ой бейнесі) әр түрлі жағдайларға (бұлда ойша) қойылуда логикалық ой жүгірту (пікір) негізінде оның мүмкін болған әрекеттері талданады.

Модельдеуді қолданушы зертеуші үшін, модель-объект аналогы. Модельдеу объектіге эксперименталды зерттеу жүргізу мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Ондай объектілерге эксперименталды зерттеуге қиын сирек жүйелер жатады немесе моральды түсінік бойынша эксперимент жүргізуге боламйды, мысалы, әлем, күндік жүйе, “Бұланды арал” ұлттық паркінің экожүйесі және адам медициналық және психофармокологиялық зерттеулер қатарының объектісі ретінде. Моделдеуде “физикалық” және “белгелік символикалық” деп те бөледі. Физикалық модель эксперименталды зерттеледі. “Белгілі - символикалық” модель азды – көпті күрделі компбтерлік программа түрінде жүзеге асырылады, ал оның әрекетін зерттеу теоретиктер ісі.

Жалпы ғылыми эмпирикалық әдістерге бақылау эксперимент, өлшеу жатады. Олардың зерттеушіге әкелетін мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін және жетіспеушіліктерін қарастыру керек. Бірінші әдіс – бақылау ғылымдар қатарында бірегей, сирек эмпирикалық әдіс. Классикалық бақылау ғылымы – астрономия болып табылады. Оның барлық жетістіктері әбден жетілген бақылау техникалары мен тығыз байланысты. Этологияда (жануарлар әрекеті жайлы ғылым) бақылау көмегімен табиғи жағдайдағы жануарлар белсенділігінен негізгі нәтижелер алынған. Бақылау, физика, химия, биология салаларында да ерекше мәнге ие. Бақылаумен шындықты зерттеуге идиографиялық деп аталатын тәсіл байланысты. Бұл тәсіл зерттеушілері оны ғылымсдағы сирек объектілерді, олардың әрекетін және тарихын зерттеуі мүмкін деп есептейді.

Идиографиялық тәсіл жеке құбылыстармен жағдайлардағы белгілер мен бақылауды талап етеді. Ол тарихи пәндерде кеңінен қолданылады, ал психологияда маңызды орынға ие. А.Р.Лурияның “Жоғары ес жайлы кішкене кітапша” немесе З.Фрейдтің “Леонардо да Винчи” монографиясы сияқты зерттеу жұмыстарын еске алуға болады.

Идиографиялық тәсілге, дамудың жалпы заңдылықтарын, объектілердің болмысы мен өзара әрекеттесуін айқындаушы зерттеу номотетикалық тәсіл қарама-қарсы тұрады.

Бақылау шындықты танудағы идиографиялық немесе номотетикалық тәсіл негізінде жүргізуге болатын әдіс болып табылады. Бақыфлау деп арнайы ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған сыналушы объектінің іс-әрекетін белгілі уақытта қадағалап қабылдауын айтамыз. Алынған бақылаудың нәтижесі объектінің әрекеті деп аталады.

Бақылаудың жүйелі және жүйелі емес түрлері ажыратылады. Жүйелі бақылау түрі - арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының жүріс тұрысының зерттеу үшін уақыт белгілеп жүйелі түрде оның іс-әрекетін тіркеп отырады.

Жүйесіз бақылау кеңістікте, ұйымдастырылмаған жағдайда өткізіледі. Ол этнопсихологияда, әлеуметтік психологияда, даму психологияда кеңінен қолданылыста. Мұнда уақыт белгіленбейді. Қажет деген құбылысты зерттеуші тіркеуге алып отырады.

Сондай-ақ жалпы және таңдамалы бақылау түрлері болады. Жалпы бақылауда барлық бақылаушы қажетті деген іс-әрекеттер тіркелініп отырады. Ол таңдамалы бақылауда зерттеуші тек бір іс - әрекет түрін ғана бақылайды. Мысалы: агрессивтілік.

Бақылау белгілі бір құралдардың да көмегімен жүзеге асады. Мысалы: аудио-видио аппаратура т.б.

Егер сыналушы ол топпен таныс болса эфективтілік артады, объективті болады деп есептейді. Қатыса бақылауда негізгі мақсат айтылмайды, ол этикалық нормаға жатады.

Бақылау әдісі мынадай этаптардан тұрады:



  1. Бақылау пәні, заты анықталады және объект таңдалынады. (топ немесе жеке адам)

  2. Бақылау тәсілі таңдалынады.

  3. Бақылау жоспары жасалынады.

  4. Бақылауды нәтижесін өңдеу жолы таңдалады.

  5. Зерттеу нәтижесі жарияланады.

Бақылау тікелей немесе техникалық құралдар мен мәліметтерді тіркеу тәсілін (фото, аудио және видео аппаратура, бақылау картасы т.б.) қолдану арқылы жүргізлуі мүмкін. Бақылау арқылы әдетте кездесетін “күнделікті жағдайдағы” құбылыстарды ұшыратамыз, ол объектінің маңызды қасиеттерін тану үшін “әдеттегіден ” өзгеше, ерекше жағдайларды құру қажет. Зерттеуші объектінің мінез-құлқыфн тану үшін оған тікелей әсер ете алмайды.

Бақылау әдісінің негізгі ерекшеліктері



  • бақылаушы объект пен бақылаушының тікелей байланысы, яғни зерттеуші сыналушыға әсер ете алмайды;

  • бақылаудың бір жақтылығы (эмоционалды түр беруі керек), яғни, субъективтілігі;

  • қайта бақылаудың қиындығы, яғни ол жағдайды қайта тудыра алмау;

Жаратылыс ғылымдарда бақылау, ереже бойынша зерттелуші процеске (құбылысқа) әсер ете алмайды. Психологияда бақыланушы мен бақылаушының өзара әрекеттестігі жайлы мәселелерде бар. Егер зерттелуші, өзін бақылап отырғанынан хабардар болса, зерттеу шынайы болмайды. Бақылау әдісінің шектеулілігі эксперимент және өлшеу әдістерінің тууына мүмкіндік жасайды. Эксперимент пен өлшеу процесті объектілеу мүмкіндігіне ие, өйткені олар арнайы аппараттарды және нәтижелерді сандық формада тіркеу тәсілін қолдану арқылы жүргізіледі. Бақылау мен өлшеуден эксперименттің ерекшелігі арнайы жағдайдың жасалуымен шындықты құбылысты жүзеге асырады. Соедай-ақ құбылыс пен сыртқы жағдайлар ерекшелігінің арасындағы себептік-тиісті ьайланыстарды анықтайды.

Өлшеу табиғи да арнайы ұйымдастырылған жағдайда да жүргізіледі. өлшеудің эксперименттен айырмашылығы зерттеуші объектке әсер етуге тырыспайды, оның сипаттамасын “объективті” қалай болса солай тіркейді.

Бақылаудан айырмашылығы, өлшеу объекттің құралдық-жанама өзара әрекеті арқылы жүргізіледі және өлшеу инструменттеріндегі объекттің табиғи әрекеті модификацияланбайды, бірақ прибормен бақыланады және тіркеледі.

Адамдардың ғылыммен айналысу себебі не?

Оның себептері әр түрлі болуы мүмкін. Біріншіден дүниені тануға білімнің жетіспеушілігі. Оны ғалым немесе зерттеуші әр түрлі жолмен толықтырады. Ол кітап оқу, басқа адамдармен әңгімелесу, білім жолына түсу т.б. жолдар.

Танымдық қажеттілік кез келген адамды болады, бірақ кез келген адам ғылыммен айналыса бермейді. Көбінесе ғылыммен танымдық сферасын кеңейтуге жаңалық алуға қызығушылар айналысады.

В.М.Бехтерев кімде қандай нәрсе жетіспейтін болса адамдар соны жетілдіруге немесе алуға тырысады деген болатын. Ч.Дальтон түске соқырлық Дальтонизмді ашқан (қызыл мен жасылды ажырата алмау) болатын яғни ол өзі аурумен ауырған, З.Фрейд өзінің жақты адамдарының айтуына қарағанда сексуалды невротик болған. Екінші жағынан алып қарайтын болсақ Ф.Гальтон қабілеттілік мәселесімен айналысқан, өзі данышпан болған, ал интеллект мәселесімен айналысқан Н. Пиаженің интеллект деңгейі өте жоғары болған.

Психологиямен айналысушылар объективті және субъективті шындықты айыра білуі керек. Басқа адамның дүниетанымы психолог үшін жұмбақ болады. Ол адамдармен сөйлесу нәтижесінде және кері байланыс нәтижесінде оны таниды, мәселесін шешуге көмектеседі және жаңалық ашады.

Психологияда зерттеу жүргізу үшін көптеген әдістер қолданады. Олар бақылау және өзін - өзі бақылау, эксперимент табиғи, кеңістіктіктік және лабораториялық, психодиогностика әдіс, іс - әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бұл әдістер эмпирикалық әдістер тобына жатады.

Зерттеу әдістері қандай да бір әдіснамалық талаптарға сай болады. Ғылыми – психологиялық зерттеулерге қабылдайтын талаптар:

1. Құбылыстардың сыртқы көрінісі мен олардың ішкі табиғаты арасындағы толық сәйкестікті таба білу;

2. психикалық құбылыстарды зерттеуде психо- физикалогиялық принципті негізге алу шарт, бірақ физиологиялық білімдер мен факторларды көмекші құрал ретінде пайдалану керек.

3. Психологиялық зерттеулердің, негізінен, адам әрекетін әлеуметтік – тарихи талдау нәтижесіне арқа сүйеуі.

4. Психологиялық заңдылықтарды адамның психикасы, іс- әрекеті және оларды қозғаушы күштердің үздіксіз дамуы процесінде нақтылау.

Енді осы әдістерге тоқталып өтсек:

Эксперимент – нақты жағдайды есепке алып, зерттейтін ғылыми тәжірибе жүргізу жағдайларына қарай эсперимент табиғи, лабараториялық, кеңістіктік деп бөлінеді.

Эксперимент басқа зерттеу әдістерімен салыстырғанда толық нәтиже береді.

Іс - әрекет нәтижесін талдау әдістемесі белгілі бір тұлғаның жазба, бақылау және гафикалық жұмыстары, суреттері жазба дәптерлері, күнделіктері, баяндамалары басқа да еңбектерін зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорытындыланады. Бұл зерттеу сыналушының өзі болмаған жағдайда немесе ол туралы мәлімет қажет болғанда жүргізіледі.

Биографиялық әдіс сыналушының өзі болмағанда немесе қатыса алмағанда жүргізіледі. Оны сыналушы өзі жазуы мүмкін немесе оны білетін адамдар тек болған жағдайды ғана жазады.

1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет