Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті



бет3/5
Дата23.02.2016
өлшемі1 Mb.
#8526
1   2   3   4   5

Әдебиеттер:

1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .- Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. -229 б

2.Сартқожаұлы Қ. Байырғы түркі жазуының генезисі. Алматы: Арыс, 2007. -301 б

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.



  1. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

Қосымша:

6. Махмұт Қашқари. Түркі сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006. -336 б

7. Түркі тілдері (Энциклопедиялық басылым). Астана: Фолиант, 2002. -699

5-тақырып.Түркі жазуы мен тіл мәдениеті тарихының кезеңдері.

Жазу мен жазба тіл. Жазба тіл мен ауызекі тілдің өзіндік ерекшеліктері. Жазу. Таңбасы мен дыбыс жазудың даму тарихы жөнінде жалпы түсінік. Жазу жүйесінің түрлері.Пиктографиялық жазу.Идеографиялық жазу .Буын жазуы.

Алфавит(әріп жазуы),оның пайда болуы мен тармақталуы жөніндегі негізгі мәліметтер.

Орта Азия, Қазақстан, Оңтүстік Сібір жеріндегі жазудың алғашқы түрлері.Бұлардың сипаттамасы, табылған жерлері. Көне түркі және қазақтың рулық елтаңбалары туралы түсінік, олардың бастыларын атап көрсету.

Графикалық лингвистиканың негізгі тараулары. Палеография менэпиграфика.Грфһафика мен орфография. Графемика. Графемика мен әріптің байланысы. Графема мен фонеманың өзара қарым –қатынасы.. Графикалық лингвистика және жазу тарихы.. Түркі тілдері, қазақ тілі графикасының дамуындағы басты кезеңдер.

1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .- Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. -229 б

2.Сартқожаұлы Қ. Байырғы түркі жазуының генезисі. Алматы: Арыс, 2007. -301 б

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.


  1. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

Қосымша:

6. Махмұт Қашқари. Түркі сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006. -336 б

7. Түркі тілдері (Энциклопедиялық басылым). Астана: Фолиант, 2002. -699

6- тақырып. Көне түркі руникалық ескерткіштері.

Руникалық көне түркі( орхон- енисей) жазу ескерткіштері, олардың зерттелу тарихы мен тараған аймақтары. Орхон жазу ескерткіштері(ҮІІІғ). Енисей жазу ескерткіштері.(Ү-ҮІІІғ. шамасы).Руникалық жазулар тастан басқа заттарға да ойылып жазылатыны(алтын, күміс, қола, сүйек,ағаш,саз балшықтан жасалған бұйымдарда).Шығыс Түркістанда қағазға жазылған руникалық мәтіндердің табылуы.(ҮІІІ-ІХғғ).

Қазақстан жерінен соңғы кезде табылған руникалық көне түркі ескерткіштері, олардың зерттелуі, оқылуы, ғылымдық маңызы.Ертіс жазу ескерткіштері. Іле жазу ескерткіштері. Талас жазу ескерткіштері(Жамбыл облысы).Сырдария жазу ескерткіштері. Жайық жазу ескерткіштері. Оңтүстік Сібір мен Жетісу жерін мекендеген алғашқы көшпелі тайпаларда руникалық жазу болғандығын дәлелдейтін материалдар. Ертіс бойынан табылған күміс тостағаншадағы руникалық көне түркі жазулар(біздің заманымызға дейінгі Ү-ІҮғғ).Бұл жазуларды оқып шешудегі кездескен қиыншылықтар мен қол жеткен табыстарымыз.

Руникалық көне түркі ескерткіштерінің тіліне қысқаша шолу. Оның қазіргі түркі тілдеріне қатысы жөнінде зеаттеушілердің пікіріне тоқталу.

Орхон-енисей жазу ескерткіштері жазылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихына Көне түркі дәуіріне сай келеді. Шығыс Түрік қағандығының құрамында өмір сүрген түріктер осы орхон жазуын қолданып, сол жазудың тілінде сөйлеген. Орхон-Енисей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенга, Талас өзендерінің бойы болғандықтан бұл ескерткіштер Орхон-Енисей жазуы деп аталады. Бұл жазу ескерткіштері өзінің жазылу ерекшеліктеріне, қолданылу өрісіне қарай талас, енисей және орхон жазуы деп үш топқа бөлінеді.

Орхон әліпбиі шамамен Ү-ҮІІІ ғасырлардан бастап белгілі, оның 38 әрпі болған. Ол жоғарыдан төмен, оңнан солға қарай жазылады. Орхон жазуында ұйғыр, араб жазулары секілді жіңішке және жуан дауысты дыбыстар бір таңбамен ғана беріледі. Мысалы, а және ә дыбыстарының таңбалары бір ғана а таңбасы алынатыны сияқты. Басқа түркі халықтары секілді қазақ халқының да арғы ата тегі ғылымда Орхон-енисей деген атпен белгілі руна жазуын қолданған. Бұл жазу ескерткіштері бұдан үш жүз жылдай бұрын табылған. Зерттеуші-ғалымдардың пікірінше жазудың оқылуы осыдан мың жарым жылдай уақыт бұрынғы ата-бабаларымыз сөйлеген тілге жақын екендігі дәлелденді. Орхон жазуын Ү-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі кейіннен қазақ этносының құрамына кірген түркі тайпалары қолданды. ХІІ ғасырларда монғол шапқыншылығы тұсында орхон жазуын араб жазуы ығыстыра бастайды. «Бұл әліппемен (орхон) жазылған бір де бір бұқараға байланысты документтің (қол жазбаның) жоқтығы және бұл әліппемен (әліпбимен) жазылған бірде-бір, ұлы болсын, ия кіші болсын, ерекше шығарманың, ия фольклордың жоқтығы» – дейді С.Аманжолов [1]. Бұл – ғалымның 1930 жылдары айтқан ойы. Ал соңғы жылдары ғылымда бұрындары белгісіз болып келген көптеген жазбалардың табылғаны белгілі болып отыр. Орта ғасырларда өмір сүрген ата-бабаларымыз қалдырып кеткен түркіше және қытай тілінде жазылған Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк, Онгин, Суджа, Кули-шор, Мойын-Шор ескерткіштері де осы орхон жазуымен жазылған.

Қараханид династиясының тұсында жазу-сызу өнері қатты дамып, көптеген әдеби туындылар мен ғылыми шығармалар жазыла бастаған. Енді осы жазба ескерткіштеріне қысқаша сипаттама беріп кетуімізге болады.

Ж.Баласағұнның «Құтадғу білік» шығармасының түпнұсқасы белгісіз, бірінші қолжазбасы Герат қаласында 1439 жылы (қазір Венада) ұйғыр әліпбиімен, екінші қолжазбасы араб әрпімен Мысырда ХІҮ ғасырдың бірінші жартысында көшірілген. 1914 жылы Наманганда табылған үшінші нұсқасы - мазмұны дидактикалық сарында жазылған екі жолды өлеңдер жинағы Ташкент қаласында сақталғандықтан «Ташкент нұсқасы» деп аталады. Ал 1072 жылдың 25 қаңтарынан 1074 жылдың 10 ақпанына дейінгі аралықта жазылған М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түркі» араб әрпімен жазылған. Бізге еңбектің Мұхамед ибн Ебибекир ибни Ебилфетих деген кісі көшірген жалғыз көшірмесі жеткен, онда грамматикалық ережелер, халық ауыз әдебиетінің үлгілері, өлеңдер мен жырлар, термелер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тарихи құнды материалдар бар. Қазақ ғалымдары Н.Т.Сауранбаев, С.А.Аманжолов, А.М.Ысқақов, І.Кеңесбаев, Ғ.Ғ.Мұсабаев, т.б. «Диуани лұғат ит-түрк» жөнінде аз да болса пікірлер айтқан [2].

Қашқар тілінде жазылған «Һибатул-хақайықтың» (авторы А.Жүгнеки) 1480 жылы ұйғыр әрпімен жазылып, жолма-жол араб жазуымен қайталанып отырған қолжазбасының нұсқасы Стамбулда. Екінші нұсқасы тек араб алфавитімен жазылған, жылы белгісіз. Ал Самарқант нұсқасы 1444 жылы ұйғыр жазуымен көшірілген [3]. Байқап отырсақ, аталған еңбектердің көпшілігі ұйғыр, араб әліпбиінде жазылған. Бұдан ата-бабаларымыздың осы әліпбиді кеңінен қолданғандығы көрінеді.

Куман қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштерге жататын дүние жүзіне әйгілі «Codex Cumanicus» (Кодекс Куманикус) латын-парсы-құман сөздігі осы күні Венециядағы Марк әулиенің шіркеуінде сақтаулы. 82 парақтан (164 беттен) тұратын шығарманың алғашқы бетінде «1303 жыл, 11 шілде» деген жазу бар. Бірінші бөлімінде тіл үйрену, сол үшін жарамды оқулық жасау қарастырылған. Екінші бөлім кумандар арасында христиан дінін уағыздау үшін діни кітаптардан әртүрлі үзінділер куман тіліне аударылып берілген. Мұнан басқа бұл бөлімде жеке сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер, 50-ге тарта жұмбақ, дін басыларының өмірі мен істері жайында хикаялар бар. Оны ғылымда қыпшақ-латын әліпбиімен жазылған ескерткішке жатқызады. Бұл әліпбимен Қырымда католик миссионерлері қыпшақ тіліндегі діни әдебиеттерді де шығарып отырды [4].

Бұл қолжазба ескерткіштің алғашқы нұсқасы 1362 жылы Италияның қайта өрлеу кезеңінің әйгілі ақыны Ф.Петрарконың библиограф Я.Ф.Томасиниге сыйлыққа берген кітаптарының (Венециан кітапханасы) тізімінде болғандығы анықталды. Онда қолжазбаның атауы өзінің түпнұсқалық атауымен былайша берілген: Alfabetum Persicum, Comanicum et Latinum Anonymi scriptum Anno 1303 Die 11 julii (Kuun 1880: II,YI) [5]. Түпнұсқалық атауына қарап отырып, «Codex Cumanicus» еңбегінің 1303 жылы жазылғанын білуге болады. Демек, түркі халықтары латын әліпбиін сонау ХІІІ-ХІҮ ғасырларда ғылыми, діни еңбек жазуда қолданса, 1929-40 жылдары сауат ашуда пайдаланған. Бүгінгі күн талабы да латын әліпбиіне деген қажеттілікті қайта туғызып отыр.

1245 жылы Мәмлүк қыпшақтарының тілінде жазылған авторы белгісіз, «Терджуман турки уа араби» атты қолжазбада 2,5 мыңдай түркі сөздері жинақталған, қалғаны монғол-парсыша, арабша-монғолша сөздіктер болған.

Половец қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштерде кирилл алфавитімен жазылып қалған дүниелерде куман тілінің элементтері, адам аттары, географиялық атаулар өте жиі ұшырайды. Әйгілі «Игорь полкі туралы сөз» (ХІ ғ.) сияқты эпостық дастандар мен А.Никитиннің «Үш теңізді көктей өтіп» (ХІІІ ғ.) тәрізді жол жазбаларынан, әр алуан шежірелері мен деректі-хроникалық мәліметтерінен, куман тілін оқып үйрену үшін әдейі түзілген сөздіктер мен тарихи еңбектерден көне қыпшақ тілінің сан-қилы сөздерін ұшыратуға болады.

Орта Азия қыпшақтарының тілінде жазылған А.Ясауидің «Хикметі», «Мұқадимат ал-адаб», «Китаб тарджуман фарси уа түрки уа моғоли» сияқты еңбектері көне қыпшақ тілдерінің қатысы бар. Алтын Орда қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер «Хұсрау уа Шырын», «Мұхаббатнама», «Гулистан бит-Турки», «Оғызнама» осы аталған аймақтардың бірінде туып, таралған көпшілік түркі халықтарының ортақ рухани азығы болып табылады.



Әдебиеттер:

1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .- Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. -229 б

2.Сартқожаұлы Қ. Байырғы түркі жазуының генезисі. Алматы: Арыс, 2007. -301 б

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.



  1. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

Қосымша:

6. Махмұт Қашқари. Түркі сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006. -336 б

7. Түркі тілдері (Энциклопедиялық басылым). Астана: Фолиант, 2002. -699

8-тақырып. Көне түркі алфавитінің генезисі .

Көне түркі алфавитінің шығу тегі проблемасы, оның көне түркі этногенезі, көне түркі тайпалары мәдениетінің тарихы және түркі тілдерінің тарихи грамматикасымәселелерімен байланысы. Түркологияның әрі қарай дамуы үшін

Бұл проблеманы дұрыс шешудің аса маңызды екендігі.

Руникалық көне түркі алфавитінің шығу тегі жөніндегі болжамдар мен деректер. В.Томсен, О.Доннер. Н. Аристов, А.Дж Эмре, т.б. зерттеуші ғалымдардың пікірлері. Бұл пікірлерде кездесетін қайшылықтар, нақты дәлелдердің жетімсіздіктері.

Түркі руникалық таңбаларының (графемалардың) полеографиялық және фонологиялық байланыстары. Көне түркі руникалық таңбаларының алғашқы

семит, көне грек, италиалық, кішіазиялық әріптерімен типологиялық және генетикалық жақындығы.

Түркі руникалықалфавитінің Оңтүстік Сібір мен Жетісу аймағын б.з.дейінгі

1 мыңжылдықтың ортасынан қалмай қалыптасқандығын көрсететін полеографиялық талдауға сүйенген гипотеза(С. Амандолов). Түркі руникалық алфавитінің ұзаққа созылған эволюциясы көне түркі тілі дыбыстық жүйесінің қалыптасу процесін айқындаумен ұштасып жатқандығы.

Қазақстан жерінде алғашқы тайпалық мемлекет соңғы үйсіндер дәуірінде құрылды. Атақты ғалым Абел Ремюзенің пікірінше, үйсіндер Орхон жазуын пайдалана білген. Үйсіндерден кейінгі түрік қағанаты кезінде орхон жазулары олардың мемлекеттік жазуына айналған. Бұл жазумен түркі қағандары Иранға, Византияға, Қытайға елшілік хат жазып жіберген, өлген адамдарының басына қойған кұлпытасқа жоқтау жырларын ойып жазып отырған.

Қазақстандағы жазудың тарихын бір кезде ғалымдар тек ислам дінінің тарауымен ғана байланыстыратын еді. Ор­хон жазуы ашылған соң кейінгі зерттеушілер бұл пікірді жеткіліксіз деп тапты. Ғалымдардың байқауынша, орхон жазуын түсіруге тас, түсті металл, былғары, ағаш, сүйек, жібек сияқты нәрселер қолданылған. Сөйтіп, біздің жазба мәдениетіміздің түп тамыры халқымыздың өз жерінде туды. Оның негізі — ежелгі ұлыс тайпалары алғашқы тайпалық одақ қүрылған кезінде қаланған. Тұрмыс мұқтаждығы, ел, хандық, не тайпа қажеттері жазудың тууына негізгі себепкер болды.

Жазудың пайда болуы сауда қатынасының дамуына да тығыз байланысты еді. Сауда, айырбас, ақша белгілері мен товар бағалары да жазуға мұқтаждық туғызды. Ал ел аралық, хандықтар мен мемлекет аралық, қарым-қатынас, дипломатиялық істер жазу мұқтаждығын одан әрі арттыра түсті. Тарихтан түркі қағандарының Византия мен Иран мемлекеттерімен VI ғасырда хат жазысып тұрғаны мәлім.

Тегінде Орхон жазуының негізгі түрлері құлпытастарға ойылған жазба түрінде сақталған, әсіресе түркі қағандары Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк (VII—VIII ғасырлар) басына қойған құлпытастарға өте мәнерлі жазу қолданған. Бұларды тасқа жазылған кітап деуге де әбден болады. Орхон жазуының ең ескі үлгісінің бірі — Талас жазула­ры— V-VII ғасырлардың мұрасы. Бұл жазуларды көп зерттеген ғалым С. Е. Малов: Енисей жазулары қазіргі қазақ сөздерінің ертедегі төркіндерін білу үшін де көмек бере алады десе, В. Носиловтың айтуынша: «Түркі тілдерінің сөз тізбектері Орхон-Енисей ескерткіштерінде-ақ қалыптасқан".

Тілдік құрылысы жағынан ескерткіш жазуы ескі қазақ тіліне мүлде жақын. Сөйлемі мен сөз тіркестері ұғуға жеңіл.

«Көрүр көзүм көрмез тег, білір білігім білмөз тег» (көрер көзім көрместей, білгір ақылым білместей); «Тәңри йарылқазу» (тәңір жарылқасын), т. б.

Бұл сөйлемдер түркі тілдес халықтарға түсінікті және құрылысы жағынан көп өзгешелігі жоқ. Қазақтың қазіргі сөйлеу тілінен де алшақ емес. Осыдан болса керек: «Менің түсінігімше,— дейді профессор С.Аманжолов,— қазіргі дулаттар — V-VIII ғасырлардағы ежелгі Орхон-Енисей түркілерінің тікелей ұрпақтары». С. Аманжоловтың айтуынша, түркі тайпаларының (қазақтың) ордаға, яғни жүздерге бөлінуі, сөйтіп, тайпа одағын құруы өте ерте басталып ұзаққа созылған, VII—XI ғасырлар аралығын түгелдей қамтып жататын ұзақ процесс. Бұл одақтардың кейбірінің өзіндік әдеби тілі, жазуы да болды дей келіп, проф. С.Аманжолов қазақтың ежелгі руларын мысалға келтіреді. Олардың ішінде Үйсін, Қаңлы, Керей, Найман, Қыпшақ, Кердері рулары ескі мәдениеті бар ерте құрылған мемлекет сипатындағы ірі рулар, хандықтар еді деп дәлелдейді. Орта Азиядағы түркі халықтары әдебиетін зерттеуші Е. Бертельс те осыған ұқсас пікірлер айтады.

Орта Азияның түркі тайпалары руна, ұйғыр алфавиті негізіндегі таңбалы, ескі жазбаларды қолданған, ал араб алфавитіне кейінірек көшкен. Араб алфавитінің кең тарауы ислам дінінің енуіне байланысты. Ал ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстанға енуі — ұзақ жылдар бойына со­зылған тарихи қүбылыс. Ол әуелі Оңтүстік Қазақстанның кейбір тайпаларына VIII ғасырда, Жетісу, Орталық Қазақстанға X—XI ғасырларда еніп, кейін Қазақстанның басқа да аудандарына қанат жаяды... Ислам дінін таратута жергілікті халықтардан қарахандықтар үлес қосқан. Та­лас, Сайрам, Түркістан өлкелерінде X—XI ғасырларда-ақ мешіт, медреселер пайда болады. Одан кейін қазақ ұлыс-тайпаларының балалары сол кездің өзінде-ақ медреседе оқи бастайды. Ол кезде араб мәдениетінің дәрежесі жоғары еді. Араб мәдениетінің Орта Азия халықтарына ықпалы мол болтаны да осыдан.

Демек түркі қағанатының кезінен бері қарай сақталып келген әр түрлі жазба ескерткіштердің Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тіл тарихы мен әдебиет үшін маңызы бар. Жазба ескерткіпггерді оқу, аудару, жариялау, зерттеу ісімен шұғылданған В. Томсон, В. В. Радлов, П.М.Мелиоранский, С. Е. Малов сияқты ғалымдар түркі тектес халықтардың мәдениеті тарихында бұл жазбалардың маңызы ерекше екенін ескерткен-ді. Әсіресе, «Күлтегін», «Оғыз нама», «Қорқыт ата кітабы», «Қутадғу білік», «Кодекс Куманикус», «Диуани луғат ат-түрік» кітаптарының маңызын атап өту орынды. Бұлар — қазіргі көп ха- лықтарға (өзбек, қазақ үйғыр, түрікмен, т. б.) ортақ, әлемдік маңызы бар ескерткіштер.

Аталған ескерткіштерде ауыз әдебиетінің ескі үлгілері көп ұшырайды. Тіпті ертедегі өлең, жыр, ертегі, аңыздар, жоқтау, мақал, мәтел, жұмбақтар Орхон жазуларының өзінде де аз кездеспейді. Ауыз әдебиетінің мұндай түрлерінің ертедегі жазба ескерткіштерден орын алуының өзі бір жағынан сол ескерткіштердің әдебиет тарихы үшін қажеттігін ескертсе, екінші жағынан әдебиеттің халық өмірі мен байланысы тым әріде жатқанын танытады.

Күлтегін мен Білге қаған және Тоныкөк жазбалары. Бұл жазбаларды қазір ғалымдар тарихи дастан ретінде бағалап жүр. Мәселен, Т. Стеблева өзінің 1965 жылы шыққан «поэзия тюрков» (VI—VIII) деген кітабында осындай ой айтады. Шынында да аталған ескерткіштерде қазақ ұғымына жақын жыр жолдары толып жатыр.

Шешем — қатын, (онон) соңғы аналар,

Жеңгелерім, келіндерім, ханымдар,

Тірілерің түгел күңдікте болар едіңдер,

Өліктерің жұртта, жолда жатар ма едіңдер!

Күлтегін жоқ болса,

Бәріңде өлмекші едіңдер.

Інім Күлтегін қаза болды.

Өзім қайғырдым.

Көрер көзім көрместей,

Білгір ақылым білместей болды.

Тағдырды тәңірі жазар,

Адам баласы бәрі де өлгелі (өлетін болып) туған.

Қазіргі қазақ өлеңдерінде сақталған адамның әр жастағы ісін, қайратын жырлайтын өлең түрін Күлтегіннің ерлігін сипаттайтын өлең жолдарынан да көреміз. Онда Күлтегіннің жеті жаста әкесі өліп, жетім қалған кезінен бастап, 47 жасқа жетіп өлген күніне дейін не істегені, әр жастағы жетістіктері сатыланып көрсетіледі.

Мысалы:

Әкем қаған өлгенде



Інім Күлтегін Жеті жаста қалды.

Умай текті шешем — қатынның бағына,

Он жасында інім Күлтегін ер атағын алды.

Он алты жасқа келгенде,

Ағам қағанның ел-жұртын молайтты...

Жиырма бір жасқа келгенде,

Чача сеңгунмен айқастық...

Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде

Қырғызға қарсы аттандық...

Күлтегіннің жиырма жеті жасында

Қарлық халқымен...

Тамға шыңында соғыстық.

Күлтегін... отыз жаста еді,

Аз халқы бізге жау болды,

Қара көлде соғыстық.

Күлтегін отыз бір жаста еді,

Алып жалды атын мініп,

Шабуылға ұмтылды...

Ескерткіш авторы түркі елінің өткен өмірінде оған дамылсыз шабуылдар жасалып тұрғанын, жортуылдарда сан сәтсіздікке кезігіп, қиыншылыққа ұшыраған кездердің де болғанын жасырмайды.

О, қасиетті Өтүкен қойнауының халқы

Біресе ілгері шаптың,

Біресе кері шаптың,

Барған жерде не пайда таптың.

Қаның судай ақты,

Сүйегің таудай (болып) жатты.

Бек ұлдарың құл болды,

Пәк қыздарың күң болды.

Күлтегіннің басқа елге бағынышты боп, құрып кетуге таянған түркі елін біріктіріп, дегеніне жеткізгені, жұрты үшін қызмет қылып, күні-түні ұйқысын бөліп, ерлік істер көрсеткені мына шумақтардан байқалады.

Тәңірі жарылқады...

Өлімші халықты тірілттім.

Жаңалаш халықты,

Кедей халықты бай еттім.

Аз халықты көп қылдым.

Тату елге жақсылық қылдым,

Төрт бұрыштағы халықты

Бәрін бірдей қылдым...

Ескерткіш сөздерінен кейін Күлтегіннің әмірі жүріп тұрған кезде оның мемлекетінің мығым болғаны, ол орнатқан тәртіптің берік екені анықталады.

Түркі, оғыз бектері, халқы тыңдандар!

Биіктен тәңірі баспаса,

Төменде жер айналмаса,

Түркі халқы, ел жұртыңды кім қорғайды.

Ескерткіш жазуында түркі қоғамының ерлік күрес дәстүрі үлгі етіледі, кейінгі жастарды ерлікке, бірлікке шақырады.

Күлтегін ескерткіші түркі елінің бір кездегі тарихын танытарлық құнды мұра болуына қоса, сол халықтың поэзиясынан да мол мәлімет беретін көркем туынды. Оны тасқа ойып жазған Иоллығ Тегін деген ғалымдар араларында болжау бар. Олай болса, Иоллығ Тегін— көне түркі әдебиетінің аты мәлім алғашқы авторы.

Мұнда Күлтегіннің өліміне байланысты жоқтау сөздер беріледі, оның алып күшін, жорықтардағы сан батыл істерін де, тұлпар аттарын бейнелегенде де талай көркем сөздер, нақышты образдар қолданылады. Бұл Күлтегін не­крологы сияқты ескерткіштің соңғы жолдарынан айқын көрінеді. Осы ескерткіштің ырғақты нақыл сөз екенін айта келіп, Л.Гумилев «Түріктер сөз күшін реалды күштен санағанға ұқсайды. Өзінің 2000 жылға созылған тарихында түріктер мифологиялық белден өтіп, образды ой түйіндеуден тарихи реалды ойлауға бірте-бірте өсіп отырғаны байқалады»,—дейді. Бұл пікірлерді зерттеушінің жайдан-жай айтпағанына біздің көзіміз осы ескерткіпггі талдап танығаннан кейін әбден жетті.

«Өлімнен ұят күшті»—мақалы «Тоныкөктің» ескерткішінде жүрсе, Күлтегіннің «Ақ азбаны», «Ақ қаракері», «Менсіз ақ», «Алып шалшы ақ аты», оның келбетін суреттейтін (арыстан жүрек, ер алып) эпитеттер, балама сөздер осы шығарманың тіл көркемдігінің куәсі сияқты. Оның үстіне бұл сияқты көріністерді қазақ жырларына жат нәрсе деп ешкім айта алмайды. Олай болса, аталған ескерткіштердің оқиғалары да, көркемдік тәсілдері де қазаққа тән құбылыстар және ол әдебиетіміздің ескі негізі болуға праволы. И. В. Стеблева 1976ж. «Советская тюркология» журналында (№ 4) жариялаған өзінің бір мақаласында көне түркі әдебиетінің эстетикалық мәнін зерттеудің мақсат-маңызын атап көрсетеді. Ол көне түркі әлемінің мәдени-тарихи факторларының бірден бір деректі куәсі осы ескерткіпггер екенін айтады. Шынында да ескі түркі жазба ескерткіштері (Күлтегіннің кіші және үлкен жазбалары) және Тоныкөк ескерткіші VI—VIII ғасырларда дәуірлеген Түркі қағанатының мәдени өміріне тікелей байланысты тарихи, әдеби маңызы зор шығарма.

Күлтегін мен Тоныкөк құлпытастары — VIII ғасырдың орта шендеріне жататын ескерткіш. Одан сол заманда өмір сүрген түркі ұлыстарының дүниетаным түсініктерін, қоғамдық, әлеуметтік нормаларын тануға болады.

Ескерткіштерге тән ерекшеліктер деп мынадай ортақ жайларды айтар едік. Ең алдымен, түркі ұлыстары өмірінің әр түрлі кезеңдері ұқсас сипатталады. Олар: ата жолына берік болу, бабалары жасаған ерлік жорықтарды мақтан ету, әрбір келесі жорыққа сәт сапар тілеу. Екіншіден, қолбасы батырлар немесе ел билеген қағандар тұлғасын жасауда ұқсас тәсілдер қолданылады. Олардың дүниеге келгеннен бастап, қаған немесе қолбасы болғанға дейінгі өмірі тәңірі тарапынан қолдау тауып отырады. Жауға қарсы соғыстарда ерекше ерлігімен, ақылымен көзге түседі. Күлтегін ескерткіштеріндегі оқиғаның басталуы, өрістеуі, аяқталуы мен Тоныкөк ескерткішіндегі оқиға желісі де ұқсас келеді. Күлтегін жорықтарының бәрі бас қаһарманның жеңісімен аяқталып отырылады. Мысалы: оның жас шамасы, астына мінген атының түсі, тегі суреттеліп, одан кейін ерлік қимылдары, жеңіске жетуі барынша мадақ етіледі. Тоныкөкте де оның тәрбие алып оқығаны, білімді боп өскені осыған ұқсас суреттеледі. Ол дұшпанның айла-амалын күні бұрын сезеді. Ұтымды келіссөз, елшілік істерін жүргізеді. Қауіпті сәттен ақыл-айламен құтылады. Ұлы қағанмен, келісіп істі сәтті шешіп отырады.

Күлтегін мінсіз қаһарман ретінде сомдалса, Тоныкөк көреген, ақыл иесі, білімді басшы боп танылады. Оларды аруақтар қолдайды. Аспан тәңірі, қасиетті жер-су, ұмай аруақтары жарылқайды. Көне түркілер түсінігінше аспанда аспан тәңірі мекен етеді, жердегі адам тәңірдің басқа салғанын орындайды.

Оқиғаның бастан аяқ баяндаудан бас тарту, болған құбылыстарды тәптіштеп айтудан гөрі, оған өз пікірлерін білдіріп отыру — ескерткіштің негізгі тәсілі. Суреттеу, баяндау тәсілдерінде де дәстүрлі түр, әдіс-амалдары бар. Мысалы, әрбір қағанның ата тегін, өмір жолын, жорықтарын суреттеуде тұрақты, дәстүрлі тәсілдер қолданылады. Білге қағанды бейнелегенде әуелі оның аталары кім болғанын баяндайды. Бумын қаған, Истемис қағандар аты аталады. Бұлардың бәрі елге сүйкімді, білікті басшылар. Бұлардың тұсында түрік қағанаты біртұтас күшті мемлекет боп, әлемге әйгілі жеңімпаз батырлары бар, қайтпас жауынгерлері — ірі әскери қолы бар, гүлденген ел боп саналған. Кейінгі қағандар да ата дәстүрін берік ұстап, жеңімпаз, ақылгөй, түркі ұлыстарының қамын жеген көсемдер болып көрінеді.

Ескерткіште түркілердің жорық жолдары да көрсетіледі. Түркілер жорықтарының алғы бағыттары — шығыс, арты — батыс, оң жағы — түстік, сол жағы — солтүстік. Күлтегіннің кіші жазуында түрік қағанына дүниенің төрт бұрышы түгел бағынышты делінеді. Олар ұрандағанда, алға — десе, күннің шыққан жеріне дейін, қидандарға қарай, оңға — десе, күн ортасына дейін — табғаштарға қарай, солға —десе, түн ортасына дейін — оғыздарға қарай, кейін десе, күннің батысына дейін — курдтарға қарайтын жерлерді айтқан (Тоныкөк ескерткіші бойынша).

Ескерткіштерден қазіргі түркі тілдері нормасына енген ұғымдар мен жеке сөздерді, эпитет ретіндегі баламаларды көруге болады. Күлтегін жазбасында: жоғарыда — көк ас­пан, төменде — боз жер деген ұғым бар. «Жоғарыдан көк аспан баспаса, төменде боз жер жарылмаса. Басы барлар басын исін, тізесі барлар тізе бүксін». «Түрік ұлысы үшін түн ұйқы көрмедім, күндіз тыным таппадым», «Азды көп еттім, жоқты бар еттім», «Аш-арықтарды (адам) тойындырдым, арық өгізді семірттім, жіңішкені жуан еттім, жаяуды аттылы, тасты жерді шөпті еттім», т. б.

Күлтегін ескерткіші — VIII ғасыр туындысы.

Бұл ескерткіштер алғаш рет қазақ жұртшылығына 1960 жылдардың екінші жартысында аударылып таныстырылды. Ғалымдар Ғ. Айдаров, М.Томанов, А, Аманжолов,

Ә. Құрышжанов VI—VIII ғасырлардағы тас жазулары жайында зерттеулер, оқу құралдарын жазды. М. Жолдасбеков Күлтегін мен Төныкөк есімдеріне байланысты тас жазбаларының аудармасын жасады және зерттеулер жаз­ды. Қазақстан Ғылым академиясының мүше корреспон­денті проф. Ғ, Мұсабаев, кейінірек А.Аманжолов, т. б. ғалымдар ескерткіштің кіші жазуының поэтикалық аудар­масын жасап жариялады. Аталған аудармалар — кейбір кемістіктеріне қарамастан мәдениетіміз тарихында елеулі орны бар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет