11. Эпидемиялық паротит (мысқыл) ауруына жатпайтын белгіні атаңыз:
А. Дене қызуының жоғарылауы
В. Ісік қолға қамыр тәрізді білінеді
С. Бөртпе
Д. Аузын ашқанда ауырсыну байқалады
Е. Ауырсыну тек ісінген жерде ғана байқалады
12. ҚР-ның егу кестесіне сәйкес қызылшаға қарсы вакцинация және ревакцинация өткізу мерзімі:
А 2 ай және 12 ай
В.2 ай және 18 ай
С. 12 ай және 18 ай
Д. 12 -15 айында және 6 жас
Е. Туылған кезде және 6 жас
13. Стационарға 15 жасар қыз түсті, шағымдары: дене қызуының 39 С жоғарылауы, күшті бас ауруы, жарықтан қорқу, фонтан тәрізді құсу және денесінде бөртпе пайда болуы. Қарауда: шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы, қозғалыстың ретсіздігі,бет гиперемиясы, ұстағанда терісінің ыстық болуы, денесінде геморрагиялық бөртпе. Алдын ала қойылған диагноз:
А. Қызамық
В. Энцефалит
С. Менингококты инфекция
Д. Тұмау
Е. Жел шешек
Достарыңызбен бөлісу: |