9 Ақша қаражаттарын есептеу
Мемлекеттік мекемелердің кассалары қолма-қол ақшаны қабылдауды бас бухгалтер немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған кіріс кассалық ордерлері бойынша, соңғылары мен кассирдің қолы қойылған, кассир мөрімен (мөртабанымен) расталған түбіртек беру арқылы жүргізеді.
Ақша қаражаттары туралы ақпарат 1000 шот бөлімінде көрсетілген. Ақша қаражаттар есебін қазына бөлімшесі жүргізеді. Ақша қаражаттар бойынша негізгі бастапқы құжаттар кассалық ордерлер болып табылады.
Қолма-қол ақшаларды кассаға қабылдау КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері, ал беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері бойынша бас бухгалтер қолымен бекітіліп жүргізіледі. ККО және ШКО кассаға берілгенге деін бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында тіркелінеді. Ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуы жөніндегі барлық операцияларды кассир №4 нысанындағы касса кітабына жазады.
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептеу 2 нысанда жүзеге асырылады:
Банк жүйесі арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен;
Қолма – қол ақшамен төлеу түрінде.
Касса қолма-қол ақшалар мен өзгеде құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй-жай.
Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын;
шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;
республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;
Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.
Касса — есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, әр түрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |