Пән бойынша студенттердің біліміне арналған материалдар кқТ 2216 «Кәсіби қазақ тілі»


Кассалық операциялар мен бағалы қағаздарды есептеу



бет6/24
Дата03.01.2022
өлшемі55.83 Kb.
#451257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Уи А - КҚТ-ІVсем.-1

7. Кассалық операциялар мен бағалы қағаздарды есептеу
Кассалық операциялар – бұл банк клиенттерінің ақшалары мен құндылықтарын қабылдап-өткізу бойынша банктік операциялар.

2-деңгейдегі банктердің кассалық операцияларды жетілдіру тәртібі 1999 жылғы 15 карашадағы № 394 «ҚР 2- деңгейдегі банктернің кассалық операцияларын жүргізу» ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Олар бойынша келесілер қарастырылған: кассалық операцияларды жүргізудің жалпы тәртібі; ақшаны жеткізу және сақтау тәртібі; ақшаның төлем қабілеттілігін аңықтау тәртібі; зақымданған банкноттар мен ақаулы тиындарды айырбастау және жою тәртібі.

Кассалық операцияларды жүргізудің жалпы принципі кассирдің құндылықтар мен қолма-қол ақшаны қабылдау және беру операцияларын кіріс және шығыс кассалық құжаттарға сәйкес рәсімделген бухгалтерлік бөлім қызметкерлерінің үкімі негізінде жүзеге асыруына бағытталады. Әрбір кассирді жұмысқа қабылдау кезінде толық материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт жасалады. Жұмыс күнінің басында операциялық кассадағы кассирлері меңгерушіден аванс ретінде белгілі бір қолма-қол (акты бойынша) сомасын алады және жұмыс күні соңында оны пайдаланғандығы туралы есеп береді. Бір күн ішіндегі барлық кассалық операциялар аяқталғаннан кейін кассирлер бухгалтерия қызметкерлерінің мәліметтері мен өзі жүргізген операцияларының жалпы сомасын салыстырып, одан кейін қолма-қол ақшаларды ақша қоймасына өткізеді. Кассалық операциялар бойынша Барлық құжаттар банк мекемесінің бухгалтериясында алдын ала тексерілгеннен кейін кассирлерге түседі.

Клиенттерден олардың шоттарына есепке алуға арналған, банк кассасына қолма-қол ақшаларды қабылдау кіріс кассалық құжаттармен жүргізіледі.

Басқа қүндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен рәсімделеді.

Клиент банкноттар мен тиындар тізімдемесімен бірге толтырылған кіріс кассалық құжатты бухгалтерия қызметкеріне өткізеді. Ол кіріс кассалық қүжаттың дұрыс толтырылуын тексереді, оны рәсімдейді және кіріс бойынша кассалық журналда акта сомасын көрсету үшін құжаттарды бухгалтер-бақылаушыға өткізеді. Өз кезегінде бухгалтер-бақылаушы кіріс кассалық құжатты кабылдағаннан кейін операция жүргізген қызметкердің қолын және оның растығын тексереді, онда көрсетілген соманың сәйкестігін, сонымен қатар осы құжатта көрсетілген соманын растығын салыстырады, содан кейін кіріс бойынша бас журналға қол қойып тіркейді.

Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексергеннен кейін клиент шақырып, одан көрсетілген соманы қабылдап алады. Содан кейін құжатта көрсетілген соманы нақты сомамен салыстырып, сәйкес келген жағдайда кассир құжатқа қолын қойып, түбіртекке немесе кіріс ордерінің көшірмесіне мөр қойып, оны ақша салған тұлғаға береді.



Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып шығыңыз.

  2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

  3. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, аударыңыз.

  4. Бір сөзді жекеше, көпше түрде тәуелдеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет