Бухгалтердің кәсіби этикасы
Этика – бұл өнегелілік, адамгершілік, ар-намыс туралы ілім. Адамгершілік түсінігіне адамды адам деп танитын этикалық құндылықтар жүйесі кіреді. Басқаша айтсақ, этика дұрыс және дұрыс емес мінез құлықты анықтайтын принциптермен байланысты. Этикалық мінез-құлық және қабылданған этикалық принциптер, қоғам, ұйым немесе жеке тұлға арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін өзіне қабылдаған мінез-құлық нормалары мен құндылықтарына байланысты.
Бухгалтерлердің қоғамдағы бүгінгі рөлі бұл мамандықты мәртебелі, жақсы төлемді және творчестволы етіп отыр. Инвесторлар, кредиторлар, жұмыс берушілер және билік пен қоғамды қоса алғанда, басқа да ақпаратты пайдаланушылар, есепке және түрлі кәсіпкерлік мәселелер бойынша есеп беру мен салық салу жөніндегі ақпараттарға тәуелді. Мұндай қызмет көрсету кезінде маманданған бухгалтерлердің мінез-құлқы түгелімен елдің және қоғамның экономикалық тиімділігіне мүмкіндік туғызады.
Жоғарыда айтып кеткендей, бухгалтер ақпараттармен түрлі дәрежеде жұмыс жасайды, содан кейін «ол дұрыс жасап жатырма?» деген сұрақ туындайды. Туындаған сұрақтарға жауап – есеп бірлестігі бақылау жасайды. Сонымен қатар, бұл мамандық үшін қоғамдық сенімнің де маңызы өте зор.
Бухгалтерлік есеп эволюциясын зерттеу көрсеткенде, тарих бойынша бақылау және қарастырудың әйгілі екі әдісі бар, яғни – бір орталықтан тәртіп белгілеу және заңмен реттеу.
Біріншісі – есептің бір нұсқалығын және өзгермейтіндігін білдіреді, бұл есеп процедураларын үйлестіру және оларды мемлекеттік органдардың нұсқауында бекіту жолымен жүзеге асырылады. Мұның дұрыстығына күмән келтіру немесе нұсқауды бұзу қауіпті, өйткені мұнда жазалау сипаттамасы куәланады, бухгалтер мамандығына шек қойылады, айыбын бетіне басып масқаралау, кейде, тіпті, өлім жазасы.
Заңдық реттеу, бірорталықтанған басқару приоритеті маңызды және қажетті емес бола бастағанда пайда болады. Басқа сөздермен айтқанда, мемлекеттік аппарат есептің әдістемесін ұсынған жоқ. Бухгалтерден қолданылатын есеп саясатын тек жеке ашып көрсету ғана талап етілді.
Мұндай жағдайлар мамандық тәуелсіздігі деген қажеттілікке әкеледі, бұл есеп бірлестігін қорғау құралы және бухгалтерлік есеп әдістемесінің өз бетінше дамуының салдары ретінде туындады. Этикалық нормалар мен ережелер өзінің даму барысында эволюциясының анықталған сатыларынан өтті, бұл туралы американдық авторлар М.Р.Мэтьюс, Х.Б.Перера толығымен айтқан. Бұларға жүргізілген зерттеулерді талдай отырыпкелесілерді көруге болады, «қазіргі увқытта бухгалтер мамандығы кейбір елдерде топтар қатарына бөлінеді, бұлардың әрқайсысының этикалық кодексі бар. Басты топты машықтанған бухгалтерлер құрады, ал басқаларына кіретіндер: ішкі аудиторлар; басқару есебінің мамандары және менеджерлері. Бухгалтер бір немесе бірнеше ассоциацияның мүшесі бола алады».
Достарыңызбен бөлісу: |