Пән бойынша студенттердің біліміне арналған материалдар кқТ 2216 «Кәсіби қазақ тілі»


Бухгалтерлік есеп пен аудиттің пайда болу, даму тарихы



бет2/24
Дата03.01.2022
өлшемі55.83 Kb.
#451257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Уи А - КҚТ-ІVсем.-1

2 Бухгалтерлік есеп пен аудиттің пайда болу, даму тарихы
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.

Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:

— есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;

— оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;

— шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.

Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді. Сондықтан әрдайым кейбіреулердің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза болмауынын себебі осында.

3 Кәсіпорын және кәсіпорындағы есептілік

Кәсіпорында есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті құру принципі мен ережелерін (тәртіптерін) белгілеуші бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес кәсіпорынға оперативті басшылық жасау мен оны басқару үшін, сонымен бірге инвесторлардың, жабдықтаушылардың, сатып-алушылардың, кредиторлардың, мемлекеттік органдардың, банктер мен басқадай мүдделі тұлғалардың пайдалануы үшін қажетті кәсіпорынның шаруашылық процестері мен шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері жөніндегі дұрыс және толық ақпараттарды дайындауды қамтамасыз ету бухгалтерлік қызметтің негізгі міндеті болып табылады.

Шаруашылық қызметінің түріне, көлеміне және шаруашылық жүргізудің нақты жағдайына қарай бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыра отырып, “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік:

— шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттардың нысандарын өкілетті орган бекіткен талаптардың негізінде өз бетінше жасап бекітеді;

— өз бетінше бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нысанын белгілейді;

— бухгалтерлік есептің қаржы және басқару бухгалтерияларына функционалдық бөлінуін жүзеге асырады;

— шаруашылық операцияларына бақылау жасау тәртібін, сонымен бірге бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін қажетті басқа да шешімдерді қарастырады.

“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік бухгалтерлік есепті автоматтандырылған нысанда жүргізеді. Бухгалтелік есептің автоматтандырылған нысаны – бүгінгі күннің талабына сай, электрондық есептеу машиналарын кеңінен пайдалануға негізделген. Бұл нысан есептік процесстің бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру проблемасын шешуде бірінші кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.

Бірінші кезеңде – есеп апаратының бөлімдерінде есептеу техникаларының негізінде бухгалтердің жеке автоматтандырылған жұмыс орнын құру болжанады.

Екінші кезеңде – есеп апаратының ішінде бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орнының локалдік желісі жасалынады.

Үшінші кезеңде – құжаттаудың және есеп ақпараттарын өңдеудің локалдық желісі ұйымдастыру және есептеу техникасының құралдарымен бір жүйеге бірігеді.

Бұл келешекте ақпараттарды өндеудің қағазсыз технологиясын жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде басқару және есеп аппаратының жұмыскерлері үшін автоматтандырылған жұмыс орның құрудың бірінші және екінші кезеңдерінің міндеттерін шешудің барлық алғы шарттары жасалынған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет