Пән бойынша студенттердің біліміне арналған материалдар кқТ 2216 «Кәсіби қазақ тілі»


Міндетті және міндетті емес төлемдер



бет7/24
Дата03.01.2022
өлшемі55.83 Kb.
#451257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Уи А - КҚТ-ІVсем.-1

8. Міндетті және міндетті емес төлемдер

Төлем – сатып алынған тауарлар, көрсетілген қызметтер, пайдаланылатын ресурстар, берілген несие үшін төленуге тиіс ақшалай қаражат, сондай-ақ міндеттемелер бойынша есептесу нысанындағы заңмен белгіленген жарналар. Кәсіпорындар төлейтін Төлемнің түрлері: тауар-материалдық құндылықтардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің ақысы; жалақы Төлем; коммуналдық қызметтер ақысы; жалгерлік төлемақы; байланыс құралдарының тарифтері бойынша төлемақы; сақтандыру Төлем; несие үшін пайыз Төлем; несиенің қайтарылуына байланысты Төлем; бюджетке және бюджеттен тыс қорларға салықтар мен басқа да міндетті Төлем түріндегі Төлем, т.б.

Жеке тұлғалар коммуналдық қызмет ақысын, байланыс құралдарын пайдаланғаны үшін төлемақы, сақтандыру Төлемін төлейді. Төлемнің негізгі бөлігі Төлем төлеушілердің және қаражат алушылардың шоттары бойынша қолма-қол ақшасыз аудару жолымен төленеді. Заңды тұлғалар бір-бірімен нормативтік актілерде белгіленген сомадан асырмай қолма-қол ақшалай есептесуге құқылы, бұл орайда Төлемнің мөлшерден асатын бөлігі несие ұйымдары арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда төленуге тиіс. Кәсіпорындар қолма-қол ақшасыз нысанда төлейтін Төлем мынадай түрлерге бөлінеді: кәсіпорынның (ұйымның) бюджетке, бюджеттен тыс қорларға, т.б. міндетті Төлем, тауар алыс-берістері және шаруашылық шарттары бойынша төлем тапсырмалары, төлем талаптары, аккредитивтер, есептесу чектері, вексельдер, т.б. арқылы есеп айырысу төлемақысын төлеу тәртібімен төленетін Төлем Нарықтық экономика жағдайындағы Төлемнің негізгі нысаны – төлем тапсырмалары арқылы есептесу. Бюджетке және бюджеттен тыс қорларға Төлем әдетте Төлем тапсырмалары арқылы төленеді.

Көрсетілетін коммуналдық қызметтер үшін Төлемді жылуды, газды, суды, т.б. пайдаланатын жұртшылық, үй-жайды жалға алған жалгерлер төлейді. Лицензиялық Төлемді лицензия алушылар төлейді.



Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

  2. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыз.

  3. Мәтін бойынша тест тапсырмаларын құрастырыңыз.

  4. Етістіктерді тауып, түрлерін анықтап, аударыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет