Пән бойынша студенттердің біліміне арналған материалдар кқТ 2216 «Кәсіби қазақ тілі»



бет5/24
Дата03.01.2022
өлшемі55.83 Kb.
#451257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Уи А - КҚТ-ІVсем.-1

6 Есеп айырысу есебі
Есеп Айырысу – төлем жүргізу арқылы қаражаттық міндеттемелерді жабу. Ол қолма-қол ақшамен немесе банк-несиелік ұйымдар арқылы ақша аударып жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз төлемдер төлемдік тапсырмалар, аккредитив, чек және инкассо бойынша да, сондай-ақ, заңда қарастырылған басқа формалармен де төленеді (қ. Аккредитив,). есеп айырысу жүйесін ұйымдастыруда әрбір елдің өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін, бірақ олар мынадай жалпы принциптер мен есеп айырысу операцияларына негізделген: қолма-қол ақшалармен төлеу; есепшоттан нақты ақшаларды алу; ақшаны төлем тапсырысы бойынша аудару; қаржыны бір есепшоттан басқа есепшотқа дебеттік (чек арқылы) немесе ақшалай аудару. Банкаралық есеп айырысу корреспонденттік есепшот арқылы жүргізіледі. Ондай шоттар, мыс., ҚР-ның өлттық банкінде немесе контрагенттік банктерде ашылады.

Төлем құжаты ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке, тапсырмада көрсетілген соманы, оның ақшасын бенефициар есебіне аудару туралы берген тапсырмасы. Аударымды жүзеге асыру үшін жөнелтуші өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгідегі төлем тапсырмасын ұсынады. Төлем құжатында міндетті түрде келесі деректемелер (реквизиттер) көрсетілуі тиіс: құжаттың аты; оны жазу күні, айы, жылы, құжат нөмірі. Күн - санмен, ай - созбен, жыл - санмен көрсетіледі; ақша жөнелтуші заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқылық нысанын қоса, толық атауы, дербес сәйкестендірілген коды; ақша жөнелтуші банктің ұйымдастыру-кұқылық нысанын коса, толық атауы, дербес сәйкестендірілген коды; төлем мәні, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген кодтық белгіленуі; бенефициар-банктің ұйымдық құқықтық нысаны көрсетілген толық атауы, оның банктік сәйкестендіру коды; төлем мақсаты сол сиякты ҚР Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген кодтык белгіленуі; санмен және сөзбен көрсетілетін төлем сомасы; салық төлеуші бенефициар мен ақша жөнелтушінің тіркеу нөмірі.

«Төлем мақсаты» бөлігінде ақша жөнелтуші аударым жүзеге асырылатын құжат атын, нөмірін және күнін, сондай-ақ «Код - төлем мақсаты» бөлігінде - төлемнің кодтық белгіленуін көрсетуге міндетті.

Төлем құжаттарын электронды түрдеде, сол сияқты қағаз тасымалдаушыларымен де ұсынуға болады. Қағаз тасымалдаушыларында оларды қайтару немесе орындалуын тоқтату жөніндегі кез-келген түзетулерді жүргізуге болмайды. Алушы-банк немесе бенефициар-банк талаптарға сәйкес келмейтін нысанда толтырылған және ұсынылған төлем құжаттарын акцептеуден бас тартуға құқылы.

Ақша аударымы резидент емес бенефициар есебіне жүргізілсе (ақша жөнелтуші банк болған жағдайдан тыс), өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгіде шетел валютасында ақша аударымына өтінішті ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет