Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент: Экспресс – курс. СПБ:- 2001. – 496с.
2. Менеджмент: Конспект лекций. – М. Изд. « ПРИОР». 2000. – 192с.
3. Молл Е.Г. Менеджмент. Организационное поведение:
4. Сборник ситуационных задач, деловых и психологических игр, тестов, контрольных заданий, вопросов для самопроверки по курсу «Менеджмент»: сборник. – М: Финансы и статистика. – 2001. 192с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1.Басқару қызметі дегеніміз?
2.Басқару қызметінің деңгейлері қандай?
3.Жоспарлау функциясына анықтама беріңіз?
4.Стратегиялық жоспарлау дегеніміз?
5.Бақылау процестерін атап өтіңіз.
Дәріс №5 Тақырып:Басқарушылық шешімдерді қабылдау кезеңдері.
Мақсаты:
Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі – мақсаткерлік. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды.
Дәріс жоспары
1.Басқарушылық шешімдері
2. Басқару шешімдеріне қойылатын талаптар
3. Басқару шешімдерін қабылдау
4. Басқару шешімдерінің мазмұны
Дәріс тезисі
Басқару шешімі- бұл менеджердің басқару қызметінің нәтижесі. Шешім қабылдау басқарудың негізі болып табылады. «Басқару шешімі» термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісі, қабылдаған іс -әрекет жоспарын, қаулы қарарларды т.б., екінші жағдайда- проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді. Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болы проблема п саналады. Шешім туындаған болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз- жүйенің қажетті еткен және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай.
Шешім қабылдау – ақпарат алмасу сияқты кез келген басќару қызметінің құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттігі басқарушының алға қойған маќсатының қалыптасуы мен сол мақсатқа жетуіндегі іс-қимылын түгелдей қамтиды. Кез келген басқару өнерін игерем деген адам үшін шешім қабылдау табиғатын түсіну, аса маңызды мәселе. Шешім қабылдау басшы жұмысындағы түбегейлі процедура, ол басќару процесінің кейінгі бүкіл барысын аныќтайды. Адамдардың есейе келе тәжірибе жүзінде шешім қабылдау процесін ұғына алмауы мүмкін емес. Қатынас ќабілеті сияқты шешім қабылдау қабілеті де бірте-бірте тәжірибе жүзінде дамитын ептілік. Біздің әрбіреуіміз күніне жүздеген, ал өмір бойына мыңдаған шешімдерді қабылдаймыз.
Басқару шешімінің әзірленуі үшін экономикалық жағдайға талау жүргізіледі, шешімді қабылдау үшін ақпаратты іздеу, жинау және өңдеу, сонымен қатар мәселені ұйымсдатыру. Шешімді қабылдау стадиясында көп вариантты есептеу альернативті шешімге баға беру және өңдеу. Шешімді тарату стадиясында нақтылық үшін шара қолданылады. Әрбір басқару шешімі өзінің арнайы нәтижесі болады, сондықтан басқару қызметінің мақсаты мынадай түрлерді, әдістерді, құралдарды болады. Басшы басқару шешімін қабылдар алдында келіп түскен ақпаратты жан-жақты талдап, танып алу керек.
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады. Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірбесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді. Басшы сонымен қоса жете ойластыруы жоқ деректерді болжайдай білуі, дұрыс қорытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс. Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтежелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
Шешім қаблдау-дың қажеттілігін анықтау Проблемалар мәселесін қою Жинақталған мәлімет-терді таңдау Шешім мәселелерінің негізделуін бағалау Мәселе бойынша шешімді таңдау және қабылдау Шешімнің орындалуын ұйымдас-тыру Орындалу барысын-да бақылау және нітижені қабылдау Басқару шешімін жасаудың және қабылдаудың қатаң логикалық құрылымы болады. Бұл жұмыстың барлық сатысы әзірлік, негізгі және қорытынды кезеңдерге бөлінеді. Әзірлік кезеңде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. Шешімдер варианттары санының болуы проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда болжолдау дегеніміз – ұсыныс түрінде келіп түскен міндеттерді алдын ала сынама вариантта шешу.
Ұйымдық шешім дегеніміз лауазымды адамдардың өздеріне берілген міндеттерді орындауы үшін таңдай білу қабілеттіліктерінің болуы. Оның мақсаты ұйымның алдында тұрған мәселелр қозғалысын қамтамасыз ету. Сондықтан да тиімді ұйымдық шешім деп ќабылданған жєне орындалған мақсатты айтуға болады. Ұйымдық шешімдердің жіктелуі. Ұйымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп бөлуге болады. Бағдарланған шешім – математикалық теңдеулерде қолданылатын әрбір қадам мен қимылдың белгілі бір сәйкестілігін жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады. Немесе іс-қимылдың айқын, белгілі бір ќисынға сәйкес, нєтижелі түрде жүзеге асырылуы. Мұнда альтернативаның мүмкіндік саны шектеулі және таңдаулар ұйымдар белгіленген бағыттарда жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |