Пән Фармация экономикасы мен менеджмент және Маркетинг негіздер Дәріс №1



бет9/22
Дата02.05.2023
өлшемі164.26 Kb.
#473084
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
П н Фармация экономикасы мен менеджмент ж не Маркетинг негіздер

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент: Экспресс – курс. СПБ:- 2001. – 496с.
2. Менеджмент: Конспект лекций. – М. Изд. « ПРИОР». 2000. – 192с.
3. Молл Е.Г. Менеджмент. Организационное поведение:
4. Сборник ситуационных задач, деловых и психологических игр, тестов, контрольных заданий, вопросов для самопроверки по курсу «Менеджмент»: сборник. – М: Финансы и статистика. – 2001. 192с.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
1. Маркетинг дегеніміз не?
2. Маркетинг және нарық?
3. Маркетинг ортасы дегеніміз не?
4. Маркетингтің фунционалды құрылымы дегеніміз не?
Дәріс №8 Тақырып. Маркетингтің фармация саласында ұйымдастырылуы.
Мақсаты: Студенттерді маркетинг негіздерімен, түсінігі мен мазмұнымен таныстыру.
Дәріс жоспары
1.Маркетинг анықтамасы.
2. Маркетингті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жолдары.
3. Фармацевтикалық ұйымның маркетингтік қызметі
Маркетингтік қызметтің мазмұны.Маркетинг (ағылшын сөзі- marketining) “нарықты жасау” деген ұғымды білдіреді. Маркетинг капиталистік кәсіпорынның өндірісті өткізу және сауда істерін басқаруды ұйымдастыру әдісі ретінде ХІІ-ХХ ғасырлар арасында пайда болды.
Маркетинг- фармацевтикалық фирма, кәсіпорынның сауда өткізу іс-әрекеттерін реттейтін, өндірістік процестерде және дәрі-дәрмектерді сатуда және фармацевтикалық қызмет көрсетуде фармацевтикалық тауар өндірушілерді жақындатуға, жылжытуға әсер ететін кешенді шаралар жиыны. Бүгінгі күні маркетинг және маркетингтік жұмыс бәсекенің стратегиясы мен тактикасын және фармацевтикалық тауарларды сатып алушыларды фармацевтикалық фирма, кәсіпорындардың өздеріне тарту тәсілдерін, нарықты билеу әдістерін жасайтын, жұмыс тиімділігін және пайда деңгейін қамтамасыз ететін, фармацевтік нарықпен дәрі-дәрмектердің бағаларына бақылау орнататын жан-жақты ғылым мен іс-әрекет салаларына айналып отыр. Осыған байланысты маркетинг- фармацевтикалық фирма, кәсіпорындардың шаруашылық жұмыстарының бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Маркетингтік жұмыстың фармация саласындағы басты міндеті- фармацевтикалық өндірісті дұрыс бағдарлау және фармацевтикалық нарықты терең зерттеу болып табылады.
Фармацевтикалық фирма, кәсіпорын жұмысындағы маркетингтің мақсаты- тұрғындардың басқа тұиынушылардың сұранысы мен талаптарына сәйкес керекті дәрі-дәрмектермен басқа фармацевтикалық тауарлармен қамтамасыз етуді нарық ерекшеліктеріне сәйкес жүргізу.
Тұтыну қажеттілігінің дәрежесін өлшеу өте қиын жұмыс, 1-н, экономика ғылымы саласында нақты тауарлардың немесе нақты маркетингтік жұмыстың тұтыну қажеттілігін толық қамтамасыз етудің өлшенуін ешбір экономист ойлап тапқан жоқ. 2-н, белгілі тұтынушының тауарларға деген сұранысын, талаптарының қанағаттануы, қандай қайшылықтарға байланыстығы ескерілмейді.
Жалпы маркетингтің дамуын 3 кезеңге бөлуге болады:
1 кезеңі- тауарларды артық өндіріуден, яғни тауарлардың ұсынысы сұраныстан артық бола бастағаннан байланысты. Бұл кезеңдегі маркетингтің мақсаты- тауарлардың өндірісін көбейту және өндіретін тауарларды барлық әдіс, тәсілдерді қолдана отырып оларды сатып алуға тұтынушыларды мәжбүр ету.
2 кезеңі- тауар өндірушіден тұтынушыға және нарыққа бағдарлауғ бағыттау.
3 кезеңі- қоғамдық экономика ресурстарын бағдарлап, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың өзара үйлесімді, тиімді қамтамасыз ету негізінде жүргізіледі. Фармацевтикалық жүйеге маркетингтік жұмысты нақты түрде енгізу- экономиканың басқа да салалары сияқты маркетингтік концепциялары негізінде ұйымдастырылады. Дамыған елдер тәжірибелерін талдай отырып анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет