Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін мамандарға;
- МШ әрбір оқушының оқу жетістіктерін оқу жылының соңында арнайы психологиялық-педагогикалық карталарда бекіту және мектеп әкімшілігіне есеп беру;
- МШ балаларды оқытудың арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдануда мұғалімдерге әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
- жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жалпы білім беретін мектеп жағдайында даму МШ балаларды оқыту процесінің қамтамасыз етілуіне, бейімделген оқу бағдарламаларымен, әдістемелік ұсынымдармен бақылауды жүзеге асыру;
- дамуында МШ оқушыларды оқудан тыс және сыныптан тыс қызметке: үйірме, спорттық және басқа жұмысқа тартуға ықпал ету ;
- даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен тұрақты кездесулер өткізу, балаларды оқытуда, тәрбиелеуде және дамытуда консультациялық көмек көрсету;
- әдістемелік бірлестіктер қызметіне және мектептегі ұйымдастыру-педагогикалық және әдістемелік жұмыстың басқа да формаларына қатысу;
- өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде жоғарылату жүктеледі.
11. Жалпы білім беретін мектепте 10-нан астам даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту кезінде педагог-дефектолог (мұғалім-логопед) ставкасын қарастыру қажет:
- аймақтық ПМПК, арнайы түзету ұйымдарымен, оңалту орталығымен, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетімен және логопедтік пункттермен байланысты жүзеге асыру;
- жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
- оқу білімдеріндегі олқылықтарды толықтыру бойынша арнайы (түзету) және қосымша сабақтар өткізу;
- дамуында мүмкіндіктері шектеулі оқушылармен жұмыс істейтін әлеуметтік педагог, арнайы психолог, логопед және мұғалімдердің жұмысын үйлестіру;
- психологиялық-педагогикалық мониторингті жүзеге асыруды, жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын іске асыруды бақылау.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектепке қабылдауға қарсы көрсетілімдер ауыр және терең ақыл-ой кемістігінің, сондай-ақ әртүрлі шығу тегі психопатияға ұқсас бұзылулардың, жиі талма ұстамаларының болуы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |