Кедендік бақылау субъектілеріболып Қазақстан Республикасының кедендік жүйесі, тауарлар мен көлік құралдарды кедендік шекарадан өткізуімен байланысты сыртқыэкономикалық қызметке қатысушы тұлғалармен өзара қарым-қатынас жасайтын, олардың лауазымды тұлғалары.
Кедендік бақылаудың объектілері болып:
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары;
тауарлар мен көлік құралдарына қатысты құзыретілігі бар заңды және жеке тұлғалар (тауар иесі, кедендік брокерлер, декларанттар, кедендік тасымалдаушылар және т.б.) саналады.
тауарлар мен көлік құралдары туралы құжаттар мен мәліметтер;
1. Кедендік бақылауды Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органдары жүргізеді.
2. Кедендік бақылау кедендік бақылау объектілеріне қатысты оларға «ҚР-дағы Кедендік реттеу туралы» Кодексте айқындалған кедендік бақылау нысандары және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып жүргізіледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұза отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды анықтау мақсатында кедендік бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүргізілуі мүмкін.
3. Кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалады.
393-бап. Кедендік бақылауды жүргізу
407-бап. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізу кезінде кедендік бақылаудың мынадай нысандарын қолданады:
Кедендік бақылау нысандары
түсініктемелер алу;
кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру;
кедендік қарап-тексеру;
кедендік жете тексеру;
жеке кедендік жете тексеру;
үй-жайларды және аумақтарды кедендік қарап-тексеру;
кедендік тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |