5-ТАҚЫРЫП. Бірінші байлық – денсаулық Практикалық сабақ жоспары (3 сағат) 1-сабақ 1. Денсаулық сақтау, спорттың денсаулыққа пайдасы, дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығы.
2. Тақырыпқа қатысты мәтінмен жұмыс, аудару, сөздік жасау
2-сабақ 1. Ұлттық сусынның пайдасы
2. Презентация жасау
3-сабақ 1. Бейімделген, баяндау және пайымдау элементтері бар мәтіндердің сипатталуы, жалқы және жалпы, деректі және дерексіз ұғымдардың анықталуы
2. Жаттығу жұмыстарын орындау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 15, 16, 14, 18
СӨЖ-ге арналған тапсырма: 1.Денсаулық туралы мақал-мәтелдермен жұмыс
2. «Ақ халатты абзал жандар» тақырыбында презентация дайындау
3. «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында хабарлама дайындау
4. Тақырыпқа қатысты өз беттерінше сұрақтар дайындап келу
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма: 1.Денсаулық туралы мақал-мәтелдермен жұмыс, жаттау, түсіндіру
2. «Ақ халатты абзал жандар» тақырыбында презентацияны талқылау
3. «Дені саудың-жаны сау» тақырыбында хабарламаны баяндау
4. Тақырыпқа қатысты дайындлған сұрақтарға жауап беру
1-тапсырма.Өз еліңіздегі денсаулық сақтау жүйесін сипаттаңыз. Берілген сөздерді пайдаланыңыз. Халықаралық медициналық ұйым – денсаулық сақтау және қайырымдылық ұйымы болып табылады. Осы ұйымдардың қызметі бәріне таныс. Олар көптеген көмек көрсетуде: қай жерде жер сілкінеді, су тасқыны болады, құрғақшылық болады, қай жерде ауру бар, аштық бар, соғыс әрекеті бар – барлығына көмектеседі. Олардың веб-сайттарында жұмыс істеп жатқан жерлерінен үнемі аудио репортаж беріледі.
2-тапсырма.Диалогтың репликасын рет-ретімен қойыңыздар. Денеңіздің қызуы бар екен. Қырық градус. Енді аузыңызды ашсаңыз.
Иә, тамағыңыз да қызарып, ісіп кетіпті.
Жоқ, өлшемедім.
Басым ауырады. Бүкіл денем қақсайды (ломит).
Кіруге рұқсат па?
Қызуыңызды өлшеп көрдіңіз бе?
Келіңіз, отырыңыз. Қай жеріңіз ауырады?
Бәсе!
Сіз суық тигізіпсіз.