Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет25/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

3-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.
- ..........................................?
- Мен емханаға терапевтке келдім.
- .....................................................?
- Иә, қабылдайды. Терапевт сағат төрттен он жетіге дейін қабылдайды
- .....................................................?
- Бесінші бөлмеде.
- ......................................................?
- Дәрігер тамағымды тексерді, қызуымды өлшеді, жүрегім мен өкпемді тыңдады.
- ......................................................?
- Сонан соң дәрігер рецепт жазып берді.
- ………………………………...?
- Күніне үш рет ішу керек.
- ………………………………...?
- Тұмаумен ауырыппын.
- ....................................................?


4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз, негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді белгілеңіз.


Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, өзін cау сезінуі, сергек жүруі, өмірге құштарлығы, ұзақ өмір сүруі. «Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау», «Бірінші байлық - денсаулық» дейді халық. Бұл ұғымдар босқа айтылмаған, яғни өзіңді күтіп, спортпен шұғылданып жүрсең, ешқашан ауырмайсың. Адам денсаулықтың қадірін ауырғанда ғана біледі. «Ауырған мың күніңнен сау жүрген бір күнің артық» деп бекерге айтылмаған.
Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену - әрбір адамның басты міндеті. Ерте тұрып, таңертеңгі спорт жаттығуларын жаса, суық сумен жуын, уақытылы тамақтанған дұрыс. Аурудың алдын алу үшін жылына екі рет дәрігердің қарауында болып тұру артық етпейді.
Біздің ауруымыздың себептеріне көп жағдайда өзіміз кінәлі болып жатамыз. Жемістерді жумай жей саламыз. Қайнамаған су ішеміз. Даладан келген бетте қолымызды жумаймыз. Осының барлығы біздің денсаулығы мыздың нашарлауына әкеліп соғады. Сондықтан да салауатты өмір салтын сақтағыңыз келсе, денсаулығыңызды жас күніңізден сақтап, оны үнемі нығайтып күте білуіңіз керек.


6-ТАҚЫРЫП. Адам және экология




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет