Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет51/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

4-тапсырма. Мәтіндерді мәнерлеп оқыңыз, аударыңыз.
Банк жүйесі - банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы.
Бір жүйедегі банкілер несие, есеп айырысу операциялары мен өзгедей операцияларды жүзеге асырады, нормативтік актілермен реттеледі. "Қазақстан Республикасындағы банкілер және банк қызметі туралы" ҚР Заңына (1995) сәйкес Қазақстанда Банк жүйесі екі деңгейлі.
Ұлттық банк мемлекеттің Орталық банкі болып табылады және Банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіне жатады, айналысқа ақша шығарады, оның міндеті — ұлттық валютаның — теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, коммерциялық банкілердің қызметін қадағалап, бақылау. Ұлттық банкінің міндеттері, қызметі, қағидаты, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" ҚР Заңында (1995) белгіленген.
Екінші деңгейдегі банкілерге коммерциялық банкілер жатады. Олардың міндеттері — клиенттерге (кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) түрлі қызметтер көрсету (несие беру, есеп айырысу, кассалық, валюталық, депозиттік, т.б. операциялар жасау).


Мәтін бойынша сөздік:
Бірыңғай ұлттық жүйе – Единая национальная система
Халықаралық жүйе – Международная система
несие, есеп айырысу операциялары – кредитные, расчетные операции
жүзеге асырады – осуществляет
Банк жүйесінің жоғары деңгейі – Высокий уровень банковской системы
Теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету – Обеспечение стабильности тенге
Ұлттық банкінің қағидаты – Принцип национального банка
Құқықтық мәртебесі мен өкілеттігі – Правовой статус и полномочия
Екінші деңгейдегі банкілер – Банки второго уровня


8-ТАҚЫРЫП. Әлем назарындағы Қазақстан


Практикалық сабақ жоспары ( 3 сағат)
1-сабақ
1. Еліміздің ұзақ мерзімді даму бағдарламалары, оларды жүзеге асыру жолдары. «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегиялары: қабылдануы және маңызы туралы ақпарат.
2. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аудару


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет