Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет49/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

Өндірістік логистика қамтамасыз ету мен тарату логистикасын біріктіреді.
Тарату логистикасы негізгі мақсаты ретінде дайын өнімдерді клиентке жеткізу болып саналады. Бұл өз кезегінде тапсырысты өңдеу, қоймалау және тасымалдаудан тұрады. Тарату логистикасының қажеті мол, өйткені өндірудің уақыты, орны және көлемі тұтыну уақыты, орны және көлемінен өзгеше.
Шығарып тастау логистикасының негізгі функциясы болып бизнес үрдістері кезіндегі пайда болған қоқыс-қалдықтарды шығарып тастауға байланысты логистика құнын азайту, қызмет түрдерін көбейту болып есептеледі.


2-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Байланыс құралдары


Байланыс құралдары қазіргі кездегі ең басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. Ол өте маңызды экономикалық және әлеуметтік қызмет атқарады. Осы заманғы байланыс құралдарының көмегімен Жер шарының ең шалғай орналасқан аудандарымен, тіпті ғарышпен де байланыс жасалады. Бірақ дүниежүзінде байланыс жүйесі біркелкі таралмаған, тіпті адамзаттың тең жартысына жуығы "телефон" дегеннің не екенін де білмейді.
Байланыс жүйесі өте күшті дамыған ел — АҚШ. Оның үлесіне дүниежүзінлегі телефон жүйелерінің 2/5-сі, ең жаңа байланыс жүйелерінің 9/10-ы тиесілі. Оған нақты мысал ретінде мынаны айтуға болады: Нью-Йорктің Манхаттен ауданындағы телефон желісінің саны бүкіл Африка материгіндегі желілер санымен бірдей.


3-тапсырма. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі көп нүктенің орнына мағынасына қарай сын есім мен үстеудің жай түрін, салыстырмалы түрін жазыңыз.
__________ сөйлеп, __________ тыңда (аз, көп). __________ жүріп, __________ бас (ақырын, анық). __________ бірді жығады, __________ мыңды жығады (білімді, білімсіз). Ештен __________ жақсы (кеш). Еріншекке бүгіннен ертең __________ шашу __________, жинау __________ (оңай, қиын). Мың жаудан бір жансыз __________ (артық, көп)


7-ТАҚЫРЫП. Ел экономикасы


Практикалық сабақ жоспары ( 3 сағат)
1-сабақ
1. Қазақстан Республикасының экономикасы, оның дамуы. Қазақстанның халықаралық нарықта алатын орны. Еліміздің беделді халықаралық ұйымдарға мүше болуы.
2-сабақ
1. Себеп-салдар, қарсылықты, ыңғайластық жалғаулықтар(бастап, бері, кейін, сонымен, сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті, алайда, қарағанда, салыстырғанда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет