Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет47/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

2-тапсырма. Мақалдарды мәнерлеп оқыңыз, дәптеріңізге жазыңыз. Мағынасын түсініп, есіңізде сақтаңыз.

1. Елін сүйген ерлік істейді.


2. Халықтың ортақ үйі – Отаны.
3. Өз ошағыңның түтіні көзіңді ашытпайды.
4. Елін сатқан итаяқтан ас ішер.
5. Үйіңде атаңның намысын ойла,
Шет жерде Отаныңның намысын ойла.


3-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. Түсінгеніңді әңгімелеңіз. Мәтін бойынша сұрақтар әзірлеңіз.

Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты ұйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мемлекеттік және қоғамдық-құқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бұл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электронды бұқаралық ақпарат қүралдарын ұйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бұл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бұл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді.




6-ТАҚЫРЫП. Көлік және логистика


Практикалық сабақ жоспары ( 3 сағат)
1-сабақ
1. Көлік, көлік қатынасы. Көліктің түрлері. Көпшілік пайдаланатын көлік. 2. Көлік логистикасының міндеттері.Қазақстандағы көлік жүйесі.
2-сабақ
1. Мекендік қатынастың берілуі. Мекен үстеулері (жоғары, төмен, алыс, жақын, тысқары, ілгері).
2. Мәтінмен жұмыс, оқу, аудару. Сұрақтарға жауап беру
3-сабақ
1. Көмекші есімдердің (бойында, айналасында, сыртында, маңайында, қасында) берілуі
2. Тапсырмаларды орындау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет