Практикалық сабақ жоспары ( 3 сағат) 1-сабақ 1. Қазақстан халқының демографиялық жағдайы, халық санының динамикасы, демографиялық саясаттың маңыздылығы туралы ақпарат.
2. Мәтіндермен жұмыс
2-сабақ 1. Мәтін мазмұнындағы факт, оқиға, әрекеттерге көзқарасын, қатынасын білдіре алу, ой қорыту тәсілдері.
2. Тапсырмалар орындау
3-сабақ 1. Сан-мөлшер категориясының қолданысы. Жинақтық сан есімдер (1-ден 7-ге дейін), топтау сан есімдері (екі-екіден), болжалдық сан есімдердің (он шақты, жиырмаға жуық) берілуі.
2. Жаттығу жұмыстарын орындау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 9, 11, 15, 17
СӨЖ-ге арналған тапсырма: 1. «Демография– ұлт тағдыры» эссе жазу
2. Қазақстанның демографиялық жағдайына статискалық щолу жасау.
3. Тақырыпқа қатысты берілген мәтіндермен жұмыс (оқу, аударма)
4. Тақырыпқа қатысты глоссарий құрастыру
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма: 1. «Демография– ұлт тағдыры» эссені қорғау
2. Қазақстанның демографиялық жағдайына жасалған статисканы талдау.
3. Тақырыпқа қатысты берілген мәтіндерді оқу, аудару.
4. Тақырыпқа қатысты глоссарийді жаттау
1-тапсырма.Қазақстан халқының демографиялық жағдайы туралы деректер жинап, диалог құрыңыздар.
2-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. Әнгімеленіз. Мәтін бойынша сұхбат құрыңыз. Өзіңіз білетін ғалымдар туралы айтып беріңіз.
Қ.И.Сәтбаев
Қ.И.Сәтбаев 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге Ғабдул-Ғани деген есім берілді..Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым семей мұғалімдер семинариясында оқиды және Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Ж. Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайракерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз айланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш»қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдіріп отырған.
1920-1941 жыылдары Баянауылда халық судьясы, Қарсақбай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған.
1941-1952 жылы ҚСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, ҚСРО Ғылым академиясының төраға орынбасары, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған.
Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арнап Алгебра оқулығын жазды.
Сәтбаев мәдениет саласында және тарихта да қалдырған еңбектері зор
1931 жылы басылған а.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме берді.
Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, ҚСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтың иегері болған.
Оның есіміинституттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылқ аттарына берілген. Сондай-ақа Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал Сатбаевит деп аталады.Қ.И.Сәтбаевтің атында бірнеше мұражай бар. Ол қазақтан шыққан тұңғыш академик. Сәтбаев 1964 жылы қайтыс болды..