Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет55/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп... А.Құнанбаев өлеңін оқу, аудару, сөздікпен жұмыс жасау, өлеңді жаттау.
2. Қазақ халқының жер аударылып келген ұлттарға деген бауырмалдығы туралы материалдар жинау, бейнебаян дайындау, бейнебаян бойынша сұхбат.
3. «Достық» тақырыбындағы сөзжұмбақты шешу.


1-тапсырма. Мәтінді аудару, мазмұндау, берілген тақырып аясында сұхбаттасу.
Адамгершілік 
Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", «ізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.
Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде төмендегідей Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық т.б.
Адамгершілік принциптері –  әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен мынадай факторлар бар: қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық ету, еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы. Адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы үшін жүйелік (қоғамдық, мемлекеттік) және тұлғалық мүшелердің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор.
БҰҰ қабылдаған "Адам құқықтарының жалпы декларациясының" басты баптарын адамдық қарым-қатынас нормаларына айналдыру Адамгершілік құндылықтарын қастерлеу шарттарының біріне жатады, Оның басты әдептік баптары төмендегідей:

  • барлық адамдар тең құқықты, ерікті және қадірлі;

  • азаматтар нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, шыққан тегіне, дініне, сеніміне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарамай заң алдында бірдей;

  • өмір сүру күқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет