Тақырып №3: Сараптаушы жүйе. Жүйе құрылымы
Сараптаушы жүйе нақты салада тәжірибелі мамандардың білімі енгізілген және осы салада тәжірибесі аз пайдаланушыларғакүш беру сияқты қызмет көрсететін дұрыс шешім қабылдауға бағыт беретін концептуалды жүйенің күрделі программалық кешені. Ол сараптаушы жүйе құрылып отырған саланың бір бағыты бойынша маманның шешіміне ұқсас нәтиже шығарып, сараптаушы жүйені пайдаланудың дұрыс шешім қабылдауына септігін тигізеді, яғни сараптаушы жүйе қайсыбір пәндік облысқа арналып дайындалған үлкен көлемді білімдер қоры бойынша сараптаушы ретінде пайдаланылатын электрондың кеңесші. Сараптаушы жүйенің жұмыс процессі төмендегіше көрсетуге болады. Қажетті ақпаратты алғы келетін пайдаланушы интерфейсі арқылы сараптаушы жүйесіне сұраныс береді. Мәселені шешуші білім қоры қолданып ішкі түсініктемелер жүйесі көмегімен бағыт бағдарын, шешімдерін түсіндіре отырып, сәйкестелетін шешімдер мен ұсыныстарды генерациялауды және пайдаланушыға ұсынады.
+
1-сурет. Сараптаушы жүйе құрылымы
Пайдаланушы – жүйені пайдаланатын пәндік облыстың маманы. Әдетте оның біліктілігі жоғары деңгейде емес, сондықтан да сараптаушы жүйе тарапынан өз қызметіне көмек пен қолдауды қажет етеді.
Білім инженері – жасанды интеллект саласы бойынша маман. Сарапшы мен білім қоры арасын байланыстырушы аралық буфер рөлін атқарады. Синонимдер корнитолог инженер интерпретатор және аналитик.
Пайдалаушы интерфейсі – кеңес алатын пайдаланушы мен сараптаушы жүйксі арасындағы сұхбатты жүзеге асыратын программалар кешені. Байланыс мәлімет енгізу стадиясында да нәтижелік ақпарат беру барысында да орнатылады.
Білім қоры сараптаушы жүйесінің ядросы – машинаға түсінікті формада, тілмен жазылған сарапшы мен пайдаланушыға да түсінікті табиғи тілде сипатталған пәндік облыстың білімдері жиынтығы. Мысалы, фактілер, ережелер, сенімділік коэффициеттері.
Шешуші – пайдаланушы енгізілген мәліметтер мен білім қорын пайдаланып, сараптаушының ойын, бағытын өңдеуші программа.
Ішкі түсініктер жүйесі – берілген жауаптың шығарушының сәкестігін қадағалайтын және нәтиженің қалай алынғандығын таңдалынған, не себепті қабылданғандығы не қабылданбағандығы сияқты сұрақтарға жауап беретін арнайы программа. Шешуші мен түсінік беруші жүйені шығару машинасы деп атайды. Пайдаланушы сұрақ қойғаннан кейін ол мына әрекеттерді орындайды. Алынған қорды білім қорында сақталған мәліметтермен салыстырылады. Әрбір факт үшін берілген сенім коэффициентін енгізге ала отырып, фактінің салыстырмалы анқтауышын бағалайды. Осылардың өзінде сараптаушы адам сияқты қорытынды жасайды.
Интеллектуалды білім қоры редакторы білімнің ниженеріне, жасанды интеллекет маманына сұхбаттық режимде білім қорын дайындауға мүмкіндік беретін программа. Суретте көрсетілген құрылым машиналары тұрғыда сақталған ол кеңейтіліп, толықтырылуы да мүмкін. Олардың құрамына қосымша мәліметтер базасы, әртүрлі қолданушылар программа кешенімен мәлімет алмасуды қамтамасыз ететін интерфейс , электрондық кітапхана және т.б. кіріуі мүмкін. Жалпы сараптаушы жүйені дайындау процессінде ең кемінде 4 адам қатыстырылады: сараптаушы, білімдер қоры инженері, программалаушы, пайдаланушы.
Тәжіибелі сараптаушыдан білімді алатын жүйенің ұсынған нәтижесі қарапайым орнықты және жеңіл түсінетіндей болуы міндетті жүйеде мынадай талаптар орындауы тиіс.
- толық емес бір-біріне қарама қайшы берілгендер бойнша да пікір айту мүмкіндігі;
- пікірлер тізбегін пайдаланушыға түсінікті тілде жеткізе білу;
- фактілер мен оларды шығарудың айқын түрде ажыратылуы;
- қажетіне орай білім қорын толықтыру мүмкіндігі;
- сараптаушы жүйеден шығу кезінде оның айқын кеңес бере алуы;
- сараптаушы жүйенің өзіндік құндылығының онша қымбат болмауы.
Бақылау сұрақтары
Сараптаушы жүйесінің құрылымы қандай?
Сараптаушы жүйелер құрылымының бөліктеріне анықтама беріңіз.
Пайдаланушы интерфейсінің атқаратын қызметі қандай?
Ішкі түсініктер жүйесі деген не?
Білім қоры инженері қызметіне сипаттама беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |