Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің тізімдемесі


Тақырып №4: Сараптаушы жүйелердің жіктелуі. Сараптаушы жүйені жобалау және әзірлеу технологиясы



бет17/85
Дата11.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#480347
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85
Сараптаушы жүйелер

Тақырып №4: Сараптаушы жүйелердің жіктелуі. Сараптаушы жүйені жобалау және әзірлеу технологиясы.
Есепті тұйық формада көрсету. Есепті шешу кезеңдері.
СЖ класы мыңдаған программа жинақтарынан тұрады. Оларды әртүрлі белгілер, критерийлері бойынша категорияларға жіктеуге болады. СЖ-нің жіктелуі төмендегі суретте көрсетілген:



1.1.Берілгендер интерпретациясы

2.1. Статистикалық

3.1. Супер ЭЕМ



1.2. Диагностикалау

2.2. Квазидинамикалық

3.2. Өтімділігі орташа ЭЕМ

1.3. Жобалау

2.3. Динамикалық

3.3 Символдық процес-р

1.4. Болжау




3.4. Жұмыс станциялары

1.5. Жоспарлау




3.5. Дербес ЭЕМ

1.6. Оқыту, үйрету










Итерация деңгейі бойынша



4.1. Автономды

4.2. Гибридті

2-сурет. СЖ жіктелуі.


1.Шешілетін есептің типі бойынша:
1.1. Бұл СЖ-нің әдеттегідей типтерінің бірі берілгендер (типтері) итерациясы деп нәтижелері келісілген және қысқаша, анық болатын мәліметтердің СЖ-і мағыналарын анықтау процессін айтамыз. Бұл процесс мәліметтердің көп вариантты талдауы болып табылады.
1.2. Бұл объектінің басқа объекітлер жасына сәйкестігін немесе қайсыбір жүйенің ақаулығын анықтау процессі диагностикалау деп аталып, техниканың жүйелер құрылғыларының бұзылуы, тірі организмдердің құру белгілері, табиғи анамалиялардың пайда болуы байқалады. Мұнда диагностикаланатын жүйе анатомияны, функционалдық қызметін түсіну маңызды болып табылады. Мысалы қан тамырларының сырқауы диагностикасы мен терапиясы қызметін ANGY жүйесі атқарады.
1.3. Қасиеттері алдын ала белгілі объектілерді құру үшін жобасын жасау, сызбалар, түсініктеме жазбаларын және т.б. әзірлеу мұндағы маңызды мәселе объект жөніндегі білімнің толық нақты құрылымдық түрде сипатталуы.
1.4. Берілген мәліметтерге талдау жасау негізінде қайсыбір құбылыстар нәтижелерін болжауға мүмкіндік береді. Болжау жасаушы жүйе жағдайға байланысты орындалуы мүмкін нәтижелердә логикалық тұрғыда шығарып, береді. Мұндай жүйеде параметрлі динамиканың моделі қоданылады. Мысалы, ауа-айын болжау, келешекте алынатын астық өнімін бағалау. Экономикалық болжаулар жүйесін жасау.
1.5. Қандай да бір іс-әрекеттер орындайтын объектілер үшін жоспарлар құру қызметін атқарады. Мысалы, Робот қызметін жоспарлау өнірістік тапсырмаларды жоспарлау.
1.6. Компьютерді қолданатын қайсы бір пәнді оқыту, белегілі бір сала жайлы мағлұмат беру. Қандай да бір құрылығыны пайдалануға оқыту. Мұнда үйренуші білімін үйреніп, қателерін диагностикалау және жақсы нәтиже алуға түзей беру әрекеттері орындалады. Сонымен қатар, СЖ-ні басқаруда шешім қабылдада қолдау жасауда пайдаланға болады. Басқаруда қызмет көрсету аясы іс-әрекеттер ержимі белгілі, жұмысы ұйымдастырылған жүйелерді пайдалану, шешім қабылдауға қолдау жасау, процессінде пайдалану, мамандарға шешім қабылдауға әсер ететін нәтижелер жиыннан қажетті альтернативаны таңдау немес дайындауға мүмкіндік береді.
Мысалы, фирманың кризистік жағдайдан шығу стратегиясын таңдау жүйесі.
Сақтандыру полисінің не инвесторды таңдауға көмекші жүйе. Жалпы тұрғыда СЖ-ні талдау есептерін шешуші жүйелер деп бөлуге болады. Талдау есептерін шешуші жүйелерде мәселе шешімдері жиынтығы жүеге келтірілген болады. Ал, есептеу жүйелерінде мәселе шешімдері жиынтығы шексіз болады, және олар ағымдағы нәтижеге орай не дайын шешімдерге негізделіп, өзгеріп отырады. Яғни жүйеге кірістірілген шешімдерге сәйкес кешеуілдеуі мүмкін. Талдау типтеріне берілгендер интерпретациясы, диагностика, шешім қабылдауды қолдау жатады. Шешу есептеріне жобалау, жоспалау, басқару жатады. Аралас жүйелерге оқыту, үйрету, монтиторинг, болжау жатады.
2.Нақты уақытқа байланысты:
2.1. Уақыт өтуіне тәуелсіз болатын мәліметтер мен білім қорын қолданатын пәндегі облыстарда пайдаланылады. Мұндай жүелер тұрақты өзгеріссіз жүйелер деп аталады. Мысалы, жүйенің істен шыққаннын анықтау, мониторинг, автомобильдің ақауларын диагностикалау.
2.2. Белгілі бір уақыт интервалында өзгеретін жағдайларда қолданатын жүйелер. Мыс., микробиологиялық СЖ. 4-5 сағат өткен сайын техникалық процесстердің лабортариялық өнімдерін алу және алдыңғы нәтижелер көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау диагностиасын жасау.
2.3. Жүйеге объектіге байланысты нақты уақыт режимінде үздікссіз келіп, тұрақты мәліметтерге талдау жасау. Мысалы, өзгермелі өндірісті кешенді басқару, реакциялық палаталардағы мониторниг.
3.ЭЕМ типтері бойынша:
3.1. Ереже стратегиялық маңызды есептерді шешуге арналған жүйе.
3.2. Өнімділігі артатын компьютерлерге орнатлған жүйе.
3.3. , 3.4. Символдық процессолар мен жұмыс стацияларына арналаған СЖ. Мыс., SWN, Silicon, Graphics, Apollo
3.5. ДК-ге арналған СЖ. Мыс., IBM
4.Итерация деңгейі бойынша:
4.1. Мәлімет өңдеуде есептеуді, модельдеуді қажет етпейтін арнайы эксперттік сараптаушы есептерін ғана шешетін және үнемі пайдаланушы мен кеңес беру режимінде жұмыс атақаратын СЖ.
4.2. Әртүрлі стнадартты қолданбалы прогаммалық кешендерді қамтитын программалық кешен. Мысалы, математикалық статистика, программалау, мәліметтер базасын басқару жүйесі және т.б.
Кең ұғымды сараптаушы жүйені зерттеп дайындау өте күрделі жұмыс. Оны ақпарат процедураларын өңдей алатын тәжірибесі жеткілікті мекемелердің ғана қолға алғаны орынды. Сараптаушы жүйені дайындау негізінен 6 кезеңнен тұрады:
1. проблеманы таңдау, яғни шешуді қажет ететін келелі мәселені анықтау;
2. прототипті анықтау, яғни түп тұлғалық жүйені таңдау;
3. түп тұлғаны өндірістік нарықтық сараптау жүйесіне дамыту;
4. жүйені бағалау;
5. түйістіру;
6. жүйені жан-жақты ету;
Бірінші кезеңде білім жөніндегі инженер басшылығымен проблемалық облыс есеп анықталып, сараптаушы маман ізделеді және жүйені дайындау шығыны мен одан түсетін пайда талданады.
Екінші кезеңде бағыттың дұрыстығына көз жеткізу үшін сараптаушы жүйенің прототипі түп тұлғалық үзіндісінің моделі дайындалады.
Үшінші кезеңде орындалатын әрекеттер түп тұлғалық нұсқа қанағаттанарлықсыз жұмыс істейтін болса, негізгі нұсқаны шығару үін сараптаушы мен білім жөніндегі инженер түп тұлғаны бағалап, оған қандай өзгерістер, қандай қосымшалар енгізу қажеттігін шешеді.
Төртінші кезеңде нәтижелілігін тексеру үшін дайындалған сараптаушы жүйені тестілеу орындап,қателерін табу, басқарудың тиімділін анықтау арқылы жүйенің бағалауы жүргізіледі. Бағалау пайдаланушылар, сараптаушы мамандар мен программалаушыларды қатыстырып орнындалады.
Бесінші кезеңде сараптаушы жүйе өзі жұмыс істейтін ортада дайындалған басқа программалық құралдармен түйістіріледі және жүйемен жұмыс істейтін адамдар оқытылып үйретіледі. Дайындалған жүйелердің пайдаланылуын анықтау үшін маман жүйеге нақты есептер қойып, оның жұмысты атқаратынын қадағалйды. Тиімді жұмыс істеу үшін жүйені қолда бар берілгендер қорымен және басқа жүйелермен байланыстырып, түйістіру қажеттігі жұмыстың ең негізгілерінің бірі. Мысалы, қазіргі кезде қолданылатын жүрген диагностикамен айныласатын Duff сараптаушы жүйесі өзінің жұмыс ортасымен жақсы түйістірілген.
Алтыншы кезең. Жүйені түрлі программалау тілдерін, барлық қосымша құралдарды пайдаланатындай ету, жан-жақты жұмыс жүргізуін қамтамасыз ету. Сараптаушы жүйені дайындауда асығыстық жасамай жан-жақты, тиянақты дайындау керек. Мысалы, бір проблеманы шешу үшін дайындалатын жүйеге бір сараптаушы маманды қатыстыру жеткіліксіз болу мүмкін. Білім қорын толық пайдалануға ыңғайлы түрде дайындау күрделі жұмыс. Жасанды интеллект және сараптаушы жүйелерді программалаудың алдында тұратын негізгі мәселелердің бірі – білімді көрсету. Білімді түрлі нұсқаулармен, модельдермен көрсетуге болады. Ол есептің шешуін жеңілдету мақсатында сала білімін құрылымды ету тәсілі. Мәселені дұрыс көрсету үшін оның барлық элементтерінің толық көп мәнді емес, артық түрде берілмеуін қатаң қадағалау керек. Осыларды ойластырған кезде шешімді іздеу кеңістігі (есептің мүмкін болатын барлық шешулерінің жиынтығы) дұрыс айқындалып, еспеті шешу қиындығы анықталады және есеп абстрактілі, келісті болып шығады. Бұлай дайындалған есеп мәселені тұйық формада тұжырымдау немесе көрсету делінеді. Мысалы, бүтін натурал х сандардың жиынынан х3 +8=9х теңдеуін қанағаттандыратын сандарды табу керек есебі тұйық формада берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет