Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің тізімдемесі



бет18/85
Дата11.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#480347
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85
Сараптаушы жүйелер

Бақылау сұрақтары

  1. Сараптаушы жүйелер қалай жіктеледі?

  2. Сараптаушы жүйенің итерация деңгейі бойынша жіктелуін қалай түсінесіз?

  3. Сараптаушы жүйелердің жобалау, болжау салаларында қолдануына мысал келтіріңіз.

  4. Шешілетін есептің типі бойынша бөлінетін СЖ-нің негізгі атқаратын қызметі қандай?

  5. ЭЕМ түрлері СЖ-ң әр типті болуына әсер ете ме?

  6. Квазидинамикалық СЖ деген не және олар қандай мақсатта қолданылады?

  7. Нақты уақытқа байланысты СЖ-лері қалай жіктеледі?

  8. Оқыту, үйрету, білім беру салаларында СЖ-дің қолданылуына мысалдар келтіріңіз.

  9. Сараптаушы жүйелерді әзірлеудің қандай кезеңдері бар?

  10. Сараптаушы жүйені түйістіру дегенді қалай түсінесіз?

  11. Сараптаушы жүйе прототипі деген не?

  12. Сараптаушы жүйені бағалау кезеңін сипаттаңыз.

  13. Сараптаушы жүйені жүзеге асыру мәселесін шешудің қандай жолдары бар?

  14. Сараптаушы жүйені әзірлеудің бірінші кезеңі қандай мәселелерді шешеді?

  15. Сараптаушы жүйені әзірлеудің соңғы кезеңі қандай мәселелерді шешеді?

Тақырып №5: Пролог логикалық программалау жүйесіне кіріспе. Жүйенің логикалық негіздері.

Интелллектуалды іс-әрекеттерді орындауға арналған программа құру үшін математикалық логиканың заңдары мен принциптеріне негізделіп дайындалған программалау тілі қажет. Пролог программалау тіліндегі программалау алгоритмінде көптеген негізгі ұғымдар бар. Сұрақтарға жауаптар көп жағдайда логикалық пікірлерге берілетін жауап сияқты, «Иә», «Жоқ» түрінде көрсетіледі. ЭЕМ-де ақпаратты өңдеу, іздеу принциптері де математикалық логика заңдарына негізделген. Логика заңдарында қолданылатын ұғымдарға тоқтайық.. Логика– ой, дүниетану, пікір, шығару ережесі жөніндегі ғылым. Пікір дегеніміз – оның мәні ақиқат не жалған болатын ой, ұйғарым (сөйлем). Пікірлермен орындалатын логикалық операциялар:


1. Логикалық көбейту (конъюнкция, бірлестік). А мен В пікірлерін логикалық көбейту кезінде жаңа пікір (функция алынады) және ол күрделі пікір деп аталады. Егер А мен В пікілерінің әрқайсысы ақиқат болса, онда көбейтіндінің мәні де ақиқат, әйтпесе жалған. Жазылуы «және» белгіленуі ^ .
2. Логикалық қосу (дизъюнкция, екеуінің бірі) А мен В пікірлерінің дизъюнкциясы да жаңа пікір болады. Егер олардың бірі ақиқат болса, дизъюнкция да ақиқат болады, әйтпесе «жалған». Жазылуы үш түрде болуы мүмкін: «немесе», «V», «#».
3. Логикалық терістеу. А пікірін терістеу деп А ақиқат болған кезде жалған болатын, ал жалған болғанда ақиқат болатын пікірді айтады. Жазылуы: емес А, , ­¬А .
Математикалық логика пікірлерді, пікірлер арасындағы қатыстарды зерттейтін және бір пікірді басқа пікілерден шығарып, нәтижелеуге арналған жүйе. Бір пікірді басқалардан шығару жолы шығару ережесі деп аталады. Пікірлерге қолданылатын математикалық логика қағидалары:
1. Екі есе терістеу (терістеуді терістеу заңы) емес (емес А)А
 ( А) А
2. Коньюнкция терістеу заңы емес (А және В) (емес А) немесе (емес В)
 (АВ) АVВ
3. Дизьюнкциялық терістеу заңы емес (А немесе В) (емес А) және (емес В)
 (АVВ)  А  В
ЭЕМ-нің V ұрпағының негізгі жобасына арналған программалық құрылғыларды әзірлеу методологиясы ретінде логикалық программалау таңдалынды, оның көрнекті мүшесі Пролог тілі болып табылады. Қазіргі кезде Пролог Жапония, Еуропа елдерінде кең қолданыстағы жасанды интеллект тілі болып саналады, АҚШ-та жасанды интеллект тілінің өзге түрі–ЛИСП функционалды программалау тілі кең тараған. Жалпы Пролог тілінің даму тарихын төмендегі кезеңдерге бөлуге болады:

    1. 1965 ж.Дж Робинсон «Бірінші дәрежелі предикаттарды есептеуде теоремаларды автоматты түрде дәлелдеуді іздеу әдістері» тақырыбында мақала жариялады, бұл әдіс «резолюция принципі» деп аталды.

    2. 1973 ж.Марсель университетінде Алан Калмероэнің басқаруымен «жасанды интеллект тобы» теоремаларды дәлелдеуге арналған программа жасап шығарды. Бұл программа табиғи тілде мәтінді өңдеу жүйесін құруда қолданылатын. Теоремаларды дәлелдеу программасы PROLOG деп аталды және ол Прологтың алғашқы бейнесі болып саналады. Логикалық программалау тілінің дамуына Роберт Ковальскийдің «Предикаттар логикасы программалау тілі тәріздес» еңбегі үлкен әсерін тигізді.

    3. 1976 ж.Р.Ковальский өз әріптесі Маартен ван Эмденмен бірге логикалық программа мәтіндерін оқудың екі жолын ұсынды: процедуралық және декларативті.

    4. 1977 ж.Эдинбургта Уоррен және Перейра ЭЕМ DEC-10-ға арнап өте тиімді Пролог тілінің компиляторын жасап шығарды. Бұл Пролог программасының кейінгі ұрпақтарының (версиялары) прототипі ролін атқарды және «эдинбург версиясы» деп аталды, тілдің ең алғашқы және бірден-бір стандарты болып табылды.

    5. 1980 ж. Ұлыбританияда Кларк пен Маккейб Прологтың дербес ЭЕМ-ге арналған версиясын әзірледі.

    6. 1981 ж. Жапония халықаралық сауда және өнеркәсіп министрлігі жаңа зерттеу бірлестігінің ашылғанын хабарлады. Ол жаңа ғасыр компьютерлерін құру әдістерін әзірлеу Институты. Бұл жобаның мақсаты білімге негізделген ақпарат өңдеу жүйелерін құру болып табылады.

Қазіргі кезде Пролог тілінің көптеген түрлері бар, түрлі операциялық жүйелерді қолданатын кейінгі нұсқалары пайда бола бастады. Мысалы, BinProlog, AMZI-Prolog, Arity Prolog, Cprolog, MicroProlog MProlog, Prolog-2, Quintus Prolog, SICTUS Prolog, Strawberry Prolog, SWI Prolog, UNSW Prolog, Тurbo Prolog, Visual Prolog және т.б. Біздің елімізде (Ресейде) Пролог тілінің мынадай версиялары жарық көрді: Пролог-Д, Акторлық Пролог(Акторный Пролог), Флэнг.
Пролог тілінде қолданбалы программалар прототипін жылдам әзірлеу, бір тілден екінші тілге аударма жасау, қолданыстағы жүйелерге табиғи тілдік интерфейстер әзірлеу, дифферанциалдық, интегралдық есептерді шешудің символдық есептеулері, динамикалық реляциялық МБ жобалау, сараптау жүйелері мен олардың қоршауларын әзірлеу, өндірістік процестерді басқаруды автоматтандыру, теоремаларды автоматты түрде дәлелдеу, авт.жобалау жүйелері, драйверлерді жазу сияқты мәселелер тиімді шешімін табады.
Пролог жүйелерінің ешқайсысы стандартты нұсқа деп келісілмеген, олардың арасында аздаған айрымашылықтар бар. Негізгі айырмашылық – тіл синтаксисінде және стандартты предикаттардың жазылуында. Жалпы Пролог обьектілер мен олардың арасындағы қатыстардан тұратын есептерді шешуге, яғни білімдер қоры жұмысын ұйымдастыруға арналған логикалық программалау тілі.


Бақылау сұрақтары

  1. Жүйенің логикалық негіздері қандай?

  2. Пролог тілінің даму тарихы мен перспективасы қандай?

  3. Пролог тілін алғаш практикада қолданып, жүзеге асырған кім?

  4. Логикалық көбейту ережесі қандай?

  5. Логикалық қосу деген не?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет