Пәннің мақсаты мен міндеттері.
Жасанды интеллект, сараптаушы жүйелер мен логикалық программалау концепсиясын оқыту;
Сараптаушы жүйелердің негізгі ұғымдары, атрибут, обьектілермен танысу;
Білім қорының өңдеу кезінде қолданылатын программалардың құрал-жабдығымен танысу;
Логикалық программалау негіздерін үйрету;
Пролог программалау жүйесімен жұмыс ұйымдастыру принциптерін үйрену.
Пәннің есебі:
«Сараптаушы жүйелер» курсы қазіргі таңда интеллект жүйесінің негізін меңгеру, сараптамалық жүйелерді қолдану мен құру тәсілдерін үйрету, білім инженері саласында келешек мамандарды дайындау барысында қолданылады.
Әрбір зертханалық жұмыстар сол тарауға арналған сұрақтар мен тапсырмалардан тұрады
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жасанды интеллект негіздері. Жасанды интеллект түсінігі.
Жасанды интеллект даму тарихы мен бағыттары. Логикаға кіріспе. Білім қорын сипаттау модельдері. Фреймдер. Формальды логикалық модель.
Семантикалық модель. Өнімділік моделі.
Сараптаушы жүйе. Жүйе құрылымы
Сараптаушы жүйелердің жіктелуі. Сараптаушы жүйені жобалау және әзірлеу технологиясы.
Есепті тұйық формада көрсету. Есепті шешу кезеңдері. Пролог логикалық программалау жүйесіне кіріспе. Жүйенің логикалық негіздері.Пролог тілінің семантикасы, қызметші сөздері, стандарт предикаттар. Пролог тілінде қолданылатын операторлар.Математикалық операторлар
Турбо Пролог программалау тілі.
Программа құрылымы. Стандарт предикаттар. Тұрақтылар. Арифметикалық және логикалық амалдар.Пролог жүйесінде есептеулер жүргізу. Рекурсия. Рекурсия негізінде циклді ұйымдастыру. Факториалды есептеу.Турбо Пролог тілінде программаларды басќару.
Тереңге іздеу тәсілі–бэктрекинг (откат).
Тізімдер. Тізімдерге қолданылатын амалдар.
Тізімдерді реттеу тәсілдері. Тізімдерді көпіршікті тәсілмен және алмастыру арқылы реттеу.
Таңдау бойынша реттеу. Жылдам реттеу. Біріктіру арқылы реттеу. Пролог жүйесіндегі жиындар мен ағаштар.
Достарыңызбен бөлісу: |