Түсінік хат
5-сынып
2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат, Астана 2024 жыл;
ҚР Үкіметінің 31.10.2023 жылғы №328 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйек № 399 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін
пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін сыныптар үшін "Ағылшын тілі" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
5-сыныпта аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;
Негізгі орта білім беруге арналған «Ағылшын тілі» пәнінің деңгейлік курсы білім алушыларды жалпыеуропалық тілді меңгеру деңгейлеріне сәйкес дайындауға арналған.5-сынып – А2 (ортадантөмен);
Негізгі орта білім беруге арналған шет тілін деңгейлеп оқытудың мақсаты білім алушылардың негізгі мектепті аяқтағанда В1 деңгейінде тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған:
шығармашылық ойлауы мен бағалауын, талдау дағдыларын дамытуды қалыптастыратын әртүрлі тапсырмалар;
кең ауқымды ауызша және жазбаша дереккөздермен жұмысжасау.
Оқу бағдарламасы шиыршық принципіне негізделіп жасалған. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты оқу барысында белгілі бір уақыт өткен соң қайталап отыруды қарастырады (оқу жылы немесе келесі сынып), алған білімдері мен дағдыларының тереңдігі, көлемі мен күрделілігі бойынша біртіндеп кеңейіп отырады. Сөйлеу әрекеті бойынша мақсатқа жетуі ойлау іс-әрекетінің дамуындағы «біледі, түсінедіден» «ажыратады, салыстырадыға» алға басуын жобалайды. Қарапайымнан бастап жоғары ойлау дағдыларына дейін ойлану арқылы білім, білік және ойлау дағдылары дамиды және қалыптасады (Блум таксономиясы бойынша). 5-сынып – Creativity (Art, Music, Stories and poems);
5--сыныптардағы бағдарлама мазмұны 6 бағыттан тұрады:Strand 1:Content, Strand 2:Listening, Strand 3:Speaking, Strand 4:Reading, Strand 5:Writing, Strand 6: Useof English, әрқайсысы оңайдан қиынға қарай даму қағидаты бойынша қойылған оқу мақсаттарына бөлінеді. Дағдыларының дауына қарай сыныптан сыныпқа, бір деңгейден екінші бір деңгейге көшкен сайын мақсаттар күрделене түседі.
5-сыныпта жаңа лексика мен грамматиканы оқытуға көңіл бөлу ұсынылады. Тыңдалым мен оқылым тапсырмаларында мәтіндердің лексикасы мен грамматикасы таныс па, жоқ па дегенді алдын ала тексеру ұсынылады, сондай-ақ оқыту процесінде қосымша ресурстар мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануға болады.
Ағылшын тілінің оқу процесін ұйымдастыру коммуникативтік технологияларды (жобалар, сұхбат, рөлдік ойындар, пікірталас, дебат, конференциялар, конкурстар, сахналандыру және т.б.) жан-жақты қолдануды талап етеді. Сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және сабақтан тыс іс-әрекеттердің кең мүмкіншіліктерін мақсатқа сай белсенді қолдану шет тілін оқытуға уәждемені арттыруға, білім алушылардың танымдық әрекеттерін белсендендіруге, олардың өзара тілдік қарым-қатынастарының белсенділігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасауға ықпал етеді.
Ағылшын тілі бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5--сыныптарда – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды
Достарыңызбен бөлісу: |