Пәнді оқыту бағдарламасының (Syllabus) титул парағы



бет2/3
Дата13.06.2016
өлшемі320 Kb.
#131401
1   2   3

2 тақырып


2

7




10

2

3 тақырып

3

-




10

2,5

4 тақырып

3,5

-




10

4

5 тақырып.

4

-




10

4

6 тақырып

4

7,5




20

4

7 тақырып

4

8




20

4

Барлығы:180 сағат (4 кредит)

22,5

22,5

-

90

22,5

7. Дәріс сабақтарының мазмұны



1 тақырып. Маркетингтегі талдау әдістері.

Жоспар:

1. Маркетинг мәні, мазмұны. Маркетинг тұжырымдамалары.

2. Маркетинг түрлері мен қағидалары, қызметтері.

3.Маркетинг мақсаттары.

4.Қазақстанда маркетингтің қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Маркетинг мәні, мазмұны. Маркетинг тұжырымдамалары. Маркетинг түрлері мен қағидалары, қызметтері. Маркетинг мақсаттары. Қазақстанда маркетингтің қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері. Маркетингтік коммуникация түсінігі. Жарнама, оның мәні, функциясы, рөлі мен мағынасы. Жарнама түрлері мен құралдары. Маркетингті жоспарлау.



Әдебиет: [1], [2]
2 тақырып. Интернеттегі маркетинг. Жарнамалық роликтерді құру.

Жоспар:

1.Ақпарат және деректер, түрлері.

2. Интернеттің маркетинг құралы ретіндегі сипаттамалары.

3.Internet желісіндегі жарнамалық компаниялардың міндеттері.

4.Интернеттің негізгі артықшылықтары.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Ақпарат және деректер, түрлері. Интернеттің маркетинг құралы ретіндегі сипаттамалары. Internet желісіндегі жарнамалық компаниялардың міндеттері. Интернеттің негізгі артықшылықтары.



Әдебиет: [5], [10]

3 тақырып. Маркетингтік зерттеулер және маркетингік ақпарат жүйесі.

Жоспар:

1.Маркетингтік зерттеулердің ролі.

2.Зерттеу кезеңдері мен әдістері.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Маркетингтік зерттеулердің ролі. Зерттеу кезеңдері мен әдістері.

Бағаның нарықтық экономикадағы ролі. Баға белгілеу факторлары, нарық жағдайына бейімделуі.

Әдебиет: [3], [9]

4 тақырып. Тұтынушылардың психологиясы.

Жоспар:

1. Тұтыну нарығындағы сатып алушылардың мінез-құлқы.

2.Тұтынушы ұйымдардың маркетингінің ерекшеліктері.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Тұтыну нарығындағы сатып алушылардың мінез-құлқы. Тұтынушы ұйымдардың маркетингінің ерекшеліктері. Өндірістік мақсаттағы товарлар нарығы. Өндірістік мақсатқа арналған тауарларды сатып алушыларға әсер ететін факторлар.



Әдебиет: [2], [6]

5 тақырып. Кәсіпорын нарығы.

Жоспар:

1. Өндірістік мақсаттағы товарлар нарығы.

2.Өндірістік мақсатқа арналған тауарларды сатып алушыларға әсер ететін факторлар.



Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Нарықты сегменттеу ұғымы, критерийлері. Мақсатты сегменттерді таңдау. Тауарды нарықта позициялау. Тауар және оның жіктелуі. Тауар саясаты, жаңа тауарды жоспарлау. Тауар белгісі.

Халықаралық маркетинг ерекшеліктері және оны қоршаған орта. Шетел нарығына шығу стратегиялары.

Әдебиет: [7], [11]

6 тақырып. ActionScript тілінде бағдарламалау.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Жоспар: ActionScript интерфейсі, негізгі ұғымдары.

Басқару операторлары. Дыбысты орнату. Жарнаманы қайта жүктеу. Клавишаларды бағдарламалау.



Әдебиет: [10], [11]

7 тақырып. Flashте интерактивтік компоненттерді қолдану.

Жоспар:

1.Macromedia Flash бағдарламалық құралы, қызметі, интерфейсі, негізгі ұғымдары.

2.Сценалар құру негіздері. Әр түрлі эффектілерді құру әдістері.

3.Жарнамалық фильмдер құру әдістері.



Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Button, Radiobutton, CheckBox, TextEdit, Panel компонентарымен жұмыс жасау.



Әдебиет: [1], [4]

8. Тәжірибелік сабақтар мазмұны, және олардың сағат көлемі



1.Маркетингтегі интернет. Жарнама жолақшаларын жасау. (10 сағат)

1.1 Анимациялық роликтерді жасаудың ортасы Flash 8 танысу.

1.2 Қадамдық анимацияларды жасау.

1.3 Қаттамалар құрастыру.

1.4 Маскалар құру.

1.5 Объектілерді қайталау, библиотекамен жұмыс жасау.

1.6 Анимацияланған роликтер мен жарнамалар құру.

2. ActionScript тілінде бағдарламалау. (10 сағат)

1.1 Клиптарды басқаруда негізгі операторлар, тоқтату, жүктеу, қайта жүктеу.

1.2 Дыбыспен дұмыс.

1.3 Клавишаларды басқару.



3. Flashте интерактивтік компоненттерді қолдану.

1.1 Button, Radiobutton, CheckBox, TextEdit, Panel компонентарымен жұмыс жасау.

1.2 Интербелсенді компоненттермен жұмыс.
9. Өздік жұмыс тапсырмалары

1 тақырып. Маркетингтегі талдау әдістері.

Тапсырмалар:

1. Фирма өз жағдайына байланысты шығара алатын өнімдерді өндіреді. Сондықтан өндіріс шығындары кысқартылып, өнім өндіруде жетекші рөлді констуктортехнологтар атқарады. Фирманың негізгі мақсаты - өнімнің өзіндік құнын төмендету. Ұзақ мерзімді мақсаттары болмағандықтан өткізу көлемі бірқалыпты емес. Баға саясаты өндіріс шығынын есептеуге негізделген. Тауар өндіру өндірістің негізгі қажеттіліктерімен анықталады.

Осы жагдайда фирма маркетингтің қай тұжырымдамасын қолданады?

2. Кейс. «Сименс» компаниясы электр тұрмыстық құралдары нарығында 70 жылдан бері қазіргі заманға сай техника ұсынады. Сіз дүкенде сауда жасап келгенше, «Сименс» кір жуғыш машинасы киіміңізді жуып-шайып қояды, түскі тамақты дайындағанша, «Сименс» ыдыс жуғыш машинасы ыдысыңызды жуып жатады, кірді жайып болғанша, кофеқайнаткыш ыстық кофе дайындап қояды. Көптеген отбасылар үй жұмысының ыңғайлы, жеңіл болуын калайды. Сондықтан компания нарықтың ықтималды көлемін бағалай отырып, тұтынушылар талғамын қанағаттандыратын тиімді тауарлар жасайды.

«Сименс» компаниясының тауарларыпа нарықтагы сұраныс қандай?

Фирма сұранысқа байланысты маркетингтің қай түрін қолданады?

3. Кейс. «Ксерокс» компаниясының 70-жылдарда АҚШ нарығындағы үлесі жапондық бәсекелестерінің енуіне байланысты 88%-дан 40%-ға дейін төмендеді. Дегенмен шағын бизнестің тез дамуы (80 жылдары АҚШ-та апта сайын 2,5 мың дербес кәсіпорындар пайда болды) және елдегі байланыс құралдарының жалпы дамуы «Ксерокс» компаниясының көбейткіш құралдарына деген сұраныстың өсуіне жол ашты. Көптеген ұсақ фирмалардың «Ксерокс» өнімдерін алуға қаржылары жетіспеді.

«Ксерокс» компаниясы осы жагдайда сұранысқа байланысты маркетингтің қай түрін қолдануы қажет?

4. Кейс. АҚШ-та жеңіл автомобильдерге сұраныс өсуде. Осыған байланысты «Форд» және де басқа «Үлкен үштік» («Большая тройка») мүшелері тұтынушылардың қанағаттану


деңгейін және талғамдарының өзгеруін зерттей отырып өз автомобиль модельдерін жетілдіріп жаңартып отырды. Автомобильді тұтынушылыр талғамына сай бейімдеу және өндірісті ұлғайту арқылы «Форд» компаниясы айтарлықтай пайда алды. Жапониялық «Хюндай», «Тойота» компанияларымен бәсекелік күреске төтеп беру үшін «Форд» сапаға қатаң бақылау жасады.

«Форд» компаниясы қолданган бұл іс-шара маркетингтің қандай түріне және тұжырымдамасына жатады?

5. «Домино-Пицца» компаниясының көптеген сауда орындары бар, олар неғұрлым сұранысы жоғары студенттер қалашығына жақын орналасқан. Жаз мезгілінде пицца өндіру көлемі нарық сұранысынан жоғары болады.

Осы сұраныс қалай деп аталады және соган орай маркетингтің қай түрі қолданылады.

6. Нарықта мына тауарларға сұраныс жағдайы қандай темекі, спирттік ішімдіктері, балмұздақ, нан, тіс емдеу, ұялы (сотовый) телефон, суға түскенде киетін киім, қолшатыр.
2 тақырып. Интернеттегі маркетинг.

Тапсырмалар:

1. «Борден» компаниясының «Старлак» сүт ұнтағын шығаруға байланысты нарықтағы үлесі төмендеді. Осыған байланысты зерттеу бөлімі тұтынушылар туралы ақпараттар жинап, олар осы өнімді не үшін пайдаланатынын анықтады. Зертеулер сүт ұнтағын, көбінесе, әйелдер тұтынатындығын, оны дастарханға тағам ретінде қойылатындыгын, аспаздық тағам дайындағанда пайдаланатындығын және шаймен кофеге қатылатындығын көрсетті. Сонымен қатар, зерттеулер ерлер мен балалар сүт ұнтағы мен табиғи сүттің айырмашылығын сезбейтінін айқындады. Әйелдердің айтуы бойынша, сүт ұнтағын қолданудың басты себебі - үндемеу. Пікірі сұралғандардың көпшілігі компания тауарын білетінін атады, пайдаланбағандардың өзі «Старлак», «Дейзи» маркаларын білетіндігін, олар туралы ақпаратты журнал беттерінде кездестіргендерін және теледидар жарнамаларын көргендерін айтты.

Тұтынушылардың біразы «Старлакты» «Дейзиге» қарағанда артық көріп пайдаланатындығы анықталды. «Старлак­ты» қабылдау туралы ақпаратты ұнтақтың дәмін тату үшін әйелдерге тарату арқылы жинады.



Осы кейсті талдай отырып «Старлакты» сатып алу туралы шешім қабылдау процесінің басты кезеңдерінің сипаттамасын беріңіз. Сүт ұнтағын сатып алу туралы әйелдердің шешіміне қандай факторлар әсер етті?

  1. Мына тауарлардың басты қасиеттерін бөліп атаңыз: сүлгі, жазатын қағаз, жиьаз, кітаптар, аяк киім.

  2. Келесі тауарлардың қызмет аясының пайдалылыгын көрсетіңіз: шаңсорғыш, электр ет тартқышы, шырын жасай­тын (соковыжималка) құрал, конфеттер, печенье, торттар.


  3. Қабылдау

    Таңдалынып алынған респонденттес саны

    «Ак жағалы-лар»

    «Көк жағалы-лар»

    Қызмет көрсету саласы

    Барлығы

    Жаңашылдар

    34

    10

    10

    54

    Ізбасарлар

    27

    13

    14

    54

    Артта қалушылар

    14

    9

    8

    31

    Барлығы

    75

    32

    32

    139
    «Жилет» лезвиясын қабылдаудьщ ерекшелігі мен әр түрлі нарық сегменттері көрсетілген кестені талдаңыз (3.1-кесте).

3.1-кесте. Тұтынушылардың «Жилет» лезвиясын қабылдауы


  1. Нарықтағы өндіріске. арналған тауарларды сатып aлy процесінің моделін көрсетіңіз. Ұйымдардың сатып алу туралы шешіміне әсер ететін факторларды атаңыз.

  2. «Элитстрой» - жеке меншік үй салатын ірі компания. Зерттеулер Алматы қаласындағы үй сатып алушылардың көбі өздерінің элеуметтік статусын көтеруге тырысатынын көрсетті. Олар үйлеріне салтанатты есіктер, каминдер, қауіпсіздік жүйелерін орнатуды қалайды. Компания клиенттер қалауы бойынша үй сала бастады.

Фирма сатып алуга әсер ететін факторлардың қайсысын қолданды ?

3. Алматы ауыр машина жасау зауытының (АЗТМ) өндірсіне керекті тауарларды сатып алу туралы шешімді кім қабылдайды, шешімді қабылдауга қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

3 тақырып. Маркетингтік зерттеулер және маркетингік ақпарат жүйесі.

Тапсырмалар:

1. Кейс. Қандайда бір фирманың өнімдері бойынша зерттеу жүргізу үшін үй шаруашылығымен шүғылданатын эйелдерден 8 топ таңдалып алынып, оларға интервьюлер беру
ұсынылды. Зерттеуге қатысушылар біраз сый-сыяпаттар алды. Интервью уақыты 1 сағатпен шектеліп, еркін дискуссия ретінде өтті. Ары қарай топтарға аты аталмаған өнімдердің дэмін татып көру, сыртқы пішінін салыстыру үснылды. Бүл көріністің барлығы талдау жүргізу мақсатында үнтаспаға
жазылып алынды.

Жүргізілген зерттеу әдістер қалай аталады? Олардың артықшылықтарын және кемшіліктерін атаңыз.

2. Кейс. «Джилет» фирмасы жеке гигиена құралдарын, электр бритва, лезвия өндіреді. Фирма өндірілетін тауарлары үшін кешенді зерттеу бағдарламасын жасайды. Жыл сайын
тұтынушыларынан пікір сұрау өткізіп, олардың тауармен қанағаттану дәрежесін, бейінін, өнім сапасының бағамен сәйкес келуін, соңғы сатылып алынған тауарлар маркасын анықтайды. Кімнен пікір сүрау керектігі ықтималды іріктеме көмегімен анықталады. Одан басқа тұрақты ерлер мен әйелдер тобынан да жыл сайын пошта бойынша соңғы тұтынылған марка туралы пікір сұрау өткізіледі.

Фирма қандай аппарат жүйесін және маркетингтік зерттеулердің қай әдістерін қолданады? Олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.

  1. жарнама тиімділігі, өткізу деңгейі туралы деректерді қандай алғашқы ақпараттың қайнар көздерінен аласыз?

  2. Бәсекелестік орта жағдайы, ұлттық нарық көлемі мен коньюнктурасы туралы деректерді қандай 2-ші ретті ақпараттың қайнар көздерінен аласыз?

  3. Кез келген қазақстандық фирма үшін маркетингтік зерттеулер өткізу мақсатына байланысты 5-тақырыптағы мәліметтердегі қолдана отырып, сауалнама құрастырыңыз. Оның негізгі мақсаттары ретінде тауар нарығын зерттеу, тұтынушылардың талғамдарын анықтау, бәсекелестерді зерттеу және т.б. болуы мүмкін.


6 тақырып. Кәсіпорын нарығы.
Тапсырмалар:

1. «Тайд», «Миф», «Ариэль» кір жуу ұнтақтарының нарықтағы жағдайларын зерттеңіздер. Осы тауарлардың нарықтағы негізгі сегменттерін көрсетіңіз және сол туралы қорытынды жасаңыздар.


  1. «Соса-Cola» компаниясы нарықты қамтудың қандай стратегиясын қолданады?

  2. «Шолпан» делдалдық шағын кәсіпорынының «Келвин Клэйн» фирмасының ерлер шалбарын сататын 9 коммерциялық дүкені бар. 2 жүйеден тұратын олардың әрқайсысы нарықтың әр түрлі сегментіне бейімделгендіктен дүкендердің жақын орналасуы бір-біріне әсер етпейді.

Осыган сәйкес нарықты жаулап алуда «Шолпан» қандай стратегияны қолданады ?

  1. Сегменттеу принциптерін пайдалана отырып «Үркер-косметик», «Ланком», «Орифлейм» фирмаларының косме­тика өнімін тұтынушылар нарығын сегменттеңіздер.

  2. Көп өлшемді жіктеу тәсілін пайланып, әйелдер киімін тұтынушылар нарығын сегменттеңіз.

  3. «Сименс», «Филипс», «LG» фирмаларының тұрмыстық электр құралдарының нарықтағы жағдайын зерттеңіз.




  1. Алматы ауыр машина жасау зауыты (АЗТМ) нарықты сегменттеудің қандай принциптерін қолданады? Зауыттың сегменттерін бөліп көрсетіңіз.

  2. Егер елдегі тауар өндіру 283 мың дана, импорт 27 мың дана, қоймалардағы қорлар 5 мың дана, экспорт 14 мың дана болса, нарық сыйымдылығы қалай анықталады?

  3. Кәсіпорын халық тұтынатын А, В, С тауарларын шығарумен айналысады. 6.1-кестені пайдалана отырып, нарықтағы фирмалар мүмкіндіктерін және әрбір өнімнің қанағаттандырылмаған қажеттілігін анықтаңыз.

10. 6-тақырыптағы 2-кесте бойынша берілген нарық сыйымдылығы туралы мәліметтерді пайдаланып «Рахат» ААҚ-тың нарықтағы үлесін табыңыз. «Рахат» ААҚ-тың 2001 жылдағы сату көлемі 20 мың тонна. Нарық үлесін табу үшін 6-тақырыптағы нарық сыйымдылығын есептеу формуласын пайдаланыңыз.
11. Кейс. КНСД телестанциясының тәжірибесі

Телевидение - көптеген артықшылығы бар жарнама құралы. Сондықтан жарнама берушілер көбінесе телевидениені өз тауарын және қызметін жарнамалау үшін қолданады.

Сан-Диегоның жарнама берушілері жарнама уақытын не КНСД-дан, не ұлттық телевидение жүйесінен сатып алады. Ережеге сай, мемлекеттік жүйедегі жарнама агенті ұлттық нарықты түгелімен, ал КНСД каналы - жергілікті нарықты хабардар етеді.

Жергілікті жарнама агенттігі үшін халық құрамы, жағдайы, өмір тұрғысы, әдеті туралы демографиялық ақпарат өте қажет. Бірақ бұндай ақпаратты тез өзгеріп тұратын Сан-Диегода табу өте қиын. Сондықтан жергілікті телеорталық басшылығы жарнама агенттерінің жұмысын жеңілдету үшін «Сан-Диегоны біл» деген қызметті өңдеп ұсынуды жөн көрді. Бұл қызмет нарық жағдайы туралы бүкіл хабарды беріп отырады. Сол үшін арнайы кесте жасалынып, қала кәсіпкерлеріне таратылды. Алынған мәліметтер негізінде келесі кестеде көрсетілген қала тұрғындарының бейіндері (профильдері) құрастырылды.

Берілген кестені пайдалана отырып, басшылық әлеуметтік-психологиялық факторға үлкен көңіл белуді шешті, себебі демографиялық жағдай өмір стилін онша бейнелей алмайды. Сан-Диего тұрғындарының психографиялық профилін құру үшін Стенфорд институтының өмірлік стилі туралы программасы қолданылды. Бұл программа бойынша өзіне бейімделуге және табысына негізделген ересек тұрғындардың сегіз өмір стилі анықталды. Ақпараттарды жинаудың техникалық құралы ретінде пікір сұрау мен бақылау қолданылды.

6.2-кесте. «Сан-Диегоны біл» жүйесі ақпараттары



Тауар түрі

Акпарат кұралдары

Демографиялық факторлар

Әлеуметгік-психологиялық факторлар

1. Автоматика

Телевидение Радио

Хабарландырулар Газеттер

Пошта

Телеграф


Жынысы

¥лты


Жасы

Табысы


Білімі

Жұмысы


Жанұя жағдайы

Тұрғылықты

жері

Толем кабілегтілігі



Реализм

Алға ұмтылуы

Өзін корсете білу

Діні


Шеберлілігі

Шығармашылығы

Ынтасы


2. Жиьаз










3. Бакалейлік тауарлар







4. Электроника









Бұл ақпарат жарнама берушілерге тұрғындардың өмірлік стиліне сәйкес жарнама құралдарын таңдауға мүмкіндік берді.

Анықталған өмір стильдерінің дұрыстығына жарнама берушілердің көзін жеткізу үшін Сан-Диегоның 1000 тұрғынына сұрау жүргізілді (500 ер адам, 500 әйел адам). Сұрау нәтижесінде олар «Сан-Диегоны біл» жүйесіндегі негізгі өмірлік стильдердің дұрыс көрсетілгенін растады.

Нәтижесінде жарнама агенттері сатып алушылардың мотивациясын білді және соған сай олардың кеңілін аудару үшін керекті фразалар мен түрлі-түсті безендірулерді және жарнама типтерін таңдай алды.



  1. Неліктен КНСД «Сан-Диегоны біл» жүйесін жасады?

  1. Жүйеге демографиялық және әлеуметтік-психологиялық бейіндер неліктен қосылды?

  2. КНСД жиналған ақпараттарының дұрыстығын қалай хабарлады?

  1. «Сан-Диегоны біл» жүйесін құру көзінде КИСД неге жүгінді?

  2. Демографиялық, әлеуметтік-психологиялық факторларды пайдалана отырып «Алматыны біл» жүйесін құрыңыздар (немесе кез келген қаланы).


6.1 Тапсырмалар:

  1. Тауарды сұраныска байланысты топқа бөліңіздер: «Пушкин ертегісі» шоколады, қолшатыр, балмұздақ, энци­клопедия, помидор, нан, дербес компьютерлер, сіріңке, алтын бұйымдар, түрлі бояулар, сүт, құлыптас, скрипка, тоңазыт-қыш, «Айша», «Индезит» кір жуғыш машиналары, «Шанель» иіс суы, «Миф» кір жуатын ұнтағы.

  2. Мына фирмалардың марка атауы туралы тәжірибесін анықтаңыз: «Проктер энд Гэмбл», «Дженерал электрик», «Кетберри», «Нестле», «Хайнс», «Панасоник», «Сони», «Кока-Кола» «Үркер косметик», «ФудМастер», «Акцепт», «Рахат». «Сымбат» Сән академиясы, «Бахус», «Аралтұз» АҚ.

3. Келесі тауарлар ТӨЦ-інің қандай кезеңінде орналасқан: велосипед, түрлі-түсті теледидар, электрлік радиатор, логарифм сызғышы, биотеледидар, қалам, фортепиано, күрек, үялы телефон, портьер. Осы тауарлардың өмірлік циклініц қисығын салыңыз және соған қарай қолданылатын шараларды келтіріңіз.

7.1-кесте. Тауар өмірлік циклінің кезеңдері




Өнім

ТӨЦ-інің кезендері

Маркетингтік шаралар

Велосипед

Даму




Түсті теледидар

Даму












4. «Агропродукт» компаниясы өнімдерінің ТӨЦ-інің қисықтарын салыңыз, оны талқылап, ұсыныс беріңіздер.

7.2-кесте. «Агропродукт» компаниясынын көрсеткіштері


Өнімдер

Жылдар



199

199

200

200

200

200

Май

202

204

205

206

208

210

Балқытылған сыр

120

145

180

175

160

157

«Пломбир» балмұздағы

130

134

130

125

120

118

Сүт

4800

5100

5140

5180

5200

5269

А йран

1970

1980

1990

1998

2010

2030

Тәтті сүзбе

6

7

15

18

20

13


  1. Мына буып-түю, ораудың түрлері қандай қызмет орындайтынын айтыңыздар: шыны және пластмасса бөтелке, декоративті қорап.

  2. Термос, 12 персонды ас үй сервизі, сүлгі, хрусталь люстра, электр шәйнегі, тіс ысқыш, кірпіш, айна үшін буып-түю, ораудың үлгісін жасаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет