7. Фирманың тауар ассортиментінің кендігін, тереңдігін және үйлесімділігін көрсетіңіздер:
а) сауда жабдықтарын, алюминді терезелер мен есік блоктарын дайындаушы фирмалар;
ә) керамикалық плиткалар (еденге, бассейндерге), 6 түсті «Бетонакрил» бояуы, паркеттік лак (3 кг және 5 кг), 4 түсті эмаль бояулары, түс қағаздарының бес түрі;
б) 2 түрлі қабырға панелдер, люстралар және бралар, француз косметикасы, 2 түрлі құлып, МАЗ, КамАЗ автомобильдерінің дөңгелектері, күнбағыс майы, кофе.
8. «Қолаң шаш» - тұтынушыга арналған «Procter & Gamble» компаниясының ұраны. Компанияның «Pantere-рго-V» В5 провитамині кіретін Pantul-B биологиялық активті заттарынан тұрады. Қазіргі кезде бұл әлемнің 26 елінде өткізіледі. Осы серияға шампуньдер мен шашты емдейтін
және күтетін құралдар кіреді. Белгілі ақпараттарды қолдана отырып, келесі сұрақтарга жауап беріңіздер:
а) компания тауарларының тұтыну құны неге негізделген?
ә) «Үркер косметик» фирмасының тауарларымен салыстырғанда компания өнімдерініц бәсекелестік артықшылықтары неде?
б) Компания тауарларының өмірлік циклінің қисығын сызыңыздар.
9. Кейс. АҚШ Йоплайты.
«АҚШ Йоплайты» - Дженерал Миллс Инкорпорейшн корпорациясының еншілес кәсіпорны. Ол ұн, круассан, тәтті нандар мен торттарга арналған жартылай фабрикаттарды сатуға маманданған. Йогурт «АҚШ Йоплайты» фирмасы алатын пайдасының едәуір бөлігін қамтамасыз ететін өнім.
Йогурт өндірудің нарықтағы мүмкіндіктерін анықтау үшін маркетингттік зерттеулер жүргізетін арнайы топ құрылды. Зерттеулер нәтижесінде АҚШ-та йогуртты сату көлемі жылына 18% өсіп, 350 млн. долларды құрайтыны белгілі болды. Сонымен катар тұтынылатын йогурттың 95% жуығы 8 унициялық стақандарға салынып шығарылады. АҚШ-та йогуртты жылдық тұтыну әр адамға шаққанда (5-8 унциялық стакан йогурт) Еуропа елдерімен салыстырғанда аз болатындығы анықталды. Францияда жылына әр адам 27 стакан йогурт тұтынады.
Маркетингтік зерттеу тұтынушылардың йогуртты стақандарға былайша өлшеп салуды қалайтындығын көрсетті:
-
кілегей мен жемістен тұратын йогуртта жемістер стақанның түбінде болганын;
-
швейцариялық - жемістер ыдыстың барлық жерінде тең араласқанын;
-батыстық - жемістер стақан түбінде, ал шырыны бет жағында;
- суық - балмұздақ немесе нәзік, тәтті крем түрінде. 70-жылдары йогурт өндірісімен «Содима» француз фирмасы айналысты.
Зерттеулерді қорытындылай келе зерттеушілер йогурт өндірудің болашағы зор деп тапты. Фирма осы өндірісті іске қосудағы уақыт пен ақша тапшылығынан, «Содима» фирмасы йогуртын АҚШ-та өндіру мен сату құқығын сатып алды. Бұл «Дженерал Миллс Инкорпорейшн» корпорациясына «АҚШ Йоплайты» фирмасы арқылы АҚШ-та йогуртты өндіру және өткізу мүмкіндігін берді.
Бұл уақытта фирма йогурты Францияда ең көп сатылатын өнім болды. Тұтынушылар оның келесі артықшылықтарын бөліп көрсетті.
- толықтай табиғи өнімдерден тұруы, тым тәтті және жасанды қоспалардың (консерванттары) болмауы;
-
швейцариялық технологияға негізделуі;
-
өте дәмді болуы және кілегейге ұқсастыгы.
Бұрын АҚШ-та йогурт өндірудің ұлттық саласы болмаған. Оны шығаратын бірнеше фирмалар аймақтық маркаларды, не жергілікті сүт өнеркәсібінің фабрикалық маркаларын қолданған.
«АҚШ Йоплайты» фирмасы нарықтағы тұтынушылардың сеніміне кіру үшін ұлттық марканы қолданып, өз тауарларын «Франция йогурты» деп позициялады. Оны әйгілі кино жұлдыздары француз тілінде жарнамалады.
90-шы жылдардыц басында «АҚШ Йоплайты» фирмасының жаңа стратегиясын жасау үшін жүргізген жағдайлық талдауында «Чап Колласи» фирмасы «АҚШ Йоплайтының» алдында тұрған бірқатар мәселелерді айқындады.
«АҚШ Иоплайтының» 6 унициялық стақандағы йогуртының бағасы 8 уницияльщ йогурттан қымбат болды. Оның 4 сауытының бағасы жергілікті Деннона және Крафта өндірушілерінің 6 сауытының бағасынан 20%-ға жоғары еді. Нәтижесінде, бағаның жогарылауы пайданы кемітті. Жарнама тұтынушыға емес, жеке бөлшектік және көтерме сауданы ынталандыруға бағытталды. Кинематография атақтылары Лоретта Свитт пен Томми Лозордоның сериалдар көрсету кезінде йогуртты жарнамалауы сатудың көлемін көбейтті.
-
Фирманың 70-ші және 90-шы жылдардағы жағдайын салыстырыңыздар.
-
«АҚШ Иоплайт» йогуртының өмірлік цикл кезеңдерін анықтаңыз.
-
Иогуртты қолдану себептері қандай?
-
«Дженерал Миллс Инкорпорейшн» компаниясы маркетингтің қай стратегиясын таңдады және ол бұл жағдайда қандай факторларга жүгінді?
-
Анықталган мәселелер бойынша маркетингтік шешімдер келтіріңіз.
6.2 тапсырмалар:
-
Мына тауарлардың қор айналымы қандай және олар бағаға қалай әсер етеді: банан, ананас, бүлдірген, картоп, ет, балық, шұжық, сүт, конфет, дәптер, кітап, теледидар, бензин, газ.
-
Тауардың өзіндік құны 200 тенге, ал саладағы пайда мөлшері - 25%, делдал өткізу фирмаларының үстемелері -35%, саудадағы пайда нормасы - 15% болса өнеркәсіптің фирманың көтерме бағасын өнеркәсіптің көтерме бағасын және тауардың бөлшек бағасын анықтаңыз.
-
Келісім-шарт жасау кезінде өнімнің сату бағасы 6000 теңге болды, ал оны өндіруге кеткен шығындары мынадай: электрэнергия - 20%, шикізат - 40%, еңбекақы - 30%, өндірістік емес шығындар - 10%. Келісім-шарт жасаудан бастап жеткізуге дейінгі аралықта элекр энергиясы - 20%, шикізат -10%, еңбекақы - 25%-ға өсті. Келісім-шарт негізінде бағаның өсу пайызын анықтаңыздар.
-
Электр тұрмыстық бұйымдарды өндіруші өндіріске 1 млн. доллар салым жасады және осы капиталдың 20%-дай пайда алуды көздеп отыр. Егер бір өнім бірлігіне жоспарланған шығындар ПО доллар шамасында, ал жоспарланған сату көлемі 50000 доллар болса, бір бұйым бағасы мен шығынсыздық нүктесін табыңыздар.
-
Фирма әр түрлі жеміс-жидек қоспалары бар йогурт шығарута шешім қабылдады. Алматы қаласындагы 125 граммдық йогурттың бағасы - 45 теңге. Фирма үшін икемді, бірыңғай, дискриминациялық және психологиялық бағаларды қолданудың мүмкіндіктерін сипаттаңыздар.
6. «Дәулет» фирмасы 3 түрлі құлып жасайды. Тұрақты шығындар жылына 4200000 теңге мөлшерінде жоспарлаған. Тауарлар бойынша мәліметтер 8.1-кестеде берілген.
8.1-кесте. «Дәулет» фирмасының өнімі бойынша көрсеткіштері
Өнімнің атауы
|
Өндіріс көлемі, дана
|
Айнымалы шығындар, теңге
|
Өнім бірлігінің сату бағасы, теңге
|
Құлып ДЗ-1
|
5000
|
950
|
1000
|
Құлып ДЗ-2
|
10000
|
700
|
1120
|
Құлып ДЗ-3
|
15000
|
1300
|
1750
|
A. Фирманыц өндірістік мүмкіндіктеріне байланысты немесе ДЗ-2 моделінің сату көлемі 10%-га жогарыласа, ДЗ-3 моделін өндірістен алып тастау керек пе?
Б. ДЗ-2 моделінен ДЗ-1 моделі тартымды болу үшін, оның сату багасын қаншалықты жогарылату қажет?
B. ДЗ-1 моделін өндірістен алып тастау үшін ДЗ-2моделінің сату багасын қаншалықты жогарылату қажет?
6.3 тапсырмалар:
1. 10 өндіруші мен 20 тұтынушыдан тұратын нарыққта делдалсыз және делдалдармен қанша байланыс болуы мүмкін?
2.Келесілер үшін қандай тарату арналары тиімді болады?
а) бейнекассета өндірушілері;
ә) музыкалық аспаптар шығаратын шағын фирма;
б) қорап және пластика өндірушілері;
в) бау-бақша өнімдерін өндіруші фирма.
3. Төмендегі тауарлар үшін қандай тарату әдісі тиімді?
а) экономикалық әдебиеттер;
ә) автомобильдер;
б) кондитер өнімдері;
в) француз иіс суы.
-
Ойыншықтар, сүт өнімдерін, сусындарды, аяқ киім, түс қағаздарды өндіретін фирмалар үшін қарқынды, селективті, эксклюзивті өткізуді қолдану жағдайларын анықтаңыздар. Осы тауарлар үшін тауар қозғалысы элементтерін сипаттап, олардың стандарттарың жасаңыздар.
-
Дүкен электротауарлар, жұмыс киімдерін, мәдени тауарларын, кондитерлік өнімдерді, жеміс, кітап, ойыншықтар, киімдер, нан өнімдерін сатумен айналысады. Бөлшек дүкеннің түрін анықтап, ерекшеліктерін көрсетіңіздер.
6.4 тапсырмалар:
-
Өнеркәсіп орындарына да, жеке тұлғаларға да компьютер мен бағдарламамен қамтамасыз ететін нарықтағы жаңа фирмаға арналған жарнамалық науқан жобасын және әр түрлі жарнама құралдарын пайдалану графигін жасаңыз.
-
Тұтыну тауарларын өндіруші фирма өз іс-әрекетінде тікелей маркетингті қолдануды көздейді. Осы компания үшін:
а) газетте берілетін жарнама мәтінін;
ә) пошталық жарнама хаттарының мәтінін (3 рет тарату керек);
б) сату орнындағы жарнама мәтіндерін құрастырыңыз.
Мысықтарға тағам дайындайтын «Вискас» фирмасы жарнама өткізу мақсатында А және Б журналының бірін таңдауы қажет. А журналын оқитындар саны 10 млн адамды құрайды, түрлі-түсті жарнаманың журналдағы бір бағанның бағасы 3,4 млн тенге. Ал Б журналын оқитындар саны - 15 млн, беттегі бір баганның бағасы - 2,7 млн теңге. А журналын оқитын оқырмандардың 80%-ың мысығы бар, ал Б журналын оқитындардың 60%-ның мысығы бар. Фирма енімін жарнамалау үшін қай журналды тандау тиімді екенін анықтаңыз. Жарнаманы тандау кезінде ескерілетін факторларды атап көрсетіңіз.
-
Косметика шығаратын фирма шампунь мен қолға арналған кремнің жаңа сериясын шығарады. 4 апта ішінде сынау маркетингі жүргізілді. Өнім әмбебап және мамандандырылған дүкендерде сатылады. Сынау маркетингінен кейін фирма 30 секундтық 2 жарнамалық роликті теледидардың екі арнасында көрсетті. Жарнаманы көрсету графигі - дүйсенбі, бейсенбі күндері 20:00-де, (№1-жарнама ролигі), сейсенбі және жұма күндері 21:00-да (№2-жарнама ролигі). Екі ролик 4 апта бойы көрсетілді. Сату көлемінің өзгеруіне жарнама науқанының әсерін багалаңыз (10.1-кесте).
10.1 -кесте. Фирма өнімінің сатылу көлемі
Сату орындарының
типтері
|
Шампунь Крем
|
Сынау маркетингі
кезіндегі сату көлемі
|
Жарнамадан кейінгі сату көлемі
|
Сынау маркетингі кезіндегі сату көлемі
|
Жарнамадан кейінгі сату көлемі
|
Супермаркеттер
|
12000
|
15000
|
3000
|
3300
|
Мамандандырылған дүкендер
|
5000
|
5650
|
200
|
210
|
6.5 тапсырмалар:
1. Төмендегі кәсіпорындар үшін бизнес түрін, мақсатын, мәселесін, шаруашылық қоржынға кіретін өнімін анықтап, олардың даму стратегиясын жасаңыздар (анықтаңыз):
-
университет; 5) көлік фирмасы;
-
сауда үйі; 6) туристік фирма;
-
жиьаз фабрикасы; 7) құрылыс кооперативі;
-
кітап дүкені; 8) көкөніс өндіретін фермерлік шаруашылық
-
Тоқыма фабрикасы спорттық және басқа да тоқыма бұйымдарын үсынады. Тоқыма бұйымдары ассортиментінің жаңа бағыттарына мектеп формасы мен кәсіпорындарга арналған бірегей формалар жатады. Әрбір негізгі үлгінің үш-төрт түрі бар. Осы ассортименттік саясаттың ықтимал мақсаттарын, сегменттеу және өсу стратегиясының ерекшеліктерімен байланыстыра отырып түсіндіріңіз.
-
Стратегияны жасау жолдарын пайдалана отырып, төменгілердің стратегия тандап алуына әсер ететін факторларды сипаттаңыздар.
а) жеміс консервілеу комбинаты;
ә) кондитер фабрикасы;
б) шағын наубайхана;
в) жанармай станциясы;
г) темір жол вокзалы;
ғ) әуежай.
4. Шағын фирма жұмсақ ойыншықтар өндіру жайында шешім қабылдады. Республикадағы балалар саны - 4,3 млн. Балалар үшін жұмсақ ойыншықты бір жылда сатып алу
ықтималдығы 0,25. Фирманың алғашқы жылдағы нарық үлесі 8%, ал бәсекелестермен салыстырганда 4% болуы мүмкін Ойыншық бағасы - 100 теңге, өндіріске кеткен шығыны – 70 теңге. Фирманың даму стратегиясын және алатып пайда болжамын жасаңыздар.
5. Мына кәсіпорындар үшін жагдайлық талдау жүргізіп, маркетинг жоспарын құрыңыздар.
а) көкөніс өндіруші фермерлік шаруашылық;
ә) жеке құрылыстармен айналысатын құрылыс фирмасы;
б) дәрі-дәрмек жасаушы фирма;
в) косметикалық фирма;
г) шәй фабрикасы;
д) өзіңізге ұнаған кез келген қазақстандық компания.
6.6 тапсырмалар:
1. Ұлттық стильде сырт киім тігетін фирма басқа ел нарығына енуді жоспарлауда. Сол ел үшін нарық мүмкіндігін
бағалаңыз.
а) натуралды шаруашылық типіндегі экономикасы бар ел;
ә) шикізатты экспорттаушы елдер;
б) өнеркәсіптік дамушы елдер;
в) өнеркәсіптік-дамыған елдер;
г) экономикасы өтпелі кезеңдегі елдер.
-
Қазақстанда біріккен кәсіпорын құру үшін шетелдік капитал көбінде ауыр және технологиялық тауарлар өндіруге емес, тұтынушы тауарларын өндіруге және сатуға бағытталады. Неліктен?!?
-
Қазақстан нарығында «Соса-Cola» компаниясының мүмкіндіктері мен болашағын бағалаңыз. Неліктен компания республика аумағында бірлескен кәсіпорын құру туралы шешім қабылдады?
-
Қазақстан нарығындағы төмендегі фирмалардын маркетингтік кешенін бағалаңыз: «Nestle», «Соса-Cola», «Филлип Моррис» компаиияларының тауар және коммуникациялық саясаттарының ерекшеліктерін атаңыз.
-
Келесі тауарлар бойынша сыртқы нарыққа бейімделу стратегиясынын қайсысын қолдануға болады?
-
жеміс шырыны;
-
тұрмыстық электр құралдары;
-
тігін машинасы;
-
компьютер;
-
жиьаздар;
-
маталар.
6. Төмендегі мысалдарға халықаралық маркетинг ұйымдастырудың қандай түрін ұсынуға болады?
-
пластмасса ойыншықтар өндіретін шағын фирма;
-
ірі автогигант;
-
тез дайындалатын жартылай фабрикат өндіретін орташа фирмалар;
-
тұрмыстық техника өндіретін ірі фирмалар.
7. Ағылшынның кондитер өнімін шығаратын «Холидей» фирмасы америкалық «Резалт» фирмасынан килограммы 2 фунт стерлинг тұратын 20 тонна бүлдіргендік джемді сатып
алды, ал оның биржадағы бағасы 1 фунт стерлинг 20 доллардан 22 долларга дейін өсті. Мұндай валюталық урс кімге икемді? Валюталық ресурстарды айырбастау нәтижсінде 1 кг джемге қандай мөлшерде қосымша пайда түседі?
8. «Ақ жол» сауда фирмасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің біріне өз тауарларын экспорттауға мүмкіндігі бар. Шамамен ол тауардың бір данасының бағасы 100 доллар шекараға дейінгі көлік шығыны өнімнің бір данасына 10 доллар, кеден шығыны баға сомасының 10% құрады. Егер жалпы табыс өткізу бағасының 20%-ын құраса, онда фирма ұлттық өндірушіден тауарды қандай бағамен сатып алды?
10. СОӨЖ кеңесінің кестесі
№
|
Сабақ түрі
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1.
|
ТЖ бойынша кеңес
|
12.35
13.25
|
|
|
|
|
|
2.
|
СӨЖ тапсырмалары бойынша кеңес
|
|
19:05-19:55
|
|
|
|
|
3.
|
Тест тапсырмалары бойынша кеңес
|
|
|
19:05-19:55
|
|
|
|
11. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
Тәжірибелік және соөж сабақтарға қатысу, тапсырмаларды орындау 0-100 баллмен бағаланады
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тақырып, мақсаты және тапсырманың мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиет
|
Орындау ұзақтығы
|
Бақылау түрі
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
ТЖ №1-10
|
Маркетингтегі интернет. Жарнама жолақшаларын жасау. (10 сағат)
|
4,7,8
|
2 апта
|
|
1-5 апта
|
2
|
ТЖ № 11-20
|
ActionScript тілінде бағдарламалау. (10 сағат)
|
4,7,8
|
2 апта
|
|
6-10 апта
|
3
|
ТЖ №20-30
|
Flashте интерактивтік компоненттерді қолдану.
|
4,7,8
|
2 апта
|
|
10- 15 апта
|
4
|
Межелік бақылау
|
|
|
|
тестілеу
|
15- апта
|
12. Курстың саясаты
Пәнді оқып-үйрену өтілген барлық материалдарды қамтитын емтиханмен аяқталады, емтихан аралас, яғни тестілеу және жазбаша түрде өткізіледі. Емтиханға жіберудің міндетті шарты – бағдарламадағы барлық тапсырмаларды орындау болып табылады.
Әрбір тапсырма 0-100 балмен бағаланады.
Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардың түрлеріндегі (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, студенттің өздік жұмысы бойынша тапсырмалары, практикалық сабақтардың тапсырмалары және т.б., межелік бақылау) барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалық мәнімен шығарылады.
Қорытынды бақылауға жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық практикалық және СӨЖ тапсырмаларын орындаған және тапсырған), жіберу рейтингі 50 балдан төмен емес студенттер жіберіледі.
Студенттердің әр пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен анықталады:
Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің Ғылыми кеңесімен бекітіледі, мұнда ЖР 0,6-дан көп емес, ал ҚБ 0,3-тен төмен емес.
Пән бойынша қорытынды баға білім алушының жіберу рейтингісі және қорытынды бақылау бағасы 50-ден жоғары болғанда ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға себепсіз келмеген студентке «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Студенттерге емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері емтихан тапсырған күні немесе ертеңінде (егер жазбаша емтихан түстен кейін қабылданса) хабарланады.
Қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін межелік бақылау және қорытынды емтихан 0-100%-ға дейін бағаланады.
Студенттің оқу жетістіктері төмендегі кестеге сәйкес бағаланады.
.
Әріптік жүйе бойынша баға
|
Балдардың цифрлық эквиваленті
|
Пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
A
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
13. Оқытушының талаптары, саясат және процедуралар
Босатылған сабақтар деканатпен қойылған тәртіп бойынша қайта тапсырылады. Көп дегенде екі сабақты ғана босатуға болады. Сабаққа 2 рет кешігу 1 рет сабақ босатқанмен тең. Екі рет сабақ босатқаннан кейін оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуіне құқылы және бұл мәселе әкімшілік шешімін табуы керек. Дәрістерге бөтен, яғни осы топтың студенті емес адамдарға кіруге болмайды.
Берілген тапсырмаларды белгіленген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі – емтихан сессиясының басталуына 3 күн қалғанға дейін.
Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыптарды қайталау және өтілген материалдарды қайталау міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі жазбаша жұмыстармен тексеріледі.
Студенттің оқытушымен орындайтын өздік жұмысын орындау барысында келесілерді есте сақтау қажет:
-
оқу пәні бойынша кестеге сәйкес сабақтардан оқытушының берген ақпаратын студенттердің белсенді түрде қабылдауын жүзеге асыру;
-
оқытушының нұсқауларына сәйкес студенттер өз беттерімен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқып-үйрену, үй тапсырмаларын, курстық жұмыстарды орындайды. Осы кезеңде студенттерден жұмыс әдістерінің білуді, олардың жұмысты орындау барысында кездескен қиыншылықтарын хабарлауды, жұмыстарды өзіндік ұйымдастыруды талап етіледі;
-
оқу материалын меңгеру барысында кездескен қиыншылықтарды жүйелеу және талдау, осы жұмысты оқытушымен реттеу;
-
студенттер оқытушыға өздерінің сұрақтарын қойып, түсініксіз жайларды нақтылап, кеңестер алады.
14. Әдебиеттер тізімі
Негізгі
-
Морозов Ю.В. Основы маркетинга: Учебное пособие. – М., 2000. – 340 с.
-
Балдин, К. В. Информационные системы в экономике : учебник для вузов по спец. "Прикладная информатика" / Балдин, К. В., Уткин, В. Б. - М. : Дашков и К, 2010. - 394 с
-
Банк, В. Р. Информационные системы в экономике : учебник для вузов по спец. 351400 "Прикладная информатика (по областям)" / Банк, В. Р., Зверев, В. С. - М. : Экономист, 2006. - 477 с
-
Бурлаков, М. Самоучитель Macromedia Flash MX / Бурлаков, М. - СПб. : БХВ-Петербург, 2003. - 644 с
-
Васильев, Г. А. Электронный бизнес и реклама в Интернете : учеб. пособие для студ. вузов / Васильев, Г. А., Забегалин, Д. А. - М. : ЮНИТИ, 2008. - 183 с
Қосымша
-
Иванова Т.Е., Платова Т.В. Основы информационного маркетинга. – Ярославль, 1990. – 124 с.
-
Майоров С.И. Информационный бизнес: коммерческое распространение и маркетинг. – М. : Финансы и статистика, 1993. – 128 с.
-
Крылова Л.Д., Соколова М.М. Маркетинг. – М., 1996. – 244 с.
-
Майоров С.И., Поляков Л.А. Маркетинг в информационной сфере. – М.: ВНИИПАС, 1989. – 42 с.
-
Богданова E.JI. Информационный маркетинг: учебное пособие. – СПб. : Альфа, 2000. – 265 с.
-
Успенский И. Интернет как инструмент маркетинга. – СПб., 1999. – 300 с.
-
Голубков Е.П. Маркетинговые исследования: теория, методология и практика. – М., 1998. – 250 с.
-
Аникеев С.П. Методика разработки плана маркетинга: Практическое руководство. – М., 1996. – 231 с.
-
Маркетинг: учебник / А.Н. Романов, Ю.Ю. Корлюгов, С.А. Красильников и др.; Под ред. А.Н. Романова. – М. : Банки и биржи, ЮНИТИ, 1996. – 560 с.
-
Котлер Ф. Основы маркетинга: Пер. с англ. – М. : «Росинтэр», 1996. – 704 с.
Достарыңызбен бөлісу: |