Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет16/41
Дата22.11.2023
өлшемі167.79 Kb.
#484054
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Философия лекции 2023

Өзін-өзі бақылау сауалдары:
1. Ғылыми таным әдістері және және ғылыми ақиқат ерекшелігін атап көрсетіңіз.
2. Ш. Уәлихановтың ғылыми философиясы қандай?
3.Ы. Алтынсариннің философиялық еңбектері?


ТАҚЫРЫП 7. Адам


Дәрістің мақсаты: адам танымның басты объектісі, сондықтан адамзат үшін ең маңызды мәселе адамның өмірінің мәні мен мақсатын тану, түсіну, олардың сезімдік рационалды әлемімен танысу, талдау.

Адам және Ғалам. Зат әлемі. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі. Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/Ян). Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ, Аристотель). Христиандық антропология: адам Құдайдың бейнесі ретінде (Әулие Аугустин, Акуинолық Томас). Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола). Жаңа заманның механистикалық антропологиясы (Б.Паскаль, Ж.Ламетри). Л.Фейербахтың антропологизмі. Адам мәнінің марксистік түсінігі. Ф.Ницше философиясындағы "Асқан адам". Адам және оның әлемдегі-болмысы: экзистенциализм. Іскер адам: прагматизм. Э.Кассирер: адам символдық жануар ретінде. Й.Хейзинга: "ойнаушы адам". Г.Маркузе: "бір өлшемді адам". ХХ ғ. философиялық антропология (М.Шелер, Х.Плеснер, А.Гелен).Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Адам мәселесінің Абай даналығында бейнелену. Шәкәрімнің адамның өмірмәндік бағдары туралы экзистенциалдық рефлексиясы.Адам, индивид, индивидуалдылық, тұлға.


жоспар:
1. Адам және Ғалам. Зат әлемі. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі


2. Ф.Ницше философиясындағы "Асқан адам"
3.Шәкәрімнің адамның өмірмәндік бағдары туралы экзистенциалдық рефлексиясы


Адам және Ғалам. Зат әлемі. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі
Адам - ғарыштың тудырған ғажап пендесі. Өйткені оның денесі болса да, ол ең алдымен - рух. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның басқа тіршілік әлемінен айырмашылығы - шексіздікке кетеді. Сондықтан ғасырлар бойы қайсыбір дін «адамды Құдай жаратты» деген қағиданы осы уақытқа дейін ұстап отыр.
Философияның көп мәселелері ішіндегі ең өзектілерінің бірі - адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар жаратылыс танушылар да «антроптық принципті» қолдап отыр. Осыдан 13 млрд. жыл бұрын «Ұлы Жарылыстың» негізінде пайда болған Дүние - Ғарыш Әлемі қажетті түрде сан алуан кездейсоқтықтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені, адамды, тудырады екен.
Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны - «Homo Sapiens» - саналы адам, яғни ол - рухани пенде. Адам өз алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру жолында ол басқа адамдармен сан алуан саналы қарым-қатынасқа түседі. Адамның неше түрлі алаңдау мен күту, қайғы мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар.
Американ саяси қайраткері, сол елдің «Конституциясын» жасауға атсалысқан Д.Франклин адамға «Homo Faber» - құралданған адам деген анықтама берді. Шынында да, тек қана адам еңбек құралдарын жасап, оларды үнемі пайдаланады. Мысалы, маймыл жерде жатқан бүтақты, я болмаса тасты алып пайдалануы мүмкін. Бірақ содан кейін ол оны лақтырып тастайды да, оған екінші рет қайтып оралмайды. Бірде-бір маймыл жасанды өз ойына сәйкес келетін құрал жасап көрген жоқ. Оны істей алатын - тек қана адам.
Уақытында ұлы Аристотель адамды «Zoon Politikon» - қоғами жануар деген болатын. Ол да - адамның тектік қасиеттерінің бірі. Өйткені ол басқа адамдармен бірігіп қана өзінің сан алуан қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамның шеңберінде ғана өмір сүре алады. Алғашқы қауымдық қоғамдағы жазалаудың ең қатаң түрі - адамды остракизмдеу, яғни рудың шеңберінен шығарып тастау болатынды. Жалғыз қалған адам әрі қарай өмір сүре алмай, жыртқыштарға жем болады.
И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңғалып, оған «Homo Morales» деген анықтама берген болатын. Уақытында ұлы Абай оны «нұрлы жүрек» десе, Шәкәрім «үш анықтың» біреуіне жатқызды. Егерде адамның ар-ұжданы болмаса, ол жануарлардан құлық-сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жантүршігерлік сайтанға айналар еді. Бүкіл көркем әдебиеттің дәріптейтін аса құнды адамның қасиеті - оның ар-ұжданы. Қиын-қыстау жағдайда нағыз адам өз ар-ұжданын, абыройын сақтап қалу жолында өзінің тәнін құрбан етуге дейін барады. Австрия ғалымы В.Франкл Құдайды Ғарыштан, тіпті оның ар жағынан іздеу керек емес, ол адамның ішіндегі оның ар-ұжданы деген ғажап ой айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет