Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет38/41
Дата22.11.2023
өлшемі167.79 Kb.
#484054
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Философия лекции 2023

Қоғамдық сананы жаңартудың негізгі бағыттары


Қоғамдық сананың өзгеруі мен модернизациялануы әлемнің барлық елдерінің назарында. Қоғамдық сана өзгеріске түсу процесінде жағымды жағына немесе негативті жағымсыз жағына өзгеретіні белгілі. Кезінде австриялық ғалым Карл Реннер «ұлт, мемлекет өзінің дамуында өзі қаласын-қаламасын бәрібір үш кезеңнен немесе үш сатыдан өтеді. Ол: ұлттың оянуы, ұлттың дамуы және ұлттың гүлденуі» деді. Алғашқы сатысы ұлттың оянуы немесе кейінгі сатылары ұлттың дамуы, гүлденуі болсын, олар қоғамдық сананың оянуы, өзгеруі, жаңғыруымен қатар жүреді. Осы тұрғыда біздің бәріміз де «біздің мемлекетіміз, ұлтымыз қай сатыда тұр» деген сұрақты өзімізге қоямыз. Міне, осы кезеңдер аталған факторлардың, яғни, мемлекет пен ұлттың қалыптасу мен өркендеу процесіне іргетас болып қаланады екен. Олай болса, біз ұлт ретінде ояндық па, өткеніміз бен бүгінімізге диагностика жасап, ертеңіміз қалай болады деген сұраққа жауап іздей отырып, болашаққа болжам жасай алдық па?! Біздің келешекке деген бағыт-бағдарымыз айқын ба?! Міне, осы сұрақ бәрімізді мазалайды. Осы тұрғыда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегі көкейде жүрген түйткіл-сұрақтарға, оның ішіндегі қоғамдық сананың жаңғыруы: қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту мәселесіне жауап берді.
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы Президент атап , маңызды «екі процеске қадам жасауға мүмкіндік берді. Олар: саяси реформа мен экономикалық жаңғыру еді. Қалай дегенмен де, ыдыраған Кеңес Одағының қирандысынан шыққан Қазақстан саяси реформалар жасай отырып, экономиканы қалыптастыру, даму жолын ұстанды. Біз бірқатар елдер секілді дүм­пуге әкелген революциялық жолды емес, эволюциялық жолды таңдадық. Сондықтан болар, ішкі шиеленіс, көршілес елдермен қақтығыс бізде болған емес. Қырғызстандағы дүмпу, биліктің бір емес, екі рет күшпен ауысуы, өзбек-қырғыз шиеленісі, Тәжікстандағы азамат соғысы, Таулы Карабахтағы үздік-создық қайта басталып әлі өршіп тұрған әзірбайжан-армян қақтығысы, Грузиядағы, қазіргі Украинаның оң­түстік-шығысындағы ахуал сол ел­дер­­дің берекесін алғанын бәрімізде білеміз. Шиеленіс ошағына айналған аймақтарда өндіріс орындары тоқтады, жұмыссыздық өсті, халықтың тұрмыс жағдайы нашарлады, сырттан инвестиция келмеді. Себебі, тұрақсыз аймаққа инвестиция құюға ешкім де мүдделі емес еді. Ал, бізде мұндай шиеленіс пен қақтығыс болған жоқ және оған жол берілмеді. Көршілес елдермен шекарамызды делиметациялап және демаркациялап алдық. Мүмкін, біреу келісер, біреу келіспес, дегенмен, бұл Елбасы саясатының жетістігі екендігін ешкім теріске шығара алмайды.
Әрине, қиыншылықтар, проблемалар болды. Олар бүгінде бар. Барлық салада бар. Оны сіздер де білесіздер. Сондықтан да, бүгінгі күннің мәселесі: қордаланған проблемаларды шешудің жолы қандай. Қоғамдық сананың жаңғыруы, өзгерістер, жаңа реалды жағдайға беймделу, қоғамдық сананың трансформациялану процесі қалай жүруде. Қандай бағыт, қадам бізге неғұрлым тиімді, қолайлы деген сұрақ туа­ды. Тіпті кеңірек айтсақ, «қандай даму моделі тиімді, қайдан, кімнен үлгі алуға болады» деп ізденіс жасаймыз. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің бір саладағы даму моделіне, олардың ерекшеліктеріне назар аударамыз. Жапонның, немістің, шведтің даму моделін бізге қолдануға бола ма деп ойлайтынымыз да шын. Осы арада Елбасының аталған еңбегінен де жауап іздеп, бағыт-бағдар қараймыз және іздегенімізді табамыз. Тереңнен зер салсақ, Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­­ласы ұлттық рух пен ұлттық сананың нығаюына, олардың өзара ұштасуы мен кемелденуіне, ұлттық салт-дәстүріміз бен тілімізді, мәдениетімізді өркендетуге, одан әрі дамытуға, бағалауға, құрметтеуге, бүгінгі күн тұрғысында жаңғыртуға үндейтін, іргелі бағдарламалық құжат. Осы мақалада, терең ой жүгіртсеңіздер, Елбасы «жаңғырған қоғамның өзінің тамыры, тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу» дейді. Осы арада ұлттық код дегеніміз не, ол қайда деген сұрақ туады? Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызда, мінезімізді айқындайтын менталитетте және ұлттық мәдениетте. Ұлттық кодтың басты компоненттері осы. Бұл жаңалық емес. Осы арада ұлттық кодты сақтайтын ұлт деген факторға тоқталық өтелік Жоғарда аталған К.Реннер де «…егер біз ұлт дегеніміздің не екендігіне толық жауап бергіміз келсе, оның негізгі басты компоненттерін білуіміз қажет. Ұлт дегеніміз – тілдің бірлігі, территорияның тұтастығы, экономикалық өмірдің жақындығы, әдет-ғұрып пен мәдениеттің ортақтығы негізінде құрылған адамдардың қауымдастығы» деп, «осы аталған ұлтты құрайтын негізгі компоненттердің бірі жойылса, ол белгілі бір тарихи кеңістікте ұлттың жойылуының басы», деп ерекше тоқталды. Одан да тереңірек кетсек, «ұлт болу үшін басты белгілері ұлттық құндылықтар болуы шарт. Олар: ұлттың тілі, территориясы, салт-дәстүрі, ұлттық менталитеті, мәдениеті мен тарихы» болуы қажет деген қағида. Бүгін де әлем осы аталған құндылықтар жүйесінде өмір сүруде. Бұл ақиқат.


Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет