Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет39/41
Дата22.11.2023
өлшемі167.79 Kb.
#484054
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Философия лекции 2023

«Еуразияшылдар» деп атау туралы ұсынысты П.Н.Савицкий жасаған. Алайда бұл атауды бастапқыда көпшілік ғалымдар қолдаған жоқ. Мəселен, Г.В.Фроловский көзқарасы бойынша, бұл атау орыс мəдениетінің православиялық мəнісін тұмшаласа, Н.Трубецкой өзінің досы Р.Якобсонға жазған хатында «еуразияшылдық» атауы кездейсоқ жəне сəтсіз алынғанын айта келе, дегенмен, осы атауды «көзге түседі жəне түсінікті, сондықтан үгіт жасау мақсатына жарамды» деп мойындайды [1; 64].
Еуразияшылдық көзқарастың бастау көзіне слаянофильдік алынғаны мəлім. Мұны еуразияшылдардың өздері де мəлімдеген болатын. Олар Ресей туралы кез келген ой-пайымдаулар славянофилдер мен батысшылдардың көзқарастарына қарай қалыптасады деп санады. Еуразияшылдар славянофилдер сияқты орыстың ұлттық мүддесін жеке құндылық ретінде қарастырды. Алайда олар слаявнофильдіктің орыс мəдениетіндегі маңызды мəнісі бар «азиялық» элементті назарға алмай, тек қана славяндыққа сүйенуді дұрыс емес деп есептеді.
Еуразияшылдар славянофилдердің орыс мəдениетін православиямен байланыстырып қарастыруларын жақтады, бірақ олардың сол мəдениеттің маңызды ерекшеліктерін айқындаған басқа этностармен байланысын тиісінше бағаламағанын айтты.
Əрине, еуразияшылдық идеясының бастау көздері көпқырлы. Алайда еуразияшылдық ағымы белгілі бір ортақ мектепті болған жоқ. Бұл ағымның əрбір өкілі бұл идеяға өз жолымен келді. Мəселен, П.Н.Савицкийдің ізашарлары В.И.Ламанский, Д.И.Менделеев, Л.И.Мечников, П.Б.Струве, ал Г.В.Вернадскийдің ізашарлары В.О.Ключевский, С.Ф.Платонов, М.К.Любавский, Н.П.Кондаков жəне тағы басқалар болды. Егер еуразияшылдар алдында тұрған «Шығыс-Батыс-Ресей» мəселесін алатын болсақ, онда бұл мəселенің басты негізін салушылар болып, Н.Я.Данилевский мен К.Н.Леонтьев табылады. Жалпы, еуразияшылдық Н.С.Трубецкойдың 1920 жылы жарияланған «Европа и человечество» еңбегінен басталды. Николай Трубецкой өз еңбегінде батысшылдыққа қарсы келетін ой-пайымдаулар жасады. Ол «еуропалық мəдениет адамзат баласының мəдениеті еместігін, бұл белгілі бір этникалық топтың тарихы нəтижесі» деп тұжырымдады [2]. Сондай-ақ Н.Трубецкой мұнда барлық мəдениеттер үшін тарихи дамудың нақты бір заңдылықтары болмайтынын айтты. Яғни, оның пайымдауынша, кез келген мəдениет бірегей, төл, ерекше болып келеді жəне оны еуропалық мəдениет «деңгейі» арқылы өлшеу мүлде дұрыс емес. Шын мəнісінде, əрбір халықтың өзіндік мəдениеті болатыны жəне де мəдениеттерді «жоғары», «төмен» деңгейлерге бөлу ақылға сыйымсыз екендігі сөзсіз. Сондықтан еуразияшылдық идеясының теориялық тұрғыдан қалыптасуына зор үлес қосқан Николай Трубецкойдың жоғарыда келтірілген ой- пікірлері толық ғылыми негізді. Осындай көзқарасты еуразияшыл жəне жаңа славянофилдіктің негізін қалаған Николай Яковлевич Данилевский ұстанды. Ол Еуропаны адамзат өркениетінің жалпы немесе қалай болғанда да оның ең жақсы жақтарын құраушы деп ойлау əділ еместігін, Еуропа тек қана ұлы герман- романдық өркениеттің саласы, оның синонимі деп көрсетті [1; 38]. Дəл осы тұжырымдаманы қазіргі кездегі ресейлік еуразияшыл идеолог А.Дугин де былайша дəйектейді: «Біздің (орыстардың. — Автор) еліміздің тарихында моноұлтты мемлекет болған емес. Алғашқы кезеңнің өзінде-ақ орыс халқы славян, түркі жəне фин-угор тайпаларының араласуынан қалыптасқан. Содан кейін Русьтің күрделі этномəдени ансамбліне Шыңғысханның, монғол-татарлардың қуатты серпіні араласқан. Орыстарда монополиялы мемлекет болатындай этникалық жəне нəсілдік тұтастық болған жоқ. Біз көптеген халықтардың, соның ішінде құдіретті түркі факторларының мемлекеттік құрылымға қатысуының арқасында белгілі бір бүтіндікке айналып отырмыз. Еуразияшылдық философиясының негізінде осындай көзқарастар жатыр».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет