Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет36/41
Дата22.11.2023
өлшемі167.79 Kb.
#484054
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Философия лекции 2023

Буддизм және оның негізгі бағыттары
Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам үстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Даналардың үш қат қауашағы") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекешеліктері бар.Буддизмде дүниені жаратушы қүдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен қүтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен қүтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:
өмір - азап;
азап нәпсіден туады;
нәпсіні ауыздықтаса, азаптан қүтылады;
нәпсіден қүтылудың төрт сатысы бар:
жүректің оянуы;
ниет, ақыл, ойды түзету;
мінез-қүлықты түзету;
адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаб- батқа жету (аһимса - адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бірі көрінісі).
Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу ай- налымынан қүтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттава - қүтқару- шы көмегімен қүтылу; үшінші, махая- на (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна не- гізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол ваджраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бүл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақ- саттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм неме- се метабуддизмнің бірқатар жаңа ба- ғыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда үйымдары Азия елдерінде эр түрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, үлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тува АССР-лерінде түрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын қүтқарудың қамын ойлауы керек. Бүл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің қүрылуына эсер етті. Бүлардың жиынтығы будда үйымы - 1950 ж. қүрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.


Суфизм (Аль-Газали, Ходжа АхметЯссауи)

Суфизм (сопылық) — исламдағы "құпия" ағым, классикалық араб-мұсылмандық пәлсапасының негізгі жолдарының бірі. Бұл жол рухты бөгде кері әсерлерден (нәпсі) алшақ болуды және өзіне жақсы жақтарды тарта білуді үйретеді.


Тасаууф (араб. ”Ғ~U – тазалық) – исламның қайнарынан бастау алатын рухани құндылық, ислам дінінің дүниетанымдық, ахлақтық-этикалық, эзотерикалық қырлары көрініс беретін, адамның өзін-өзі тануы мен рухани адамгершіліктің кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім. Сопылықтың анықтамасын атақты суфилер Сарий ас-Сақати (ө. ж. м. 865) “Сопылық – көркем ахлақ (мораль)”; Абу Хафс ан-Найсабури (ө. ж. м. 883) “Сопылық – толығымен әдеп (этика)”; Абу әл Хусайн ан-Нури (ө. ж. м. 907) “Сопылық – нәпсінің құмарлықтары мен талаптарын тәрк ету” ретінде көрсеткен. Сопылар Сопылық философиясының негізі тікелей Құран мен Хз. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) сүннеті деп таниды. Ал кейбір батыстық зерттеушілер Сопылықтың исламға яїуди, христиан және буддизмнен, әсіресе, индуизм мен зороастризм дінінен енген деп дәлелдеуге тырысады. Сопылықтың тарих сахнасына шығуы жалпы ислам философиясындағы ең алғашқы диалектикалық пікір қозғалысының басталуымен сәйкес келеді. Бұл қозғалыстың басында Хз. Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) Абу ад-Дарда, Абу зар ал-Ғифари, т.б. сахабалары болатын. Ислам философиясы тарихында Абу Зар Ғифари сияқты сахабалардан бастап, Хасан әл-Басирге (ө. ж. м. 728) дейінгі аралықты суфизмнің алғашқы зухд, тақуалар дәуірі деп атайды. Бұл дәуірде Сопылық қозғалыс философиялық, метафизиялық мәселелерді зерделеуден гөрі парасатты, көркем ахлақты адам болуды мақсат еткен практиклық мәндегі қозғалыс болатын. Сопылықтың екінші кезеңі Хасан ал-Басирден Имам Ғазалиге (м. 1055 – 1111) дейінгі аралықты қамтиды. Бұл дәуірде Сопылқ дегдарлық пен тақуалық сияқты практик. қозғалыс болумен қатар қалам, құқық және философия сияқты жалпы ислам ойлау жүйесіндегі бағыттарға параллель доктриналық деңгейге көтерілді. Хасан әл-Басридан басталған сопылық философия бірте-бірте қалыптасып, екі негізгі салаға: маламийа, исбатийа мектебі болып айрылды. Маламийа доктринасы (құрушысы Баязид Бистами (ө. ж. м. 874)) жалпы алғанда дәстүрлі түркілік дүниетанымдық негізде қалыптасып, дамыды.
Маламийа
Адам психологиясының терең сырларын танып, меңгеруге сүйенетін сопылық дүниетанымның ұлы мұраты – парасаттылық (ах-лақ) философиясы болып табылады. Маламийада Хаққа қызмет – халыққа қызмет ету болғандықтан, оның ең негізгі принципі адамды сүюге негізделген. Маламийада сопылық психологиялық халдердің бастысы маїу – адамның нәпсілік, хайуандық сипаттарын жою;
сакр – адамның ашқ (қуатты махаббат) және уирд (зікір) арқылы фана (еркіндік) мақамына жету – мағынауи елту, ләззат алу;
сатр – адамның өзінің ибадаты мен амалдарын жасыруы;
уажд – адамның “өзін” жоғалтып, Хақты тауып – Аллаға қауышу. Философиялық сопылық ағымының екіншісі – исбатийа, оның құрушысы Жунайд ал-Бағдади (ө. ж. м. 909) болып табылады.
Исбат – адамның ғибадаты мен тағатында адамдық санасының сақталуы, үнемі зікірде болу. Сопылық философиялық сипат ала бастап, фақихтар мен сопылар арасында қайшылықтар бас көтерді. Бұл қайшылықтардың негізінде жатқан басты себептер:
1) суфилер жүрекке, сана-сезімге шабыт (илїам) арқылы келетін мағрифат пен батин (ішкі-номен) іліміне маңыз берсе, фақихтар Құран мен Сүннеттің захир (сыртқы феномен) мағынасына ғана маңыз бөлді. Ислам құқықшылары үшін Құран мен Сүннеттің сыртқымағынасынан басқа ішкі, шынайы мағынасы жоқ;
2) суфилер рух мен нәпсіге, ал фақихтар сыртқы амалдық жағына маңыз беретін. Яғни, суфи рухани мәселеге, фақих практикаға көңіл аударды. Міне, осындай қайшылықтар негізінде фақихтар суфилер жайында күпірлік, дінсіздік, ширк сияқты пәтуалар шығарып, суфилерді қоғамнан аластады.
Өзгерістер
Ғазали Сопылыққа философия мен қаламдық ойлау әдістерін енгізді. Үш түрлі сопылық филос. ағым пайда болды. Олар: Уахдат ул-Вужуд (болмыстың бірлігі), Уахдат уш-Шухуд (әр нәрседе тек Алланың болмысын көру) және Уахдат ул-Қусуд (Алланың ерік пен мақсат бірлігі). Уахдат ул Вужуд түсінігін жүйелі ағымдық мәнге айналдырған Мухи-уд Дин Ибн ул-Араби деп танылады. Ибн-ул Арабидің түсінігінде болмыс бір ғана ақиқаттан тұрады. Түрлену, көбею құбылыстары сыртқы сезімдердің қабылдауына қатысты көрініс беретін нәрсе. Алла ғана абсолюттік ақиқат. Оның болмысының, барлығының себебі жоқ. Алла әуелден бар, ал одан басқа “еш нәрсе” жоқ болатын. Алла бізді осы формаларда жарататынын “әуелден” білетін. Оның бұл әлемдерді жаратудағы мақсаты да Өзінің “есімдерін, істерін, сипаттарын” көрсету, яғни Өзін таныту еді. Жаратылғандар да Оны осы есім, сипат, істер арқылы тану (Мағрифатуллаї) үшін жаратылғанланды. Міне, осындай түсінікке қарсы ислам әлемінде 16 ғасырда ислам философиясы тарихында “уахдат уш-шухуд” деп аталатын Имам Раббани (1563 – 1624) тарапынан қалыптасқан сопылық философия пайда болды. Алланың “жақындығы” субстанция тұрғыдан емес, ілімі арқылы ғана мүмкін болады. Алланың ешқандай сандық (камииат) және сапалық (кайфийат) сипаты жоқ, ал әлем болса толығымен сан және сападан тұрады. Барлық жаратылған әлем Жаратушының есім және сипаттарының көріну, шағылысу құралдары. Сондықтан уажд (экстаз) және сакр (мағынауи елту) халдері кезіндегі жаратылғандар мен Алланың “Бір болып көрінуін уахдат-ул вужуд емес, уахдат уш-шухуд деген дұрыс”. Өйткені бұл хал ілімі тұрақты емес, өткінші. Ислам сопылық философия тарихында ерекше маңызы бар Уахдат ул-қусуд, яғни ерік пен мақсат бірлігіне негізделген моральдық-этикалық түсінік кең тараған. Адамның өз еркін тек Құран мен аяндағы құдайлық бұйрықтармен ғана үйлестіру емес, сонымен қатар адамның еркін Алланың еркімен үйлестіру арқылы оны кемелдендіруге бағытталған философия. Діни терминологияда шариғат – дін, тариқат – хақ пен ақиқатқа жету жолындағы діндегі арнаулы жол, түсінік деген сөз. Суфидің тәжірибесі ол жеке хәл, оның басқаларға түсіндірілуі, жеткізілуі мүмкін емес. Бұл хәл-трансцендентті табиғатта болғандықтан, сөзбен айшықтау, бұл хәлді басынан өткізбеген адамға түсіндіру тағы мүмкін емес. Суфилердің “лам йазуқ уа лам йагриф”, яғни “татпаған білмейді” сөзі осы хәлді анықтау үшін айтылған. Сондықтан суфилер хәлдерін түсіндіру үшін символдарға, антропоморфты ұғымдарға, метафораға, теңеу сияқты символдық-образды терминдер қолданады. Суфидің өзін физиол. әрі психол. бақылау процестері – аз ұйқы, аз ас ішу, ораза тұту сияқты риязат-жаттығулар, адамдармен белгілі уақыт аралығында байланысын үзу, (қылует немесе узлатке түсу) бүкіл сезім мүшелерін сыртқы байланыстардан үзіп, ішкі әлеміндегі құбылыстардан, қиялдардан арылту арқылы бүкіл қиялдау-ойлау қабілетін бақылауға алып, назарын тек “Тәңірдің үйі – қалбке” аудару. Сопылықтағы зікір осы муракабаның өзіне сыни көзбен қараудың жүзеге асуына көмекші құрал. Сол арқылы дүниелік құмарлықтардан алыстап, илаїи ақиқаттарды тікелей қабылдауға дайын бір айна немесе таза рух хәліне келеді. “Мен – сен” хәлінен жеткен суфи, өзін “Ана-ал-Хақ” деп есептеу арқылы бүкіл болмыстарды “Бір” деп таниды. Өзін де сол бүтіннің сынығы ретінде көреді. Соңында суфи рухани тыныштық, кемелдік ішінде ғаламмен үйлесімділікті сезінеді, Тәңірдің жаратқан құлы екендігінің сырына, мәніне жетеді. Бұл – адамның рухани кемелдік хәлі. Қорыта айтқанда сопылық – ислам дінінің ішкі мәні, мазмұны, оның негізгі мақсаты – адамдық ар, рухани кемелдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет