3. Сүт және сүт өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар :
Жоғары сапалы сүт өнімдерінің шикізаты ретінде сүтке физика-химиялық, органелептикалық және санитарлық – ветеринарлық көрсеткіштер бойынша талаптар қойылады. Сүт шынайы (натуральный), сау сиырдан сауылған, өзіне тән таза, жағымды, тәттілеу дәмі мен иісі; түсі ақ түстен ақшыл сарылау ешбір бөтен түссіз; консистенциясы май түйіршіктерінсіз біркелкі; тығыздығы 1027кг/м3 кем емес болуы керек.
Сүтке қойылатын талаптар:
Дайын сүт тұтыну орталығында технологиялық және микробиологиялық тексеріске сәйкес болу керек;
Мемлекеттік стандарт талабына сәйкес пастерленген сүт өзіне тән дәмі, жаңа өндірілген сүтке тән иісі, түсі ақ сәл сарғыш түсті болу керек;
Майдың массалық үлесі стандартпен сәйкес болу, құрғақ майсызданған сүт қалдығы сүттің түріне стандартпен сәйкес болу керек, ұсақ ыдыстағыларының (қапшықтағыларының) қышқылдылығы 21 0С, үлкендерінікі - 22 0С болу керек;
Тазалық дәрежесі 1-ші топтан төмен болмау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |