Арақ өндірісі. Классификациясы
Арақ деп күшті алкагольді сусын, ректификатталынған этил спиртінің қосапасымен және спиртті су қоспасымен жасалынған сусынды айтамыз. Алғашында арақтың мына сорттарын шығарған болатын: 40%-дық "московская ерекше", "столичная", 50%-дық, 56%-дық.
Арақтың сорттары бір бірінен күштілігіне және т.б.этил спиртінің мөлшеріне, оған қосылатын әр түрлі дәмін келтіретін қоспаларға байланысты ажыратылады. 40%-дық арақ спиртті ректификатта дайындалады, қалған арақтың барлық сорттары спиртті ректификаттың жоғары мөлшердегі тазалануына байланысты дайындалады. Московский ерекше арағын дайындау үшін оған сірке қышқылын және екі еселенген натрий қосылады, ал столичный арағына қант қосылады.
Арақ өндірісі келесі операциялардан тұрады: спиртті қабылдау, суын дайындау, сулы спиртті қоспаны дайындау, сулы спиртті қоспаны фильтраттау, сулы спиртті қоспаны белсендірілген көмір қышқылымен қайта өңдеу және қайталап фильтраттау, арақты белгілі стандартқа келгенге дейін күштілігін қалыптандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |