ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)


Далалық белдем жануарларының экологиялық сипаты



бет13/14
Дата11.06.2016
өлшемі6.76 Mb.
#127552
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Далалық белдем жануарларының экологиялық сипаты

Европа, Азия, Солтүстік Америка құрлықтарының ішкі байтақ өлкелерінің, Оңтүстік Американың оңтүстігін, Австралия құрлығын дерлік түгелдей далалық белдем иеленіп жатыр. Дала белдемі құрлықтың әлемдік мұхиттардан алыс жатқан, ішкі қуаң бөліктерінде қалыптасады.

Дала белдемінің жаз маусымы ыстық: шілденің орташа температурасы +21-23°С. Көктем мен жазда құрғақ желді күндер жиі болып тұрады. Евразия бөлігінде даланың қысы суық: қаңтардың орташа температурасы -18-20 °С . Қыста қар аз түсетіндіктен жердің беті терең қатады. Жылына жауатын жауын-шашынның мөлшері 200-500мм. Жер бетінен буланатын ылғалдың мөлшері жауатын жауын-шашынның мөлшерінен 2-3 есе артық. Сондықтан топырағы мен өсімдігі ылғал тапшылығына жиі ұшырап тұрады. Дала белдемінің Солтүстік бөлігінде шіріндісі мол, құнарлы қаратопырақ жамылғысы дамыған. Оңтүстікке қарай ол шіріндісі аз қарақоңыр топыраққа ауысады.

Дала белдемінің өсімдік жамылғысында көпжылдық шым қабатты астық тұқымдас ксерофиль өсімдіктер басым орын иеленеді. Астық тұқымдастардың жапырағы мен сабағы жіңішке болғандықтан және күндізгі ыстықта жапырағының лептесіктері (тыныс саңылаулары) жабылып, не кішірейіп булануды шектейтіндіктен олар далалық аймақтардың өсімдік қауымдастығында басымдық көрсетеді. Сонымен қатар астық тұқымдас өсімдіктердің шашақ тамырлары топырақта жан-жаққа таралатындықтан ылғал жинау қабілеті басқа өсімдіктерден артық. Олардың тамыры өте жақсы дамыған, жер бетіндегі жасыл тұлғасының салмағынан тамырының салмағы бірнеше есе артық болады.

Еуразиялық дала белдемінде селеу (Stipa), бетеге (Festuca), шисабақ (Koeleria) туысына жататын көп жылдық ксерофильді астық тұқымдастықтар өсімдік жабындысының келбетін айқындаушылар болып табылады. Дала белдеміне тән астық тұқымдастар қатарына арпабас (Bromus), бидайық (Agropyron) туысының тамыр сабақты астық тұқымдастары да жатады. Бірақ олар қуаңшылыққа төзімсіз. Сондықтан олар далалық белдемнің солтүстік өңірлерінде, немесе қар тоқтайтын, жаңбыр суы ағып құйылатын еңкейістерде, ойпат, жыраларда басымырақ өседі. Өсімдік жабындысын құрауға астық тұқымдастардан басқа аралас шөптер тобы деп жалпылай аталатын қосжарнақты өсімдіктер де азды-көпті мөлшерде араласады. Қысқа мерзімнің ішінде өсіп жетіліп, тұқымын таратып үлгеретін бір жылдық (эфемер) және көп жылдық (эфемероид) өсімдіктердің экологиялық тобы ылғалы мол жылдары көктемде және жаздың басында өсімдік жабындысынан елеулі үлес иеленеді. Кейбір далалық өлкеде тобылғы (Spiraea), дала шиесі (Phуsalis), арша (Juniperus) қатарлы бұталар қауымдас түзушілер дәрежесіне жетіп өседі. Монғолияда қараған (Caragana) бұталы дала өсімдік жабындысын түзеді.

Дала белдемінің климаты жылы болғандықтан әртүрлі жануарлар мекендеп тіршілік етуге қолайлы. Көбінесе қуаңшылыққа төзімді, жарық сүйгіш (гелиофиль) жануарлар көптеп кездеседі.

Жәндіктерден шегіртке, шекшек, қарақоңыздар және құмырсқалар алуан түрлілігімен және санының молдығымен көзге түседі. Шегіртке ыстыққа төзімді және жеуге жарамды кез келген затты қорек ете алатындығымен, құмырсқа да қорек талғамай және терең ін қазып ыстықтан қорғана алатындығымен шөлейт далалы аймақтарға кең, мол тараған. Қара қоңыздардың хитин жамылғысы өте қалың, денесінің ылғалын буландырмай, жақсы үнемдейді, олар құрғақ шөппен де қоректене алады. Сондықтан да олар дала мен шөлде қарқынды дамып көбейе алады. Бұл шөпқоректі жануарларды қорек етіп тіршілік ететін жыртқыш буынаяқтылардан дала кергісі (Saga pedo), ызылдаққоңыз (Carabidae) туыстастардан: алып ызылдақ (Taphoxenus gigas), қазанбас ызылдақ (Carabus glyptopterus), дала белдеміндегі өзен, көл алқаптарында бүйі (Lycosa singoriensis) жиі кездеседі.

Дала белдемінде қосмекенділерден кәдімгі тарбақа (Pelobates fusсus), сүйіртұмсық бақа (Rana arvalis), сұр құрбақа (Bufo bufo) таралған. Қосмекенділердің тіршілік ырғағы дала белдемінің табиғи ерекшелігімен жақсы үйлескен. Көктемде далалық аймақтың шалшық, көлшіктері қар суына тола бастасымен қысқы ұйқыдан оянған бақа, тарбақа, құрбақалар шағылысып көлшікке уылдырығын шашады. Көлшік, шалшықтың жылы суында уылдырық тез дамып бақашабаққа айналады. Кешікпей бақашабақтан ересек бақалар жетіліп шығады. Олардың осыншама асығыс дамып жетілуі тегін емес. Өйткені олардың мекендеген көлшігі суалып, тез кеуіп кетеді. Соған дейін олар ересейіп үлгереді де, көлшіктің түбіндегі батпаққа кіріп, 8-9 ай бойы бұйыққан күйде келесі көктемді күтеді.

Дала белдемінің жазы ыстық, жылдың жылы маусымы ұзаққа созылады. Бауырымен жорғалаушылар жылусүйгіш (термофиль) болғандықтан дала белдемінде көптеп кездеседі. Мысалы Жерорта теңізі тасбақасы (Agrionemys horsfieldi), жолақ кесіртке (Lacerta strigata), сұр кесіртке (Lacerta agilis), сарықұрсақ абжылан (Coluber jugularis), өрнекті абжылан (Elaphe dione), дала сұржыланы (Vipera ursini).

Дала белдемінде құстардың түрлік және экологиялық құрамы соншалықты көп емес. Ормансыз, тау-тасы аз, бірыңғай жазық далада құстардың желден, суықтан, жыртқыштардан қорғанатын қорғанышы аз. Ұя салып жұмыртқа басуға қауіпсіз орын да аз табылады. Мұнда тіршілік ететін құстардың көбі шөптесін өсімдікке, тікелей жер бетіне немесе кеміргіштердің ініне, кейбіреуі өзі ін қазып ұя салады. Дала белдеміне тән құстардың көбі өсімдіктің тұқымын және жәндіктерді теріп жеп қоректенетіндіктен жерде жақсы жүгіреді және олардың түсі дала өлкесіндегі топырақтың, өсімдік жабындысының өңіне ұқсас болғандықтан оларды жыртқыш жануарлардан жасырады. Бұл жебеуші рең деп аталады.

Дала белдеміне нағыз бейімделген құстарға убақ (Syrrhaptes paradoxus), бөдене (Coturnix coturnix), шіл (Perdix perdix), дуадақ (Otis tarda) жатады (29-сурет). Бұлардың барлығы жерде жақсы жүгіретін, өң түстері мен бейнесі далалы жердің өңіне ұқсас. Бұлардың барлығы жерге ұя салады. Өсімдіктің тұқымын, тамырын және жәндіктерді теріп жеп қоректенеді. Әнші құстардан бозторғайлар дала белдеміне тән: дала бозторғайы (Melanocorypha calandra), кіші бозторғай (Calandrella cinerea), түз бозторғайы (Alauda arvensis) қатарлы түрлері кең таралған. Бұлардың да өңі даланың сұрғылт қоңыр өңімен жақсы үйлескен. Жаз маусымында олар күні бойы сайрайды. Даусы ашық, әні - әуенді.

Тырнатәрізділер қатарына жататын құстардан ақбас тырна (Anthropoides vigor) бірден бір дала белдемінің өкілі деп саналады. Ақбас тырна – жыл құсы. Ол жерді аздап қана шұңқырайтып ұя жасайды. Ұясына шөп те төсемейді, 3 – 4 жұмыртқа туады, жұмыртқасын басуға және балапандарын асырауға аналық, аталық тырнаның екеуі де қатынасады.

Жыртқыш құстардан дала қыраны (Aquila rapax), күйкентай (Falco naumanni), құладын (Circus macrourus) жиі кездеседі. Бұлар ұсақ кеміргіштермен әсіресе саршұнақтармен және кесірткелермен, үлкендеу жәндіктермен (шегіртке, шекшек) қоректенеді. Құладын бақа, жыланды да ұстап жейді.

29-сурет. Дала белдемінде тән жануарлар:

1- дала кергісі; 2- қижегі қоңыз – скарабей; 3- ақбас тырна; 4- дуадақ; 5- безгелдек; 6- дала қыраны; 7- суыр; 8- теңбіл саршұнақ; 9- ақбөкен.

Дала белдемінде сүтқоректілердің негізгі екі тобы басым кездеседі. Бұлар – кеміргіштер және тұяқтылар қатарына жататын жануарлар. Бұл екі топтың екеуі де шөп қоректілер болғандықтан олардың әрқайсысы қоректен тапшылық көрмейді. Және дала белдемінің иендігі мен байтақтығы бұларға қолайлылық етеді. Ал жазық далада суықтан, бораннан, жыртқыштардың шабуылынан қорғанып паналайтын қорғаныстың жоқтығына және судың тапшылығына бұл екі топтың жануарлары екі басқа жолмен бейімделген: кеміргіштер ін қазып мекендеу арқылы қорғаныс табады және балауса жас шөптің нәрімен сусындайды; тұяқты жануарлар қолайсыз кезде сулы, жағымды мекенге ауып көшіп, ұзақ сапар шегуге қабілеттілігінің арқасында сайын далада еркін өмір сүреді.

Дала белдеміне тән кеміргіштердің негізгі өкілдері – бозсуыр (Marmota bobak), кіші саршұнақ (Citellus pygmaeus), теңбіл саршұнақ (C. suslicus), аламан (Cricetus cricetus). (29-сурет). Қосаяқтардың көбі шөл белдеміне тән жануарлар болғанымен кейбіреулері дала белдемінде кездеседі. Мысалы, үлкен қосаяқ (Allactaga major), секіргіш қосаяқ (A. sibirica), жүнбалақ қосаяқ (Dipus sagitta). Бұлардың бәрі Қазақстанның далалық өлкесінде кең тараған. Кейбіреулері (жүнбалақ қосаяқ) құм сілемдерін қуалай отырып орманды дала, жапырақты орман белдемшесіне дейін таралған.

Дала алақоржыны (Lagurus lagurus), суыр, саршұнақ, Америка құрлығының дала белдемінде мекендейтін «шалғын иті» (Cynomys) деп аталатын саршұнаққа ұқсас кеміргіштер бір жерге топтасып колониялық тіршілік ететін жануарлар. Олар жер астын шытырман қуыстармен торлап, жер бетін іннің ауыз тесіктерімен және жым жолдармен шұбарлайды. Кеміргіштер өсімдік жабындысына және топыраққа үлкен әсерін тигізеді. Колониялық тіршілік қауіп-қатерден сақтану үшін пайдалы.

Қандай бір қауіпті сезген біреуі: ысқырып немесе шиқылдап хабар берісімен басқалары індеріне кіріп қорғанады. Кеміргіштермен көптеген жыртқыш жануарлар қоректенеді және олардың інін күзен, аққалақ, т.б. ұсақ сүтқоректілер, әртүрлі құстар паналайтын, балалайтын орынжай болдырып пайдаланады. Азиялық далада қоянтәрізділер (Lagomorpha) қатарына жататын түйеқұлақтардың бірнеше түрі (Ochotona daurica, O. pallasi) кездеседі. Түйеқұлақтар колониялы тіршілік етіп, қыстық азық үшін ініне шөп тасып, пішен жинайды. Қоянтәрізділерден далалық аймаққа тән жануардың бірі – орқоян (Lepus europeus). Ол ін қазбайды, қысқа пішен жинамайды. Көжектерін шөптің арасына, бұтаның түбіне жер шұңқырайтып жасаған жатағына туады. Көжектері алғаш туғанда жүні толық жетілген, көзі ашық туады, тез ересейіп өздігінен тіршілік ете бастайды.

Дала белдеміне тән жұп тұяқты жануарлардың негізгі өкілдері – ақбөкен (Saiga tatarica), жирен (Procapra gutturosa). Ақбөкен – Еуразия даласының эндемик жануары. Ол өте жүйрік: жазық даламен жорғалай жүгіргенде жылдамдығы 80 км/сағатқа жетеді. Бөкендердің күйіті желтоқсан кезінде басталады. Күйіті келген еркек бөкен 4 – 6 үйіг құрайды. Күш-қуаты мол еркек бөкеннің жинаған үйігінің саны кейде 15 – 20-ға да жетеді. Үйіг иемдену үшін еркек бөкендер аянбай сүзісіп таласады. Олар қар жұқа түсетін, желге ық жерлерде қыстап, төлдеуден бұрын адам да, басқа аң да жоқ шалғай жерлерге безіп кетеді. Мамырдың басында егіз төл туып өсіреді. Алтай жотасының оңтүстік-шығысынан шығысқа қарай Монғолия, Солтүстік Қытай және Ресейде Туваның оңтүстігіндегі жазық және ұсақ төбелі, бұйратты өлкелерді жирен мекен етеді. Ол сағатына 60 – 65 шақырымдық жылдамдықпен жүгіре алады. Бірақ қалыңдығы 20 сантиметрден асатын қарда әрең жүгіреді. Қыста бірнеше мыңға жететін тобыр құрады. Ол селеулі, бетегелі жайылымды сүйеді.

Тақ тұяқты жануарлардан дала белдемінде жабайы тарпан жылқысы (Equus gmelini) ХІХ ғасырдың соңына дейін тағы қалпында тіршілік етіп келді. Тарпанмен туыстас Пржевальский жылқысы (Equus caballus) Монғолияның қуаң дала белдемінде және шөлейт, шөлді өлкелерінде ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарына дейін кездесіп келді. Қазір Пржевальский жылқысын Еуропа елдерінің зоопаркынан Монғолия жеріне әкеліп дала белдеміне қайта мекендестіру (жерсіндіру) жұмысы табысты жүріліп жатыр. Жартылай есекке саналатын құландар ертереккі заманда Еуразияның жазық даласында үйір-үйірімен босып жүретіні туралы тарихи деректер де, мәліметтер де мол. ХХ ғасырдан бастап далалық белдемде шаруашылықтың әртүрлі саласы, әсіресе егін шаруашылығы кеңінен өріс алып дами бастауына байланысты адамдар құланды дала белдеміндегі бұрынғы мекенінен ығыстырып, бүгінгі кезде Солтүстік Иран, Батыс Үнді, Монғолия, Қазақстан, Түркіменстан, Қытайдың шөл белдемінде ғана құландарды кездестіруге болады. Құлан өте төзімді, өміршең жануар. Азғантай ғана қамқорлық жасалса құланның саны тез өседі.

Далалақ белдемде кездесетін жыртқыш сүтқоректілер негізгі екі топтан құралады. Бірінші топқа экологиялық факторлардың кең ауқымды ауытқуына төзімді, қандай жағдай болса да бейімделіп өсіп-өне беретін, сондықтан әртүрлі табиғи зоналарда бірдей таралған қасқыр, түлкі, аққалақ, борсық қатарлы эврибионт жыртқыштар жатады. Екінші бір топты қарсақ (Vulpes corsak), мәлін (Felis manul), сасық күзен (Mustela eversmanni) қатарлы нағыз далалық белдемге тән жыртқыштар құрайды.

Дала белдемінде де тундрадағыдай өсімдік қоректі кейбір жәндіктердің күрт көбею көрінісі кездесіп тұрады. Күрт көбейген кезде жәндіктер өсімдік жабындысын түгелдей жеп құртып, жалпы биоценозды елеулі өзгеріске ұшыратады. Мысалы, дала белдемінде шегіртке әредік күрт көбейіп, мекеніндегі қоректік заттың бәрін жеп бітіреді де ауып көше бастайды. Олардың санының көптігі соншалық ұшқан кезде күннің көзін көлегейлеп, жермен жорғалаған кезде жер беті түгелімен жыбырлап қозғалып бара жатқандай сезіледі.



Шөл жануарларының экологиялық сипаты

Шөл белдемі тропикалық белдем мен қоңыржай белдемнің аралығында орналасқан. Ол әлемдегі барлық құрлық жердің 23 пайызын иеленеді. Шөл белдемі құрлықтардың әлемдік мұхиттардан алшақ, орталық бөлігінде қалыптасады. Жер шарының шығыс бөлігінде шөл белдемі Солтүстік Африкадан (Сахара) басталып, Аравия, Батыс Үндістан, Орта Азия, Қазақстан территорияларымен жалғаса отырып Орталық Азияға дейін созылады. Австралия құрлығының да орталық бөлігін шөл белдемі иеленеді.

Шөл белдемі қуаңдығымен ерекшеленеді. Мұнда жыл бойында жауатын жауын – шашынның жалпы мөлшері 200 мм-ден аспайды. Әлемдік ең үлкен және ең құрғақ шөлге саналатын Сахара шөлінде жыл бойында бір тамшы да тамбайтын жылдар кездеседі. Жалпы қуаңшылықтың радиациялық көрсеткіші (М.И.Будыко индексі бойынша) 5-тен жоғары өлкелер шөлге саналады. Кей шөлдердің жер бетінен буланған ылғалдың мөлшері сол жылғы жауын – шашынның мөлшерінен 20 – 25 есе артық болатындықтан өсімдік, жануарлар ылғалдың тапшылығына жиі ұшырайды. Шөл белдемінің жазы ұзақ және жауын – шашынсыз, ыстық. Жылдық ылғалдың 70 – 80 пайызы (Қытайдың солтүстігіндегі Алашань Ордос шөлдерінде – 90 пайызы) көктемнің басында жауады да, жаз бойы жауын жаумайды. Жаздың ыстық күндерінде ауаның температурасы 45°С -қа дейін жетеді. Шілде айының орташа температурасы +20 – 26°С жылы, қаңтардың орташа температурасы –10°С суықтықты көрсетеді. Жаздың ыстық күндерінде топырағының беткі қабаты 60 – 70°С-қа жетіп қызады. Желді күндер жиі болып тұрады. Кейбір аса қуаң шөлдерде желдің жылдамдығы 30 – 35 м/секундқа жетіп, апатты құм дауылға айналады. Осындай құм дауылдар бір жылда 5 – 10 рет қайталайтын шөлдер де бар. Жазда ыстық, жауын-шашынсыз және жел жиі соғатындықтан ауаның орташа ылғалдығы 14 пайыздан аспайды. Гоби шөлінде кейбір күндерде ауаның ылғалдығы 6 пайызға дейін төмендейтіндігі айқындалған.

Шөл белдемінің сұр топырағының құнары аз, ондағы қарашіріктің мөлшері 1 – 2 пайыздан аспайды.

Топырағының ылғалы аз, құнарсыз, климаты қатаң болғандықтан шөл белдемінде өсімдіктің түрлік құрамы аз және өсімдік жабындысы өте сирек: жылдық бастапқы таза өнімнің құрғақ салмағы 1000 килогектардан аспайды.

Шөл белдемінде топырақтан ылғалды өзіне сорып алуға жақсы бейімделген өсімдіктер басым өседі. Олардың ұлпаларының осмостық қысымы мол, тамыры топырақтың беткі қабатына кең жайылған шашақ тамырлы, немесе топырақтың ылғалды терең қабатына дейін жететін, жақсы дамыған кіндік тамырлы болу арқылы морфологиялық, физиологиялық жолмен бейімделеді.

Шөл белдемінде: 1) жауын-шашынды кезде тез өсіп тұқымын таратып үлгеруге бейімделген эфемер біржылдық өсімдіктер өседі. Мысалы, жауылша (Alyssum), бөденешөп (Veronica), ебелек (Ceratocarpus) туыстарына жататын эфемерлер; 2) тамырына, сабағына, жапырақтарына суды мол жинап, оны қуаңшылық кезде үнемдеп пайдалануға бейімделген суккулент өсімдіктер. Мысалы, Америкалық шөлдерге кең таралған кактус (Cereus), опунция (Opuntia) және Азиялық шөлдерге тән көптеген түрлі шырынды сораңдарды (Salsola) атауға болады; 3) діңі қысқа, бұтақтары көп салаланған, жапырақтары қалың шөл бұталары. Бұған мысал ретінде сексеуіл (Haloxylon), жүзгін (Calligonum) т.б. көптеген бұталарды атауға болады; 4) шымқабат түзетін көпжылдық астық тұқымдастар: бұлардың тамырлары, тамырсабақтары топырақпен бірге өзара ұйысып нығыз біткен шымқабатын түзеді, ылғалдың булануын азайту үшін жапырағы түтікше тәрізденіп ширатыла бүктеледі. Мысалы, шөлдің жатаған боздары (Stipa glareosa, S. gobica, S. capillata), бидайық (Agropyrum) қатарлы өсімдіктер.

Шөл белдемінің жануарлар әлемі айтарлықтай алуантүрлі. Омыртқасыз жануарлардан шөлге тән өкілдерінің бірі – сары құршаян (Buthus eupeus). Ол күндіз тастың асты, бұтаның түбі т.б. көзге шалынбайтын жерде бұғып жатады да, түнде жем іздеп белсенді тіршілік етеді.

Жәндіктерден саяқшегірткелердің (Acrididae), қарақоңыздардың (Tenebrionidae) көптеген түрлері кездеседі (30-сурет).

Қосмекенділер (Amphibia) шөл белдемінде жоққа тән. Орта Азия мен Қазақстанның шөлінде ғана қуаңшылыққа төзімді жасыл құрбақа (Bufo viridis) кездеседі.

Шөл белдемінде бауырымен жорғалаушылардың (Reptilia) көптеген түрі тіршілік етеді. Бауырымен жорғалаушылар – жылу сүйгіш жануарлар, ыстық кезде інге кіріп салқындайды, денесінің ылғалын терісінің қабыршықтары буландырмай жақсы сақтайды, қолайсыз мезгілді (қыста және жаздың аса ыстық, қуаң кезінде) анабиоз күйге түсу арқылы шығынсыз өткізеді, аштыққа аса төзімді. Міне осы сипаттары шөл белдемінің қуаң да қатаң экологиялық жағдайына қарамастан онда бауырымен жорғалаушылардың кең таралуына мүмкіндік туғызады.

Шөл белдемінде жармасқы кесірткелер тұқымдасы (Gekkonidae) мен ешкемер (Agamidae) тұқымдас кесірткелер көптеп кездеседі (30-сурет).

Жармасқы тұқымдас кесірткелердің саусақтарында және құйрығының астыңғы бетінде қандай да бір қатты денеге жабысатын тілімшелері болады. Сондықтан олар қандай да жылтыр заттан таймайды, тіпті әйнектің астыңғы бетіне бір саусағымен ғана жабысып салбырап тұра алады. Орта Азия, Қазақстанның шөл өлкелерінде жылтыр жармасқы (Teratoscincus scincus) кездеседі. Ол құмды шөлдерде мекендейді. Шағыл құм, құмтөбешіктерде тереңдігі 90см-ге жететін ін қазып, күндіз інде жатады. Ымырт жабылысымен інінен шығып, әртүрлі жәндіктерді аулап жейді: шегіртке, шекшек, үлкен қоңыздармен қоректенеді. Гобидың шөлінде кездесетін Пржевальский жармасқысының (Teratoscincus przewalskii) ішін жарып, қорегінің құрамын зерттегенде ол әртүрлі жәндіктермен қатар құршаян (Scorpiones), түкті бүйімен (Solifugaе) де қоректенетіні айқындалған.

Ешкіемерлер тұқымдасынан шөл белдемінде батбат (Phrynocephalus) туысына жататын кесірткелер кеңінен тараған. Әсіресе иірқұйрық батбат (Ph.guttatus), тақыр батбаты (Ph.helioscopus), шұбар батбат (Ph. versicolor) кесірткелер қиыршықтасты, тастақты шөлдерде басым кездеседі. Бұлардың әрқайсысы өзінің түсін тастың, топырақтың түсіне сәйкес өзгертіп қорғанады.

Еуразияның құмды және тастақты шөлдерінде жиі кездесетін кесірткелердің тағы бір тобын кесірлер туысы (Eremias) құрайды. Шөл өлкесіне зытпа кесір (E. velox) жақсы бейімделген. Зытпа кесірлердің әрбіреуі өздеріне тиесілі мекен иеленеді. Мекеніне бірнеше ін қазып дайындайды. Қауып қатер кезінде сол ініне кіріп қорғанады. Мекенін және індерін басқа кесірткелерден қорғайды. Олар жәндіктермен және тұқым, жеміс-жидекпен қоректенеді.



30-сурет. Шөл белдемінде мекендейтін жануарлар:

1- сасық қара қоңыздар (бляпс); 2- сары құршаян; 3- батпат кесіртке; 4- кесір кесіртке; 5- каспий тасбақасы; 6- ұбақ; 7- жорға дуадақ; 8- тырду; 9- жүнбалық қосаяқ; 10- шұбар күзен.

Шөлді өлкеде мекендейтін кесірткелердің ең ірісі кесел немесе варан кесірткелерінің тұқымдасына жатады. Ең ірі кесел кесіртке – Индонезияның Комодо аралында тіршілік ететін Комодо кесел кесірткесі – Varanus Komodoensis. Оның денесінің ұзындығы 3 метрден астам, салмағы 140кг-ға жетеді. Ол шөлде емес, орманда бұғы, жабайы шошқа т.б. ірі аңдармен қоректеніп тіршілік етеді. Шөлде тіршілік ететін кесел кесірткелерінің ең ірісі Австралияның шөлінде кездесетін алып кесел (V. giganteus) атты кесіртке оның ұзындығы 2,5 м, салмағы 110кг-ға жетеді.

Солтүстік Африка, Орта Азия, Оңтүстік Қазақстанның шөл белдемінде сұр кесел немесе шөл кеселі (V.griseus) атты кесел кесірткенің түрі таралған. Оның ұзындығы құйрығымен қосқанда 1,6м, салмағы 2,5-3кг. Орталық және Орта Азия жерінде кездесетін кесірткелердің ең ірісі болып табылады. Ол минутына 100-120 метрге дейін жылдамдықпен жүгіре алады. Әртүрлі жәндіктермен, өрмекшілермен әсіресе кесіртке, жылан, кеміргіштермен және құстың жұмыртқа, балапандарымен қоректенеді. Қыста інінің аузын топырақпен бітеп қысқы ұйқыға кетеді.

Шөл кеселі Қазақстанның және Халықаралық қызыл кітабына тіркелген.

Жыландардан шөлде құм айдаһаршасы (Erуx miliaris) жиі кездеседі. Ол көбінесе құм астында жасырын тіршілік етеді. Құмға сүңгіп кіріп, құмның астымен еркін қозғалып жүре алады. Аулайтын аңын аңдып ұстау үшін денесі түгелдей құмға көміліп жасырынады, тек көзі мен мұрны ғана көрініп қозғалыссыз жатады. Маңайына құмтышқан, кесіртке т.б. жеміне жарамды жануарлар таяп келгенде ғана құмнан дереу ытқып шығып, денесімен 2-3 орап ұстап алады. Кейде кеміргіштердің ініне кіріп те аулайды. Айдаһарша – усыз жылан. Оны кейбір жыртқыш құстар, кірпі ұстап жейді.

Шөл белдемінің құстарында да денесінің ылғалын үнемдеуге және жазғы ыстыққа төзімділігін жақсартуға бағытталған бейімделушілік байқалады. Шөлге бейімделген құстар да, бауырымен жорғалаушылар да өте қою несеп шығарады, оның көбін зәр қышқылы құрайды. Бұның нәтижесінде несеппен бірге сыртқа бөлінетін сұйықтың мөлшері азаяды. Су ішу арқылы қажетті ылғалды қанымдайтын құстар жылдам ұшуға қабілетті, ұзақ ұшуға төзімді болуының арқасында күн сайын алыстағы сулы жерге ұшып барып келу мүмкіндігін иеленген. Бұндай құстардың нағыз мысалы ретінде бұлдырық тұқымдастарды (Pterocletidаe) атаймыз. Шөл белдемінде таралған ақбауыр бұлдырық (Pterocles alchata), қарабауыр бұлдырық (P. orientales), ұбақ (Sуrrhaptes paradoxus) қатарлы бұлдырықтардың қанаты ұзын, жақсы жетілген, күн сайын ұзаққа ұшып барып су ішіп қайтады. Олар жер бетінде жорғалай жүгіріп қорегін (өсімдіктің тұқымы, жәндіктер) тауып жейді. Қызған құмнан табанын қорғайтын мүйізденген қалың тері қабаты дамыған, тұяғының түбіне дейін нығыз жүнмен қапталған. Осының бәрі бұлардың құмды, тастақты шөлге жақсы бейімделгенін дәлелдейді. Шөлдің негізгі бір құсы – жорға торғай (Podoces panderi). Ол бұталы шөлде мекендейді. Жұмыртқа баспаған кезінде аздап қана орын ауыстырады, негізінде отырықшы құс. Ол көбінесе тұқым, жемістермен, аздап жәндіктермен және ұсақ кесірткелермен қоректенеді. Қысқа дайындық ретінде қоректік қор жинап оны бұталардың түбіне көміп сақтайды. Цайдамның және Гобидың шөлінде монғол жорға торғайы (P.hendersoni) мекендейді.

Сүтқоректілер шөлде тіршілік ету үшін физиологиялық, морфологиялық, экологиялық тұрғыдан жан-жақты бейімделу қажеттілігі туындайды. Өйткені олардың көбі алысқа сапар шегіп суатты жерлерге жиі барып тұруға қабілетсіз. Тек тұяқты жануарлар ғана күн сайын суат іздеп сапар шеге алады. Сүтқоректілер: а) сұйық несеп бөліп шығарады; б) ыстықта терлеу арқылы және ентіге тыныс алу (полипноэ) арқылы олар ішкі ыстығын сыртқа шығарып салқындайды. Осының бәрінде олардың денесінен несеппен, термен, деммен бірге көп ылғал бөлініп шығады. Сондықтан да сүтқоректілердің шөлге бейімделу жолы күрделі.

Кеміргіштерден шөлде ең кең таралған топ – қосаяқтар тобы (Dipodidae). Артқы аяғы мен құйрығы аса ұзын бұл кеміргіштер алға ұмтыла секіріп қозғалады. Тек артқы қос аяғымен ғана секірген кезде құйрығы қозғалысының бағытын реттеушілік рөл атқарады. Шөлейт өлкеде эволюциялық ұзақ дәуірді кешу барысында қосаяқтарда физиологиялық таңғажайып құбылыстар пайда болған. Денесіндегі ылғалды үнемді жұмсауға бейімделіп: 1) өте қою несеп бөліп шығарады, несебі адамның несебінен 3-4 есе қою; 2) қою дәретінің құрамындағы судың мөлшері басқа сүтқоректілердікінен әлдеқайда аз; 3) қосаяқтар терлемейді. Терлеу арқылы денесін салқындату мүмкіндігі жоқ болғандықтан олар ыстықтамауға тырысады. Соған байланысты күндіз інде жатып, түнгі салқында інінен шығып қоректенеді. Қосаяқтар әртүрлі өсімдіктердің тамырын, тамыр түйнегін, қызғалдықтардың пиязшығымен және тұқымымен қоректенеді. Қорегін қорытқан кезде зат алмасу үрдісінен бөлініп шыққан суды қанағат етіп өмір сүреді. Орталық Азияның шөл, шөлейт, қуаң дала белдемінде секіргіш қосаяқ (Allactaga sibirica), құмайт шөлдерде кіші қосаяқ (A. elater), жүнбалақ қосаяқ (Dipus sagitta) жиі кездеседі (30-сурет).

Шөлде тұрақты кездесетін кеміргіштерге құмтышқандар (Gerbillinae) жатады. Солтүстік Африканың шөлді өлкелерін ергежейлі құмтышқан (Gerbillus gerbillus) мекендейді. Олардың аз-аздаған дарақтары бір жерге топтасып колониялы тіршілік етеді

Азиялық шөлдерде кең тараған құмтышқандар – кіші құмтышқан (Meriones meridianus), үлкен құмтышқан (Rhombomys opimus). Кіші құмтышқан құмайт шөлдерді таңдап мекендейді. Қыста бір інге он шақтысы жиналып бірге қыстайды. Оба ауруының табиғи ошағын өзіне сақтайдықтан зиянды.

Үлкен құмтышқан құмайт, балшықты, тастақты шөлдердің қай-қайсысында кең тараған. Топ түзіп колониялық тіршілік етеді. Інін өте терең және күрделі етіп қазады. Бір колонияның інінің аузы бірнеше жүзге жетеді. Осылайша ін қазу арқылы құмды босатып, құмның көшуіне ықпалын тигізеді. Оба ауруының микробын өзінде сақтап таратушы ретінде зиянды.

Шөл, шөлейт мекендерде көптеп тіршілік ететіндердің қатарына тұяқты жануарлар жатады. Тұяқты жануарлардың денесі ширақ, аяғы ұзын. Олар ұзақ жолға шалдықпай жылдам қозғалады. Осындай қасиетіне сәйкес олардың шалғайдағы суатқа барып су ішіп тұруға мүмкіндігі мол.

Тақ тұяқтылардан шөлде құлан, Пржевальский жылқысы мекен етеді. Олар күніне 40-50 шақырым жол жүріп суатқа барып қайтады.Пржевальский жылқысын монғолияның далалық және шөлейт өлкелеріне қайта жерсіндірудің (реакклиматизация) нәтижесінде Гобидің шөлінде Пржевальский жылқысының табыны қайта қалыптаса бастады.

Айыртұяқтылардан шөлде киіктер кездеседі. Шөлге жақсы бейімделген, аса төзімді жануарлар – көнтабандылар (Tylopoda) қатарына жататын түйелер (Camelidae). Екі өркешті түйе (Camelus bactrianus) Монғолияда, Қазақстанда және Орта Азияның солтүстік өлкелерінде өсіріледі. Оның монғолша хавтагай немесе түйекиік деп аталатын табиғи тағы күйдегі жабайы түрі Монғолияның оңтүстігіндегі Гобидің шөлінде мекендейді. Хавтагай немесе түйекиіктер XV ғасырға дейін Гобидан бастап Орта Азия, Қазақстанның оңтүстік өлкелеріне дейін өріс алып кең таралғанын қазбадан табылған олардың сүйектері дәлелдейді. Жалғызөркеш түйе немесе нар түйелер (Camelus dromedarius) Африкада және Орта Азияның оңтүстік бөлігінде тек қолға үйретілген күйде ғана кездеседі.

Әдетте сүтқоректі жануарлар денесіндегі судың 20%-нан айырылса өледі, ал түйелер денесінің суының 40%-ын кеміткенде ғана өлімге ұшырайды. Түйенің тағы бір ғажайыбы – денесінің температурасын реттеу қабілеттілігінде. Басқа сүтқоректі жануарлар тәрізді түйе де ыстық кезде терлеу арқылы денесінің ішкі ыстығын сыртқа шығарып салқындайды. Бірақ басқа жануарлар денесінің қызуы 37-37,5 градусқа жеткенде-ақ терлей бастайды. Ал түйе денесінің температурасы 40-41 градусқа жеткенше терлемейді. Бұл да түйенің денесіндегі суды (ылғалды) тез буландырмай, үнемді жұмсауға қабілеттілігінің дәлелі.

Қорыта келгенде шөл жануарларына төмендегідей ерекшеліктер тән: 1) ылғалдың, судың тапшылық жағдайында тіршілік ететіндіктен шөл жануарларының барлығы денесінің ылғалын қандай да бір жолмен үнемдеуге бейімделген; 2) қыста ұзақ ұйқыға кететін және жазғы ыстық, қуаң кезде де анабиоз күйге түсіп, бұйығып өткізетін жануарлардың иеленетін үлесі мол; 3) ұрпақ шашып көбеюінде маусымдық көрініс айқын байқалады: тек ылғалды, жылы маусымда ғана жаппай көбейеді; 4) қыста ұзақ ұйқыға кетіп жатып қалмай белсенді тіршілік ететін жануарлардың ішінде қысқа арнап азық қорын жинап сақтайтын жануарлар көп кездеседі.

Міне осының бәрі шөлдің қатаң табиғатына төзіп тіршілік етуге мүмкіндік береді.

Әдебиеттер: (5,8).
6-тақырып: Антропогендік факторлардың жануарлар тіршілігіне әсері.


  1. Жануарларға антропогендік әсердің мәні.

  2. Әртүрлі антропогендік әсерлерге жануарлардың жауап реакциялары.

  3. Мал шаруашылығының әсері

Антропогендік факторлар

Адамның ағзаларға тікелей әсер ететін немесе ағзалардың тіршілік ортасын өзгеруіне әкеліп соғатын әрекеттері.



Оң әсері. Қоршаған ортаны жаңарту: ағаштар, гүлдер, шөптер өсіру; өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың тиімді қолтұқымдарын шығару; табиғи территорияларды (қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар) сақтау.

Кері әсері. Орман-тоғай ағаштарын аяусыз кесу,  батпақты жерлерді қарқынды кептіру, өндіріс құрылыстарын салу, табиғи ортаға өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды тастау, табиғи ресурстарды үздіксіз алу (мұнай, көмір, газ т.с.с.); жануарларды жаппай қыру, аңшылық, өсімдіктерді басу, дәрілік өсімдіктерді, саңырау құлақтарды жаппай жинау т.с.с.

Табиғи фактор - өздігінен болатын табиғаттың жер сілкіністері, вулкандар, өрт, экологиялық апаттар, цунамилер, су тасқыны және т.б. Бұл кезде кейбір сирек өсімдіктердің немесе құстардың түрі жойылып кетеді. Себебі олардың тіршілік ететін ортасы, мекені бұзылады, өйткені, әрбір организмдердің ғасырлар бойы бейімделген нақты, тұрақты мекені болады. Ол бұзылған жағдайда тіршілігін жояды, не орын ауыстырады. 

Антропогендік фактор – 

1.Сирек өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін ортасына адамдардың тікелей және жанама әсер етуі. 

2.Жануарлардың бұрыннан қалыптасқан табиғи ортасының әр түрлі заттар мен (өндіріс, өнеркәсіп, әскери полигондар) ластануы. Мысалы: Каспий теңізі мұнай өндіру үшін соңғы 10 жылда күрделі, кешенді комплексті өнергкәсіп жұмыс істей бастады. Судың жағасы ғана емес теңіздің табанынан мұнай өндіріле бастады. Нәтижесінде мұнай өнімдері, кейбір ілеспе газдар, күкірт, азот т.б. оксидтер суға аралсып кетті. Ондағы жануарлардың жаппай қырылу, жойылу, улану процесі жүрді. 

Сирек немесе құрып бара жатқан органимдердің генетикалық қоры өте аз болады және көбею потенциалы төмен болады және олар өте сезімтал, тіршілік ортасына талғамы күшті, қолға өсіруге, көбейтуге көнбейді.

 Мал шаруашылығының халық шаруашылығында алатын орны



Мал шаруашылығы - аграрлық сектордың басты салаларының бірі, ол ауыл шаруашылығы экономикасына айтарлықтай әсер етеді. Халықты азық-түліктің жоғары сапалы түрлерімен қанағаттандыру дәрежесі негізінен мал шаруашылығы өнімінің мөлшері мен оның сапасына байланысты. Ет, сүт, жұмыртқа тағамдық өнімдердің негізгілері және белокпен жабдықтаудың басты көзі болып табылады. Бұл салада тұрғындардың  негізгі тағамдық азықтары жасалады, адам орта есеппен тағамға қолданылатын  калорияның 30 %-ға жуығын  және белоктың  60%-ға жуығын  мал шаруашылығы өнімі есебінен алады.Мал шаруашылығы өнеркәсіп салалары үшін бағалы шикізат түрлерін береді: жүн, тері және т.б. Яғни мал шаруашылығы өнеркәсіптің ет-сүт, тағам, жеңіл және басқа салалары өндірісін шикізатпен қамтамасыз етеді.Мал шаруашылығы  салаларын дамыту ауыл шаруашылығында материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға әкеледі.  Мал өнімдерін өндіру, өңдеу, оны тұтынушыға жеткізу адамның қалыпты өмір сүру қабілетін арттырады. Бұл жағдайлар аграрлық нарықтың даму деңгейімен сипатталады. Мал шаруашылығы егіншілікпен өзара тығыз байланыста болады. Ол табиғи-экономикалық жағдайларға және шаруашылықтың даму деңгейіне тәуелді.Егін шаруашылығы мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз етеді: елдің ауыл шаруашылық алқабының үштен екісіне жуығы мал азығын алу үшін пайдаланылады. Өз кезегінде өсімдік  шаруашылығының әртүрлі қалдықтарын пайдалана отырып, мал шаруашылығы егін шаруашылығына үлкен ықпал етеді.Мал шаруашылығы деген ұғым ауыл шаруашылығының  бір топ салаларын: ірі қара мал шаруашылығын, қой шаруашылығын, құс шаруашылығын, шошқа шаруашылығын, бал арасы шаруашылығын,  аң шаруашылығын және басқаларын қамтиды. Бұл салалар адамға керекті өнім мақсатында мал мен құстың түр-түрін өсіру және жетілдіруге арналған. Олар сүт, ет, жұмыртқа, бал және басқа маңызды тағамдар алудың көзі болып табылады.Мал шаруашылық өнімін ұйымдастыру кезінде шаруашылықта қабылданған мал шаруашылығы жүйесін ескеру керек.Мал шаруашылығы жүйесі дегеніміз - мал басын неғұрлым өнімді пайдалануға, еңбек пен қаржы шығындары төмен болған жағдайда бәсекеге қабілетті өнім өндіруді ұлғайтуға бағытталған, ғылыми негізделген ұйымдастыру-экономикалық  және зоотехникалық шаралар кешені деп түсіндіріледі.Мал шаруашылығы жүйесі егіншілік жүйесімен ажырамас байланыста болады. Мал шаруашылығы жүйесі материалдық-техникалық, технология-лық және ұйымдастыру-экономикалық элементтерден тұрады. Элементтердің бірінші талабына: мал ұстауға арналған қора-қопсы түрлері, бұларға  қызмет көрсету жөніндегі жұмыс үрдістерін орындайтын машиналар, фермалардың жабдықтары, өндірістің басқа құралдары жатады. Фермаларды өндірістің өнеркәсіптік  әдістері қолданылған сайын капитал салымдары және мал басын ұстауға жұмсалатын материалдық –ақшалай шығындар ұлғаяды, бұлар мал өнімділігін аттыру арқылы өтелуге  тиіс. Шығындардың ұлғаюы кешенді механикаландырылған қорлардың күрделі құрылысынан және малды бағып-күту жөніндегі жұмыс үрдістерінің автоматтандырылуынан болады.Жүйенің технологиялық элементтеріне мал басын ұдайы  өсіру жүйесі, малдың тектілік, асыл тұқымдық сапасын, азықтандыру түрін, мал ұстау әдістерін, сондай-ақ мал ауруларымен күрес шараларын жақсарту жатады. Жүйенің ұйымдастыру-экономикалық элементтеріне мал шаруашылығы құрылымы мен салалардың бағыты, жер алаңының бірлігіне есептегендегі мал басының тығыздығы, табын құрылымы мен тектілік құрамы жатады. Бұған сондай-ақ фермалардың мамандандырылуы, мөлшері мен орналасуы, еңбекті жоспарлау мен есептің ұйымдастырылуы, салалар  мен мал топтарының шаруашылық ішіндегі  және шаруашылықаралық  байланыстары жатады.Жүйенің осы үш элементі өзара байланысты және өзара сабақтас. Бұл элементтер мал шаруашылығының  барлық салаларына тән, бірақ әрбір сала үшін олардың әр түрлі өзіндік ерекшелігі болуы мүмкін.Мал шаруашылығының әртүрлі даму кезеңдерінде жүйенің жекелеген элементтерінің маңызы бірдей  емес. Мысалы, малдың жоғары асыл тұқымды қасиеттері азық жетіспеушілігі кезінде толық жүзеге аса алмайды. Мал шаруашылығында азық қорын  жасауға ерекше көңіл бөлу қажет.Ғылыми мекемелердің  деректері бойынша,   мал шаруашылығы өнімін өндіру деңгейі 59%-азықтандыруға, 24%-өсіру жағдайына және 17% -басқа технологиялық факторларға тәуелді.Мал шаруашылығы – агроөнеркәсіп кешеніндегі төменгі табысты сала, ол табиғи-климаттық факторларға тәуелді. Ондағы өндіріс мерзімдік, циклдық жағдайда жүреді. Оның үстіне ауыл шаруашылығы өндіргіш күштерінің даму тұрғысынан алғанда өнеркәсіпке қарағанда нашар. Сондықтан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өзгеріп отырған экономикалық және технологиялық жағдайларға байланысты өзгереді.

15.2 Мал шаруашылығы саласын орналастыру мен мамандандыру



Мал шаруашылығы тікелей өсімдік шаруашылығымен байланысты Жалпы аграрлық саладағы оң өзгерістерге шолу жүргізе отырып, мал шаруашылығындағы оңтайлы бетбұрыстарды атап өтуге болады. Мәселен, 2003-2004 жылдары республика бойынша мал шаруашылығы өнімдерін сатудан рентабельділік деңгейі 6,7 пайызға тең болды, ал бұл 2001-2002 жылдары  тек 1,1 пайызды құраған. Сонымен қатар  2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда ет өндірісінің көлемі 9,6 пайызға, сүт өндірісі 10,9 пайызға өсті. Қазіргі кезде өндірістің барлық салаларында нарықтық құрылымдарды дамыту қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты маңыздылығы мен ерекшелігі зор болып табылатын ет өндірудегі ет өнімдері нарығын дамыту қажет. Қоғамды ет және ет өнімдері нарығымен қамтамасыз ету әрқашан өзекті мәселе болып қала береді. Мал шаруашылығы жүйесінің жекелеген элементтерінің маңызы әртүрлі  табиғи –экономикалық аймақтар үшін және жан-жануардың түр-түрі үшін бірдей емес.Азықты пайдалану әдістері және мал ұстау тәсілдері бойынша мынадай мал шаруашылығы  жүйелерін  бөліктейді:1.Жайылымдық-ұдайы  көшпелі, отарлық-жайылымдық, тұрақты-жайылымдық, екпе-жайылымдық жүйе;2.Қоршаулы-жайылымдық жүйе-малға көбінесе табиғи  азық беріледі, орташа өнімділік құрама жем-азыққа негізделеді, мол өнімділік негізінен егістік немесе жоғары  өнімді табиғи азықпен коректендіру арқылы болмақ.3.Қоршаулы бағу –малды жыл он екі ай қора-қоршауда ұстап күту, қоршаулы-лагерлік жүйе.Мал шаруашылығының жайылымдық жүйесі. Қазақстанның оңтүстік, орталық, батыс облыстарындағы аудандарда кең тараған. Оның сипаты сол, мал жыл он екі ай маусымдық жайылымдарда болады. Жайылымдағы мал өнімділігі шамалы, сондықтан мал басы тығыздығы мен алаң бірлігіне есептегенде алынатын өнім онша үлкен емес. Бұл жүйе бойынша көбінесе қылшық жүнді, қаракөл мен ет-сүт бағытындағы қой шаруашылығы табындағы жылқы шаруашылығы және түйе шаруашылығы дамытылады.
Бұл жүйенің бір түрі отарлық  жайылым болып табылады,  жайылымдар көктемгі-жазғы уақыттарында, олардың ең көп өнімділік көрсеткіш кезінде пайдаланылады, ал басқа уақытта жан-жануар азық қорымен, мал жаппай паналармен қамтамасыз етіледі, малшылар үшін қажетті тұрмыстық жағдайлар көздестіріледі.Екпе –жайылымдық жүйе табиғи немесе шөп және басқа дақылдар егу арқылы жақсартылған азық алқаптарында малды жыл он екі ай  жайылымда ұстауды ең жауапты кезеңдерде өндірістік үрдістерге (бағып-күтуге, азықтандыруға, өсіруге) адамның белсене араласуымен үйлестіріледі. Қыста мал шөппен, сүрлеммен, құнарлы азықпен  қосымша қоректендіріледі. Жас төлдер паналарда ұстанылады және т.б. Қосымша шығындар салыстырмалы түрде аз  жұмсалған жағдайда бұл шаралар мал өнімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.Қоршаулы –жайылымдық немесе жайылымдық –қоршаулы жүйе. Мал шаруашылығының  бұл жүйесі Қазақстанның солтүстік аудандарында таралған. Мал қысқы кезеңде –негізгі жұмыстар механикаландырылған, арнайы жабдықталған орындарда, ал жазғы уақытта –қажетті қосымша жемі бар жайылымдарда ұсталады .Бұл жүйе азық алаңының 100 гектарына есептегенде мал басының жоғарғы тығыздығымен, азықтандыру мен ұстау жағдайларының жақсартылуын  жылдам сезінетін, жоғары өнімді мал тұқымын пайдаланумен, азық алаңының  гектарынан алынатын мал шаруашылық өнімін өндірудің жоғары деңгейімен  және өнім жыл бойына біркелкі алынуымен сипатталады. Қоршаулы –жайылымдық жүйенің жоғары өнімді түрі мал шаруашылығында кеңінен  қолданылады.Қоршаулы жүйе. Бұл –мал шаруашылығының ең өнімді  жүйесі. Бұл жүйе кезінде азықтандыруды қатаң нормалау, жан-жануарды іргелі қысқы қоралар мен жазғы лагерлерде ұстау, ұрықтандыру мен төлдету мерзімдерін реттеу, жыл бойы жоғары  және біркелкі өнім алу жүргізіледі.Осы жүйе  бойынша жан-жануар жылдың көп мерзімінде қораларда болады, тек әлсіздену  мен ауруға ұшырауды болдырмау үшін сыртқа серуенге шығарылады, жылдың он екі айында қоршауда ұстау кезінде қоршаулы-лагерлік деп аталатын жүйе қолданылады, яғни жан-жануар екпе жайылымдары  маңында құрылған лагерлерде жаздай ұсталады. Мал шаруашылығы жүйесінің негізін ұдайы табын толықтыру, яғни табыннан шығып қалу үшін малдарды сол тектес, бірақ көбірек өнімді, өзге мал басы мен жүйелі түрде ауыстырып отыру керек. Ұдайы толықтыру қарапайым болады, мұнда мал басының саны және жасы пен жыныстық топтарының ара-қатынасы өзгермейді, ұдайы өндіріс кеңейтілген түрде болады, мұндай кезде мал саны көбейеді. Ұдайы табын толықтырудың екі түрі де мал мен құстың тұқымдық және өнім бергіш қасиеттерін бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізіп, арттыра түсуі кездестіріледі, мұның өзі өнімді молайту мен арзандатуға және оның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Кәсіпорында ұдайы толықтыру қарапайым және кеңейтілген түрде ұйымдастырудың қайсысы жөн екендігі сатылатын өнім көлемі мен шаруашылықтың ішкі қажеттіліктеріне қарай белгіленеді.Ұдайы табын толықтырудың сипаты мен қарқыны биологиялық және ұйымдастыру-экономикалық факторларға байланысты болады. Биологиялық факторларға:малдың өсімталдығы, жыныстық және шаруашылық кемел жасы, буаздық ұзақтығы, төлдеу маусымдылығы жатады. Ұйымдастыру-экономикалық факторлар: аналық мал басын шаруашылықта пайдалану ұзақтығын, бір жылға төл санын, ұрықтандыру мен төлдеудің күнтізбелік мерзімдерін, іске жарайтын төлдің жасын қамтиды. Мәселен, сиырларды толық бағалы азықтандыру мен жақсы ұстауды ұйымдастыру, бұзаулағаннан кейін оңтайлы мерзімде қолдан ұрықтандыру, жұқпалы аурулардың алдын- алу қысырлықты және бұзаулау аралығындағы кезеңді (13-14 айдан 11-12 айға дейін) қысқартады демек, сиырларды шаруашылыққа пайдалану кезеңдерінде бұзаулардың тууы мен сүт саууды ұлғайтады. Жеделте өсіру кезінде екі жарым жылдың орнына бір жарым жылға өгізшелердің тірідей салмағы 400 килограммға жетеді, ал 1 кг салмақ өсіміне жұмсалған азық шырындары 10-12 кг азық бірлігінен 7,5-8 бірлікке дейін қысқарады. Нәтижесінде ұдайы табын толықтыру қарқыны артады және ұқсас, теңдес азықпен өндіру 1,5 есе көбейеді.
Мал басын көбейту алынатын төл санына, істен шығару мен табын жөндеу мөлшеріне тәуелді. Малдың өнімді түрде пайдалану мерзімі біткеннен кейін оларды оңалту мен бордақылауға, етке сату мен сойысқа жіберу істен шығару деп аталады. Табын жөндеу -табындағы малдың табиғи келуін қайтадан толтыру мен кеңейтілген ұдайы толықтыру шараларының жүйесі. Табын жөндеуге тұқым-тегінің өнімді қасиеттері және сыртқы мүсіні бойынша ең жақсы төл таңдап алынады да, олар оңтайлы мерзімде негізгі табынға қосылады.     Ұдайы табын толықтыруға жарамсыз төл табыны жөндеуден тыс саналып бордақылаудан соң сойысқа жіберіледі. Табын құрылымы, табын айналымы. Кез-келген шаруашылық табынында малдардың әртүрлі жастағы және жыныстық топтары болады. Мысалы, ірі қара мал табынында - бұқалар, сиырлар, бойдақ сиырлар, тайыншалар, торпақтар және тағы басқа, шошқа өсіру  шаруашылығында - еркек шошқалар, негізгі мегежіндер, бір жылғы шошқалар, екі айға дейінгі торайлар мен 2 айдан 4 айға дейінгі торайлар, бордақы шошқалар болады.Табындағы малдың жас және жыныстық топтары және ара-қатынасы жалпы мал басына қатысты  түрінде есептелген мөлшері-табын құрылымы деп аталады. Ол кеңейтілген ұдайы толықтыру міндеттеріне сай болуға, яғни табын жөндеуге лайық төлді неғұрлым көбірек алу мен өсіруге және сапалы өнім өндіруді ұлғайтуға жағдай жасауға тиіс.Табын құрылымы саланың бағытына тәуелді. Табын құрылымына ықпал ететін факторларға: іске жарамды, жөндеуден тыс төл басын; шаруашылықтың жоспары бойынша табынның жылдық өсімінің белгіленген пайызын; жан-жануардың өндірістік жарамдылығының мерзімі мен соған байланысты оларды істен шығару пайызын; төлдеу жилігін; төлдің алынуын; төлдеу мерзімдерін жыл бойына бөлуді; алғашқы шағылыстыру сәтіндегі жан-жануарлар жасын жатқызуға болады. Мал шаруашылығында табынның анық нақты және ұйымдастыру құрылымын ажыратады. Табынның анық нақты құрылымы деп малдың жас және жыныстық топтарының нақтылы күнтізбелік мерзімге қалыптасқан қатынасын айтады.Табынның ұйымдастыру құрылымы-болашағы мол оңтайлы құрылым. Бұл құрылымды құрастыру кезінде мал шаруашылығының бағыты, малдың тұқым-тегінің тез жетілуі, өнімділігі, жан-жануардың жарамдылық мерзімі, ұдайы толықтыру жоспары, азықтандыру тұрпаты және тағы сондайлар ескеріледі.Табынның ұйымдастыру құрылымы:-әрбір мал басына шаққанда жыл сайын барынша мол өнім алынуы;-мал шаруашылығы өнімін керекті күнтізбелік мерзімде алу жөніндегі бизнес-жоспарды шаруашылықтың жүйелі түрде орындалуын;-мал басын ұдайы кеңейтілген түрде толықтыруды қамтамасыз етуге тиіс.Дұрыс жинақталған табындағы нақты құрылым ұйымдастыру құрылымына дәл келеді. Саланың әртүрлі өндірістік бағыттарына және басқа жағдайларға сәйкес табын құрылымының бірнеше ұтымды тұрпаттары белгілі.Әрбір  түрлі мал табыныңда үнемі өзгерістер болады: мал төлдейді, асыл тұқымды мал және кәдімгі мал сатып алынады, малды етке сату жүргізіледі, жетілген төл үлкен мал топтарына  қосылады. Малдың әртүрлі жастағы және жыныстық топтарындағы мал басының жыл бойына немесе басқа бір уақыт мөлшеріндегі (жарты жылдық, тоқсан, ай сайынғы) қозғалысы табын айналымы деп аталады. Табын айналымын құрастыру кезінде мал мен құсты мынандай топтарға бөледі:-мал шаруашылығында-бұқалар, сиырлар, бойдақ сиырлар, екі жылдан асқан тайыншалар, бір жылдан асқан тайыншалар, торпақтар, өгізшелер және әр жастағы мал, бордақыдағы ересек мал, өгіздер;-шошқа өсіру шаруашылығында-тұқымдық еркек шошқалар, негізгі мегежіндер, тексерістегі ұрғашы шошқалар, 2 айға дейінгі торайлар, жас шошқалар, бордақтағы шоқалар-қой шаруашылығында-қошқарлар, ересек сектер мен еркек тоқтылар, саулықтар, ұрғашы тоқтылар, бір жасқа дейінгі тоқтылар мен сектер, биылғы жылғы қозылар, бордақтағы ересек қойлар;-құс шаруашылығында: тауықтар, оның ішінде-жұмыртқалайтын тауықтар, тәулікті балапан, 60 тәулікке дейінгі балапан, 61 тәуліктен 150 тәулікке дейінгі тауықтар, етті және етті жұмыртқа бағытында сондай-ақ 151 тәуліктен 180 тәулікке дейінгі тауықтар; үйректер бойынша-ересек үйректер, тәулікті балапан, 60 тәулікке дейінгі балапан, 61 тәуліктен 180 тәулікке дейінгі үйректер.Табын айналымын құрастыру алдында осы топтар бойынша мал мен құстың бар болуын; жан-жануардың күн сайын айналымнан шығуының мөлшері мен рет-тәртібін; малдың шағылысуы мен төлдеуінің мерзімдерін және төл алуын, өткізуге, тұқым алуға және тағы басқаларға арналған жекелеген мал топтарының шаруашылықта болуының ұзақтығын; ұдайы табын толықтыру үшін әртүрлі топтардағы төл санын және осы төлді негізгі табынға қосу мерзімін анықтайдыТабын айналымын құрастыру үшін мал төлі жөніндегі есептеулерді күні бұрын жүргізу қажет. Бұл - алынуға тиісті аналық мал санын анықтау және бұған дейінгі кезеңде малдың шағылысуы туралы деректер негізінде болашақ төлдерді айларға бөліп есептеу болмақ.Табын айналымын есептеу әртүрлі шаруашылық кезеңдерге қарай күнтізбелік жыл, тоқсан немесе ай, қоршаулы немесе жайылымдық маусым бойынша жасалады.  Жылдық айналымды бөлу жиілігі мал шаруашылығы саласына тәуелді. Ірі қара мал бойынша жасына қарай болатын негізгі өзгерістерді аңғару үшін тоқсандық табын айналымдары да жеткілікті.Шошқа өсіру шаруашылығында, әдеттегіше, айлық табын айналымдары жасалады, мұның өзі аналықтан айырғанға дейінгі торайлар мен жөндеу немесе бордақылау топтарына көшірілген, 2-4 айдан асқан жас шошқаларды есепке алуға мүмкіндік береді.Табын айналымдары шаруашылық бойынша малдың барлық түрлерінен алынатын ет өнімін анықтайды. Сүт сиырлардың орташа жылдық мал басын жобалық өнімділікке көбейту арқылы алынады.  Жүн өнімі орташа 1 қойдан қырқылған жүнді жыл басындағы қойлардың мал басына көбейту арқылы айқындалады.  Бал мен балауыз өнімі жоба бойынша ара ұяларының санын бір ара ұясынан бал мен балауызға көбейту жолымен анықталады.Мал шаруашылығының жалпы өнімін өндіру көлемі тауарлы өнім жоспарының орындалуын және шаруашылықтың ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тиіс.Мал шаруашылығынан алынған өнім мөлшері бұл талаптарға қаншалықты сай екенін тексеріп білу үшін өнім балансы жасалады, соның барысында тауарлы өнім айқындалады.Мал шаруашылығы өнімінің бір бөлігі өндірістік мұқтаждарға бөлінеді. Бұл - азықтандыру үлгісінде көрсетілген нормалар бойынша жас төлді ішкізетін сүт, мәселен, бір торғайға 0,2 ц сүт жұмсалуы керек.Тауарлы өнім мал шаруашылығының жалпы өнім мен шаруашылық ішінде пайдаланылатын өнім арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады. Тауар өнім ең алдымен бизнес-жоспардың  орындалуын, тұтынушыларға әр түрлі арналар бойынша өнім өткізілуін қамтамасыз етуге тиіс.

Әдебиеттер: (6,12,14).
7- тақырып: Жануарлардың шаруашылық және медициналық маңызы.

  1. Жануарлардың шаруашылықтағы пайда – зияны.

  2. Жануарлардың медицинада алатын орны

Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір клеткалы организмдер және көп клеткалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырларсаңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1,5 млрд. жыл бұрын клетка формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Протерозойэрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиолярияларфораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс]органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.

Әдебиеттер: (10,9,16,18).
Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

  1. тақырып: Жануарлар экологиясын зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Жануарлардың экожүйеде иеленетін орны.

Әдебиеттер: (11,13,18).

2-тақырып: Қоршаған ортаның негізгі абиотикалық факторларының (жарық, температура, ылғал т.б) жануарларға әсері. Ортаның факторларын жануарлардың сезініп жауап қайтаруы. Бейімделу оның түрлері.

Әдебиеттер: (3,6,8,9,17)

3- тақырып: Жануарлардың экологиялық топтарға бөлінуі. Факторлардың ауытқу мөлшеріне жануарлардың төзімділігі.

Әдебиеттер: (3,6,8,9,17).

4- тақырып: Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық және тәуліктік құбылыстар, олардың қоршаған орта факторларымен байланыстылығы. Жануарлардың тіршілік сипатының әртүрлі маусымда және күн мен түн сағаттарында өзгеруі. Тұрақты және кездейсоқ өзгерістерге жануарлардың жауап реакциялары.

Әдебиеттер: (3,8,9).

5- тақырып: Жануарлардың кеңістіктегі бағдары. Кеңістікті бағдарлау қабілетінің жануарларға маңызы. Жүйке жүйесі дамымаған және дамыған жануарлардың кеңістікті бағдарлау ерекшеліктері

Әдебиеттер: (5,8).

6- тақырып: Антропогендік факторлардың жануарлар тіршілігіне әсері. Антропогендік әсерлердің (егістік, мал шаруашылығы, өндіріс, қала, орман кәсіпшілігі, аң аулау) жануарларға кері әсері. Алуантүрлілік азаюы, қоршаған ортаның өзгеруі, экологиялық тепе-теңдік өзгеруі.

Әдебиеттер: (6,12,14).

7- тақырып: Жануарлардың шаруашылық және медициналық маңызы. Шаруашылыққа зиянды және пайдалы жануарлар. Ауру тудырушы, ауру қоздырушы егістік, орманды зақымдайтын жануарлар туралы таныстыру

Әдебиеттер: (10,9,16,18).
Зертханалық сабақтардың мазмұны

1-зертханалық жұмыс: Жануарлар экологиясының теориялық және практикалық мәні Әдебиеттер: (11,13,18).

2-зертханалық жұмыс: Қоршаған ортаның негізгі абиотикалық факторларының жануарларға әсері және жануарлардың жауап реакциялары.

Әдебиеттер: (3,6,8,9,7)

3-зертханалық жұмыс: Экологиялық талаптарына сәйкес жануарларды экологиялық топтарға бөлу

Әдебиеттер: (3,6,8).

4-зертханалық жұмыс: Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық және тәуліктік құбылыстар, олардың қоршаған орта факторларыменбайланыстылығы.

Әдебиеттер: (3,6,8,9,7)

5- зертханалық жұмыс: Жануарлардың кеңістіктегі бағдары

Әдебиеттер: (5,8)

6- зертханалық жұмыс: Антропогендік факторлардың жануарлар тіршілігіне әсері. Әдебиеттер: (6,12,14)

7- зертханалық жұмыс: Жануарлардың шаруашылық және медициналық маңызы. Әдебиеттер: (10,9,16,18)
Студенттердің өздік жұмыстарына арналған тақырыптары
1. Биотикалық факторлар: Жануарлардың өзара қарым-қатынасы (комменсализм, паразит, жыртқыштық). Әдебиет: [8], [9], [3]

2. Жануарлардың тіршілік ортасына (ауа, су, топырақ, басқа ағзаның денесі) бейімделуі. Әдебиет: [1], [3], [5], [7],[8].

3. Жануарлардың популяция санының реттелу механизмі. Әдебиет: [3], [8], [9].

4 Адамдар-жануарлар тіршілігінің шектеуші факторы.

5. Зиянкес жәндіктер, олардың жаппай көбею себептері. Әдебиет: [4], [8], [9],

[10], [15], [16].


СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру түрі


Бақылау түрі

Сағатқа шаққан

дағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері


ДС қатысу

15

2

жірибелік сабақтарға дайындалу

Конспект

СЖ қатысу

15

3

Семинар сабақтарды қорғау

Ауызша жауап беру

Сабаққа қатысу

8

4

Зертханалық жұмыстарға дайындалу

Есеп беру

ЗЖ жіберілу

15

5

Аудиториялық сабақтың мазмұна кірмеген материалды меңгеру

Конспект


Сабаққа қатысу

25

6

Бақылау шараларына дайындалу




1 МБ, 2 МБ

Тестілеу


12

Барлығы:

90


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет