6 Тақырып. Кейбір педагогикалық технологиялар. Деңгейлеп оқыту технологиясы. Оқытуда компьютерлік технология. Бағдарламалап оқытудың жалпы сұрақтары
Педагогикалық технология мәнi.
Педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде қолданылады.Жалпы педагогикалық — педагогокалық жүйе ұғымының синонимi. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдiстерi, оқыту процесiнiң субъектілерi мен объектiлерiнiң әрекет алгоритмi кiредi.
Салалық (пәндiк) — бір пән шеңберiндегi оқыту, тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негiзделген әлiстер мен құралдар жиынтығы.
Локальдiк (молдульдiк) — жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды қалыптастыру, дара қасиеттердi қалыптастыру және дамыту сабағының технологиясы, жаңа материалды меңгерту Технологиясы, қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы, жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы.
Салалық (пәндiк) және локальдық (модульдiк) деңгейлеп оқыту) әдiсiмен үндес,.тек айырмашылық технологияды процессуалдық өлшемдiк, сапалық және вариативтiк-бағдарлық компонеттерге басым көңiл бөледi.
Технология әдiстемеден оқыту әрекеттерiнiң өңдеуге болатындығымен ерекшеленедi.
Педагогикалық технология құрылымы:
1. Концептуалдық негiзi.
2. Мазмұндық бөлiгi:
• Жалпы оқыту максаты;
• Нақты оқыту материалының мазмұны:
3. Процессуалды бөлiгi — технологиялық процесс.
• Оқыту процесiн ұйымдастыру;
• Оқушының оқу әрекетiнiң әдiстерi мен түрлерi
• Ұстаздың оқу материалын меңгеру процесiн басқару әрекетi
• Оқу процесiн диагностикалау..
Әдiснамалық талаптар:
1 Концептуалдық негiзiнiң болуы. Қандай технология болса да философиялық, педагогикалық, асихологиялык ғылыми тұжырымдамаға негiзделуi тиiс.
2. Жүйелiлiгi. Педагогикалық жүйенiң барлық бөлiктерiнiн логикалық байланыста болуы шарт.
3. Басқаруға оңтайлығы, диагностикалық болжау жасауға, жоспарлауға,нәтижені өңдеу, өзгеріс енгізу мақсатында әдiстәсiлдердi кезектеп пайдалану мүмкiндiгi болуы керек.
4. Тиiмдiлiгi, Бiлiм беру стандартын қанағаттандыруы тиiс.
5. Қайталауға жарамдылығы. Басқа ұжымда дәл осы күйде қолдануға мүмкiндiктiн болуы.
Педагогикалық технологиянын даму кезi мен құрамдас
бөлiктерi болып:
- әлеуметтiк өзгерiс және педагогикалық жанаша ойлау:
- педагогика, психология, қоғамдық ғылымдар:
- отандық шетелдiк тәжірибелер, ескi мен жаңа:
- этнопедагогика болып табылады.
Әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiндегi педагогикалық технологиялардын ғылыми философиялық негiзiн мыналар құрайды:
Сцентизм адамзат қоғамының мәдениет жүйесiнде ғылым мен техника рөлiн даралап бағалау.
Табағаттәндiлiк адамның табағи мүмкiндiктерiн ескерудi уағыздаушы көзқарас, адам мен табиғаттың ‚үйлестiгiн басшылыққа алу.
Гуманизм (iзгiлiктiк) - әлеуметтiк құбылыстарды бағалау өлшемi, адамның жағдайы,қоғам қағидасы — теңдiк, әдiлеттiлiк.
Теософия дiни бағыттағы мектептердiң негiзi. Ол ұлттық педагогикадан терең тамыр алады, жастарды жақсылық пен жамандық аражiгiн ашуға тәрбиелейдi. Антропософия — адамның рухани құндылығын зерттеушi бағыт.
Прагматизм — тұлғаның интеллектуалды және
адамгершiлiк сапалары, оның табиғи жаратылысы. Оның көрiнуi тек адамдық ерекшелiктеріне байланысты. Ол адамгершiлiк сапаларды қалыптастыру емес, табиғи берiлген қабiлеттi дамытуды өзiн-өзi реттеужағдайының алғы шарты деп есептейдi.
Экзистенциализм - адам өзiн-өзi жасаушы деген ойды басшылыққа алу.
Педагогикалық технологияларды мынадай топтарға жинақтауға болады:
1 .Педагогокалық қарым-қатынасты демократиялық және iзгiлiк негiзiнде құру педагогикалық технологиясы:
ынтымақтастык педагогикасы;
- iзгiлiктi-тұлғалы оқыту технологиясы:
— адамгершiлiктi қалыптастыруға негiзделген әдебиеттi оқыту жүйесi (Е.Н.Ильин).
2.Оқушы әрекетiн жандандыру және жетiлдiру негiзiндегi оқыту технологиясы:
- ойын-сабақ технологиясы;
- проблемалық оқыту:
- модульдiк оқыту технологиясы (М.М.Жанпейiсова):
- Шаталовтың тірек конспектiсi негізінде оқыту технологиясы
- Е.И.Пассовтың коммуникативтiн оқыту жүйесi. 3. оқу процесiн ұйымдастыру және басқару тиімдiлiгiне негiзделген оқыту технологиясы:
- бағдарламалап (программалап) оқыту;
- дифференциалдап оқыту:
- даралап оқыту
- ұжымдық және топтық оқыту тәсiлдерi;
- компьютерлiк технология.
4.Әдiстемелiк жетiлдiру және дидактикалық қайта өңдеу негiзiне қарай құрылған оқыту технологиясы:
- iрiлендiрiлген дидактикалық бiрлiктер (П.М.Эрдниев):
- «Мәдениет диалог» (В.С.Библер, С.Ю.Курганов);
- «Экология және диалектика» жүйесi (Л.В. Тарасов);
- ақыл-ой әрекетiн сатылап дамыту теориясын жүзеге асыру технологиясы М.Б.Волович).
5. Табиғат әндiлiк, ұлттык педагогика әдiстерiн пайдалануға негiзделген оқыту технологиясы:
- «Сауаттылыққа тәрбиелеу технологиясы (Кушнир)
- М.Монтессори технологиясы
6. Альтернативтi оқыту технологиясы:
- Вальдорф педагогикасы (Р.Штейнер):
-еркiн еңбек технологиясы (С.Френе):
7. Кешендi политехнологиялар:
«Школа самоопределения»(А.Н.Тубелький);
- «Школа для всех» (Е.А.Ямбург):
— «Школа парк» (М.Балабин).
Молдульдік оқыту технологиясы
Бiлiм беру саласында жиi көтерiлiп жүрген мәселелердiң бiрi оқушыларды өзiн-өзi басқаруға үйрету. Осы мақсатты алға қойып, өз тәжiрибиеде оқытуды жаңаша ‚ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығуын арттыру мақсатында әрбiр сабақты түрлендiрiп өткiзу әдiстерiн енгiзу керек. Жаңа технология әдiстерi оқушылардың шығармашылық қабiлеттерiн арттырып, өз бетмен жұмыс iстеуге, қорытындылар жасауға, жүйелi бiлiм алуға жетелейдi. Өйткені, модульдік оқыту технологиясында оқытудың әр түрлi белсенді формаларын (топтық, жеке топтық, диспуттар, т.б.) қолдануға мол мүмкiндiктер бар.
Модуль дегенімiз үлкен бір жүйе, мунда оқушы бiлімдi жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрiнде жүйеленген бiлiм алады.Өзiн-өзі дамытуға, бірiн-бiрі оқытуға, кітаппен жұмыс iстеуге үйренедi, қосымша әдебиеттен білiм алуға баулу арқылы дарынды балалармен жүйелi жұмыс істеуге мүмкiндік туады.
Жалпы бiлiм беретiн мектептің модульдiк бағдарламаларын құрастыру мүмкiндiктерiн жете зерттеулерде бiз мынадай ұстанымдарды назарда ұстаймыз:
Ақпараттар жиынының мазмұнды дидактикалық мақсатқа сүйенiп жасауын және соның белгiлерiне (танымдылық немесе әрекеттiк) қатысты танымдық,немесе операциялық тәсiлiнiң қолданылуын ескеретiн мәлімет беруматериалының мақсатты бағыты:
-модульдік бағдарламаның және жеке модульдердiң құрылысының анықтамасында iске асатын, ентеграцияланған, құрамдық және жекелеген дидактикалық мақсаттың үйлесім табуы:
- модульдегi оқу материалының толықтығы, - модуль элементтерiнiң бiршама дербестiгi; - керi байланыстың іске асуы;
-ақпараттық және әдістемелiк материалды үйлесiмдi түрде жеткізе білу(баяндау, тусiндiру)
-дидактикалық мақсатты жасаудағы белсендiлік әрекет: -оқыту мазмұнының функционалдығы. Модульдiк оқытудың басты мақсаты оқытудың ұйымдастырылуы бойынша және мазмұны бойынша адам бойындағы осы сәттегi қажеттiлiктi қанағаттандыруда кепiлдiк беретiн әрi жаңа қажеттiлiктi анықтайтын икемдi бiлiм беретiн құрылым құру /10/. Модульдiк оқыту теориясының басты ұғымы модул ұғымы болып табылады. Модульдiк оқытудың бiраздан берi қолданып келе жатқанына қарамастан, оны түсiнуде, оның мазмұн құрылымын түрлендiруде, оқыту әдiстерi мен түрлерiн өңдеуде әлi күнге дейiн әр түрлi көзқарастар бар. Модуль деп бiз өзiне дидактикалық максаттарды, оқу материаялының логикалық аяқталған бiрлiгiн (пәнiшiлiк және пәнаралық байланыстар сақталған), әдiстемелiк нұсқау-ды (дидактикалық материалды қоса) және бақылау жүйесiне енетiн оқу пәнiнiң дараланған ұйымдастыру -әдiстемелiк құрамын түсiнемiз. Оқытудың модульдiк тәсiлi оқытудың мақсаты мен мазмұнын, танымдылық белсендiлiктi басқару әдiстерiн өзгертудi қалайды. Оқытудың максаты оқу-тәрбие үрдiсiнiн барлық бөлiктерiн бiр жүйеге байланыстыратын басты дидактикалық ұстаным болып табылады. Мақсаттар маман даярлау жүйесiнің барлық жадпы бағытын айқындайды. Дифференциалды оқыту технологиясы Оқытуда, оқушылардың барлық ерекшелiктерiн ескерудi жүзеге асыратын құрал -дифференциация болып табылады.
Дифференциацияның мәні — оқушыларды бөлу емес, оларды бiрiктiруде дер кезiнде дифференциалды көмек көрсету.
Тиiмдiлiгi — мұғалiм оқушылардың жұмысын бақылап қана қоймай, осы уақытта әрбiр оқушымен жекеше жұмыс жасайды. Мұнда оқушылар үш режимде жұмыс iстей алады: мұғалiммен бiрiгiп, жеке және өз бетiмен мұғалiмнiң жетекшiлiгiмен.
В.М.Монахов. В.А.Орлов және В.В.Фирсов дифференциациялап оқытудың келесi формаларын ұсынады:
— iшкi (деңгейлік)дифференциацая - барлық оқушылардың мiндеттi даярлық базалық деңгейiн меңгеруге, бiлiмдi қабылдауда әр түрлi деңгейдiң бөлiну негiзiнде олардың жеке ерекшелiктерiн ескерiп, ұйымдастыруда оқытудың әдiсi, формасы және тәсiлiнiн жиынтығы. Авторлар алғаш рет iшкi дифференциацияны оқытудын нәтижелерiн жоспарлауда деңгейлiк дифференциация жүйесiнiң формасында жүзеге асыру мүмкiндiгiн көрсеттi:
- сыртқы дифференциация -бiлiм беру мазмұны және
оқушыларға ұсынылған талаптар ескерiлетiн, белгiлi принциптер негiзiнде (қызығушылық,қабiлеттiлік, нәтижеге жету, бейiмделгiштiк) тұрақты топ құру.Қазiргi кезеңде мектепте екi түрлi сыртқы дифференциация қолданылуда: факультативтi сабақтар және жеке пәндердi тереңдетіп оқыту сыныптары. Егер 8-9 сыныптар арасында пәндердi терендетiп оқыту сыныптары талаптанбаса, онда мектептiң жоғары сыныптарын маңызды профильдеу пайдалы. Бұл бiлiм беру мазмұнының ерекше маңызды мәселесiн белгілейдi:
— элективтi дифференциация бұл оқушыларға мiндетті оқу пәндерiмен қатар бiрнеше пәндердi қосымша ретiнде оқуға құқық беру. Дифференциациялап оқыту процесінде оқушылардың бір топтан екiншi топқа көшуi мүмкін. Көшу немесе ауысу оқушының даму денгейiнiң өзгеруінен, сабақта бiлiм алуда қызығушылығының тууна талаптануда, оқу бағыттылығының жоғарылауы және кемшiлiктердi толықтыруында қамтамасыз етiледi.
Қашыктықтан оқыту технологиясы
Қазіргi уақытта бiлiм беру жүйесiнiң алдында тұрған мiндеттердiң бiрi: күнделіктi iс-әрекетiмiзге қазiргi акпараттық технологияны енгiзу және бiлiм беру субъектiлерiнiң ақпараттық өзара байланыстарын, қарым-қатынастарын қамтамасыз ету, яғни бiлiм беру саласын ақпараттандыру. Бұл мiндеттi жүзеге асыру үшiн жоғары оқу орнында қашықтықтан оқыту жүйесiн ұйымдастыру болып табылады. Ол үшiн қашықтан оқытуға дәл анықтама берiп, оның теориялық жақтарын әр түрлі денгейлерден қарастыру керек.
Соңғы кездерi педагогикалық әдебиеттерде қашықтықтан оқытудың педагогикалық мәселелерiне көп назар аударылып жүр.
Қолданыстағы алғашқы көздердiң- сипатауларында ғылыми көзқарас байқалады. Түрлі мақалаларды салыстыра отырып, қашықтықтан оқыту - бұл әдеттегi күндізгi немесе сырттай оқудан көп айырмашылығы мен артықшылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы. Ол студент пен оқытушының, студенттердiң өзара карым-қатынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені,оқытуды ұйымдастырудың өзгеше түрiн ұсынады.
Сөйтiп, қашықтықтан оқыту деп:
- кейс технологиясын,
- интернет технологиясын;
телекоммуникациялық тенологиясын немесе оқытудың барлық формаларындағы қолданылатын технологиялардың қосындысын түсiнемiз.
Қашықтықтан оқыту бұл мақсатқа бағытталған және әдiстемелiк ұйымдастырылған оқу-танымдық әрекет және ара қашықтықтан оқу акпаратын алмасу құралдары (интернет желi арқылы компьютерлiк байланыс, радио, спутниктік теледидар жане т.б.) негiзiнде арнайы ақпараттық бiлiм беру орталықтарының көмегiмен бiлiм алушылардын дамуы.
Қашықтықтан оқытудың ақпараттық-бiлiм беру ортасы дегенiміз бiлiм алушылардың бiлiмге деген қажеттiлiгiн қанағаттандыруға негiзделген мәлiметтер, ақпараттық ресурстар, өзара қарым-қатынас хаттамалары, аппараттық-бағдарламалық және ұйымдастырушылық-әдiстемелiк қамту құралдарының жиынтығы.
Қашықтықтан оқытуды сырттай оқуға ұқсатудың қажетi жоқ, себебi бұл жерде оқытушымен және бiлiм алушылардын тракты байланысы бар, күндiзгi оқудың барлық жағы, оқудың ерекше формасы ескерiле отырып қамтылған.
Оқытудың ақпараттық технологиялары Бiлiм беру жүйесiнiң дамуындағы мұндай беталыстар мен өзгерiстер жаңа ортаның — ақпараттық қоғамның пайда болуына байланысты екендiгi жоғарыда айтылды. Мұндай беталыстарды Қазақстанның мектептерiнде жүзеге асыру үшiн оқу орындарына жаңа ақпараттық технологияларды, оқыту әдiстерi мен түрлерiн заманға сай бiлiм берудi енгiзу жүргiзiлуде. Жаңа оқыту технологиялары бiлiм сапасын көтеруге ықпалын тигiзiп қана
Қоймай, бiлім беру қызметіндегі бәсекеде өзiнiң мүмкiншiлiгiн арттыруға ықпал етедi. Бiлiм беру пропесіне жаңа ақпараттық технологияларды, оған оқыту әдістерi мен түрлерiн енгiзу акпараттық өнімдердің, құралдардың, технологияның негiзiнде педагогикалық процестердi қайта құруға байланысты шаралар кешенiн қабылдауды, яғни бiлiм берудi технологияландыру жүзеге асырылуда. «Ақпараттық» ұғымы В.И.Першиков пен Савинков В.М. «ақпарат» сөзi латынша «iпfоrmаtion» қоғамның жалпы бiлiмдiлiк сұранысын анықтайтын мазмұн деген анықтаманы бередi. С.И.Ожегов сөздiгi бойынша «бiр нәрсенiң жағдайы туралы мәлiметтер беретiн хабарлама» деген анықтама берiлген. Акпараттық технология ХХ ғасырдын 70-80 жж. ерекше мәнге және қазiргi заманғы мағынаға ие болған ұғым. «Ақпараттық технология» ұғымын алғаш рет қолданысқа енгізген В.Глушков болатын. Автор оған былай анықтама бередi: «Ақпараттық технология дегенiмiз — ақпаратты өңдеумен байланысты процестер». Ал В .Апатова болса В. Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседi «ақпаратты өңдеу процесiнде қолданылатын құралдар мен әдiстер жиынтығы». Оқытудың ақпараттық технологиясын бiлiмдi жаңаша беру мүмкiндiктерiн жасау (педагогикалық iс-әрекеттi өзгерту, бiдiмдi қабылдау, бiлiм сапасын бағалау, оқу-тәрбие процесiнде оқушының жеке тұлғасын жанжақты қалыптастыру үшiн акпараттық технологияньң қосымшасы деп түсіну керек.
Интерактивтi оқыту әдістерi
Оқытудың интерактивтi формаларын енгізу — қазiргi жоғары оқу орындарында студенттердi даярлауды жетiлдiрудiң маңызды бағыттарының бiрi. Қазiргi кезде негiзгi әдістемелік инновациялар интерактивтi оқыту әдiстерiн қолдану мен байланысты.
«Интерактивтi оқыту»түсiнiгi 1990 жылдардын ортасында пайда болды. Көптеген ғалымдар Интернет желiсiнiң даму бастамасы және компьютерлiк жүйелерді қолдану арқылы оқыту ретiнде түсіндіредi. Ал басқалары өзара әрекеттесу қабiлетi
ретінде қарастырады немесе бір нәрсемен (компьютер) немесе мен біреумен (адам) диалог режимiнде болуы деп түсiндіредi.
«Интерактивтi» сөзi ағылшын тiлiнен шыққан, яғни «interact» аударғанда « inter»- өзара, ал «асt» -әрекет ету дегендi бiлдiредi. Интерактивтi оқыту бұл танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың арнайы формасы, ол нақты және жобаланатын мақсаттарды түсінеді. Мұндай мақсаттардың бiрi студент немесе тыңдаушы өзiнің жетiстiгiн, ақыл-ойының жағдайын сезiп, жабықталған оқу шарттарын құрудан тұрады, ал оқыту процесiн өнiмдi етедi.
Педагогикада оқытудың бiрнеше модельдерiн ажыратады:
—пассивті -оқушы оқытудың «объектiсi» ролiнде алға шығады (қарайды және тыңдайды):
- белсендіру (активная) — оқушы оқыту субъектiсi ретiнде
алға шығады (өздiк жұмыстарын орындау, шығармашылық тапсырмалар):
-интерактивті өзара әрекеттесу. Оқытудың интерактивтi моделiн қолдану өмірлі жағдайларды модельдеудi, рольдiк ойындарды қолдануды, мәселен бiрiгiп шешуді болжайды. Оқу процесiне қандай да бір қатысушының немесе қандай да бiр идеяның басым болуы жіберiлмейдi. Студент әрекет объектiсiнен өзара әрекетесу субьектiсiне айналады, ол өзiнiң жеке жолымен жүрiп, оқу процесiне белсендi түрде қатысады.
-Интерактивті оқыту әдісі- бұл оқушылардың танымдық және комуникативтік әрекеттерiн ұйымдастырудын- арнайы формасы. Интерактивтi сабақтарда мұғалiмнiң орны
оқушылардың әрекеттерін сабақтың мақсатына жетуге бағыттау болып табылады. Интерактивті сабақтардын негiзiн оқушылар орындайтын интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалар құрайды. Интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалардың кәдiмгiлерден айырмашылығы — оларды орындау барысында оқушылар оқыған материалды бекiтiп қана қоймай, сонымен бiрге өздiгiнен iздену нәтижесiнде жаңа бiлiмдер алады.
Сонымен, оқытудың интерактивтi әдiстерiнiң басты ерекшелiк белгiсi педагог жағынан көмекшiлiк бағытын колдау және оқушыларға жағдай жасай отырып, оқу процесiндегi олардың ынта-ықыласы болып табылады,
Жобалау әдiсi
Оқушылардың зерттеу жұмысын ‚ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты, әрi жүйелі түрде бағыттау керек екенi — бүгін күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігi күннен-күнге артуда.
Бұл технология әлемдiк педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тiлiнен аударғанда «cooperative lеarning» бiрге үйрену деген мағынаны бiлдiредi.
Түсiндiрме сөздiкте оған төмендегiдей анықтама берiледi:
жобалау технологиясы — оқушылардың жоспарлау және күрделене беретiн тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретiн бiлiмі.
Жобалау технологиясы ХIХ ғасырдың екіншi жартысында АҚШ-та ауылшаруашылық мектептерінде пайда болған. Оның негiзiн қалаған Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ болған. Джон Дьюидiң iлiмiн жалғастырушы
Колумбия университетiнiң жанындағы мұғалiмдер колледжiнiн профессоры Уильям Херд Килпатрик болды.
Жобалаудың негiзгi міндеті- балаларды өмiр жағдайында зерттеуге және iзденуге, мәсаленi шешуге қажеттi құралдармен қаруландыру.
Жобалау әдiсiнің оқыту мақсаттары: «оқушылардың танымдық шығармашылық дағдыларын, өз бетмен бiлiмін жеттілдiру iскерлiгiн, ақпараттық кеңiстiкте бағдарлай бiлу iскерлiгiн, сын тұрғысынан ойлауын дамыту».
Жобалау әдісiнiң мәнi күтілетiн арнайы білiмдi игеруде мәселеге оқушылардың қызығушылығын ынталандыру және бұл мәселенi жобалау әрекетi арқылы шешуiн, алынған білiмдi iс жүзiнде қолдана бiлу iскерлiгiн, рефлекторлық облауын (Джон Дьюи терминологиясында сын тұрғысынан ойлауын) дамыту.
Сонымен, жобалау әдiсi оқушылардың болашақта кәсiби істерiнiң жетiстiгi үшiн қажеттi құзыреттiлiктi қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл әдiс балалардың сабақтан тыс iсәрекеттерін ұйымдастыру формасы болып табылады.
1.Модульдiк оқыту технологиясы ?
2. Дамыта оқыту технологиясы дегеніміз қалай түсінесін?
3. Ынтымақтастық технологиясы ?
4. Қазiргі ақпараттық тенологиялар ?
Негiзгi әдебиеттер: 2,5, 8, 13, 25.
Қосымша әдебиеттер: 8, 10, 15,
7 Тақырып. Тәрбиелеу технологиялары. Коммунистік тәрбие берудің советтік кезеңінің технологиясы. Ұжымдық тәрбиелеудегі А.С.Макаренконың «қатал» технологиясы. И.П.Иванованың ұжымдағы шығармашылық тәрбиелеу технологиясы. В.А.Сухомлинскийдің гуманистік ұжымды тәрбилеу технологиясы. Индивидтандырылған тәрбиелеу технологиясы.Тәрбилеу технологиясы. (Л.И.Новиковның, В.А.Караковскийдің, Н.Л.Селиванованың) Жүйелілік тәсілдер арқылы тәрбиелеу технологиялары. Оқыту процесіндегі тәрбиелеу.
Педагогикалық талаптар дегенiмiз адам өмiрiнде қайшылықтардың объективті түрде көрiнiс беруi. Педагог баланы мәдениет контекстiне жетелей отырып, оны мәдени жетiстiктерге байытып, сонымен бiрге физиологиялық және рухани күш жiгер жұмсауға да үйретедi. Педагогикалық талап - өмiрдiн, мәдени нормаларының қоғам мен адам үшiн маңыздылығын ашып көрсету және баланын өмiрiн жаңа мәдениет деңгейiне көтеру. Педагогикалық талаптың мазмұнын, мәдениеттiң жаңа заманғы деңгейiн анықтайтын қатынастар құрайды, яғни адамға жаңа мәдениет денгейiнде өмiр сүруге мүмкiндiк беретiн адамның дүниедегi құндылық қатынастарының жиынтықтары. Педагогикалық талаптың бiр түрi ол шапшан педагогикалық аналитикалық ойлауды педагогокалық операцияны тудырады, яғни педагогикалық талапты құнды мәнiмен толықтыратын, қоршаған орта объектiлерiнiң құндылықты түрде түсiндiру операциясын тудырады. Педагогикалық операция қойылып отырған норманың мақсатқа лайық болуын қамтамасыз етедi. Сонымен бiрге мәдениет нормаларына сәйкес келетiн формаларды қабылдайды. Ендi осы жалпы вербальды формаларды тiзбектеп шығайық, олар
өтiнiш - кеңес нұсқау - iскерлiк тапсырма - бұйрық.
Мұндағы бұйрык формасы күрделi жағдайларда ғана
қолданылады, өтiнiш ол универсальды және дәстүрлi форма.
Сонымен бiрге педагогикалық талаптың вербальды емес
формалары да бар, олар
Таңырқау – ренжу- пауза — ашу — қаймығу — шеттелу.
Педагогикалық талапты мәселелерiн талқылау үшін, оны
технологиялық өңдеуден өткiзу керек.
Педагогикалық талап қою технологиясы — педагогикалық талап — баланы жаңа мәдени контекстiге енгiзу педагогқа берiлген қоғам мен мәдениеттiң өкiлеттiлiгі. Бұл мәселелер 5 түрлi кәсiби ережелер көмегiмен шешiледi. Олар балалардың даму деңгейiн жеңiлдетедi, балалардың даму денгейiн жоғарлатуға мүмкiндiк бередi.
1.Талапты логикалық ақырына дейін жеткізу керек, яғни талап қою кезiнде педагог әрбiр баланы назардан тыс жiбермей, талаптың- соңона дейін орындалуын күту керек. Мұндай талаптың арқасында, топта сыйластық, тыныштық, сабаққа басынан аяғына ,дейiн дайындық,мұқият тындау атмосферасы орнайды.
2.Талаптың позитивтi, яғни оңды сипаты болу керек. Біз баланың даму барысында педагогтын бала үшiн негiзгi iс-әрекетін бiлдiрiп, оның дене және рухани күшін дамытуға күш салады. Осыдан балалар бiр-бірiне мұқият назар аударып, еңбекке қабiлеттiлiк танытып, оқуға мұқият назар аударып, еңбекке қабiлеттiлiк танытып, оқуға мұқият қарап өзiне және педагогқа деген сыйластығы артта түседi.
3. Әлеуметтiк нормалардың орындалуын жеңiлдетететін инструкцияларымен бiрге балап қою, яғни талаптың орындалыуна техникалық позицияда қарау. Талаптың орындалуын жеңiлдететiң инструкция балаларды жай зарлы көңіл-күймен толыктырады, олар өз өмiрi үшiн педагогтың рөлiне қандай екенiн түсiне бастайды үлкендерге деген расымшылдықты түсiнедi.
4.Қойылатын талап бәріне де қолайлы болуы керек, яғни баланың даму денгейiне сәйкес келуi керек. Бұдан педагог пен бала арасында қайырымды қатынастар орнап, балаларда ашық мінез бен сенiмдiлiк қалыптасады.
5.Қойылған талаптар негiзiнде оқушыларға сол талаптардың бөлшектерiне назар аударту.
Сонымен осы аталған 5 түрлi ерекшелiктердің тиiмдiлiгiн тексеру мәдени нормаларды меңгерудiң уақытша мерзiмiн анықтайцды. Бұл мерзiм 14 күнге созылады, яғни 2 аптаға. Екi аптадан кейiн балалармен жұмыс жеңіл, қарапайым, көңiлдi өтедi. Мұндағы педагогтың шеберлiгi берiлген технологиялық ережелердi бiлуiнде емес, балаға қайырымды, нәзiк, қатынасты сақтай отырып, оларды жүзеге асырады.
2.Педагогикалық технологиядағы келiспеушiлiктi шешу жолдары.
Педагогикалык келiспеушiлiк — объективтiк әлеуметтiк
технологиялық құбылыс, әлеуметтiк нормаларды жасаушы мен оларды орындаушы арасындағы келiспеушiлiк болып қалады.
Келiспеушiлiк — объективтi, пайдалы, қызықты және әрбiр субъект үшiн iштей мәңге ие. Келiспеушiлiктiк шешiлуi әрқашан алға деген қозғалыс, яғни адамның рухани байюы. Бiрақ келiспеушiлiк бiздi күштi психологиялық күшке салады, яғни ренiш, кайғы, жағымсыз естелiктер, осылардан кейiн адамдар арасындағы қатынастар бұзылады. Келiспеушiлiктi мына белгiлермен көрсетуге болады
S-1 0 S-2
Келiспеушілiк кезiнде мүделердi қарсы келiп қалатын екi субъект көрiнiс бередi. Олар мысалы, тұлға мен тұлға арасындағы персонал аралық келiспеушiлiк, топ пен топ аралық келiспеушiлiк, топ iшiндегi тұлға мен тұлға арасындағы келiспеушiлiк, тұлға арасындағы мен жiне мен арасындағы келiспеушiлiк.
Келiспешiлiктегi субъектiлердi айқындау деген келiспеушiлiктi шешуге қадам бас деген сөз.
Сонымен келiспеушiлiктi шешудiн бiрнеше шарты бар.
1 .Келiспеушiлiкке келген субъектiлердiн- әрқайсысын кезекпен тыңдау, келiспеушiлiктiң мазмұнын, оның объектiсiн анықтау керек, мұндағы объектiлер келiспеушiлiктiң мәнiн қарайды.
2.Екi жақтық мүдделерiнiң обектiсiн нақты белгiлеп, келiспеушiлiктiң мазмұнын анықтайалу. Кейде келiспеушiлiктiң объектiлерi болмайды, оны бос келiспеушiлiк дейдi. Екi адамның бiреуiнiн көңiл күйi нашар болғандықтан болған жағдайға ұрыс
жанжалмен жауап бередi. Ал жалған келiспеушiлiк әр түрлi мүдделердегi объектiге не екi субъектiнiң қақтығысы.
3.Бұл жағдайда келiспеушiлікке қатысушылардың көңiл күйiн ескерiп, мұндайда келiспеушiлiктi шешпей кейiн қалдыру.
Келiспеушiлiктi шешудiң ендi тәсiлдерiн қарастырайық қалжыңдау, аялау, компромисс, аралык сот, ситуацияны талдау, ультимотум, қатынасты уақытша үзу. Ендi осыларға жеке —жеке тоқталайық.
1.Қалжындау бұл ең жеңiл тәсiл. Буұл қалжын психологиялық күшпен арылтып, негізгi қайшылықтың мәнiне терең үңіліп, дұрыс шешім табуға көмектеседі, бұл балаларға өте ұнайды.
2.Аялау — басқаны сыйлай бiлетiн адамдар үшін ең жеңiл тәсiл. Аялау тәсiлi баланы жандандырып күш беред,болған жағдайды тыныш түрде шешуге көмектеседi. Бұл тәсiл көбінесе балалық шақта қолданылады,яғни балаға деген аялау, сүйiспеншiлiк сезiмдерi оның еркiн дамуына көмектеседi.
З.Компромисс — екi субъектiнің бiрдей келiсiмi, компромиске басқаның мүддесi үшiн барады.
4.Аралық сот — бұл екi қарсыластық жол таба алмай қалған кезiнде үшiншi бiр адамның мұны шешуі.
5.Ситуацияны талдау — болған оқиғаның себеп салдарының байланысын анықтап келіспеушiлiктi шешуiң күрделi тәсiлi. Бұл жағдайға екі субъект ситуацияны талдай алмайды, өйткенi олардың ақыл-ой деңгейлері әр түрлi.
6.Ультиматум — талап орындалмаған кезде қоқанлоқы көрсету. Ультиматум қойылады, егер қарама — қарсы екi жақтың бiреуi келiспеушiлiктi шешуден бас тартып, барлық жауапкершiлiк бiр адамға жүктелсе. 7.Қатынасты уақытша үзу келiспеушiлiктi шешудiң екі соңғы жолы, белгiлi бiр уақытқа байланысты үзу. Ендi келiспеушiлiктi шешудiң деструктиві тәсiлдерiн қарастырайық. Бұл тәсiлге қатынасты үзiп тастау, қарсыласынды басып тастау, қарсыласыңды жою сияқты жатады. Бұл деструктивтi тәсiл келiспеушiлiктi шешудiн екі қауiптi тәсiлi, өйткенi ол қырып жою, басып жаншу сипатына ие. Мұнда ең алдымен адам және онымен қатынасты шешіп алып кейiн келiспеушiлiктi болдырып тұрған затты шешу керек.
Сонымен педагогикалық талап қою мәселесi талап қоюдың педагогикалық шарты, талап қою технологиясы, талап қою процессiндс келiспеушiлiктi шешу.Педагогикалық
талаптарды орындау барысындағы балаларды бағалау сияқты мәселелер арасында тығыз байланыс бар. Педагогитың қолданған осы операцияларын игеру жүйесiнде, педагог балалармен ұйымдасқан, қарапайым, жеңiл нәтижелi де тиімдi түрде жұмыс iстей алады. Педагогтың технологиялық iскерлiгiне қойылатын нормативтi талаптар. Негiзгi технологиялық процедуралардың бiрi бақылау, бұл оқу қызметiн педагогикалық тұрғыдан басқарудың құрамдас бөлiгi болып табылады. Бақылау педагогикалық процестің бүкiл жүйесiнiң жай анықтаушы тәсiл ретiнде өте қажет. Оқыту процесi кезiнде бақылау педагогикалық басқарудың диагностикалық этапы ретiнде көрiнiс табады. Бақылау мақсаты және нәтижемен тiкелей байланысты. Бақылаудың қатысуымен оқыту процесiнде нормативтi көрсеткiштер мен технологиялық iскерлiктерді қалыптастырудың шынайы қол жеткiздiрген деңгейлерi арасындағы байланыстар белгiленедi. Бұл анықталған сәйкестiктер оқыту процестерiн реттеуге мүмкiндiк бередi. Нормалар белгiлi бір мақсатта берiлiп, күтетiн нәтижелерде бейнеленедi. Бұл нормагивтi көрсеткiштер қол жеткiзген нәтижелердi бағалаудын өлшемдерiн құрайды. Оқыту процесi кез-келген өндiрушi күш процесс скияқты, оларды белгiленген мақсаттармен салыстыру үшiн қажеттi және қолданатын шынайы нәтижелердi бағалаудың өз параметрлерiне де ие. Педагогикалық процесс барасында, педагогикалық қызметтiң құрылымын сипаттайтын iскерлiктер айқын көрiнiс бередi. Оларға технологиялық iскерлiктегi функциональды топтар, яғни әдiстемелiк психологиялық-педагогикалық, диагностикалық, бағалаушы эксперименттік және ғылыми зерттеулер.
Педагогикалық талаптар дегенiмiз адам өмiрiнде қайшылықтардың обьективтi түрде көрiнiс беруi.Педагог баланы мәдениет контекстiне жетелей отырып, оны мәдени жетiстiктерге байытып, сонымен бiрге физиологиялық және рухани күш жiгер жұмсауға да үйретедi. Педагогикалық талап - өмiрдiң мәдени нормаларының қоғам мен адам үшiн маңыздылығын ашып көрсету және баланың өмiрiн жаңа мәдениет деңгейiне көтеру. Педагогикалық талаптын мазмұнын, мәдениеттiң жаңа заманғы деңгейiн анықтайтын қатынастар құрайды, яғни адамға жаңа мәдениет деңгейiнде өмiр сүруге мүмкiндiк беретiн адамның дүниедегi құндылық қатынастарының жиынтықтары. Педагогикалық талаптың бір түрi ол шапшан педагогикалық аналитикалық ойлауды педагогикалық операцияны тудырады, яғни педагогикалық таланты құнды мәнiмен толықтыратын, қоршаған орта объектiлерiнiң құндылықты түрде түсiндіру операциясын тудырады. Педагогикалық операция қойылып отырған норманын мақсатқа лайық болуын қамтамасыз етедi. Сонымен бiрге мәдениет нормаларына сәйкес келетін формаларды қабылдайды. Ендi осы жалпы вербальды формаларды тiзбектеп шығайық, олар
өтiнiш -кеңес -нұсқау- iскерлiк тапсырма - бұйрық.
Педагогикалық талап қою технологиясы педагогикалық талап — баланы жаңа мәдени контекстiне енгiзу үшiн педагогқа берiлген қоғам мен мәдениеттiң өкiлеттiлiгi. Бұл мәселелер 5 түрлi кәсiби ережелер көмегiмен шешiледi. Олар балалардың даму деңгейiн жеңiлдетедi. балалардың даму деңгейін жоғарлатуға мүмкiндiк береді.
1.Талапты логикалық ақырына дейiн жеткiзу керек, яғни талап қою кезiнде педагог әрбiр баланы назардан тыс жiбермей, талаптын соңына дейiн орындалуын күту керек. Мұндай талаптың арқасында, топта сыйластық, тыныштық, сабаққа басынан аяғына дейін дайындық, мұқият тыңдау атмосферасы орнайды.
2.Талаптың позитивтi, яғни оңды сипаты болу керек. Бұл баланың даму барысында педагогтың бала үшiн негізгi іс-әрекетiн бiлдiрiп, оның дене және рухани күшiн дамытуға күш салады, осыдан балалар бiр-бiрiне мұқият назар аударып, еңбекке қабiлеттiлiк танытып, оқуға мұқият назар аударып, еңбекке қабiлеттiлiк танытып, оқуға мұқият қарап өзіне және педагогқа деген сыйластығы артта түседі.
3.Әлеуметтiк нормалардың орындалуын жеңiлдететiн инструкцияларымен бiрге балап қою. яғни талаптың орындалуына техникалық позицияда қарау. Талаптың орындалуын жеңiлдететiн инструкция балаларды жайдарлы көңiл-күймен толықтырады. Олар өз өмiрi үшiн педагогтың рөлiнiң қандай екенiн түсiне бастайды, үлкендерге деген расымшылдықты түсiнедi.
4.Қойылатын талап бәрiне де қолайлы болуы керек, яғни баланың даму деңгейiне сәйкес келуi керек. Бұдан педагог пен бала арасында қайырымды қатынастар орнап, балаларда ашық мiнез бен сенiмдiлiк қалыптасады.
5 .Қойылған талаптар негiзiнде оқушыларға сол талаптардың
бөлшектерiне назар аударту.
Кәсiби-педагогикалық қарым-қатынастьң технологиясы
Оқу-тәрбие процесiнде қолданылатын қазiргi бiлім жүйесi мазмұны және технологиясы жағынан вариативтiлiгiмен, алуан түрлiгiмен ерекшеленедi. Жаңа технологиялардын пайда болуы педагогтан шығармашылықты, жоғары кәсiби шеберлiктi талап етедi.
Iс-әрекеттiң субъектiсi ретiнде педагог оқутәрбие процесiн басқарып, оның бiлiмдiк, тәрбиелiк ерекшiлiктерiн қамтамасыз етедi. Педагогикалық әрекеттiң дамуы тәрбиеленушi мен педагогтың жеке басының дамуына әсер етедi. Әрбiр педагог өзiнiн кәсiби шеберлiгiн дамытуға тырысуы керек. Шығармашылық деңгейде оқу —тәрбие процесiн қантамасыз ететiн шебер педагогтың сапалар жиынтығы көп. Бiздiң көзқарасымызша, оларға азаматтылық пен патротизм, гуманизм мен интеллегенттiлiк, жоғары рухани мәдениет пен жауапкершiлiк, еңбек сүйгiштiк пен жұмысқа қабiлеттiлiк жатады. Педагогтың басты сапалары адамзатты сүю мен адамдармен қарым-қатынас жасай алу болып табылады.
Кәсiби шеберлiк оқу-тәрбие процесi педагогқа да, тәрбиеленушiге оңай және қызықтыратын қылдырады. Шеберлiк педагог пен баланың аз күшiн жұмсап, жоғары оптималдық нәтижелерге жетуге мүмкiндiк бередi.
Педагогикалық техникада қарым-қатынас
негiзгi орын алады. Педагог үшiн қарым-қатынас — бұл кәсiби
әрекеттің түрi. Педагогтың басты қаблеттерi балалардың әрекетiн ұйымдастыруға бағытталуы қажет. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың құралдарына сөз,даыс, интонация, көз қарас, жест, сезiм жатады. Балалармен қарымқатынас процесiн ұйымдастыруда педагог белгiлі бiр талаптарды орындауы қажет: өзара түсiнiстiк, сенiмдiлік бiлдіру. Бiз кәсiби педагогикалық қарым-қатынастың құрылымын теренiрек қарастырмақпыз. Осыдан кәсiби педагогикалық қарым-қатынастың сатыларын бөліп қарастырамыз: болжамдық, қарым-қатынастың бастапқы кезеңi, қарым-қатынасты басқару, қарым-қатынас жүйесiнің талдауы
1.Педагогикалық технологиядағы келiспеушiлiктi шешу жолдары қалай түсінесін?
2. Педагогтың технологиялық iскерлiгiне қойылатын нормативтi талаптар?
3. Кәсiби-педагогикалық қарым-қатынастың технологиясы дегенімз?
Негiзгi әдебиеттер: 5.9. 17. 19.
Қосымша әдебиеттер: 1.2. 10.
Достарыңызбен бөлісу: |