Гомологиялық мүшелерге мысал: сыртқы түрі ұқсас болғанымен, атқаратын қызметтері әр түрлі
Анатомиялық дәлелдер жеке мүшелер, сондай-ақ тұтас ағзаны салыстырып, қатарлап орналастыруға негізделген. Атап айтқанда алғашқы эволюциялық теория пайда болғанға дейін трансформистер (Сент Илер) дәлелдеудің осы тобын негізге алған. Мүшелердің құрылысын зерттеп, олардың күрделенуін қадағалап байқау Ламаркты эволюциялық идеяға итермеледі. Ламарк жүйке және қантарату жүйесін салыстыра отырып, жануарлар тобында кластан класқа, типтен типке күрделенудің үздіксіз қатарын бақылап жүрді. Бүгінгі күні тірі ағзалардың туыстас топтары біртіндеп күрделене түсетініне тіпті өздерің-ақ қорытынды жасайсыңдар. Бұл ең алдымен жеке мүшелер мен олардың жүйелерінің мүлде жетілуінен көрініс береді. Мәселен, ішекқуыстылардың шашырап таралған жүйке жүйесі жалпақ құрттардың сатылы жүйесіне орын берді. Бұдан соң буылтық құрттарда сатылардың екі жүйке желісі бір құрсақ жүйке тізбегіне бірікті. Ол ұлулар мен буынаяқтыларда орнықты да, ең жоғары жаралымды өкілдерде 2 - 3 бөлімді ми түзді. Желілердің жүйке түтігі одан әрі эволюция жолымен дами берді. Балықтардың бес бөлімді миы қосмекенділерде (әсіресе алдыңғы миы) ірілене түсті. Ақырында құстардың мишығында ирелендер пайда болды. Оның есесіне алдыңғы мидың үлкен сыңарлары ұлғая-ұлғая мидың өзге бөлімдерін жауып қалды. Ал сүтқоректілерде мишығында ғана емес, алдыңғы мида үлкен ми сыңарларында қыртыс түзді. Бунақденеқоректілерде (ең ежелгі және қарапайым қағанақтыларда) ол нашар дамиды. Алайда приматтарда (адам да соларға жатады) ми барынша дами түсті. Осыған ұқсас кез келген өзге мүшелер жүйесінің анатомиялық дәлелін қадағалап бақылауға болады. Бұл үдеріс сүйек жүйесі, каңқа эволюциясын айқын көрнекілейді. Көптеген омыртқалыларда өзгеруге қарағанда сүйек әлдеқайда сирек жойылды немесе пайда болды. Жер бетіндегі желілілердің барлығына дерлігінде аяқ-қолдарында барлығында бар сүйектер сақталып қалған. Алайда олардың құрылысы белгілі қызмет атқаруға бейімделген.
Генетикалық дәлел
Генетикалық дәлелдер хромосомалардың құрылысын, саны мен мөлшерін салыстыруға негізделген. Ағзалардың жақын туыстас топтарында алшақ топтарына қарағанда хромосомалары әлдеқайда көбірек ұқсас болады. Мәселен, астық тұқымдастар түрінің көпшілігінде хромосома саны жеті еселі. Демек, жаңа түрлер полиплоидтар нәтижесінде - хромосома санының еселеп өсуі арқылы түзілген. Бұлай болу үшін мейоз кезінде бөліну шүйдесінің жібі үзіліп, диплоидты гамета қалыптасуы және оның ұрықтануға қатысуы кажет. Адамда және адамтәріздес маймылдарда бар болғаны 2 хромосомаға айырмашылық бар. Адамда - 46, ал горилла мен шимпанзеде 48 хромосома болады. Сонымен бірге хромосомалардың мөлшері мен пішіні ғана емес, реңі де біріне-бірі сай келеді; бұл хромотин төсемінің, яғни ДНҚ-ның біркелкілігін дәлелдейді. Қазіргі заман әдістері едәуір нәзік молекулалық-генетикалық зерттеулер істеуге мүмкіндік береді. Талдауға адам және адамтәріздес маймылдар хромосомасынын, ДНҚ-сы алынады. Бастапқыда сынақтәжірибе аяқталғанда осы молекулаларды ажыратуды тану үшін оларды әр түрлі изотоптармен белгілейді. Бұдан соң ДНҚ ерітіндісін бірге құйып, 80- 90°С температураға дейін қыздырады. Мұндай температура кезінде ДНҚ «балқи» бастайды, яғни ондағы сутектік байланыс үзіледі де екі тізбекті молекулалар бір тізбекті болады. Еселену кезінде жасушада осыған ұқсас үдеріс етеді. Бірақ онда еншілес тізбектер синтезделгенге дейін қысқа мерзімде барлық молекулалар толық ыдырап, жасушаның шағын үлескісі ғана қалады. Бұдан соң температураны физиологиялың қалыпқа дейін (37°С) азайтады. Сөйтіп ДНҚ молекуласы өз құрылымын, яғни қос шиыршықты қалпына келтіре бастайды. Бірін-бірі толықтыру — тиминнің қарсысында аденин; цитозин қарсысында гуанин қағидасы бойынша сутектік байланыс түзіледі. Молекулалар өте ұзын, сондықтан едәуір ұзын үлескілерге негіздер жұбының үлкен мөлшері тура келуі қажет. Табиғи қалпына келтіру (ренатурация) соңынан талдау әдісімен маймылдардың және адамның ДНҚ-сын анықтайды. Түзілген қос шиыршықты молекула - ДНҚ - бұдан 82-90% болып шықты, яғни оның бір тізбегі - маймылға, екіншісі адамға тиесі. Олардағы нуклеотидтер реті едәуір тура келеді. Бұл генетикалық кодтың жақындығын, сондай-ақ сәйкестігін, туыстығын дәлелдейді. ДНҚ молекулаларын және нәруыздарды талдауға негізделген тағы да көптеген қазіргі әдістер бар. Ғалымдар солардың көмегімен тірі ағзалар арасындағы туыстық деңгейді жоғары дәлдікте анықтай алады. Бұл әдістердің дәлме-дәлдігі соншалық эволюциялық теорияны қолдау үшін ғана емес, туыстықты анықтау үшін де, сондай-ақ қылмыстылықты анықтап, зерттейтін бөлімде де (криминалистика) қолданылады.
[өңдеу]Биохимиялық дәлел
Екі хромосома бірігуінен кейін айтарлықтай із қалады:теломерлер(қызыл түспен берілген) және центромерлер(көк)
Биохимиялық дәлелдер молекулалық-генетикалық дәлелдерден кейінірек пайда болды. Бұл да сол қағидаларга негізделген, алайда мұнда негізінен жұмыс нәруыздардың аминқышқылды құрамымен жүргізіледі. Белгілі нәруыздардың әр алуан түрлеріндегі аминқышқылдардың реті айқындалады, сондай-ақ олардың ұқсастық дәрежесі бойынша туыстық дәрежесі туралы пікірлер айтылады. Әр алуан химиялық препараттардың реакцияларын зерттеу де осыған жатады. Жаңа дәрі- дәрмектерді сынау алдымен шимпанзеге жасалады, өйткені жануарлардың бұл түрі биохимиялық тұрғыдан адамға жақын. Бұдан басқа адам және адамтәріздес маймылдардың қан тобы ортақ. Биохимиялық тұрғыдан жақын әр алуан түрлер дарақтарына ұлпалары мен мүшелерін ауыстырып отырғызуға болады. Мәселен, сусамырмен (диабет) ауырған науқас тек адам инсулинін ғана емес, шошқанікі де пайдаланылады. Шұғыл жағдайларда адамға уақытша шошқа да бауыр доноры бола алады. Осының барлығы жақын туыстас топ ағзаларындағы биохимиялық үдерістердін, ортақтығын дәлелдейді және генетикалық ақпарат ұқсастығының салдары болып табылады. Ғалымдар биохимиялық эволюция карқыны, бір нақтылы нәруыздың өзгерісі едәуір тұрақтылығын анықтады. Осы деректерді пайдаланып, қандай да бір түрдің қашан пайда болғанын, яғни бастапқыдан дивергенциясын (айырылысуын) анықтауға болады. Алайда биологиялық эволюциялық қарқын биологиялық қарқыннан артта қалады. Сөйтіп биохимиялық жақын түрлердің маңызды морфологиялық және физиологиялық айырмашылығы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |