Эволюциялық ілімге қарсы жақтар Дарвиннің жаңа түрлердің түзілу теориясына көбінесе күдікпен қарайды. Алайда туыстар, тұқымдастар, отрядтар және кластар тәрізді ірі таксондар қалыптасуының табиғи сұрыпталу теориясына ешқандай байланысы жоқ.Макроэволюцияның секіртпелі емес, тұрақтылығын дәлелдейтін өліп біткен де, сондай-ақ қазір өмір сүретін өтпелі формаларының саны жеткілікті мөлшерде табылды. Оның үстіне бүгінгі күні өмір сүретіндерге қарағанда өліп біткен жануарлар мен өсімдіктер көп. Егер орасан көп мөлшердегі формалар ақыр соңында жойылып кететін болса, осыншама ұзақ уақыт аралығында соншалық алуан түрліліктің қандай жаратылу мәні бар? Атап айтқанда макроэволюциялық үдеріс туыстан дүниеге дейінгі ірі жүйелеу санатында қоса жүрді.
Эмбриологиялық дәлел
Суретте - бірайлық адам эмбрионы.
Эмбриологиялық дәлел әр алуан ағзалардың ұрықтық даму сатысын зерттеумен байланысты. Бұл саладағы ойдағыдай алғашқы маңызды зерттеулердің бірін Э. Генкель және Ф. Мюллер іске асырды. Олар биологияға биогенетикалық ұқсастық заңын анықтады. Оны қысқаша былай жазуға болады: «Онтогенез дегеніміз филогенезді қысқаша және толық емес қайталау». Онтогенез - бұл бір дарақтың туу үдерісінен өлгенге дейінгі жеке дамуы. Ал филогенез - бұл барлық тіршілік атаулының тарихи даму үдерісі. Биогенетикалық заң биологиялық терминсіз былай тұжырымдалады: «Әрбір тірі ағза ғаламшарда тіршіліктің даму тарихын тұтасымен қайталайды». Әрине біз өсімдіктердің даму сатыларын қайталамаймыз, сондай-ақ саңырауқұлақтар жануарлардың пайда болу жолын қайталамайды. Алайда тірі ағзалардың барлығына өздерінің ата тектерінің негізгі қалыптасу кезеңдері тән қасиет.
Ғаламшарда тіршілік біржасушалылар түрінде туындады. Тіршілік иелерінің барлығы бір жасушадан бастама алады. Оның адамда - зигота, саңырауқұлақта - спора немесе бақбақта партогенез (қыздықты көбею) кезінде ұрықтанбаған жұмыртқажасушадан пайда болуы мүмкін. Жұмыртқаның соңғы бөлшектенуі (бластула) кезеңінде көпжасушалардың ұрық сатылары қазіргі сары домаланғы (золотистый вольвокс) іспетті алғашқы шоғырлы көпжасушалылар сатыларына сай келеді. Ұрық жапырақшаларының (гаструла) қалыптасу сатысы бастапқыда - ішекқуыстыларға, ал кейінірек жалпақ құрттарға сәйкес болады. Ағза өз таксонына жеткенге дейін одан әрі дами береді. Бірақ негізгі межеден әрі ұзамайды. Жорғалаушылардың эмбрионы құстар сатысынан ешқашан өтіп кетпейді, сондай-ақ қосмекенділердің эмбрионы жорғалаушылардың сатысына өтпейді. Оның есесіне қосмекенділердің эмбриондары балықтар сатысынан өз сатысы бақаларға дейін едәуір ұзақ жол кешеді. Адам эмбрионында дами бастаған кезде жұтқыншағында желбезек саңылауы, желі, екі бөлімді жүрек, шеміршекті қаңқа пайда болады. Соңынан саңылаулар бітісіп, жүрек үш бөлімді, кейінірек төрт бөлімді бола бастайды. Шеміршекті каңқаны сүйекті қаңқа алмастырады, алайда сүйек ішінде куыстар (құстардағыдай) болады. Бастапқыдағы ми кепіршіктері түріндегі ми соңынан бес бөлікке бөлініп, жекеленеді. Біртіндеп алдыңғы ми ұлғаяды да үлкен ми сыңарларын түзеді. Бұдан соң мишықта және алдыңғы мидың үстінен қыртыс қалыптасады. Бұдан да көрнекі мысалдар бар. Қоңыздардың (әсіресе заузаның) дернәсілі және көбелектердің жұлдызқұрттары буылтық құрттар типіне жататын шұбалшаңды еске түсіреді. Атап айтқанда буылтық құрттар типі буынаяқтылардың ата тегі болып табылады. Өсімдіктерде де осыған ұқсас жайттар бар. Мүк спорасынан өсіп шыққан өскінше жіп тәрізді балдырға өте ұқсас. Шындығында да құрлықта өсетін өсімдіктерге алғаш бастама берген де осы балдырлар.
Көптеген даңқты эмбиологтар атап айтқанда биогендік заңға сүйенеді. Жануарлардың жүйедегі орнын анықтау көбінесе олардың ұрықтық сатыларын зерттеуге негізделеді. A. О. Ковалевский қандауыршаның желілерге тиесілі екені де осылай дәлелденді.Асцидиялар дернәсіл сатысында ғана желіні бірнеше сағат сақтайды. И. Мечников жөнө А. Ковалевский еңбектері негізінде арнайы ілім дамытылды. Ол ұрықтың дамуы негізінде омыртқалы жануарлардың барлық типтерінің, бірлігін ғана емес, ұрық жапырақшаларынан мүшелердің қалыптасу ортақтығын дәлелдеді. Биогендік заңның дамып, жетілдірілуіне ғалымдар И. Ф. Шмальгаузен жәнө A. Н. Северцов маңызды үлес қосты. Олар мүшелердің қайта құры лу тетігін зерттеді және белгілі эволюциялық, салдарына жеткізу үшін эмбриогенездің қай сатысында өзгеріс болатынын анықтады.
Палеонтологиялық дәлел
Археоптерикс
Палеонтологиялық дәлел өліп біткен тірі ағзалардың қазынды қалдықтарына негізделген. Бұл салада дәлелді мынадай екі топқа бөлуге болады: өтпелі формалар және филогенездік қатар. Өтпелі формалар деп бір мерзімде екі ірі жүйелік топтың белгілерін үйлестіретін ағзаларды айтады. Оған тек өліп біткендер ғана емес, сондай-ақ қазір де тірі ағзалар мысал бола алады. Мәселен, біржасушалы эвгленаларға жататын балдырлар фотосинтезді іске асыру мүмкіндігі болмаған кезде (жасыл эвглена)гетеротрофты жолмен қоректенуге көшеді, яғни олар өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы өтпелі форма. Клоақалы (жұмыртқалаушы) үйректұмсық пен түрпі (эхидна) - жорғалаушылар мен сүтқоректілер арасындағы жануарлардың өтпелі формасы. Ал тірі қазынды латимерия (саусаққанатты балық) — балықтар мен қосмекенділер арасындағы өтпелі форма. Қазындылардан ең мәлім өтпелі формалар - көнеқұс (археоптерикс) жәнеиностранцевий.Көнеқұс (археоптрикс) - жартылай құс, жартылай кесірт (ящер). Бұл - мөлшері қазіргі кептердей немесе сауысқандай, шағын денелі тіршілік иесі. Ол ағашта немесе жер бетінде өмір сүрді. Сірә, бір бұтақтан екіншісіне ұшып-қонып, едәуір қашықтыққа ұша алған болса керек. Кесірттерден көнеқұс қанатындағы тырнағы бар саусақтарды алған. Қабырғалары төс бөлімінде ғана емес, бүкіл омыртқа жотасы бойлай орналасқан. 20 омыртқасы бар нағыз сүйектен тұратын құйрығы болған. Көнеқұстың құстармен туыстастығы қауырсынды жабынының және қанатының болуы. Тұмсығы да бар, бірақ жақсүйектің түр өзгеру үдерісі аяқталмағандықтан, тұмсығында мүйізді қаптамасы болмайды. Қазіргі заманғы құстардың барлығы көнеқұс ұрпағы деп бір жақты тұжырым жасауға болмайды. Алайда зерттеушілердің көпшілігі көнеқұс осы заманғы қанаттылардың негізін қалаушысы деген пікірді қолдайды. Кенеқұстан басқа (әзірге 5 данасы табылған) геологиялық түрғыда сақталмаған немесе қазіргі құстар түріне бастама болған, әзірге палеонтологтар таба алмаған езге де өтпелі формалардың өмір сүруі мүмкін. Алайда біз көнеқұс мысалында жорғалаушыларды құстарға жеткізген эволюциялық өзгерістердің жолын бақылай аламыз.
Иностранцевий - екі түрден тұратын өліп біткен кесірттер туысы. Бұл тұрқы 3-3,5 м, басы үлкен (0,5 м) ірі жыртқыш жануар болған. Жиі-жиі оларды аңтісті кесірттер деп те атайды. Олардың тіске тән белгілері айқын көрінеді. Үстіңгі жақсүйекте ірі күрек тістері бар. Аузынан өте үлкен тістері сорайып шығып тұрады. Иттістер екі жағынан қысыңқы, имек және ішкі жағы ара тісті болып шектеледі. Азу тістері де бар. Тістердің күрек тіске иттіске және азу тіске бөлінуі сүтқоректілерге тән маңызды белгі. Жалпы айтқанда палеонтологтар кесірттерді әжептөуір жақсы зерттеді, өйткені олар едәуір бұрынырақ және ұзақ уақыт үстемдік етті. Олардың қалдығы көптеген мөлшерде табылды. Көптеген ғалымдар қазірдің өзінде қазіргі сүтқоректілерге тән ерекшеліктерің кесірткеде болуы туралы пікірді мақұлдауда. Мәселен, балыққесірткелердің (ихтиозаврлардың) тірілей туатыны (болжалды) байқалды. Ұшатын кесірттерде (ықтималдығы зор) төрт бөлімді жүрек болған. Сондай-ақ олардың түкті терісі және жылықанды екендігі де жорамалдануда. Жәндіктерде (омыртқасыздарда) де өтпелі формалар бар. Мысалы, өліп біткен қалқаншаян шаянтәріздестерден бастама алған өрмекшітәріздестердің алғашқыларының бірі болды деген болжам болды. Тұқымды қырықжапырақтар өсімдіктердің өтпелі формаларына мысал бола алады.
[Филогенездік қатарлар
Қазып табылған және эволюциялың жүйелілікте орналастыру арқасында бұрынғы қалпына келтіру мүмкіндігі болған осы заманғы жануарлардың (сирек те болса өсімдіктердің) барлық ата тектері осылай аталады. Палеонтология саласында ашылатын жаңалықтар өлі де жалғасуда, сондықтан бұл «қатар» үнемі толықтырыла түседі. «Филогенездік қатар» термині барлық ата тектерді түгелдей немесе түгелге жуық табу мүмкіндігі болып, жинақтама айтарлықтай толық болғанда қолданылады.Осы заманғы, мысалы, жылқы және адам үшін филогенездік қатарлар жақсы орналастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |