Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)


Қалдықтар мен арғы тектік белгілер



бет5/9
Дата09.06.2016
өлшемі1.07 Mb.
#124973
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қалдықтар мен арғы тектік белгілер


Жирафтағы қайтымды көмей жүйкесінің сызбасы

Қалдықтар (рудимент) мен арғы тектік белгілердің (атавизм) эволюциялық дәлел екені. Алыс ата тектеріне тән болған мүшелер қалдықтар (рудимент) деп аталады. Олар өз мәнін жойғанмен де түр бойында сақталып қалады.Киттектестердің жамбас сүйектері қалдықка мысал бола алады. Сулы ортада өмір сүруге көшуіне байланысты киттердің артқы аяғы өзгеріп (жойылып), өз міндетін жойғанына қарамастан, жамбас сүйектері сақталып қалды. Адамда да қалдықтар көп. Бүкіл адам денесіндегі (табанда, еріннің қызыл көмкермесі және алақаннан басқа) түк баданасы; омыртқа жотасының құйрық бөлігіндегі қалдық - құйымшақ; түктерді тікерейтуге қатысатын бұлшықеттерқұлақ қалқанын қимылдататын бұлшықеттер қалдықтарға жатады. Барлық қалдықтардың саны 200-ге дейін жетеді. Бұл мүшелер өмір бойы, әдетте, пайдаланылмайды, алайда біздің ата тектерімізің генінде болып, дамығандықтан, сақталып қалады.

Арғы тектік белгілер (атавизм) - бұл алыс ата тектерге тән белгілердің жеке дарақтарда пайда болуы. Мәселен, нәрестенің құйрықты болып, қосымша бездері (көпемізікті) немесе бүкіл денесін түк басып тууылуы мүмкін. Олардың пайда болуы біздің хромосомаларымызда адамтектес маймылдарға қарағанда алысырақ ата тектерің гендері бар екенін дәлелдейді. Ерекше жағдайларда бұл көне гендер «іске қосылып», арғы тектік белгілердің пайда болуына мүмкіндік береді. Бұл бағытта барлық дамыған елдерде зерттеулер жүргізілуде, әзірге мұндай құбылыстың ұрықтық сатыда өтетіні ғана мәлім. Ересек адамдар да, нәрестеде де құйрық «өсе» алмайды. Ол тумысынан не бар, не жоқ болуы тиіс. Арғы тектік белгілердің болуы зерделілікке, қабілеттілікке және мінезге ықпалын тигізбейді. Бұл адамдар айналадағылардың ұқыпты және биязы қатынаста болуын қажет етеді. Мұндай жағдайлардың әрқайсымызда кездесуі мүмкін. Біз үнемі еркіміз бен санамызга тәуелсіз пайда болуы мүмкін ежелгі көне гендерді сақтаудамыз. Алайда тек қоғамдағы өзіміз таңдап алған мінез-құлықтың өзіндік жолы ғана бізге тәуелді. Сонымен, Қазақстанның жас азаматтары әрқашан өзін өркениетті адамдарша, осы атаққа шынайы лайықты болуын қалар едік.
4. Ч.Дарвин ілімінің негізгі қағидалары

Тұқымқуалау өзгергіштігі – эволюциялық процесінің негізі. Тіршілік үшін күрес – эволюцияның негізгі факторы. Түраралық күрес. Түр ішілік күрес. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес. Тұқымқуалау өзгергіштігі мен тіршілік үшін күрестің нәтижесі – табиғи сұрыптау.



Чарлз Дарвин ілімінің шығу себептері. XVIII ғасырдың соңында Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етті. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дами бастады. Жануарлардың колтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару үшін селекциялық жұмыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Ірі қара, жылқы, шошқа, кой, ит, кептерлердің жаңа қолтұқымдары шығарылды. Жеміс-жидек, бақша өсімдіктерінің жаңа іріктемелері алынды. XIX ғасырда жаратылыстану саласында геология, физика, химия ғылымдары көптеген жетістіктерге жетті.

Ч.Дарвин ілімінің шығуы және оның алғышарттары. Ч.Дарвин ілімінің шығуына, негізінен, әлеуметтік жағдайлар және түрлі ғылым салаларының жетістіктері себеп болды. Әлеуметтік-экономикалық алғышарттары:

1) XVIII ғ. Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етуі;

2) өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы;

3) XVIII ғасырдың соңында өнеркәсіптің машина өндірісіне ауыстырылуы;

4) қолтұқымдар мен іріктемелер шығару үшін шаруашылықта селекциялық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі;

5) Англияда ірі қара, жылқы, шошқа, кой, ит, кептерлердің қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктердің іріктемелерінің шығарылуы.

Ғылымдағы жетістіктер


XIX ғасырда жаратылыстану саласында — геология, физика, химия ғылымдары көптеген жетістіктерге жетті:

1) A.M. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылысы туралы теориясының шығуы (1861 ж.);

2) Д.И. Менделеевтің элементтердің периодтың жүйесін жариялауы;

3) энергияның сақталу заңы, химиялық элементтердің атомдық құрылысының ашылуы;

4) ағылшын геологі Ч. Лайельдің ғаламшардағы геологиялық өзгерістер ерекше бір апаттың әсерінен емес, температура, жел, жаңбыр, өсімдіктер мен жануарлардың әсерінен үздіксіз өзгеріп отыратынын дәлелдеуі;

5) неміс ғалымдары М.Шлейден мен Т.Шванның барлық тірі организмдердің құрылым бірлігі — жасуша (клетка) екендігін дәлелдеп, жасуша теориясын ашуы;

6) омыртқалы жануарлар ұрығының дамуын зерттеу нәтижесінде балықтар, құстар мен сүтқоректілердің ұрығында желбезек саңылаулары болатыны, олардың туыстық жақын екендігінің дәлелденуі және т.б.

Жаратылыстанудың әр саласынан (геология, палеонтология, биогеография, эмбриология, салыстырмалы-анатомия, цитология, т.б.) жиналған деректер "табиғат өзгермейді" деген көзқарасты жоққа шығарды.


"Бигль" кемесімен саяхатта

Ч.Дарвин іліміне "Бигль" кемесімен саяхатта жинаған экспедициялық мәліметтері де зор себепші болды (5-сурет). Ч.Дарвин эволюциялық теорияны бірінші болып ашпағанымен эволюция — "өзгергіштіктің әсерінен болатын құбылыс және ол тек табиғи заңдылықтардың әсерінен дамитынын" түсіндіріп, эволюциялық процесті бірінші болып нақтылап берді. Ч.Дарвин түрлер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды тірі организмдердің әртүрлілігінің себептерін ашуды алдына мақсат етіп қойды. Саяхат кезінде оны, әсіресе Галапагосс аралының өсімдіктері мен жануарларының түр құрамы қатты қызықтырды. Бұл аралдан ол — күрделі гүлді өсімдіктер тұқымдасының 20 түрін жинап, құстардың 25 түрі мекен ететіндігін анықтады. Ол қунақтардың 13 түрін байқап, олардың қоректену ерекшеліктері туралы қорытынды жасады. Саяхаттан кайтып оралған соң Дарвин өзінің алдына түрлердің шығу тегін зерттеп шешу керек деген басты мақсат қойды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет