Шекті пайдалылық. Госсеннің бірінші заңы – шекті пайдалылықтың азаю принципі.
Шекті пайдалылық – тауардың қосымша бірлігін тұтынған кездегі тұтынушыға әкелетін қосымша пайдалылығы.
Талғамсыздық қисығының бойындағы алмастырудың шекті нормасын игіліктердің шекті пайдалылығымен байланыстыруға болады. Жиындағы у тауарының шамасын у-ке азайтсақ, бұл тұтынушыға зиян келтіреді. Пайдалылықтың азаю мөлшері у · MUу-ке тең болады. Тұтынушыны бұрынғы қанағаттандыру жағдайына жеткізу үшін у –тің азайған шамасын Х тауарымен толтырамыз, сонда пайдалылық мөлшері: х · MUх-ке тең болып өседі.
Ауыстырудың шекті нормасы талғамсыздық қисығының бойымен төмен қарай жылжығанда бірте-бірте азаяды. Себебі тұтынушы Х тауарының шамасын көбейткен сайын бұл тауардың әрбір қосымша бірлігі аз шекті пайдалылық әкеледі. 4.4-суретте А1- А4 нүктелері арасындағы ауыстырудың шекті нормалары көрсетілген. 4.2-кестеде 4.4-суретте бейнеленген талғамсыздық қисығының әрбір нүктесінде MRSxy –ті есептеуге пайдаланған мәліметтер берілген.
4.2-кесте
Жиын
|
У
|
Х
|
MRSxy
|
А1
|
10
|
4
|
|
А2
|
6
|
5
|
4 бірлік У-ті 1 бірлікХ-ке
|
А3
|
3
|
6
|
3 бірлік У-ті 1 бірлікХ-ке
|
А4
|
1
|
7
|
2 бірлік У-ті 1 бірлікХ-ке
|
Достарыңызбен бөлісу: |