3.2-сурет. Сиыр етінің бағасы
өсуінің құс етіне деген сұранысқа
тигізетін ықпалы
Ал 3.2 ә-суретте осы жоғарыда айтылған жағдайдың салдарынан құс етіне деген сұраныс қалай өзгеретіні көрсетілген. Сиыр етінің қымбаттауына байланысты, құс етіне деген сұраныс көбейеді де, сұраныс қисығы түгелімен D1-ден D2-ге дейін оңға жылжиды. Бұл жерде ескеретін нәрсе, құс етінің бағасы тұрақты деп ұйғарамыз. Сиыр етінің бағасы 150 теңге болғанда, тұтынушылар айына 10 кг құс етін алатын болған (D1 қисығының бойындағы А’ нүктесі), ал сиыр еті 200 теңгеге дейін қымбаттаған кезде олар айына 20 кг құс етін сатып алған (D2 қисығында В’ нүктесі).
3.2 а-суреттегі сұраныс қисығының бойымен жылжуды экономистер сұраныс көлемінің өзгеруі деп, ал 2.2 ә-суреттегі сұраныс қисығының түгелімен жылжуын – сұраныс өзгеруі деп атайды.
Сұраныс көлемінің өзгеруі қарастырып отырған тауардың бағасының өзгеруі нәтижесінде болады (вертикальді осьте көрсетілген айнымалы шама). Сұраныс өзгеруі (сұраныс қисығының түгелімен жылжуы) графикте көрсетілмеген бағадан басқа фактор әсер еткенде болады.
Келтірілген мысалымызда тұтынушылар сиыр еті қымбаттаған уақытта құс етін көп алатын болды, себебі бұл тауарлар бір-бірін ауыстыра алады.
Сонымен, егер бір тауардың бағасы қымбаттаған уақытта екінші тауарға деген сұраныс көбейетін болса, онда бұндай тауарларды экономистер бірін-бірі ауыстыратын немесе субститут тауарлар деп атайды. Мысалы, сарымай мен маргарин, пиджак пен свитер және т.б.
Тұтынушылар бірге қолданылатын тауарлардың бағасы өзгерген жағдайда басқаша іс-әрекет жасайды. Мысалы, автомобиль мен бензинді қарастырайық. Бензиннің 1 литрінің бағасы 30 теңге болғанда тұтынушы 1 жетіде 40 литр алады дейік, ал баға 40 теңгеге дейін көтерілгенде, сұраныс көлемі 30 литрге дейін кемиді.
2 .3а-сурет. өзгеріс сұраныс қисығының бойында болады.
3.3-сурет. Бензин бағасы өсуінің
автомобильге деген сұранысқа әсері.
Бензиннің 1 литрінің бағасы 30 теңгеден 40 теңгеге дейін жоғарылағанда, оған деген сұраныс көлемі 40 л-ден 30 литрге дейін төмендейді. Бұл жағдайда (2.3а-сурет) сұраныс көлемі өзгереді және өзгеріс сұраныс қисығының бойында болады. Ал енді осы уақытта автомобиль нарығында да өзгеріс болады (2.3ә-сурет), басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда автомобильге деген сұраныс азайып, сұраныс қисығы түгелімен солға жылжиды.
Ал бензиннің бағасының өзгеруінің салдарынан автомобильдің бағасы өзгермесе де оған деген сұраныс азаяды. 3.3а-суретте көрсетілгендей сұраныс қисығы түгелімен солға D1-ден D2-ге дейін жылжиды. Ал сұраныс көлемі А нүктесіндегі 100 бірліктен В нүктесіндегі 50 автомобильге дейін кемиді.
Сонымен, егер бір тауардың бағасы жоғарылаған уақытта, екінші тауарға деген сұраныс азаятын болса, онда бұндай тауарлардың бірін-бірі толықтыратын немесе комплементарлы тауарлар деп атаймыз.
Бірін-бірі толықтыратын тауарларға төмендегідей мысалдар келтіруге болады: автомобиль мен бензин, теннис ракеткасы мен добы және т.б.
Тауарға деген сұраныс көлеміне тұтынушылардың табысы үлкен әсер етеді. Бұл көрсеткішке байланысты тауарларды төмендегідей екі түрге бөлеміз: 1) нормалды немесе кәдімгідей; 2) сапасы төмен тауарлар.
Егер тұтынушылардың табысы жоғарылаған кезде, зерттеліп отырған тауарға деген сұраныс көбейетін болса, онда бұндай тауарды (табыстан басқа факторлар тұрақты болғанда) нормалды немесе кәдімгідей тауар деп атаймыз.
Мысалы, тұтынушылардың табысы өскен сайын сиыр етіне деген сұранысы көбейеді. Себебі сиыр еті диеталық және жеңіл қорытылатын тағам болғандықтан тұтынушылардың осы тағамға деген сұранысы жоғарылайды (бағасы өзгермеген жағдайда).
3.4-суреттен көріп отырғанымыз табыс өзгергенде сиыр етіне деген сұраныс өзгеріп, ал сұраныс қисығы түгелімен D1-ден D2-ге дейін оңға қарай жылжып тұр. Табысы аз кезінде сатып алушы бір айда А нүктесіне сәйкес 20 кг сиыр етін алған болса, ал енді табысы жоғарылағанда В нүктесіне сәйкес 40 кг ет алады. Суреттен көріп отырғанымыздай сиыр етінің бағасы А және В нүктелерінде тұрақты 200 теңге қалпында қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |