Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус) Орал 20 ж



бет15/80
Дата22.06.2023
өлшемі3.26 Mb.
#475304
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80
микроэк умкд Казиева А.Е.

«Баға тұтыну» қисығы.

Нарықтық жағдайда өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі. Сондықтан. Тұтынушылардың сұраныстарын зерттеп, олардың қандай заттарды сатып алғысы келетінін және қандай бағамен алғысы келетінін дер кезінде анықтаудың зор маңызы бар. Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс-әрекеттері «микроэкономиканың» тұтынушылар талғамы атты тарауында зерттеледі.


Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Осы тұрғыда, егер А, В, С тауарлар құрамы берілген болса, онда олардың ең жақсысын таңдау әр адамның кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан оны тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атаймыз.
Тұтынушылардың тауарлар құрамын дұрыс анықтауы олардың тек қалауларына тәуелді емес, өйткені өзі ұнатқан тауарларын сатып алуға тұтынушының қаражаты жетпеуі мүмкін. Демек, тұтынушының таңдауының қалыптасуына оның жалпы табысының шектеулі екендігі үлкен әсерін тигізеді. Егер табыс көлемі тұрақты болып, заттардың бағасы өсетін болса, онда тұтынушының сатып алу қабілеті кемиді. Бұл жағдай тұтынушының нарықтық ортадағы іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп, оның талғамының басқаша түрде қалыптасуына әкеліп соғады. Сондықтан тұтынушылар талғамын зерттеудің осы екінші кезеңінде бюджеттің шектеулілігі және оның тұтынушының талғамына тигізетін әсері туралы мәліметтер қарастырылады.
Үшінші кезең тікелей тұтынушылар таңдауын зерттеуге бағытталады. Үшінші кезеңде жоғарыда келтірілген тұтынушының нарықтық ортадағы іс-әрекетін шектейтін жағдайлар ескеріліп, тұтынушы қаражаты жететін және оған ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар құрамы анықталады. Егер тұтынушыға ең көп пайдалылық алып келетін және оның бюджетін қанағаттандыратын тауарлар құрамы анықталатын болса, онда бұл жағдай тұтынушының теңдестік жағдайы деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет