Лекция№3
Тақырыбы:
Квалиметрия нысандары. (3 сағат)
1.Өндірістік процесс,технологиялық процесс,техникалық жүйе және элементтері (техникалық құрал-жабдықтар
2.Өнім
2.1.Бұйым (машина құрылысы,жеңіл өнеркәсіп)
2.2.Материал
2.3.Өнім (химиялық,биологиялық)
3.Қызмет көрсету (ұжымдық,жеке адам,жұмыс)
4.Интеллектуалды өнім
4.1.Техникалық әдіс
4.2.Бағдарламалық өнім
4.3.Ғылыми өнім (тұжырымдама,әдістеме)
4.4.Басқа да материалды емес өнімдер (ұжымдық жүйе,сызба,карта)
Өндірістік процесс - өнімді жөндеу және дайындау үшін адамдардың әрекеті және еңбек құралдарының жиынтығы – ГОСТ 14.004-83.
Технологиялық процесс – еңбек заты күйін анықтау және өзгерту бойынша бағытталған әрекеті бар өндірістік процестердің бөлігі – ГОСТ 3.1109-82.
Технологиялық операция – бір жұмыс орнында орындалатын технологиялық процестердің аяқталған бөлігі – ГОСТ 3.1109-82.
Технологиялық жүйе – берілген техникалық процестер мен операцияларды орындау үшін өндірістік заттар мен орындаушылар жиынтығы – ГОСТ 27.004-85.
Технологиялық жиын – технологиялық жабдықтандырудың функционалды өзарабайланысты жиынтығы – ГОСТ 27.004-85.
Технологиялық жабдықтандыру құралдары – технологиялық процестерді жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік құралдар жиынтығы – ГОСТ 3.1109-82.
Технологиялық құрал-жабдықтар – материал мен дайындамалар сиятын технологиялық процестің белгілі бөлігі орындалу үшін қажетті құралдар – ГОСТ 3.1109-82.
Технологиялық жабдық – қосымша технологиялық жабдық – ГОСТ 3.1109-82.
Еңбек құралдары – еңбек затына бағытталған және соның көмегімен іске асатын құрал.
Еңбек заттары – еңбекке бағытталған заттар мен нәрселер,барлық нысандар.
Еңбек - өндірістік процесте еңбек құралдарын пайдаланып немесе жеке жүзеге асатын әрекеттері.
Өнім – жеке немесе қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін арналған және нақты өндірістік процесте алынған еңбектің материалды нәтижесі.
Бұйым – саны бір дана түрінде есептелетін өндірістік өнімнің бірлігі – ГОСТ 15865-77.
Материал – бұйым әзірлеу үшін қолданылатын еңбек заты – ГОСТ 3.1109-82.
Азық-түлік – бұйым емес, еңбектің материалды нәтижесі, қолдану үшін арналған.
Қызмет көрсету – біреуге көмек көрсету мақсатында жүзеге асатын қызмет немесе процестер (құрылыс, финанс, мәдениет, білім, ақпарат).
Интеллектуалды азық-түлік – талаптарды қамтамасыз ету немесе қолдану үшін арналған еңбек нәтижесі.
Технологиялық әдіс – техникалық қадағалау, жөндеу немесе техникалық процестегі әзірлеу сынақтары, өңдеу немесе жинау ережелерінің жиынтығы – ГОСТ 3.1109-82.
Бағдарламалық өнім – есептегіш техниканың алгоритмдік, математикалық және бағдарламалық құралдары.
Ғылыми өнім - өңдеу және ғылыми зерттеулердің математикалық нәтижесі.
Барлық өндірістік өнімді пайдалану кезіндегі қасиеттері бойынша 2 класс және 5 топқа бөлуге болады.
1 топқа шикізат және табиғи отын, мысалы, мұнай, газ, пайдалы қазбалар, тұзды тас, қарапайым құрылыс және сәндік материалдар, бағалы минералдар.
2 топқа материалдар мен өнімдер, мысалы, бензин, мотор майы, тарнсформатор, химиялық өнім, кино және фотоматериалдар жатады.
3 топқа шығыс бұйымдары, мысалы, бөшкедегі сұйық май, баллондағы газ, жіптер, косметикалық және дәріханалық тауарлар, тағамдық өнімдер жатады.
Бұйым - өндірістік өнім бірлігі, мысалы, радиоқабылдағыш машина, трактор, насос, телефон, телевизор.
Шығыстық бұйым – саны үздіксіз өлшемдер арқылы есептелетін өндірістік өнім бірлігі, ол арнайы өндірістік қорапта шығарылады. Әр қораптау өзінше шығыстық бұйым.
4 топқа жөнделмейтін бұйымдар мысалы осьтер, электр вакуумды проиборлар, болттар , кірпіш жатады.
5 топқа жөнделетін бұйымдар мысалы, техникалық құрал-жабдықтар, ауылшаруашылық машиналар, медициналық және күнделікті құралдар жатады.
1 топ өнімдері пайдалану кезінде шығындалады.
2 топ өнімдерін пайдаланғанда оның ресурстары шығындалады.
Өнім қолданылу облысына қарай өндірістік-техникалық , халықтық қолдану тауары және әлеуметтік белгіге бөлінеді. Өндірістік-техникалық өнім өндірістік қолданысқа , ал халықтық қолдану таары жеке тұтынуға кетеді. Әлеуметтік белгісі бар өнімге спорт, саяхат, білім, мәдениет саласындағы өнімдер жатады.
Құрылымдық орындау бойынша барлық бұйым 4 түрге бөлінеді:
деталдар
жинау бірліктері
жиындар
жинақтар
Деталь – жинау операциясы қолданылмаған, біртекті және бір маркалы материалдан дайындалған бұйым. Мысалы, болт, волик, втулка.
Жинау бірлігі – жинау операциялары арқылы бөліктері қосылатын бұйым. Мысалы , автокөлік, станок.
Жиын – жинау операциялары арқылы қосылмаған, өзара байланысты пайдалану функциясын орындау үшін арналған екі не одан көп маманданған бұйымдар. Мысалы, цех жабдықтары, ұшақты басқару жиыны.
Жинақ – жинау операциялары арқылы қосылмаған, қосымша сипаттағы жалпы пайдалану белгісі бар екі не одан көп бұйымдар. Мысалы, автокөлікке арналған қосымша жинақ.
Деталдар қосымша бөлігі жоқ, специфицирленген бұйымдар болып табылады.
Жинау бірліктері, жиындар, жинақтар екі не одан көп бөліктен тұратын специфицирленген бұйымдар болып табылады. Бұл бұйым құрамы спецификация деп аталып, құрылымдық құжат негізінде анықталады.
Келтірілген топтастыру өнімді 3 әр түрлі шарт бойынша топтарға бөледі. Мұндай бөлу сапа, номенклатура, өңдеу әдістерін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді орындау негізінде үлкен роль атқарады. Мысалы, «шикізат және табиғи отын» және «материалдар мен өнімдер» тобына жататын өнімдер үшін эргономикалық сапа көрсеткіштері емес, эстетикалық көрсеткіштер сай келеді. Бірақ егерде материалдар мен өнімдер қорапталған және «шығыстық бұйымдар» тобына жататын болса, онда бұл көрсеткіштер аса маңызды болады, олар өнім бәсекешілдігіне үлкен әсерін тигізеді.
Эстетикалық және эргономкалық көрсеткіштер өндірісті-технологиялық белгідегі өнімге қарағанда, халық тұтынатын және өлеуметтік белгідегі өнім үшін басым болып келеді. Өнімді 1 және 2 класқа жатқызу оның терминологиясына да әсерін тигізеді:1 класқа жататын өнім үшін «пайдалану» термині, ал 2 класқа жататын өнім үшін «эксплуатация» термині қолданылады.
Өнімді дәл топтау үшін арнайы классификаторлар қолданылады.(топтар)
Классификаторлар көмегімен келесі тапсырмалар шешіледі:
құжаттар тіркеуі
міндетті стандарттарға жататын өнім тізімін жасау
импортталған өнім тізімін жасау
шет елге шығатын отандық өнім туралы ақпараттық мәліметтерді жасау
ішкі ресейлік нарықтағы өнім туралы ақпаратпен қамтамасыз ету
ішкі және ақпараттық жүйелерге қатысу,мемлекеттік статистика бойынша жұмыстар шенінде тіркеу функциясын жүзеге асыру
Еліміздегі классификаторлар кедендік орган, жеке, сауда қызметі, транспорттық және өндірістік статистика тапсырмаларын шешуге арналған тауарларды сәйкес сипаттау және кодтау жүйесі (ГС) – халықаралық тауар номенклатурасымен келісілген.
Дүниежүзілік саудадағы тауар белгісі, дайындалған тауар материалы, өңдеу дәрежесі, тауардың шығу тегі ГС-те (Гармонизированная система-сәйкестілік жүйесі) топтау белгілері қызметін атқарады.
ГС-те тауарды топтау ескертулер мен түсіндірулер топтаудың негізгі ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Өнімнің жалпы ресейлік классификаторы өнімнің атау тобымен жүйеленген кодтар түрінде болады және өнімді тізімдеу кезінде міндеттер, біртекті өнім тобымен сәйкестілік сертификаты, өндірістің статистикалық талдауы, оның макроэкономикалық, аумақтық деңгейі салаларында қолдануы, өндірістік ақпарат құрылымы үшін қолданылады.
Өнімнің жалпы ресейлік классификаторының әрбір ұстанымында 6 белгілі сандық код ,1 белгілі тексеру саны және өнімнің атауы тобы болады.
Өнімнің жалпы ресейлік классификаторы классификациялаудың мерархиялық әдісін қолдану арқылы құрылған. Барлық өнім экономикалық белгіге қарай 5 сатыға бөлінген – класс, подкласс, топ, подгруппа, түр. Классификаторлар классификациялық бөлудің 1-ші сатысы және оның салалық қолданылу белгілері бойынша құрылған.
Жалпы ресейлік классификаторлардың таптары 01-ден 99-ға дейінгі 2 разрядты кодтармен кодталады және келесідей топталған:
01-07 –шикізат өнімі
08-19 – қара және түсті металлургия өнімі
21-26 – химиялық өндіріс өнімі
31-51 – авто құрылыс өнімі
53-56 – ағаш өнімі
57-58 – құрылыс материалдары
60-63 – электр техникалық бұйымдар
65-66 – радио,байланыс құралдары
74-75 – авиа техниика мен кемелер\
81-90 – жеңіл өнеркәсіп өнімі
91-92 – тамақ өнеркәсібі өнімі
93-94 – медициналық техника өнімі
95-96 – полиграфия өндірісі
97-98 - өсімдік,жануар өнімдері
Тап атауы оның мазмұнын анықтайды және көп нысанға тәуелді таңдалады.
Басқа классификатор - өнім, қызмет көрсету, экономикалық қызмет түрінің жалпы ресейлік классификаторы (ОКДП –ОК 004-93) классификаторлық топтың жүйелік жиыны түрінде болады және РФ ұлттық экономикасын басқару және сипаттау үшін өнім, қызмет көрсетуді тұтынушылар үшін арналған.
Экономикалық қызмет түрлері ,өнім, қызмет көрсетулер ОКДП нысандары болып табылады. Көрсетілген нысандар өндірістің негізгі классификациялық белгілері болып табылады.
ОКДП-ның жоғары классификацияланған тобына негізінен халықаралық классификатор тиісті. ОКДП-ның классификаторлық тобының төменгі деңгейіндегі базалық құрылымына АӨК (арнайы өнім классификациясы) халықаралық классификаторы тиісті .Бұлар БҰҰ стандарттық комиссиясымен бекітілген.
ОКДП-ның бірыңғай кодтау кеңістігі классификациясы 3 нысан негізінде біріктірілген:
экономикалық қызмет
өнім
қызмет көрсету
ОКДП-да қабылданған 7 разрядты өнім, қызмет көрсету экономикалық қызмет түрлерін сипаттау және кодтауға мүмкіндік береді.
МСОК (ХССК) халықаралық классификациясы бойынша А,В,С,Д бөлімдері экономикалық салалары бөлімшелеріне бөлінеді. Мысалы, Д бөлімі – «Өңдеу өнеркәсібі», 26 бөлімше - «Минерал емес өнім өндірісі», 26 10 тобы - «Әйнек және оның бұйымдары өндірісі», 26 11 бөлімшесі – «Құрылыста қолданылатын өңделмеген тегіс әйнек».
Өнім түрлері:
26 11 121 – 2 мм терезе әйнегі
26 11 122 – 2,5-3-мм-ге дейінгі терезе әйнегі
26 11 123 – 3-5 мм-ге дейінгі терезе әйнегі
ОКПД –да сонымен қатар 7 разрядтан үлкен негізгі код керек болғандағы жағдай да қарастырылған. Ол үшін 7-ші разрядтан кейін (.) –нүкте қойылады, содан кейін керекті разрядтағы код жазылады.
Ішкі экономика қызметінің тауар номенклатурасы (ТНВЭД) ішкі қызметін реттеудегі негізгі жүйе түрінде, кедендік статистика және тарифті емес реттеудің кедендік тарифі түрінде бекітілген.
ТНВЭД кодтары кедендік статистика, ішкі сауда статистикасы, тауар декларациясы, квотирлеу, лицензирлеу, тіркеу кезіндегі құжаттар үшін міндетті.
ТНВЭД тауардың көп мақсатты классификаторы түрінде болады.
ТНВЭД «сәйкестік жүйесі»(ГС) және «ЕЭС біріктірілген номенклатурасы».
ТНВЭД-те ақпараттың келесідей блоктары бар:
классификациялаудың әр түрлі сатысындағы белгілеулер
тауар атаулары
қысқартылған өлшем бірліктер атаулары
Қазіргі кезде ТНВЭД-тың жалпы көлемі 15000-дай ұстанымнан тұрады.
ТНВЭД ГС және КН ЕЭС секілді топтық нлменклатура болып табылады және нақты ассортиментті ұстанымға кірмейді. ТНВЭД кодымен тауарды кодтау тауардың бір топтық ұстанымына жататындығын білдіреді.
ГС және ОКП арасындағы ауысу кілті ГС және ОКП-дағы ақпаратты қамтамасыз ету құралы ретінде жасалды.
ГС және ОКП арасындағы ауысу кілті ГС-тің 7000 ұстанымы мен ОКП-ның 55000 ұстанымы арасындағы мазмұнды сәйкестілік таблицасы болып табылады.
ГС және ОКП арасындағы ауысу кілті ГС ұстанымы және ОКП топтары арасындағы сәйкестілік кестесінен тұрады:
ГС-те қабылданған,ұстаным сақталған ГС-тан ОКП-ға дейінгі ауысу кестесі
ОКП –да қабылданған,өнім тобы сақталған ОКП-дан ГС-ке дейінгі ауысу кестесі
Осылайша,ауысу кілті өз мәні бойынша ұстанымға жөнелту көрсеткіші болып табылады.
Қызмет көрсету классификациясы тобы.Қызмет көрсету функционалды белгіленуіне сәйкес 2 топқа бөлінеді - өндірістік және өндірістік емес.
Өндірістік қызмет көрсету - өндіріс және ұжым қажеттілігін қанағаттандыратын қызмет көрсету.
Өндірістік емес қызмет көрсету жеке және топтық адамдарға көрсетіледі, олар материалды және материалды емес болып бөлінеді.
Материалды қызмет көрсету – тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыратын
қызмет көрсету. Өңделген өнім, мысалы, жөнделген машина, салынған үй, тігілген костюм оның нәтижесі болып табылады.
Материалды емес қызмет көрсету – тұтынушының физикалық, ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыратын қызмет көрсету.
Қызмет көрсету түрлері:
зерттеулер мен өңдеулер
кредиттеу
оқу
жөндеу
техникалық қамтамасыз ету
емдеу
сақтау
сауда
жалға беру
Халыққа қызмет көрсету классификациясы «Жалпы ресейлік халыққа қызмет көрсету классификаторы» атты құжатта көрсетіледі.(ОКУН) ОК 002-93.
ОКУН –да 13 жоғарғы классификацияланған қызмет көрсету тобы көрсетіледі:
жолаушы транспорты
байланыс
тұрғын-коммуникациялы
мәдениет сарайы
саяхат және экскурсия
мәдениет пен спорт
медициналық,ветеринарлы
хұқықтық сипаттағы
банк
білім саласы
сауда,нарық
Достарыңызбен бөлісу: |