1.10 Пәннің саясаты мен процедурасы
Курс бойынша оң нәтижеге қол жеткізу үшін тұрақты жұмыс жасау қажет. Бұл курс бойынша бағаның семестр ағымында қалыптасатындығын көрсетеді. Ең жоғары балл қойылған сұрақтарға дұрыс, нақты жауап берілген жағдайда, жазбаша жұмыс уақытында және толық көлемде ұқыпты орындалған жағдайда беріледі.
Пәнді игеру дәріске, практикалық сабақтарға, сонымен қатар СӨЖ-на міндетті түрде қатысу болып табылады.
Өзіндік жұмыс лекция сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтарды теориялық оқу, немесе лекция сабақтарының теориялық курсына кірмей қалған, сонымен қaтар қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып терең іздену болып табылады.
Оқытушының басқаруымен студенттің өзіндік жұмысы дәріс (дәріс) сабақтарындағы тақырыптарды неғұрлым тереңдете оқып, баянды етіп бойына сіңіруді қамтиды.
Студент СОӨЖ сабақтарында тақырыптардың материалдары бойынша дайындалып, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Студенттің сабаққа қатысуы 80% -дан кем болмауы тиіс.
Тапсырманы тапсыру мерзімі өтіп кетсе тапсырма қабылданбайды.
Сабаққа 5 минуттан астам кешіксе, сабақты себепсіз жіберген болып есептелініп 0 балл қойылады, бірақ сабаққа қатысуына болады.
Оқытушының рұқсатынсыз телефон және компьютерлік құралдар қолданған студенттер сабақтан шеттетіледі де 0 балл қойылады.
Студенттер Университет студенттерінің этикалық кодексін міндетті түрде сақтаулары, оқытушылар мен қасындағы білім алушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарауы тиіс.
Студенттің курсқа көзқарасы Студент Ары Кодексіне сәйкес болу керек.
Ауыруына немесе басқа себептерге (туыстарының қаза болуы) байланысты сабақ жіберіп алған жағдайда (анықтаушы құжаттар талап етіледі) жоспарланған тапсырмаларды басқа мезгілде (декан өкімімен) тапсыруға мүмкіндік береді. Сабаққа қатыспау академиялық талаптардан босатпайды. Студент шектен тыс сабақ жіберсе, келесі курсқа қалдырылады немесе академиялық демалыс алуы тиіс.
1-ші аттестацияда балл алу үшін сіздің біліміңізді, пән мазмұнын игергеніңізді дәлелдейтін тапсырмаларды орындау қажет, дәлірек айтқанда сіз шағын сауалнамаларға, кейстерге және бақылау жұмысына, пән бойынша әр түрлі тақырыптағы қысқаша баяндамаларға және т.б. өзіндік жұмыстарға дайын болуыңыз керек. Ең жоғары балл алу үшін мәселені түсіну керек, пән мазмұнына сәйкес сөздік қорын игеру қажет, берілген сұрақтарға логикалық тұрғыдан жауап бере білу қажет.
Сабақ үдерісінің алғашқы 7 аптасында жүргізілетін практикалық сабақтарда 5 шағын сауалнамалар, кейстер және т.б. тапсырма ретінде ұсынылады. Әрбір тапсырманы орындағаны үшін 2% беріледі. Нәтижесінде - 10%.
Бақылау жұмысын қабылдау (ауызша сабақ) 3-5 апта аралығындағы кез-келген мезгілде жүзеге асырылады және ең жоғары баға - 40%.
Алдын ала оқытушымен ұсынылған тақырыптар негізіндегі баяндамалар 6-7 апта аралығында қабылданады. Баяндамаға қойылатын және ең жоғары баға - 50%.
2-ші аттестация бойынша балл алу үшін сіздің біліміңізді көрсететін тапсырмаларды орындауыңыз қажет, алынған білім және игерілген ақпаратты талдап, қорытындылауыңыз қажет. Сіз топтық жұмысқа (топтық жоба, презентация) дайын болуыңыз керек, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және т.б. өзіндік жұмыстарды орындауыңыз қажет.
Қалған 8 аптада өткізілетін практикалық сабақтарда 5 шағын сауалнамалар, кейс тапсырмалар және т.б. жүргізіледі. Әрбір тапсырманы орындағаны үшін 2% беріледі. Нәтижесінде - 10%.
Презентация көмегімен топтық жобаны (топ құрамында 4-5 адам) қорғау 11-12 апта аралығында жүргізіледі. Ең жоғары балл-50 %.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғау 14-15 аптада жүзеге асырылады. Ең жоғары балл - 40 %.
Топтық жобаны және ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағалағанда оқытушы сіздің материалды түсіндіру барысындағы нақтылығыңызды, сөйлеу мәдениетіңізді, әдебиетерді тиімді қолдана білу жағдайларын және пайдаланылған әдебиеттер тізімін ескереді.
Тапсырма бойынша кеңес беру және тапсырманы қорғау аудиториядан тыс жерде, яғни СӨЖО мерзімінде жүзеге асырылады.
Барлық тапсырмалар кестеге сәйкес тапсырылуы қажет.
Жоғарыда аталған талаптарды орындау арқылы емтиханға қатысу құқын алады. Ал 50%-дан төмен балл жинаған студент емтиханға жіберілмейді.
Академиялық адалдық
Тапсырманы орындау барысындағы адалдық (шынайылылық) университет миссиясы үшін және студенттің жеке дербес құқықтылығының дамуы үшін өте маңызды. Алдау, плагиат т.б. түрлері орын алмауы тиіс және орын алған жағдайда тапсырыманы орындай алмау немесе келесі курсқа көшірілмей қалу секілді сәйкес шаралар жүргізіледі.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүмкіншілігі
Жалпы топта мүмкіндігі шектеулі студенттерге жеке оқу жоспарына бойынша қашықтықтан оқыту технологиясына сәйкес білім алудың инклюзивті әдісі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |