Органолептикалық әдісте бастапқы өлшегіш құралдардың ролін - сарапшылардың сезім органдары атқарады, яғни көру, есту, сезіну, дәмін білу. Сапа көрсеткіштерінің мәні қолдағы тәжірибе негізінде анықталған талдау арқылы белгіленген. Сондықтан мұндай мәндердің нақтылығы мен дәлдігі квалификацияға, тәжірибе мен тұлғалар қабілетіне байланысты болады. Бұл әдіс медицина, тағам және парфюмерия кәсіпшілігінде кеңінен қолданылады.
Сапа көрсеткіштерін өлшеудің социологиялық әдісі бүкіл халықтық сұрақ немесе мүшелері сарапшылардың ролін атқарып жүрген жекелеген топтардан жаппай сұрақ алудан тұрады. Сұрақ жүргізу анкета толтыру, интервью алу, көрме ұйымдастыру, дегустация жүргізу, дауыс беру және т. б. жолдар арқылы жүргізілуі мүмкін. Бұл автоматика, есептеу техника, арнайы бағдарлама жабдықтарының кеңінен қолданылуы жөнінде ғылыми негіздегі ақпаратты жинау және өңдеуді талап етеді. Ол мысалы, жекелеген тұтынылатын тауарлар мен оларға деген сұраныс көрсеткіштерін анықтау үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |