Пәні: «Квалиметрия» Мамандығы: 5В073200-«Стандарттау, сертификаттау және метрология» Атырау, 2017 Жасақтаушы(лар)



бет19/158
Дата16.02.2022
өлшемі1.23 Mb.
#455425
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   158
kvalimetriya (1)

Лекция№5

Тақырыбы:

Өнім қасиеті, сапа көрсеткіштері(4 сағат)


  1. Өнеркәсіптік өнімді жіктеу. Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы.

  2. Өнеркәсіптік өнімді жіктеу және сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы.

  3. Өнім сапасының көрсеткіштерін жіктеу. Біртексіздігі бойынша өнім сапасының көрсеткіштерін жіктеу.

  4. Өнеркәсіптік өнімді жіктеу. Өнеркәсіптік өнім сапасы көрсеткіштерінің номенклатурасы.

  5. Тұтыну қасиеттері мен сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау тәртібі.


Өнім сапасының көрсеткіштері

Өнім сапасының бірлік көрсеткіші

Өнімнің бір қасиетін сипаттайтын сапа көрсеткіші

Өнім сапасының кешенді көрсеткіші

Өнімнің бірнеше қасиеттерін сипаттайтын сапа көрсеткіші

Өнім сапасының анықтаушы көрсеткіші

Өнім сапасы бағалау шешімі қабылданатын сапа көрсеткіші

Өнім сапасын интегралды көрсеткіші

Өнімді құрастыру және эксплуатациялау немесе пайдалануға шығындар

соммасына өнімді эксплуатациялау немесе пайдаланудан немесе тұтынудан

болған пайдалы эффект соммасына қатынасы болып табылатын өнімнің

сапа көрсеткіші.

Өнім сапасының индексі

Қарастырылатын мерзім ішінде өндірілген әртүрлі өнімдердің орташа

алынған саластырмалы сапа көрсеткіштерінің мәніне тең өнімнің кешендік

көрсеткіші.

Өнімнің ақаулық коэффициенті

Өнімнің бірлігіне келетін ақаулардың орташа өлшенген саны.

Өнімнің ақаулық индексі

Осы өнімнің орташа өлшенген ақаулық коэффициентіне тең

қарастырылатын интервалға жіберілген әр текті өнім сапасының кешенді

көрсеткіші.

Өнімнің сорттық коэффициенті

Қарастырылған уақыт интервалында жіберілген өнімнің соммалық

бағасының осы өнімнің ең жоғарғы сортына есептеудегі соммалық бағасына

қатынасы.

Өнімнің сапа көрсеткішінің салмақтық коэффициенті

Өнімнің сапасының басқа көрсеткіштер арасындағы берілген сапа

көрсеткішнің мәнділігінің сандық сипаты.

Өнім сапасын көрсеткішінің базалық мәні

Сапаны салыстырып бағалауда негізгі алынатын өнім сапасының

көрсеткіштері мәні.

Өнім сапасы көрсеткішінің салыстырмалы мәні

Бағалаланатын өнімнің сапа көрсеткіші мәнінің осы көрсеткіштің базалық мәніне қатынасы.

Өнім сапасы көрсеткішінің регламенттелетін мәні

Нормативтік құжаттамамен белгіленген өнім сапасының көрсеткішінің мәні.

Өнім сапасы көрсеткішінің номиналды мәні

Жіберілетін ауытқулар алынатын өнім сапасы көрсеткішінің регламенттелген мәні.

Өнім сапасы көрсеткішінің шектік мәні

Өнім сапасы көрсеткішінің ең көп немесе ең аз регламенттелген мәні

Өнім сапасы көрсеткішінің оптималды мәні

Өнімді өндіру, пайдалану немесе тұтынуға кеткен шығындар бола тұра, сол өнімді пайдаланудан немесе тұтынудан алынатын ең көп эффектіге жетуді; я болмаса ең аз шығындармен берілген эффектіге жетуді, я болмаса шығындардың эффектіге деген ең жоғарғы қатынасына жетуді белгілейтін өнім сапасы көрсеткішінің мәні.

Өнім сапасы көрсеткішінің жіберілетін ауықулар

Нормативтік құжаттамамен белгіленген шектерде номиналдық мәннен жіберілетін өнім сапасы көрсеткішінің нақты мәнінің ауытқулар.

Өнім сапасының деңгейі

Сапа көрсеткішінің мәндерін соларға сәйкес көрсеткіштердің мәндерімен салыстыруға негізделген өнім сапасының салыстырмалы сипаты.

Өнімнің техникалық деңгейі.

Бағаланатын өнімнің техникалық жетістіктерін сипаттайтын көрсеткіштер мәндерін соларға сәйкес көрсеткіштердің базалық мәндерімен салыстыруға негізделген өнім сапасының салыстырмалы сипаты.



Ескерту: Техникалық жетістіктер арнайы техникалық деңгейлі карталармен анықталады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет