2.3 М.Әуезовтың мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
М. Әуезов өзінің көптеген ғылыми мақалаларында, сөйлеген сөздерінде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі жұмыс жасауы үшін оқытушының бойында білім мен біліктен басқа, педагогикалық қызметке деген табиғи бейімділік, зор талап, терең талғам мен ұғымдылық, ынталылық қажет екендігін ескертіп отырды. Өйткені оқытушы өзінің жұмысына селқос қараса, шәкірттерді шын жүрегімен сүймесе, ол жұмысы да ықылассыз болады. Ал ықылассыздық пен енжарлық, дөрекілік пен менмендік бірімен-бірі жақын тұрған адамгершіліктің көмескі жақтары ғана емес, тәрбиенің де жауы.
М. Әуезов ерекше талап еткен шарттардың бірі- мұғалімдердің дұрыс ойлау және соған орай дұрыс сөйлеу мәдениеті. Бұл үлкен өнерді бойына дарытуды әрбір мұғалім мақсат етуі керек. Осыған байланысты ол кейбір мұғалімдердің сөйлеу және ойлау мәдениеттерінің төмендігіне қынжылады. Мұндағы ұстаз қояр талаптар: ойдың жүйелі, әрі дәйекті болуы, ойлаудың ақиқаттығы және шындығы, яғни адам ойының болмысқа сай келуі, кез-келген айтылған ойдың бір ізді жүйелі, тұжырымды болуы. Бұлардан басқа ұстаз ойынша ой мен тіл бірлікте болады. Ал тіл ұлттық мәнге ие, ойлау болса, жалпы адамзатқа тән.
Осы жағынан алғанда, М.Әуезовтің Шығыс халықтарының ойлау жүйелері, сөйлеу мәнерлері туралы пікірлері ғылым үшін құнды. Бұны оның фольклорлық зерттеулерінде, оқулық бағдарламаларын жасауда, әсіресе Әдебиет тарихы оқулығын жазуда басшылыққа алғаны белгілі. Шығыстық философияның, ойлау жүйесінің биік шыңы М. Әуезовтің Абай жолы эпопеясы десек қателеспейміз. М. Әуезов логика мен психология ғылымдарының өзара қарым-қатынасы жайлы айта келіп, бұларды әрбір оқытушы, жастар тәрбиесіне қатысты барлық адамдар білуі парыз дейді. Оларды терең игерудің негізгі жолы тәрбиешінің қазақтың халық педагогикасының негізін білуінде, ал оның қайнар көздері халықтың ауыз әдебиетінде, фольклорлық шығармаларында деген пікір айтты Заманымыздың заңғар жазушысы -- ұлы педагог Мұхтар Әуезовтің оқу және тәрбие туралы пікірлері ағарту салалары жөніндегі көптеген ғылыми мақалалары мен сөйлеген сөздерінде, публицистикаларында, әсіресе көркем шығармасында жарқын көрініс тапқан. Ол бұл жағынан алғашқы ағартушыдемократтар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың тікелей мұрагері, солардың ісін жалғастырушы, үлгі-өнеге тұтушы. Осы істегі оның негізгі мақсаты - халыққа қызмет ететін білікті, білімді азамат тәрбиелеу, олардың неғұрлым жан-жақты дамуына көңіл бөлу. Сол себепті де өз оқулықтары мен бағдарламаларында, оқыту ісі жөніндегі мақалаларында мұғалімдерден әрбір сабағын ұқыпты ойластырып, білім беру мен тәрбиелеу тәсілін жетілдіре беруді, шәкірттердің ақыл-ой дамуын адамгершілік қасиетпен тығыз байланыстырып отыруды талап етті.
1920-30 жылдарда оқулық, оқу құралдары енді-енді ғана пайда болса,
педагогикалық әдістемелік еңбектер, дидактикалық құралдар атымен жоқ болатын. Сол себепті де ол оқыту оңайдан қиынға, жайдан күрделіге,
жаңадан ұмытылған ескіге қарай деген принципке негізделуін ұсынды. Сөйтіп оқытудың мақсаты: шәкірттердің ойлауына, толғануына, пікір таластыруына ықпал ету; дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру; эстетикалық талғамын тәрбиелеу; оларды кұр тыңдаушыдан білімді өз еңбегімен алушы, ізденуші дәрежесіне жеткізу деп түсінген педагог.
М. Әуезовтің жастар тәрбиесіндегі мұғалімдердің алатын орны туралы жүйелі пікірлері ерекше назар аударады
Достарыңызбен бөлісу: |