Пәнін меңгеру жөніндегі оқыту бағдарламасы (Syllabus)



бет20/25
Дата28.09.2023
өлшемі436 Kb.
#478923
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
14- тақырып. Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:

  1. Оқшау сөздер туралы жалпы түсінік.

  2. Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы.

Сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, тек айтылатын ойға қатысы бар сөздер кездеседі. Олар сөйлем мүшесі бола алмайды, себебі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді. Олар — қаратпа сөз, қыстырма сөз және одағай сөз.
Қаратпа сөз сөйлемде тыңдаушысының ойға назарын аудару үшін қолданылады, сондықтан ол адамға байланысты немесе кейде көркемдік үшін адам мәніндегі жанды-жансыз ұғым атаулары да болып келеді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды. Сөйлемде дала сөзі — қаратпа сөз, мағыналы сөз болса да, сөйлем мүшесі бола алмайды, өйткені бірде-бір сөзбен грамматикалық байланысқа түспеген. Дала Жамбылды деген сөздердің арасында грамматикалық байланыс жоқ екені белгілі. Тыңда, дала, дегенде де грамматикалық байланыс жоқ: дала 3-жақтағы зат есім, тыңда — бұйрық райдың 2-жағында айтылған етістік, тыңда дегеннің грамматикалық байланысы сен тыңда және Жамбылды тыңда.
Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады, ортасында келсе екі жағынан, соңында келсе, алдына үтір қойылады. Қаратпа сөз ерекше қарқынмен, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан кейін леп белгісі қойылады.
Қыстарма сөздер сөйлеушінің айтылған пікірге әр түрлі көзқарасын білдіреді: қуанышты, өкінішті, сенімді, өтінішті, мақұлдауды, ой иесін көрсетіп, сөйлемнің мағыналылығын, бейнелілігін арттырады. Ал, сөйлем құрамына енуі пікірді жинақты, орамды, дәл түсіндіруге жәрдем етеді. Қыстырма сөздер жеке сөздермен де, сөз тізбегімен де, тіпті сөйлеммен де айтылады.
Қыстырма сөздер сөйлем ішінде үтірмен және кейде сөйлем күйінде келгенде жақшамен бөлініп, оқшауланады. Мысалы: Шынында, бұл — ойланатын жұмыс екені рас (Ғ. Мұстафин). Кім біледі, бұдан кетсе, Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас (Б. Майлин). Рас, менің байқауымша, сіздің халық — ақын халық (М. Әуезов.)
Одағай сөз. Оқшау сөздердің бір түрі — одағай сөздер айтушының көңіл күйін, сан түрлі сезімін, эмоциясын білдіру үшін қолданылады.
Одағайлар қалыпты баяу дауыспен айтылғанда, жазғанда одан кейін үтір қойылады, ал көтеріңкі дауыспен айтылса, леп белгісі койылады. Мысалы: Шіркін, ақын болсаң, осындай бол!— деді (М. Әуезов). Е, бәрекелді, шыныңды айттың ғой! (Г. Мүсірепов). Әй, әттеген-ай!— деп, еріксіз қамыққанын өзі де білмей, үйіне қарап аяңдады. Оқтын-оқтын күрсініп: аһ!— дегенде, жүрегі қарс айырылады. (Б. Мұқаев). О, мерейлерің үстем халайық!— деді ортадағы топтың алдында келе жатқан дембелше бойлы қара жігіт (Ә. Әбішев).


15- тақырып. Құрмалас сөйлемдердің жеке топтарының дамуында жазба тілдің рөлі.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:

  1. Құрмалас сөйлем.

  2. Құрмалас сөйлемдердің жеке топтарының дамуында жазба тілдің

рөлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет