Пәнін меңгеру жөніндегі оқыту бағдарламасы (Syllabus)



бет19/25
Дата28.09.2023
өлшемі436 Kb.
#478923
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
12-тақырып. Синтаксис.Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері.
Сөз тіркесінің дамуы.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:

  1. Синтаксис.Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері.

  2. Сөз тіркесінің дамуы.



Синтаксистік қүрылыстың даму ерекшеліктері. Синтаксистік қүры-лыстағы тарихи өзгерістердің тілдің басқа салаларына әсері мен ықпалы. Синтаксистік байланыс төсілдерінің дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы. Қабысу — түркі тілдері тарихындағы бай-ланыстың ең ежелгі түрі екендігі. Байланыстың басқа түрлері (ма-тасу, меңгеру) байланыстырушы морфологиялық тәсілдердің қалып-тасуының жемісі екендігі. Етістіктердің меңгеруі және есімдердің меңгеруі. Соңғы түрдің тілдің синтаксистік жүйесінің даму нәтижесі екендігі, оның себептері.
Сөз тіркесінің дамуы. Ескі түркі тіліңдегі есімді тіркестердің қалып-тасқан түрлері және қүрамы (зат есім мен зат есім, сан мен зат есім, сын есім мен зат есім, т.б.), тіркесу тәсілдері. Кейінгі дәуірлерде есімді тіркестер аумағының үлғаюы. Изафеттік тіркестер, олардың түркі тілдеріндегі үш түрі. Изафеттің үш түрінің түркі тілдері даму-ының үш кезеңіне тәндігі. Предикативтік тіркестердің атрибуттық тіркестермен тарихи байланыстылығы. Етістіктердің дамуындағы ерекшеліктер, олардың көп салалығы. Меңгеруші сөз қүрамындағы семантика-грамматикалық өзгерістермен үштасып жататындығы. Қазіргі қазақ тіліндегі кейбір етістіктердің бірнеше септік жалғауын меңгеруі, оның себептері.
13- тақырып. Сөйлем құрамының дамуы. Жай сөйлемдердің түрлері.
Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:

  1. Сөйлем құрамының дамуы.

  2. Жай сөйлемдердің түрлері.

Сөйлем құрамының дамуы. Түркі тіліндегі сөйлем номинативті екендігі, оның тарихы себептері. Сөйлем баяндауышы — сейлемді үйымдастырушы мүше. Есім баяндауыштардың тарихи қүрамы мен түрлері, дамуы. Сейлемдегі сездердің орын тәртібінің қалыптасуы. Сөздердің орын тәртібінің қалыптасуына сойлеу тілінің, поэзиялық үлгілер тілінің ықпалы. Ескі түркі тіліндегі жай сойлемдердің түрлері, олардың қүрылым-дық ерекшеліктері. Қазіргі қазақ тіліндегі сондай құбылыспен ұқсас-тығы мен өзгешеліктері. Қазақ тілі синтаксисінің коне заманғы дамутарихында негізінен ауызекі тіл мен фольклорлық шығармаларға тән аз сөзді, қарапайым сөйлемдердің басым болғандығы, ХҮШ-ХІХ ғасырлардағы жазба нүсқалар мен іс қағаздарында, мерзімді баспа-сөзде шүбалаңқы сөйлемдердің кездесе бастағаны.
Жай сөйлемдердің ескі түркі тіліндегі түрлері, құрылымдық ерекшеліктері. Қазақ тілі синтаксисінің көне заманғы даму тарихында негізінен ауызекі тіл мен фольклорлық шығармаларға тән аз сөзді, қарапайым сөйлемдердің басым болғандығы, ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Жазба нұсқалары мен іс-қағаздарында, мерзімді баспасөзде шұбалаңқы сөздердің кездесе бастағандығы.
Оқшауланған мүшелердің қалыптасуы. Оқшау сөздердің жеке түрлерінің қалыптасуы. Бұл процестің сөйлем құрылысының дамуымен, жазба тіл құрамындағы жіктеліспен ұштасып жататындығы.
Жай сөйлем құрамы мен кұрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде түрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң және жайылма сөйлем болып бөлінеді. Тұрлаусыз мүшелері жоқ, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалан, сөйлем дейді де, тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді. Мысалы: Олжабек сасыңқырап қалды. Олжабек үндемеді. Бұлар баяғы жалқау жігіттің иегінің астында келеді (Мұст.) деген үш сөйлемнің алдыңғы екеуі тек бастауыш пен баяндауыштан құралған: Кім сасыңқырап қалды?— Олжабек — бастауыш, Олжабек не істеді? (қайтті?) сасыңқырап қалды — күрделі баяндауыш; кім үндемеді?— Олжабек — бастауыш. Олжабек не істеді?— үндемеді — баяндауыш. Бұлар — жалаң сөйлемдер. Үшінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелерден де құралган: Кім келеді?— бұлар — бастауыш, бұлар не істеді?— келеді — баяндауыш; қайда келеді?— иегінің астында — мекен пысықтауыш, кімнің иегінің астында?— жігіттің — анықтауыш, қандай жігіттің?— жалқау — анықтауыш, қай жігіттің? баяғы — анықтауыш. Сөйтіп, бұл сөйлемде бастауыш (бұлар) пен баяндауыштан (келеді) басқа пысықтауыш (иегінің астында), анықтауыштар (жігіттің, жалқау, баяғы) да бар, сондықтан ол жайылма сөйлем болып табылады.
Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты және жақсыз сөйлем болып бөлінеді. Бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болатын жай сөйлем түрін жақты сөйлем дейді де, бастауышы мүлде жоқ және баяндауышы арқылы бастауышын табуға болмайтын, баяндауыштың езі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрін жақсыз сөйлем дейді. Мысалы: Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл — ерте әзірлеген жауабы еді. (М. Әуезов). Кім айыпты екеніне әлі көзім жете қойған жоқ. (Ғ. Мүсірепов). Бірінші сөйлемнің баяндауышы — сөйлеп қапты (не істеді?), бастауышы жок, бірақ оны табуға болады: кім сөйлеп қапты?— ол, яғни бала, ол екінші сөйлемнен көрініп тұр. Екінші сөйлемнің баяндауышы — жауабы еді (бұл — не?), бастауышы — бұл (не жауабы еді?). Сондықтан бұлар — бастауышы бар я жоқ болса да, баяндауышы арқылы табуға болатын жақты сөйлемдер. Ал үшінші сөйлемнің баяндауышы (қайтті?)— көзім жете қойған жоқ, бұл — фразалық (идиомдық) тіркес, сондықтан сөйлемде бір ғана мүше қызметін атқарады: көзім деген сөзді бір бөлек, жете қойған жоқ дегенді бір бөлек талдауға болмайды. Бұл сөйлемнің бастауышы жоқ, оны табуға да болмайды. Сондықтан бұл — жақсыз сөйлем.
Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді. 1) -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді, барғым келмейді т. б.
2) түйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, сөйлеуім мүмкін, айтуы тиіс т. б.
3) -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды т. б.
4) Баяндауыш кұрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек-сілесі қатты, шарасы қалмады, тас-талқаны шықты, мойнына су құйылды т. б.
Сөйлемде ойға катысты айтылуға тиісті мүшелері түгел жай сөйлемнің түрін толымды сөйлем дейді де, айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнін түрін толымсыз сөйлем дейді. Мысалы, Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. Купі сыртынан қайыс белбеуін буып алды (Ә. Нұрпейісов). Көзінен жасы ыршып кетті. (С. Сейфуллин) деген үш сөйлемнің алдыңғысы — толымды сөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді?— шықты) да, бастауышы (кім шықты?— Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты?— сыртқа және қалай шықты — бір ытқып) та жұмсалған.
Сондықтан бұл — толымды сөйлем. Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді?— буып алды)иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалган, бірақ оны табуга болады: кім буып алды?— ол (Кәлен). Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп калған. Сондықтан екінші, үшінші, сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет