Негізгі сын есімдер. Қазақ тілінде, жалпы түрік тілдеріндегі сияқты, байырғы түбір қалпындағы сын есімдер кеп емес. Байырғы сын есімдерді салыстыра қарастырғанда, олардың дамуындағы екі түрлі ерекшелікті байқауға болады: біріншіден, кейбір сын есім сөздер әрі тура мән (сын есімдік), әрі заттық мән береді. Қазіргі тіліміздегі көк, қара создері сондай. Мүндай сәздердің көне дәуір ескерткіштерінде де осындай екі түрлі қолданысы бар. Тіл білімінің зат пен оның сын-сипаты жайындағы үғым бір дейтін тезисі осындай фактілерге негізделеді. Кейбір сын есімдердің зат есім тобына, керісінше кейбір зат есімдердің сын есім тобына ауысып отыруы — о бастағы осындай генезистік бірліктің заңды жалғасы.
Септеу категориясының дамуы. Ескі түркі, орта түркі тілдеріндегі септіктер жүйесі. Ол дәуірлердегі түркі тілінде септіктердің сан жа-ғынан молдығы. Ол тілдерде актив қолданылған септіктердің кейбірі жеке сөздер қүрамында "өлі" қосымща ретінде кездесуі. Септік жүйесінің дамуында байқалатын ерекшеліктер: а) кейбір жалғаулар-дың қолданудан шығуымен байланысты бірнеше түлғаға тән грам-матикалық мәндердің бір түлғаға шоғырлануы; ә) септік түлғалары варианттарының азаюы; б) септік жалғауының әрқайсысының грам-матикалық мәні мен қызметінің саралануы; в) тілдің ескі дәуірінде үшырасатын септік жалғаулары арасындағы параллель қолданыстың грамматикалық мәнер алып, синонимдік қатар қүратындығы. Септеудің екі түрі: тәуеддеулі (посессивтік) септеу, жай септеу. Тәуелдеулі септеудің белгілі бір кезендердегі басымдылығы. Оның септеу категориясының кейінгі дамуына әсері, қазіргі тіл қүрамындағы іздері. Септік жалғауларының грамматикалық мәні мен қызметінің сара-лануына меңгеруші сөздің грамматикалық, лексикалық дамуының әсері. Атау септігі. Орхон-Енисей жазбалары тіліндегі атау түлғасының қызметі мен мәні (салыстырма ыңғайында). Атау септігінің грамма-тикалық түлғасы жайлы мәселе, ол туралы алтаистикадағы пікірлер. Ілік септігінің У-ҮІІІ ғасыр жазбаларында қолданылу ерекшелігі, оның қазіргі тілдегі керінісі. Ілік түлғасының генезисі (-дақ-дік, тақ-тік, -нікі-дікі-тікі жүрнақтарымен тектестігі), басқа септік жалғау-ларымен байланысы жайындағы мәселе (менің-ге, менің-де, менің-мен), ілік жалғауының ескі түлғасының жеке сөздер қүрамындағы кейбір "елі" қосымшалармен байланысы жайлы пікірлер. Ілік септі-гінің меншіктілікпен, тәуелділікпен байланысты даму зандылығы.
Барыс септік тұлғаларының Ү-УІІІ ғ., орта ғасыр (Қашқари) жаз-баларындағы әр түрлілігі, олардың арасында байқалатын кейбір ма-ғыналық дифференсация (гару-геру, -га-ге, йа-йе, -қа-ңа). Ескі қып-шақ тілі ескерткіштерінде кездесетін түлғалар, "Кодекс куманикустегі" мүнар (бүған), бармага формалары. Қазақ фольклоры тілінде барыс септік түлғаларының қолданылу ерекшеліктері. Барыс септіктің қол-данысының саралануы. Жеке сөздер қүрамында барыстың ескі түлға-сының сақталуы. Қазіргі түркі тілдеріндегі барыс жалғауының екі түрі. Оның себептері жайлы пікірлер. Барыс жалғауының генезисі, тарихи қүрамы.
Достарыңызбен бөлісу: |